Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N
134
қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 350-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1109 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Мәтiндегi "табиғи монополия субъектiлерiнiң", "табиғи монополия субъектiлерiне" деген сөздер тиiсiнше "табиғи монополиялар субъектілерiнiң", "табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 900 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi табиғи монополиялар субъектілерінің қызметiн бақылау мен реттеу, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбін бақылау, өз қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметін реттеу мен бақылау салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
Агенттiктiң аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары бар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28.
N 175
қаулысымен.
2. Агенттiк өзiнiң қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына
, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк туралы Ереженi, жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4. Агенттiк заңды тұлға - ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттiк мекеме болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында ашылатын шоты, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тілдерiнде жазылған бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттiк өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктерінің шеңберiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндетті күші бар кесімдер шығарады.
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
7. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы бepiлce, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары
9. Агенттiктiң стратегиялық функциялары:
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты пысықтауды;
2) мемлекеттік монополия саласындағы мемлекеттiк саясатты пысықтауды;
3) табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдiру жөнiнде нормативтік құқықтық кесiмдер мен ұсыныстар әзiрлеудi;
4) табиғи монополиялар субъектілерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
- ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N
900
(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды:
мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласында:
1) табиғи монополиялар саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушілік әдіснамаларын әзiрлеудi және бекiтудi;
2) мемлекеттiк мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге бағалар есептеу әдіснамасы мен белгілеу ережелерiн әзiрлеудi;
мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында:
1) өз құзыретiнiң шегінде табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, баға түзу мен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыруды;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметінің шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруды;
3) өз құзыретiнің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы iстердi қарауды және олар бойынша шешiмдер қабылдауды;
4) Табиғи монополиялар субъектiлерінің мемлекеттiк тiркелiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастыруды және жүргiзудi;
5) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруды;
6) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзудi;
7) табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын бекiтудi;
8) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiмi бойынша;
9) табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiмi бойынша бекiтудi;
мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласында:
1) өз құзыретiнiң шегінде жұмыстарды жүргiзудi және мемлекеттiк құпияларды қорғауды;
2) мыналарға:
табиғи монополиялар субъектiсінің акцияларды (үлестердi) сатып алуына, сондай-ақ өзiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы
Заңымен
рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына;
eгep ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген, иелiктен шығарылатын мүлiктің не оған қатысты өзге мәмiлелер жасалатын табиғи монополия субъектiсi мүлкiнiң теңгерiмдiк құны, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнынан 0,05 пайыз асып түссе, олар табиғи монополия субъектiсi тарифтерiнiң (бағаларының, алым ставкаларының) немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) үзiлуiне не олардың көлемдерiнiң едәуiр төмендеуiне алып келген жағдайда, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен шығаруды және (немесе) онымен өзге де мәмiлелер жасауды;
табиғи монополиялар субъектiсінің оларға тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшін емес сатып алуына;
табиғи монополиялар субъектiсiнiң ол үшiн "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыруына;
табиғи монополиялар субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзетiн сатып алуға;
шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн қолдануы сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң iс жүзiндегі шығындарына;
табиғи монополиялар субъектілерiнің қайта ұйымдастырылуына және таратылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды;
табиғи монополиялар субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) сатып алуына;
мүлiктiк жалдау шартын жасасу табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, үзілiссiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемiнiң үзiлуiне не едәуiр төмендеуiне әкелiп соқпайтын жағдайда табиғи монополиялар субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 0,05 пайызынан асатын реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополиялар субъектiлерiнің шығындарын қалыптастырудың epeкшe тәртiбiн қолдануды;
4) табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемелерiн қолдануды;
5) табиғи монополиялар субъектiсiнің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтерумен және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзумен тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдаланумен, тарифтiк сметаның шығын баптарын атқарудың бекiтiлген мөлшерiнен бес пайыздан астам ауытқуымен келтiрiлген залалды тұтынушыларға өтeу үшін уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауды;
6) табиғи монополиялар субъектiсiнің тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге немесе өзгертуге арналған өтiнімдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеудi;
7) <*>
8) табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiтудi;
9) уақытша төмендету коэффициентін белгiлеудi;
10) өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн салалардағы бәсекелес ортаның дамуына жәрдем көрсетудi жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28.
N 175
, 2006.09.22. N
900
(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
11. Агенттiк өз құзыретiнің шегiнде міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердi Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешім қабылдауға;
2) табиғи монополиялар субъектілерiнің қызметiн заңнамалық кесiмдерге сәйкес реттейтiн және бақылайтын шешiм қабылдауға;
3) табиғи монополиялар субъектілерi үшін мiндеттi мемлекеттiк реттеуді және бақылауды жүргiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға;
4) өз құзыретiнің шегiнде табиғи және мемлекеттiк монополиялар саласындағы тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы заңнаманы бұзу фактілерi бойынша шешім қабылдауға;
5) табиғи монополиялар субъектiлеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде белгiленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындауға мiндетті нұсқамалар енгiзуге;
6) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы
заңнамасын
бұзған жағдайда, орындауға мiндетті нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
7) өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
8) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
9) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн өзiнiң бастамашылығы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мен олардың билiгiндегі өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша мәлiмдемелерi мен хабарламаларының және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде қарауға;
10) табиғи монополиялар субъектiлерi реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзірлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге ұсынуға;
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;
12) <*>
13) табиғи монополиялар субъектiсінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
14) табиғи монополиялар субъектiсiнің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданысын Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
18-бабының
5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айдан кем емес мерзiмге белгiлеуге;
15) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндетті шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
16) тарифтердi тiкелей немесе уақытша төмендету арқылы зиянды және (немесе) залалдарды өтеу туралы өз құзыретiнiң шегінде шешiм қабылдауға;
17) Агенттiктiң мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк монополияға жатқызылған саладағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
18) Агенттiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
19) ғалымдар мен мамандардың, Агенттiк қызметкерлерінің, мемлекеттiк органдар мен табиғи монополиялар субъектiлерi өкілдерiнің арасынан сараптамалық кеңес құруға;
20) тексерiстер мен сараптамалар өткiзуге басқа ұйымдардан мамандар тартуға;
21) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бір бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
22) мемлекеттік органдарға өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, олар қабылдаған кесiмдердiң күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтік құқықтық кесiмдердi прокуратура органдарына жіберуге;
24) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргізуге;
25) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алғаны және орнатқаны үшiн ақы алудың мөлшерi мен тетiгiн келiсуге.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28.
N 175
, 2006.09.22. N
900
(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
12. Aгенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Агенттiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктен тұрады.
13. Агенттiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Агенттiктiң өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Агенттiктің қызметiн ұйымдастыру
15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
18. Осы мақсатта Агенттiктiң төрағасы:
1) бұйрықтар шығарады;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды;
3) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктiң қызметкерлерiне және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртіптiк жазалар қолданады және оларды көтермелейдi;
7) сараптамалық кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi;
8) Агенттiктiң құзыретiне кiретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттікті ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1109 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу
агенттiгiнiң аумақтың органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.28. N 175 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнің Ақмола облысы бойынша басқармасы
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Алматы облысы бойынша басқармасы
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттігiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттiгінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Жамбыл облысы бойынша басқармасы
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Қарағанды облысы бойынша департаменті
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң Қостанай облысы бойынша басқармасы
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттігiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды peттeу агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы