Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 761 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      11) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      12) «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      13) «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      14) «Инвестициялық портфельді басқарушысының iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      15) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      16) «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      17) «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      18) «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      19) «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      20) «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      21) «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      22) «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      23) «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      24) «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      25) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      26) «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      27) «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      28) «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      29) «Банкті ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      30) «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      31) «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      32) «Банктерге Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      33) «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      34) «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      35) «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      36) «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      37) «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      38) «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      39) «Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      40) «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      41) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      42) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      43) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      44) «Ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      45) «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіпте оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      46) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      47) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      48) «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      49) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      50) «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      51) «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      52) «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      53) «Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      54) «Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      55) «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      56) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      57) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – он жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – айырбастау пунктінің қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушының талаптарға, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
      кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
      ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалаp үшiн);
      Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін алуға өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кейін берілген және жарғылық капиталдың қосымша айырбастау пункттерін (қосымша айырбастау пункттерін) тіркеу кезінде ақшалай жарналар есебінен ұлғаюын ескере отырып біліктілік талаптарына сәйкес келетін мөлшерге дейін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты ұсынылады.
      Егер қосымша айырбастау пункттерін тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің ашылатын айырбастау пункттерін ескергенде уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары болса, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген құжат ұсынылмайды.
      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды береді:
      1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);
      2) есептік тіркеу және (немесе) қайта тіркеу туралы әділет органдарының белгісі бар не филиал туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар ету фактісін растайтын құжат қоса берілген филиал туралы ереженің көшірмесі.
      Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
      Айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) қайта тіркеу үшін негіздемелердің (айырбастау пунктін нақты көшіруге әкеп соқпайтын көше атауларының, ғимараттар нөмірлерінің және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа да деректердің өзгеруі) туындауын растайтын құжаттар.
      Айырбастау пунктін бастапқы тіркеу кезінде бұрын ұсынылған, істегі құжаттар айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін қайта ұсынылмайды.
      Айырбастау пунктін қайта тіркеу кезінде жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күні көрсетілген тіркеу куәлігі беріледі.
      Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін олардың үй-жайларының техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарап тексеруді көрсетілетін қызметті беруші айырбастау пункті тіркелгенге дейін жүргізеді.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, екінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, алтыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен     
бекітілген        

«Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы
хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Валюталық операция және шетелдік банктегі шот туралы хабарламаны растау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері және аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап – жеті жұмыс күні өткенге дейін;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот жөніндегі қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы немесе шетел банкінде шот ашу туралы толтырылған хабарлама.
      Валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін қызметті алушыдан соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шартты талап етуге құқылы. Валюталық операция туралы хабарламаны растау көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Берілетін деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен бірге ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына валюталық операция туралы электрондық түрде хабарлайды.
      Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты адамына тапсырады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Валюталық операция және шетелдік    
банктегі шот туралы хабарламаны растау» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Тiркеу куәлiгiн/Валюталық операция туралы немесе шетел банкінде
банк шотын ашу туралы хабарламаны алуға арналған өтiнiш
(керегін сызыңыз)

_____________________________________________________________________
           (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә)
___________________________________________________________ КҰЖЖ коды
_____________________________ ЖСН _______________________________ БСН

1. _______ жылғы «___» _________________ № ___________ валюталық шарт
_____________________________________________________________________
                         (құжаттың атауы)

                         (мақсаты мен мәнi)

2. Валюталық шартқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу
куәлігін алу үшін өтiнiш берген кезде толтырылады)

                (құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмдеу күнi)

3. Валюталық шартқа қатысушы – резидент (резиденттер):
Заңды тұлғаның атауы /жеке тұлғаның Т.А.Ә
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________

________________________________ телефоны ___________________________

Қызмет көрсететiн банк (банктер) ____________________________________
4. Валюталық шартқа қатысушы – резидент емес (резидент еместер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
Заңды тұлғаның уәкiлеттi тұлғасы ____________________________________
Экономика секторы ___________________________________________________
Заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi _______
_____________________________________________________________________
Мекенжайы, банктiк деректемелерi (бар болса) ________________________

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген лицензияларының нөмiрлері ______________________________

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген тiркеу куәлiктерiнiң нөмiрлері _________________________

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген хабарлама туралы куәлiктерiнiң нөмiрлерi _______________

8. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылды (белгiленсiн):
___ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржы займдары;
___ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар;
___ 3-бөлiм. Шетел банкiнде банк шотын ашу;
___ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа да операциялары.

Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi тұлғасы:
_______________   ___________________________________   _____________
   (лауазымы)                   (Т.А.Ә)                     (қолы)
20__ жылғы «___» ________________

Мөр
орны

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржы займдары

1. Валюталық шарттың сомасы _________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюталық шарттың валютасындағы цифрлармен және жазумен)
2. Шарттың валютасы _________________________________________________
3. _____ жылғы «___» _____________ № ______ негіздемелік келiсiм (бар
болған кезде) _______________________________________________________
                                 (құжаттың атауы)
4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):
_____ тікелей инвестор
_____ тiкелей инвестициялау объектiсi
_____ өзге
5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық
__________________ % (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда
оны есептеу базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:
мерзiмi өткен әрбiр күнге ___________________________________________
өзге (толық жазылсын) _______________________________________________
7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны үшiн, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия) _____________________________
_____________________________________________________________________
        (кредиттен, негiзгi борыштан пайызбен және т.б.сомасы)
8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем бойынша нұсқау, қаражат
қозғалысының кестесi және басқасы) __________________________________

9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (бар болса):
Резидент ________________ Резидент емес _______________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________ телефоны ______________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: тiркелген елi ________________________

10. Айрықша жағдайлардың болуы (белгiленсiн):
____ қарыз алушының ұзартуға құқығы
____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы
____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы
____ өзге де (толық жазу) ___________________________________________

11. Осы валюталық шарт шеңберiнде қаржыландыратын келiсiмшарттар
туралы мәлiметтер (банктер және өзге де қаржы институттары өз
операциялары туралы хабарлаған жағдайда толтырады):

11.1. Аппликант (банктiң немесе өзге қаржы институтының
қаржыландыруды сұрататын клиентi) туралы мәлiметтер:
Резидент _______________ Резиденті емес _______________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________ телефоны ______________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке
тұлғаның тұрғылықты тұратын елi _____________________________________

11.2. Қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:
Келiсiмшарттың нөмiрi ___________________________ күні ______________
Келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi _____________________________________
_____________________________________________________________________
Келiсiмшарттың сомасы ____________________________ валютасы _________
                        (валютаның мың бiрлiгi)
Келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін
алу талап етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар
үшін мәміле паспортының нөмірі ______________________________________

