Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және 1-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. "Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 128-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2358 нөмірмен тіркелген) бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2005 жылғы 28 наурыз
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы N 93-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе)
арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен.2. Ереже суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
су жүргізу ұйымы - суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі;
өтеу кестесі - тұтынушының және су жүргізу ұйымы басшысының қолдарымен расталған, тұтынушының су жүргізу ұйымының алдындағы мерзімі өткен кредиттік берешегін өтеу кестесі;
өтінім - су жүргізу ұйымының не тұтынушының уәкілетті органға су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне уақытша төмендету коэффициентін оның жоспарланған деңгейін көрсете отырып бекітуге (еркін нысандағы) жазбаша өтініші;
өтініш беруші - су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су жүргізу ұйымы, жеке немесе заңды тұлға;
құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті;
тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
мерзімі өткен кредиттік берешек - тұтынушының су жүргізу ұйымының алдындағы белгіленген мерзімде атқарылмаған қаржылық міндеттемелерінің, ақшалай қарыздарының сомасы;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен. 2. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе)
арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекітудің қағидаттары
4. Уақытша төмендету коэффициенті оны мемлекет, су жүргізу ұйымы мен тұтынушы үшін пайдаланудың экономикалық тиімділігі мен мақсаттылығын есептеудің негізінде бекітіледі.
5. Уақытша төмендету коэффициентін бекітудің экономикалық тиімділігі суды магистралдық және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөнінде су жүргізу ұйымы көрсететін қызметтердің көлемін арттырумен, оның ішінде су жүргізу ұйымның іске қосылмаған өндірістік қуаттарын пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.
6. Уақытша төмендету коэффициенті алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемдерін арттырған кезде, егер өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем мыналардан:
1) алдыңғы жылдың осындай кезеңінде суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынудың іс жүзіндегі көлемінен;
2) көрсетілген қызметтерді су жүргізу ұйымының қолданыстағы тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген осы тұтынушының тұтыну көлемінен асып түскен жағдайда бекітіледі.
7. Уақытша төмендету коэффициентін бекітуді уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған өтінім бойынша жүргізеді.
8. Су жүргізу ұйымның уақытша төмендету коэффициентін қолдану кезінде алған табысы суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге қажетті шығындарды жабуға тиіс.
9. Тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициентінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін бекіту ағымдағы міндеттемелерді 100 пайыз төлеген, су жүргізу ұйымының алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегі болмаған жағдайда және кредиттік берешекті өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда жүргізіледі.
10. Уақытша төмендету коэффициенті айдың бірі күнінен қолданысқа енгізіледі және белгілі бір кезеңге бекітіледі, бірақ бір күнтізбелік жылдан аспауға тиіс.
11. Су жүргізу ұйымы су жүргізу ұйымы мен тұтынушының арасында жасалған шартқа берілген қосымша негізінде бұйрықпен бекітілген уақытша төмендету коэффициентін қолданады. Шартқа берілген қосымша бекітілген уақытша төмендету коэффициентінің қолданылу кезеңін және тұтынушының көрсетілетін қызметті тұтынуының іс жүзінде орындалған көлемінің тарифін (бағасын, алым ставкасын) уақыттың тиісті кезеңі үшін уақытша төмендету коэффициентін қолданбастан қайта есептеу түріндегі су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынудың мәлімделген көлемінің орындалмағаны үшін жауапкершілігін көздейді.
Су жүргізу ұйымы мен тұтынушының арасындағы шартқа берілген қосымша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жасалуға, ол бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмеуге тиіс.
12. Егер су жүргізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифін (бағасын, алым ставкасын) бекіту кезінде уақытша төмендету коэффициентін алуға үміттенуші және Ереженің 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұтынушы суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемін негізсіз төмендеткен жағдайда, уәкілетті орган осы тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартады.
3. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе)
арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін бекіту тәртібі
13. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту өтініш берушінің өтінімі бойынша Ережеге берілген қосымшаға сәйкес негіздеуші құжаттарды қоса отырып жүргізіледі және мынадай талаптарды сақтауға тиіс:
1) алдыңғы қаржылық жыл үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша іс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сұратылған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан, оларды тоқсанға бөле отырып бекітуден алған күтілетін нәтижелерді ұсынады;
2) негіздеуші құжаттардың әрбір парағына су жүргізу ұйымының бірінші басшысы немесе тұтынушы, ал қаржы құжаттарына - бас бухгалтер қол қояды. Сонымен бірге, факсимильдік қол жарамсыз деп танылады.
14. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді уақытша төмендету коэффициентін бекітуге берілген өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және өтініш берушіні өтінімді қарауға қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
15. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың Ереженің 13-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Бас тартылған жағдайда, өтініш беруші Ереженің 13-тармағына сәйкес ресімделген өтініммен уәкілетті органға 30 күнтізбелік күннен кейін жүгінуге құқылы.
16. Өтінімді қарауға қабылдағаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін, өтініш беруші бес жұмысы күні ішінде осы өтінімді хабарламаны қоса отырып, құзыретті органға қарау үшін жібереді.
Егер өтініш беруші тұтынушы болған жағдайда, өтінім су жүргізу ұйымына да жіберіледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен.17. Уәкілетті орган өтініш берушіден қосымша ақпаратты оның ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, сұратуға құқылы.
Мұндай жағдайда, өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Өтініш беруші талап етілген ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбаған немесе оларды толық көлемінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартуға құқылы.