11.3. Бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:
Резидент ________________ Резидент емес _______________ (белгіленсін)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
______________________ телефоны _____________________________________
КҰЖЖ коды ________________________ ЖСН/БСН __________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке
тұлғаның тұрғылықты елi _____________________________________________
11.4. Кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру
нысаны (белгiленсiн):
____ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi,
____ кредитордың бенефициарға төлемi,
____ өзге (таратып жазу)____________________________________________
12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi

      шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит бойынша қаражаттың түсуi

Қарыз алушының кредитті өтеуге қызмет көрсетуі бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негiзгi борышты өтеу

сыйақы төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНЫ

ЖИЫНЫ

оның iшiнде өтiнiш берген күнге

оның iшiнде өтiнiш берген күнге

13. Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар

1. Операция түрi (белгiленсiн):
1) ___ шетелге тiкелей инвестициялар,
2) ___ Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар,
3) ___ резиденттердiң резиденті емес эмитенттердiң акцияларын
(тiкелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
4) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын (тiкелей
инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
5) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденті еместердiң инвестициялық қорларының пайларын сатып алуы,
6) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденттердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
7) ___ резиденттердiң резидент еместердiң капиталында қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
8) ___ резидент еместердiң резиденттердiң капиталында қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
9) ___ резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру,
10) ___ резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердiң заңнамасына
сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру,
11) ___ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру,
12) ___ резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық
қолхаттарды орналастыру,
13) ___ туынды қаржы құралдарымен операциялар.
2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы
инвестор болып табылса толтырылмайды):
Резидент __________ Резидент емес ____________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
________________________ телефоны ___________________________________
КҰЖЖ коды ____________________ ЖСН/БСН ______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты елi ______________________________________________________

Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы сатушы
болып табылса, толтырылмайды):
Резидент _______________ Резидент емес ________________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
____________________ телефоны _______________________________________
КҰЖЖ коды ____________________ ЖСН/БСН ______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты елi ______________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
4. Валюталық шарт туралы мәлiметтер:
Валюталық шарттың сомасы ____________________________________________

       (валюталық шарттың валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюталық шарттың валютасы __________________________________________
Мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме _ мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн
Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны үшiн, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия) _____________________________
(таратып жазу) ______________________________________________________

      Өтiнiш берiлген күнi валюталық шарт бойынша ұсынылған қаражат:

Жiберушi

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюталық шарт валютасының мың бiрлiгi

Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат
қозғалысының кестесi және басқа)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін
қызметті алушы инвестициялау объектiсi болып табылса толтырылмайды):
Резидент _______ Резидент емес _______ (белгiленсiн)
Атауы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қаласы) __________________

КҰЖЖ коды _______________________ ЖСН/БСН ___________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi _________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (жарғылық капиталдың дауыс
берушi акцияларымен және қатысу үлесiмен операцияларды жүзеге асырған
жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Құрылтай құжаттарына сәйкес құндық көрсетудегі жарғылық капитал, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

2.

Қаржылық есептiлiкке сәйкес жарғылық капитал, қаржылық есептiлiк валютасының мың бiрлiгi

3.

Инвестициялау объектiсiнiң капиталы, құндық көрсетудегі пайлар, валютаның мың бiрлiгi

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

4.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектiсi капиталындағы үлесi, қатысушылар дауыстарының немесе дауыс берушi акциялардың пайызымен

4.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (дауыс берушi
акциялармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзгеннен кейiн

жай

артықшылықты

жай

артықшылықты

1.

Жарияланған акциялардың саны, дана

2.

Төленген акциялардың саны, дана

2.1.

оның iшiнде дауыс берушi

3.

Инвесторға (инвесторларға) тиесiлi дауыс берушi акциялардың саны, дана

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

8. Инвестор (инвесторлар) валюталық шарт бойынша сатып алатын
инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылықты, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) не ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Номиналдық құны немесе бiр бағалы қағазды орналастырудың бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

9. Шығарылымды қоса алғанда, инвестор (инвесторлар) сатып алатын
борыштық бағалы қағаздар немесе инвестициялық қорлардың пайлары
туралы мәлiметтер:
ISIN/ҰСН ____________________________________________________________
Бағалы қағаздардың саны ________________________________________ дана
Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны __________________ валюта бiрлiгi
Шығару валютасы _____________________________________________________
9.1. Борыштық бағалы қағаздар үшiн
Шығару күнi ______________________ Өтеу күнi ________________________
Купондық мөлшерлеме _______________________________________ жылдық %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оның есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Купондар төлеу кезеңдiлiгi мен күнi _________________________________
_____________________________________________________________________
9.2. инвестициялық қорлардың пайлары үшiн
Қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге
(көрсетiлсiн))

Басқарушы компания __________________________________________________

                           (атауы, елі)
10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:
Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН _____________________________________
Шығару күнi _________________________________________________________
Депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн _____________
дана, операция жүргiзгеннен кейiн _______________ дана.
Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынастары:
__________ дана депозитарлық қолхат = ____________ дана базалық актив
10.1. Депозитарлық қолхаттың базалық активтерi туралы мәлiметтер:
Бағалы қағаздың түрi: ________ акциялар, _________ облигациялар
(көрсетiлсiн)
Депозитарлық қолхаттарға айырбасталған базалық активтер бiрлiктерiнiң
саны:
операция жүргiзгенге дейiн ______________ дана, операция жүргiзгеннен
кейiн ___________________ дана.
10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:
Резидент ________ Резидент емес ________ (белгiленсiн)
Атауы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген ел __________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:
Туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):
___ опцион, ___ форвард, ___ фьючерс, ___ өзге (таратып жазылсын) ___

Туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы ______________________

12. Ескертпе ________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

1. Шетел банкi ______________________________________________________
                (атауы, мекенжайы, SWIFT коды және басқа да банктiк
                                  деректемелерi)

2. Банк шотының валютасы ____________________________________________
3. Банк шотының нөмірі ______________________________________________
4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):
____ резиденттiң ағымдағы шоты,
____ резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) ағымдағы шоты,
____ резиденттiң салымы,
____ өзгесі (таратып жазылсын) ______________________________________

5. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi ________________

                            (елi, мекенжайы)
6. Ескертпе _________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары.

1. Операция түрi (белгiленсiн):
_____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу
_____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу
_____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау
_____ ақшаны және өзге де мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру

2. Валюталық шарт туралы мәлiметтер:
Валюталық шарттың сомасы ____________________________________________
                           (валюталық шарттың валютасында цифрлармен
                                        және жазумен)
Валюталық шарттың валютасы __________________________________________
Қаражатты (егер бар болса) пайдалану үшiн сыйақы мөлшерлемесі
(мүддесі):
____________________________________________________________ жылдық %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлемесі болған жағдайда оны есептеу
           базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Iлеспе төлемдер (егер бар болса) ____________________________________
                                            (толық жазылсын)
_____________________________________________________________________
Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық,
қаражаттың қозғалу схемасы және басқа) ______________________________

3. Объект туралы мәлiметтер:
3.1. жылжымайтын мүлiк: _____________________________________________
                                       (елi, мекенжайы)
3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi ____________________________________
                                      (объектiнiң қысқаша сипаты)
3.3. бiрлескен қызмет _______________________________________________

                        (жобаның қысқаша сипаты)
3.4. сенiмгерлiк басқару ____________________________________________

                    (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)
4. Ескертпе _________________________________________________________

Қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру,
тиiстi валюталық операция немесе шетел банкіндегі банк шоты туралы
хабарлама беру кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер
ұсынылмайды.
      Егер валюталық шарттың бiр тарапы ретiнде резиденттер және сол
сияқты резиденті еместер болса, валюталық шарттың сомасы резидент
және резиденті еместер арасындағы өзара мiндеттемелер бөлiгiнде ғана
көрiнiс табады.
      Экономика секторы Төлем мақсатының бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану
қағидаларына сәйкес толтырылады.
      «Ескертпе» деген жолда егер валюталық шарттың сомасы
тiркелмесе, валюталық шарттың сомасының құралу тәсiлiн (тәртiбiн)
қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы тiркеу куәлiгiнде/хабарлама
туралы куәлiкте көрсету қажеттi деп санайтын шарттың талаптары
көрсетіледі.

1-бөлiмде:

      3-тармақта жекелеген мәмiлелердi, оның iшiнде
тiркеуге/хабарлауға жататын валюталық шарттарды кредиттеудiң
негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келiсiм (бас
келiсiм, кредиттiк желi және т.б.) көрсетiледi.
      «Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi» деген 10-тармақта
резидентке қаражаттың түсуi және оның валюталық шарт бойынша
берешектi өтеуi (резиденті еместер резиденттерге берген қаржы
займдары мен кредиттер жағдайында) туралы, сондай-ақ резиденті емеске
қаражаттың түсуi және оның шарт валютасындағы берешектi өтеуi
(резиденттер резиденті еместерге берген қаржы займдары мен кредиттер
жағдайында) туралы ақпарат көрсетіледі.
      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауар,
жұмыс, қызмет көрсету нысанында түсуiнiң нақты және/немесе болжамды
(болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер
шарт сомасы аталмаған болса, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түсуi
туралы ақпарат қана көрсетіледі.
      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол
сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда
көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және/немесе болжамды
(болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше негiзгi
борышты өтеу және сыйақы төлеу көрсетіледі. Егер валюталық шартта
өзгеше көзделмесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда
сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру күнiндегі
база мәнiнен есептеледi.
      Резидент немесе резиденті емес аванстық төлемдер жүргiзген
жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнiн және соманы Б және 2
бағандарында көрсету керек.
      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара сәйкес келуi тиiс
және шарт сомасына немесе егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру
күнi нақты түскен қаражат сомасына тең болуы керек.
      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн (хабарламамен бірге)
жүргiзiлген валюталық операциялардың жалпы сомасы «оның iшiнде өтiнiш
беру күнi» жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартпен
белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.
      Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы негізгі борыштың бөлігі
ретінде танылса, онда 1-тармақта валюталық шарттың сомасы сақтандыру
сыйлықақысының сомасы ескеріле отырып көрсетіледі, ал қаражаттың түсу
және берешектi өтеу кестенің 10-тармағында жалпы сомаға жасалады.

2-бөлiмде:

      Дауыс берушi акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда
2-8-тармақтар толтырылады.
      Қатысушылардың дауыстарымен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.
      Дауыс беру құқығы жоқ акциялармен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 2-5 және 8-тармақтар толтырылады.
      Резиденттер/резиденті еместер резиденті еместер/резидент
эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резиденті еместер/резидент
инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5,
9-тармақтар толтырылады.
      Резиденті емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздары, резидент
эмитенттердiң басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес және солардың
аумағында шығарылған бағалы қағаздары орналастырылған жағдайда 2-5, 9
және 9.1-тармақтар толтырылады.
      Қазақстан депозитарлық қолхаттары және резидент эмитенттердiң
бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттар орналастырылған жағдайда
2-5, 8 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі акция болып
табылса), 9 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі өзге
бағалы қағаздар болып табылса) және 10-тармақтар толтырылады.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 4 және 11-тармақтар толтырылады, ал егер базалық актив
бағалы қағаздар болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Валюталық операцияны тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын ұсынған сәттен бастап – он жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – валюталық операция жөніндегі немесе шетел банкіндегі шот жөніндегі қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтінішті;
      2) валюталық шарттың тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен бекітілген (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
      4) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған қосымша құжаттарды сұрау салуға құқылы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасы көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.
      10. Мыналар:
      1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбауы;
      2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Валюталық операцияны тіркеу»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Тiркеу куәлiгiн/Валюталық операция туралы немесе шетел банкінде
банк шотын ашу туралы хабарламаны алуға арналған өтiнiш
(керегін сызыңыз)

_____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә)
___________________________________________________________ КҰЖЖ коды
______________________________ ЖСН ______________________________ БСН
1. _______________ жылғы «___» _________ № ___________ валюталық шарт
_____________________________________________________________________
                           (құжаттың атауы)
_____________________________________________________________________
                          (мақсаты мен мәнi)
2. Валюталық шартқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу
куәлігін алу үшін өтiнiш берген кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
               (құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмдеу күнi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Валюталық шартқа қатысушы – резидент (резиденттер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________ телефоны _____________________________
Қызмет көрсететiн банк (банктер) ____________________________________
4. Валюталық шартқа қатысушы – резидент емес (резидент еместер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
Заңды тұлғаның уәкiлеттi тұлғасы ____________________________________
Экономика секторы ___________________________________________________
Заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi _______
_____________________________________________________________________
Мекенжайы, банктiк деректемелерi (бар болса) ________________________
_____________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген лицензияларының нөмiрлері ______________________________
_____________________________________________________________________
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген тiркеу куәлiктерiнiң нөмiрлері _________________________
_____________________________________________________________________
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюталық шарт бойынша
бұрын берген хабарлама туралы куәлiктерiнiң нөмiрлерi _______________
_____________________________________________________________________
8. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылды (белгiленсiн):
____ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржы займдары;
____ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар;
____ 3-бөлiм. Шетел банкiнде банк шотын ашу;
____ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа да операциялары.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi тұлғасы:
______________ ________________________________________ _____________
  (лауазымы)                    (Т.А.Ә)                     (қолы)
20__ жылғы «___» ___________