Уәкілетті орган, құзыретті орган, су жүргізу ұйымы және тұтынушы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен.18. Құзыретті орган, сондай-ақ егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда, су жүргізу ұйымы өтініш берушіден өтінім алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша төмендету коэффициентін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытынды ұсынады. Егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда, су жүргізу ұйымының қорытындысында уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылған деңгейін есептеу келтіріледі.
Көрсетілген ұйымдар қорытындыларды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі тиісті қорытындыларды алғанға дейін тоқтатыла тұрады, бірақ ол бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарау мерзімінің шегінде өтініш берушіге жіберілетін тиісті негіздеуші қорытынды шығарады.
Өтініш берушінің бастамасы бойынша не мемлекеттік органдардың өтініші бойынша ұсынылған қосымша ақпаратты алған кезде уәкілетті орган өтінімді қарауды бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді -ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.04.28 N 127-НҚ Бұйрығымен.19. Егер мүдделі органдар және (немесе) су жүргізу ұйымы уақытша төмендету коэффициентін ұсынуға келіспеу (келісу) туралы қорытынды жасаған жағдайда, түпкілікті шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
20. Егер өтініш беруші тұтынушы болып табылған жағдайда, уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттарға және құзыретті орган мен су жүргізу ұйымы ұсынған қорытындыларға өтінім қарауға түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сараптама жүргізеді. Ереженің 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда шешім қабылдау мерзімі көрсетілген тармақтарға сәйкес тоқтатыла тұрады не ұзартылады.
21. Уәкілетті орган құзыретті орган су жүргізу ұйымы өкілдерінің, тұтынушының және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен кеңес өткізуге құқылы.
22. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы не оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығының түрінде қабылданады және тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға және ол қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын жіберіледі.
23. Уақытша төмендету коэффициентінің белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ уәкілетті орган су жүргізу ұйымының суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметке жаңа тариф (баға, алым ставкасын) бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.
24. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда:
1) уақытша төмендету коэффициентін одан әрі қолданудың экономикалық мақсаттылығы болмаған;
2) тұтынушының су жүргізу ұйымының алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегі туындаған немесе өтеу кестесін орындамаған;
3) бұйрықта, сондай-ақ Ереженің 11-тармағына сәйкес жасалған шартқа берілген қосымшада көзделген талаптар орындалмаған жағдайда алып тастауы мүмкін.
25. Ереженің 24-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда, су жүргізу ұйымы бұл туралы уәкілетті орган мен тұтынушыға ақпарат ұсынады.
Тұтынушы, құзыретті орган және су жүргізу ұйымы уәкілетті органға белгілеген уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы ұсыныспен, сонымен бірге алып тастауды негіздейтін құжаттарды ұсына отырып, жүгінуге құқылы.
Су жүргізу ұйымының бекітілген уақытша төмендету коэффициентінің қолданысын өздігінен алып тастауға құқығы жоқ.
Бекітілген уақытша төмендету коэффициентін мерзімінен бұрын алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициентін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін алып тастау туралы шешім қабылдаған кезде, уәкілетті орган қорытынды беру үшін құзыретті органға, су жүргізу ұйымына жүгінуге, сондай-ақ тұтынушыдан ақпарат сұратуға құқылы.
26. Ұсынылған қорытындыларды ескере отырып, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін алып тастау жөнінде негіздеуші құжаттарға оларды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.
Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган сұрау салған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бекітілген уақытша төмендету коэффициентін алып тастау жөніндегі негіздеуші құжаттарға қолда бар қорытындыларды ескере отырып, он жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.
27. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешім қабылдайды.
Уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға шешім қабылдаған сәттен бастап кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын жіберіледі.
Уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы ақпаратты су жүргізу ұйымы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізуге тиіс.
28. Уақытша төмендету коэффициентінің қолданылуын алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган осындай ұсыныспен жүгінген адамға жолданатын қорытынды шығарады.
Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту ережесіне қосымша |
Өтініш беруші суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту үшін ұсынатын құжаттар
1. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі әрбір қызметке уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі мен бекіту мерзімін көрсете отырып уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған өтінім (еркін нысанда).
2. Құзыретті органның уақытша төмендету коэффициентін бекітудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындысы.
3. Құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
4. Уақытша төмендету коэффициентін бекітудің мақсаттылығы туралы оның жоспарланған деңгейінің есептерін қамтитын анықтама-негіздеме (экономикалық және техникалық аспектілер).
5. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту нәтижесінде бюджет алдында салық міндеттемелерінің сақталуы немесе артуы туралы анықтама-негіздеме.
6. Ағымды айдың бірінші күніне бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша (егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған жағдайда) берешектердің болмауы (болуы) туралы анықтама.
7. Өтініш берушінің алдыңғы жылдың осындай кезеңі үшін (өтінімді берудің алдыңғы ай немесе тоқсан, төрт тоқсан және өткен күнтізбелік жыл) теңгерім көлемінде және ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін қаржы-шаруашылық қызметін талдау, сондай-ақ оларға берілген түсіндірме жазба.
8. Су жүргізу ұйымы мен тұтынушының арасындағы ағымды айдың бірінші күніне арналған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісі. Мерзімі өткен кредиторлық берешек болған жағдайда - екі тарап қол қойған өтеу кестесі.
9. Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің нақты және құндық көріністегі іс жүзіндегі (алдыңғы төрт тоқсан және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін) және мәлімделген көлемдері.