Мөр
орны

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржы займдары

1. Валюталық шарттың сомасы _________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюталық шарттың валютасындағы цифрлармен және жазумен)
2. Шарттың валютасы _________________________________________________
3. ___ жылғы «___» ____ № ___ негіздемелік келiсiм (бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
                          (құжаттың атауы)
4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):
____ тікелей инвестор
____ тiкелей инвестициялау объектiсi
____ өзге
5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық
__________________ % (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда
оны есептеу базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:
мерзiмi өткен әрбiр күнге ___________________________________________
өзге (толық жазылсын) _______________________________________________
7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны үшiн, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия) _____________________________
_____________________________________________________________________
       (кредиттен, негiзгi борыштан пайызбен және т.б.сомасы)
8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем бойынша нұсқау, қаражат
қозғалысының кестесi және басқасы) __________________________________
_____________________________________________________________________
9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (бар болса):
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________ телефоны ______________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: тiркелген елi ________________________
_____________________________________________________________________
10. Айрықша жағдайлардың болуы (белгiленсiн):
____ қарыз алушының ұзартуға құқығы
____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы
____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы
____ өзге де (толық жазу) ___________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Осы валюталық шарт шеңберiнде қаржыландыратын келiсiмшарттар
туралы мәлiметтер (банктер және өзге де қаржы институттары өз
операциялары туралы хабарлаған жағдайда толтырады):
_____________________________________________________________________
11.1. Аппликант (банктiң немесе өзге қаржы институтының
қаржыландыруды сұрататын клиентi) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резиденті емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
______________________ телефоны _____________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке
тұлғаның тұрғылықты тұратын елi _____________________________________
_____________________________________________________________________
11.2. Қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:
Келiсiмшарттың нөмiрi __________________________ күні _______________
Келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi _____________________________________
_____________________________________________________________________
Келiсiмшарттың сомасы ____________________________ валютасы _________
                        (валютаның мың бiрлiгi)
Келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін
алу талап етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар
үшін мәміле паспортының нөмірі ______________________________________
_____________________________________________________________________
11.3. Бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгіленсін)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
______________________ телефоны _____________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резиденті емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке
тұлғаның тұрғылықты елi _____________________________________________
11.4. Кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру
нысаны (белгiленсiн):
____ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi,
____ кредитордың бенефициарға төлемi,
____ өзге (таратып жазу) ___________________________________________
12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi

      шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит бойынша қаражаттың түсуi

Қарыз алушының кредитті өтеуге қызмет көрсетуі бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негiзгi борышты өтеу

сыйақы төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНЫ

ЖИЫНЫ

оның iшiнде өтiнiш берген күнге

оның iшiнде өтiнiш берген күнге

13. Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар

1. Операция түрi (белгiленсiн):
1) ____ шетелге тiкелей инвестициялар,
2) ____ Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар,
3) ____ резиденттердiң резиденті емес эмитенттердiң акцияларын
(тiкелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
4) ____ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын
(тiкелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
5) ____ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденті еместердiң инвестициялық қорларының
пайларын сатып алуы,
6) ____ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденттердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
7) ____ резиденттердiң резидент еместердiң капиталында қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
8) ____ резидент еместердiң резиденттердiң капиталында қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
9) ____ резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру,
10) ____ резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердiң заңнамасына
сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын
орналастыру,
11) ____ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру,
12) ____ резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық
қолхаттарды орналастыру,
13) ____ туынды қаржы құралдарымен операциялар.
2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы
инвестор болып табылса толтырылмайды):
Резидент ______________ Резидент емес _________________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
________________________ телефоны ___________________________________
КҰЖЖ коды ____________________ ЖСН/БСН ______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты елi ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы сатушы
болып табылса, толтырылмайды):
Резидент ______________ Резидент емес _________________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________________
____________________ телефоны _______________________________________
КҰЖЖ коды ___________________ ЖСН/БСН _______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты елi ______________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
4. Валюталық шарт туралы мәлiметтер:
Валюталық шарттың сомасы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюталық шарттың валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюталық шарттың валютасы __________________________________________
Мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме _____ мерзiмi өткен әрбiр күн
үшiн
Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны үшiн, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия) _____________________________
(таратып жазу) ______________________________________________________

      Өтiнiш берiлген күнi валюталық шарт бойынша ұсынылған қаражат:

Жiберушi

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюталық шарт валютасының мың бiрлiгi

Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат
қозғалысының кестесi және басқа)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін
қызметті алушы инвестициялау объектiсi болып табылса толтырылмайды):
Резидент ______________ Резидент емес _________________ (белгiленсiн)
Атауы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қаласы) __________________
_____________________________________________________________________
КҰЖЖ коды _______________________ ЖСН/БСН ___________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi _________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (жарғылық капиталдың дауыс
берушi акцияларымен және қатысу үлесiмен операцияларды жүзеге асырған
жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Құрылтай құжаттарына сәйкес құндық көрсетудегі жарғылық капитал, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

2.

Қаржылық есептiлiкке сәйкес жарғылық капитал, қаржылық есептiлiк валютасының мың бiрлiгi

3.

Инвестициялау объектiсiнiң капиталы, құндық көрсетудегі пайлар, валютаның мың бiрлiгi

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

4.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектiсi капиталындағы үлесi, қатысушылар дауыстарының немесе дауыс берушi акциялардың пайызымен

4.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (дауыс берушi
акциялармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюталық шарт бойынша операция жүргiзгеннен кейiн

жай

артықшылықты

жай

артықшылықты

1.

Жарияланған акциялардың саны, дана

2.

Төленген акциялардың саны, дана

2.1.

оның iшiнде дауыс берушi

3.

Инвесторға (инвесторларға) тиесiлi дауыс берушi акциялардың саны, дана

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

8. Инвестор (инвесторлар) валюталық шарт бойынша сатып алатын
инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылықты, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) не ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Номиналдық құны немесе бiр бағалы қағазды орналастырудың бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

9. Шығарылымды қоса алғанда, инвестор (инвесторлар) сатып алатын
борыштық бағалы қағаздар немесе инвестициялық қорлардың пайлары
туралы мәлiметтер:
ISIN/ҰСН ____________________________________________________________
Бағалы қағаздардың саны ________________________________________ дана
Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны __________________ валюта бiрлiгi
Шығару валютасы _____________________________________________________
9.1. Борыштық бағалы қағаздар үшiн
Шығару күнi ______________________ Өтеу күнi ________________________
Купондық мөлшерлеме ________________________________________ жылдық %
                 (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда
               оның есептеу базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Купондар төлеу кезеңдiлiгi мен күнi _________________________________
_____________________________________________________________________
9.2. инвестициялық қорлардың пайлары үшiн
Қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге
(көрсетiлсiн))
_____________________________________________________________________
Басқарушы компания __________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (атауы, елі)
10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:
Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН _____________________________________
Шығару күнi _________________________________________________________
Депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн _____________
дана, операция жүргiзгеннен кейiн _____________________________ дана.
Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынастары:
__________ дана депозитарлық қолхат = ____________ дана базалық актив
10.1. Депозитарлық қолхаттың базалық активтерi туралы мәлiметтер:
Бағалы қағаздың түрi: ____ акциялар, _____ облигациялар (көрсетiлсiн)
Депозитарлық қолхаттарға айырбасталған базалық активтер бiрлiктерiнiң
саны:
операция жүргiзгенге дейiн ______________ дана, операция жүргiзгеннен
кейiн ___________________ дана.
10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:
Резидент ______________ Резидент емес _________________ (белгiленсiн)
Атауы _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген ел __________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:
Туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):
___ опцион, ___ форвард, ___ фьючерс, ___ өзге (таратып жазылсын) ___
_____________________________________________________________________
Туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы ______________________
_____________________________________________________________________
12. Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

1. Шетел банкi ______________________________________________________
                (атауы, мекенжайы, SWIFT коды және басқа да банктiк
                                 деректемелерi)
_____________________________________________________________________
2. Банк шотының валютасы ____________________________________________
3. Банк шотының нөмірі ______________________________________________
4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):
____ резиденттiң ағымдағы шоты,
____ резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) ағымдағы шоты,
____ резиденттiң салымы,
____ өзгесі (таратып жазылсын) ______________________________________
_____________________________________________________________________
5. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (елi, мекенжайы)
6. Ескертпе _________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары.

1. Операция түрi (белгiленсiн):
____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу
____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу
____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау
____ ақшаны және өзге де мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру
2. Валюталық шарт туралы мәлiметтер:
Валюталық шарттың сомасы ____________________________________________
                          (валюталық шарттың валютасында цифрлармен
                                        және жазумен)
Валюталық шарттың валютасы __________________________________________
Қаражатты (егер бар болса) пайдалану үшiн сыйақы мөлшерлемесі (мүддесі):
____________________________________________________________ жылдық %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлемесі болған жағдайда оны есептеу
           базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Iлеспе төлемдер (егер бар болса) ____________________________________
                                          (толық жазылсын)
_____________________________________________________________________
Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық,
қаражаттың қозғалу схемасы және басқа) ______________________________
_____________________________________________________________________
3. Объект туралы мәлiметтер:
3.1. жылжымайтын мүлiк: _____________________________________________
                                       (елi, мекенжайы)
3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi ____________________________________
                                     (объектiнiң қысқаша сипаты)
3.3. бiрлескен қызмет _______________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (жобаның қысқаша сипаты)
3.4. сенiмгерлiк басқару ____________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)
4. Ескертпе _________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру,
тиiстi валюталық операция немесе шетел банкіндегі банк шоты туралы
хабарлама беру кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер
ұсынылмайды.
      Егер валюталық шарттың бiр тарапы ретiнде резиденттер және сол
сияқты резиденті еместер болса, валюталық шарттың сомасы резидент
және резиденті еместер арасындағы өзара мiндеттемелер бөлiгiнде ғана
көрiнiс табады.
      Экономика секторы Төлем мақсатының бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану
қағидаларына сәйкес толтырылады.
      «Ескертпе» деген жолда егер валюталық шарттың сомасы
тiркелмесе, валюталық шарттың сомасының құралу тәсiлiн (тәртiбiн)
қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы тiркеу куәлiгiнде/хабарлама
туралы куәлiкте көрсету қажеттi деп санайтын шарттың талаптары көрсетіледі.

1-бөлiмде:

      3-тармақта жекелеген мәмiлелердi, оның iшiнде
тiркеуге/хабарлауға жататын валюталық шарттарды кредиттеудiң
негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келiсiм (бас
келiсiм, кредиттiк желi және т.б.) көрсетiледi.
      «Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi» деген 10-тармақта
резидентке қаражаттың түсуi және оның валюталық шарт бойынша
берешектi өтеуi (резиденті еместер резиденттерге берген қаржы
займдары мен кредиттер жағдайында) туралы, сондай-ақ резиденті емеске
қаражаттың түсуi және оның шарт валютасындағы берешектi өтеуi
(резиденттер резиденті еместерге берген қаржы займдары мен кредиттер
жағдайында) туралы ақпарат көрсетіледі.
      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауар,
жұмыс, қызмет көрсету нысанында түсуiнiң нақты және/немесе болжамды
(болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер
шарт сомасы аталмаған болса, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түсуi
туралы ақпарат қана көрсетіледі.
      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол
сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда
көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және/немесе болжамды
      (болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше
негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу көрсетіледі. Егер валюталық
шартта өзгеше көзделмесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған
жағдайда сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру
күнiндегі база мәнiнен есептеледi.
      Резидент немесе резиденті емес аванстық төлемдер жүргiзген
жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнiн және соманы Б және 2
бағандарында көрсету керек.
      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара сәйкес келуi тиiс
және шарт сомасына немесе егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру
күнi нақты түскен қаражат сомасына тең болуы керек.
      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн (хабарламамен бірге)
жүргiзiлген валюталық операциялардың жалпы сомасы «оның iшiнде өтiнiш
беру күнi» жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартпен
белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.
      Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы негізгі борыштың бөлігі
ретінде танылса, онда 1-тармақта валюталық шарттың сомасы сақтандыру
сыйлықақысының сомасы ескеріле отырып көрсетіледі, ал қаражаттың түсу
және берешектi өтеу кестенің 10-тармағында жалпы сомаға жасалады.

2-бөлiмде:

      Дауыс берушi акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда
2-8-тармақтар толтырылады.
      Қатысушылардың дауыстарымен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.
      Дауыс беру құқығы жоқ акциялармен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 2-5 және 8-тармақтар толтырылады.
      Резиденттер/резиденті еместер резиденті еместер/резидент
эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резиденті еместер/резидент
инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5,
9-тармақтар толтырылады.
      Резиденті емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздары, резидент
эмитенттердiң басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес және солардың
аумағында шығарылған бағалы қағаздары орналастырылған жағдайда 2-5, 9
және 9.1-тармақтар толтырылады.
      Қазақстан депозитарлық қолхаттары және резидент эмитенттердiң
бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттар орналастырылған жағдайда
2-5, 8 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі акция болып
табылса), 9 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі өзге
бағалы қағаздар болып табылса) және 10-тармақтар толтырылады.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүзеге асырылған
жағдайда 4 және 11-тармақтар толтырылады, ал егер базалық актив
бағалы қағаздар болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі он бес жұмыс күні болады;
      3) қайта ұсынылған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші отыз жұмыс күні ішінде қарайды;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – микроқаржы ұйымдарының реестріне оны енгізу туралы микроқаржы ұйымдарының хабарламасы (бұдан әрі – хабарлама) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
      2) салыстыру үшін жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік капиталдың ең аз мөлшерінің сақталғаны туралы мәліметтер;
      4) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);
      5) мыналарды:
      микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;
      микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы);
      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтерді көрсету және (немесе) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
      ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар), өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы мәліметтер;
      7) микроқаржы ұйымдарының жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;
      8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйелерінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесі;
      9) берілген микрокредиттер бойынша табысты және корпоративтік табыс салығын есептелген соманы көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокретиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).
      Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген тұрған орны өзгерген,
сондай-ақ осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына микроқаржы ұйымының мөрімен расталып ұсынылады.
      Ұсынылған құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие микроқаржы ұйымдары лауазымды тұлғаларының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілуге тиісті анық емес мәліметтерді және ақпаратты бермеуі;
      3) егер микроқаржы ұйымдары ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өткені туралы өтініш жасамауы;
      4) егер микроқаржы ұйымдары басшысында немесе құрылтайшылардың бірінде өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған, сондай-ақ осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшының немесе құрылтайшы болып табылмауы;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 9) тармақшасында көзделген құжаттарды бермеуі микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Есептік тіркеуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы отыз жұмыс күні ішінде өтінішті қайтадан беруге құқылы немесе атауының өзгергені не қайта құрылғаны не таратылғаны туралы шешім қабылдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

нысан

_____________________________________________________________________
(мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеу жүргізуді өтінемін.
      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      1. Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері _________________
_____________________________________________________________________
      (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса
                     интернет-ресурс)
      2. Жіберілген құжаттардың тізбесі, даналардың және оның
әрқайсысындағы парақ саны: __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) анықтығына толық жауаптылықта болады.

      Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, өтініш беруге уәкілетті
адамның лауазымы
      _________________________________
                   (қолы)
      20__ жылғы «___» ________________

      Мөрдің орны

«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

нысан

Меншік капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы
мәліметтер

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншік капиталдың мөлшері (мың теңге)

      Микроқаржы ұйымы басшысының
      тегі, аты, бар болса – әкесінің аты ___________________________
                                                     (қолы)
      Мөрдің орны

«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                

нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы
(қатысушының) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (толық атауы)
Тұрған жері _________________________________________________________

                    (пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері __________________________________________________

         (телефон және факс нөмірлері, бар болса электронды
                       поштаның мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі ______________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесі
____________________________________________________________________

3. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесіне
ақша енгізу алдындағы көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының
(қатысушы) меншік капиталының мөлшері және көрсетілетін қызметті
алушының жарғылық капиталға қатысу үлесін төлеуге енгізілген сома
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып,
қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушы) өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне
қатысуы туралы мәліметтер: __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушы) қатысатын
өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушы) басшысы
туралы мәліметтер: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)

20__ жылғы «___» _____________

Көрсетілетін қызметті алушы (қатысушы) құрылтайшысы
басшысының қолы _____________________________________________________

мөрдің орны

2-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы
(қатысушының) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) ___________
_____________________________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
Туған күні __________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері ____________________________
_____________________________________________________________________
       (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Тұрған жері _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері __________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (телефон және факс нөмірлері, бар болса электронды
                        поштаның мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ____________________
_____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталдағы қатысу үлесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып,
қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушы) өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне
қатысуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________;
5. Мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші осы микроқаржы
ұйымының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір
жылдан аспайтын кезеңде тұлғаның бұрын бірінші басшы немесе қаржы
ұйымының құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

20__ жылғы «___» _____________
Көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушы) қолы _____________________________________

«Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша                 

нысан

Мәліметтер

_____________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы
ұйымының лауазымы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

__________________________________________________________________

    (жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегі, аты,
      әкесінің аты өзгерген жағдайда – қашан, қандай себеппен
                   өзгертілгенін көрсету керек)

Күні және туған жері

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

    (толық мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарының
           нөмірлерін, елді мекеннің кодын көрсету керек)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректері

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушының өзге
заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

      2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмыс түріне сай келетін кәсіби білімі

___________________________________________________________________

(Оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауын мен тұрған жерін,
оқу кезеңін, тағайындалған біліктілікті, білімі туралы дипломның
                   реквизиттерін көрсету керек)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс саласындағы біліктілікті көтеру курстары, ғылыми дәрежесі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Оқу орнының атауын мен тұрған жерін, оқу кезеңін, білімі туралы
  дипломның реквизиттерін, сертификатты, куәлікті көрсету керек)

Қаржы қызметтері саласындағы жұмыс тәжірибесі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылының, аудитор лауазымында
  істеген жылының, қызмет түрлері бойынша бухгалтер лауазымында
                   істеген жылын көрсетуі керек)

Басшылық лауазымындағы жұмыс тәжірибесі

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдысы)

Жетістіктері

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
    (осы мәселе бойынша ақпарат көрсетуі керек: мысалы, ғылыми
жарияланымының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және т.б
                            қатысуы)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Енбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(айы/жылы)

Қызмет істеген және қызметтік міндеттерін атқарған ұйымының атауы, ұйымның координаттары

      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ
(егер бар болса, онда қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы үкімнің күнін және нөмірін, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету керек)

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан қадағалау органдарының шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ
(егер бар болса, онда күнін және осындай шара қолданған органның атауын көрсету керек)

Мемлекеттік реттеу, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші осы микроқаржы ұйымының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлғаның бұрын бірінші басшы немесе қаржы ұйымының құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер

Ұйымның, лауазымының атауы, жұмыс кезеңі

Қаржы қызметтерін көрсету мәселесі бойынша сот талқылауына микроқаржы ұйымының басшысы ретінде жауапқа тартылды ма

(қаралған мәселенің және соттың шешімінің күнін, сот талқылауындағы жауапкер-ұйымының атауын көрсету керек)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(еркін түрде)

Мен (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты),__________________________,
осы ақпаратты тексергендігімді және оның анық және толық екендігін
растаймын ___________________________________________________________
                                (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген       

«Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен орталық депозитарийдің қағидалар жинағына кіретін қағида.
      Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен мәмілелерді тіркеудің қағидасы;
      2) тіркеушінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін енгізу қағидасы;
      3) мемлекеттік бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесін енгізу қағидасы;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздарын және өзге де қаржы құралдарын есепке алу қағидасы;
      5) құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын және өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыру қағидасы;
      6) қаржы құралдарымен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидасы;
      7) депоненттерге есептілік беру тәртібі;
      8) бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
      9) депоненттердің және олардың клиентерінің ақшасын есепке алу қағидасы;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидасы (сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кіретін мәселелерді реттейтін сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын қамтиды).
      Қор биржасының қағидалары:
      1) қор биржасына мүше болу санаттарын, қор биржасына мүшелікке кіру талаптары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелерін, қор биржасына мүше болуды тоқтата тұру және тоқтату талаптары мен тәртібін;
      2) қор биржасы мүшесінің атынан қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен
сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып өзге іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
      3) қор биржасының трейдерлерін сауда жүйесін пайдалануды міндетті оқыту тәртібін;
      4) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысу тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
      5) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізуге болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
      6) бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу, оларды осы тізімнен шығару және тізімнің санатын ауыстыру талаптары мен тәртібін;
      7) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты жария ету жөніндегі);
      8) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты жария ету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;
      9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық жүргізу тәртібін;
      10) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;
      11) қор биржасында сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау талаптары мен тәртібін;
      12) қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесін;
      13) қор биржасы мүшелерінің және қор биржасы трейдерлерінің биржа саудасының қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін, қор биржасы өндіретін биржалық айыппұлдарды төлеу мөлшері мен тәртібін;
      14) қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібін;
      15) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасы құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
      16) листингтік комиссия қызметінің тәртібін;
      17) айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы сараптама комитеті қызметінің тәртібін;
      18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және алдын алу қағидаларын;
      19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін, қор биржасы мүшелерінің осындай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсыну тізбесі мен мерзімдерін;
      20) қор биржасының интернет-ресурсында барлық корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін;
      21) эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген ресім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы мәселелері бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органының қарау және қабылдау тәртібін;
      22) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиісті.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тіркеушінің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тіркеушінің қағидалар жинағын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен бірыңғай тіркеушінің қағидалар жинағына кіретін, мыналарды қамтитын қағидаларды ұсынуға тиісті:
      эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына үлестік қатысу қағидасын, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына үлестік қатысу қағидасын, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтары;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидасы;
      бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілікті беру қағидасы;
      бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара әрекеттесу қағидасы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге ережелер.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге
асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын келісуді растайтын қағаз жеткізгіштегі келісу хат.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) клирингтік ұйымның директорлар кеңесі бекіткен ережелер қамтылған клирингтік ұйымның қағидасы:
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып талаптар, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық тұрақтылығын қолдау жөніндегі міндеттер;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін тағайындаудың
(іс-әрекетті тоқтату, айыру) тәртібі мен талаптары;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық жағдайының мониторингін жүзеге асыру үшін, оларға клирингтік ұйым ұсынған сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қызметі туралы ақпараттың тізбесі, сауда-саттыққа клирингтік қатысушының клирингтік ұйым қағидалары талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ осы ақпаратты берудің тәртібі мен мерзімдері;
      клирингтік ұйымның сауда-саттыққа клирингтік қатысушыдан және көрсетілетін қызметті берушіден алған ақпаратқа билік ету тәртібі;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушының қаржылық жағдайына мониторинг тәртібі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушының клирингтік ұйым қағидаларының талаптарына сәйкестігі;
      арнайы клирингтік (кепілдік) қорлар қалыптастырудың тәртібі және талаптары, сондай-ақ клирингтік ұйымның жарналар мен алымдар төлеу тәртібі және талаптары;
      клирингтік ұйымның резервтік қорлар қалыптастыру тәртібі және талаптары;
      жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, оны салыстырып тексеру және алшақтық болған кезде түзетудің тәртібі;
      клирингтік ұйымның қаржы құралдары мен мәмілелердің параметрлерін ессепке алудың және растаудың тәртібі;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындаудың тәртібі;
      клирингтік қызмет нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібі, талаптары мен тәсілдері;
      сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға қаржы құралдары мен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нәтижелері жөнінде клирингтік ұйымның есептер беру тәртібі;
      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысу ұйымының клирингтік қызмет нәтижелері жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына ақпаратты әзірлеудің және берудің тәртібі;
      клирингтік ұйымның және сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың типтік нысандары;
      клирингтік ұйымның есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты және (немесе) тауар биржасымен жасаған шарт мазмұнына талаптар;
      клирингтік ұйымның орталық контрагент функцияларын орындауының тәртібі мен талаптары;
      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клирингтік ұйымның функияларын іске асыру үшін анықталуы қажет ережелер.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергеннен бастап – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілген комиссияның Төрағасы (немесе оның орынбасары) қол қойған Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг) басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәлімет көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкеріне лауазымына кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы көрсетілген еркін нысанда жазылған ұсынымхатты, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымының, холдингтің құжаттамалық тексергені туралы мәліметтерді көрсетеді және оған мыналар қол қояды:
      қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті (қаржы ұйымы, холдинг, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін) сақтандыру брокері акционерлерінің біреуі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының біреуі - басқарманың бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде;
      қаржы ұйымы, холдинг (өтініш беруші) басқармасының
(атқарушы органының) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);
      2) қаржы ұйымының, холдингтің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесінде мыналар қамтылады:
      осы үміткердің өкілеттігі (тегін, атын, бар болса әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күні және оның қойылған қолын көрсете отырып);
      осы үміткер үйлестіретін немесе бақылайтын құрылымдық бөлімшелердің атауы және өкілеттіктері туралы мәліметтер;
      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілік;
      3) егер қаржы ұйымының атқарушы органының, холдингтің мүшесі лауазымына үміткер өзге ұйымдарда жұмыс істесе, осы қаржы ұйымының директорлар кеңесінің үміткерге өзге ұйымдарда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің көшірмесін;
      4) қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушіге, холдингтің үміткерді қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, үміткерді (екі және одан көп үміткер келісілгенде – әр үміткерге шешімнің көшірмесінен бір данадан) тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін ұсынуға тиіс.
      Егер тағайындау күні көрсетілмесе, онда үміткерді тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушінің, холдингтің шешім қабылдау күні не шешімде көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады. Осы жағдайда қаржы ұйымы, холдинг шешімде көрсетілген оқиғаның басталуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Бұл ретте қаржы ұйымы, холдинг ұсынған үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;
      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);
      акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
      акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау туралы мәселе бөлігіндегі отырысының күн тәртібі;
      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
      басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде қабылданған шешімдер.
      Шешімнің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен расталуы және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болуы тиіс;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштегі үміткер туралы мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы түрлі-түсті фотография ашық реңде 3х4 өлшемде орындалады);
      6) ұсынылған тұлғалар экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежелері бар болса, олардың ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;
      7) азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады;
      8) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:
      «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
      тағайындалуына (сайлануына) көрсетілетін қызметті берушінің қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жекелей жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;
      ұсыным хатқа қол қою күнінде көрсетілетін қызметті берушінің (және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;
      экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.
      Азия даму банкі;
      Еуразия Даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Ислам даму банкі;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Халықаралық валюта қоры;
      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келісу кезінде директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі берген BB+ төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және басқарма мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында қажетті рейтингтің болуын растайтын мәліметтер – осы тармақтың 8) тармақшасы үшінші бөлігінде көзделген жағдайда;
      10) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесін не бас бухгалтер лауазымына үміткер үшін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын шетел институты берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған көшірмесін ұсынуға тиісті.
      Осы тармақта аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының сыртқы бетінде, ішінара тігіс түйініне желімделген, тігілген парақтардың саны көрсетілген жапсырма қағаздың үстіне қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталып ұсынылады.
      Құжаттардың көшірмелері қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен және қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің мөрімен расталады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды қаржы ұйымына, холдингіне қараусыз қайтарады. Көрсетілетін қызметті алушы басшы лауазымға кандидатты сайлаған (тағайындаған) күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткіліксіз құжаттары бар құжаттардың топтамасын ұсынады. Кандидатты келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қайтадан ұсынғанда оларды қарау мерзімін есептеуде көрсетілетін қызметті берушінің оларды қайтадан ұсынған күнінен басталады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қаржы ұйымдарының, банк, 
сақтандыру холдингтерінің 
басшы қызметкерлерін сайлауға
(тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
қосымша          

сурет орны

Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің басшы
қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымына, банктік, сақтандыру холдингіне тағайындалатын
_____________________________________________________________________
кандидаттың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:
      Туған күні және туған жері

      Азаматтығы

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және  нөмірі)

1

      3. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
және акцияларды иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрi

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі атқарған
(атқарып отырған) лауазымдары, оның ішінде көрсетілетін қызметті
берушіге келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымында, банктік,
сақтандыру холдингінде лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын
аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге
асырмаған кезеңі туралы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі
(күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып)

Қолданылған тәртіптік шараның болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

      6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат
аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету)
      7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық
комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

      8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындамау
фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және
                міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      9. Осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы
директордың лауазымын иелену туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

      10. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары,
бас бухгалтері, ірі қатысушысы - ірі қатысушысы жеке тұлға, қаржы
ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы заңды
тұлға - қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын,
банктік, сақтандыру холдингін консервациялау туралы, акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы,
сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп
тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде
бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының,
банктік, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін орындаудан
шеттетуі туралы деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға
   (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім
          қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін)
      12. Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы
ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау
кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші - қаржы
   ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің атауы, қаралған мәселе
                     және сот шешімі көрсетілсін)
      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және дәйекті болып
табылатындығын растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса –
әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)
      Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің тәуелсіз
директорлығына кандидат толтырады:
      Мен, __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік
қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

Күні ________________________________________________________________
Қолы ________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға)
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басқарушы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілген Комиссияның Төрағасы (немесе оның орынбасары) қол қойған қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат (бұдан әрі – кандидат) Қордың басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы көрсете отырып, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру және кері шақыру қағидаларына және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес ұсынылғаны және Қордың құжаттамалық тексергені:
      Қордың директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда – Қордың директорлар кеңесінің мүшелерін, бас директорды сайлаған (тағайындаған) кезде – директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі (директорлар кеңесі осы шешімінің көшірмелерін ұсына отырып);
      директорлар кеңесінің төрағасын, бас бухгалтерді сайлаған (тағайындаған) кезде – Қордың бас директоры не Қордың бас директорының міндеттерін орындаушы тұлға (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмелерін ұсына отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған қолдаухатты;
      2) Қордың басшылық лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) күнін көрсете отырып, кандидаттың сайланғаны (тағайындалғаны) туралы Қордың көрсетілетін қызметті беруші шешімдерінен үзінді көшірмесін (екі немесе одан да көп кандидатты келісу кезінде – әр кандидатқа шешімдер көшірмесінің бір данасынан).
      Егер тағайындау күні болмаса, онда кандидатты сайлаған (тағайындаған) күн деп Қордың көрсетілетін қызметті берушінің шешім қабылдаған күні не көрсетілген шешімдегі оқиға басталған күн есептеледі. Бұл жағдайда Қор шешімде көрсетілген оқиғаның басталғанын растайтын құжаттар көшірмесін ұсынады;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес кандидат туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы сурет ашық түсте 3 х 4 көлемде жасалады);
      4) ұсыным жасайтын адамның экономика және (немесе) заң ғылымдары докторының ғылыми дәрежесі бар болып табылған жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;
      5) кандидатты ұсынып отырған лауазым, қол қойған күн, ұсынып отырған тұлғаның лауазымы, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) мінездемесі көрсетіліп, еркін нысанда жасалған, қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі адамның кандидатқа ұсыным хаттары. Ұсыным хатты берген күн бұдан бұрын ұсыным хат берілген күнінен үш айдан аспауы керек;
      6) сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) не бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының толық мүшесі болып табылатын шетелдік институт берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.
      Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына атқаратын және көрсетілген қызметті берушімен келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу үшін көрсетілген қызметті берушіге:
      1) кандидат туралы, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-тармағында көрсете отырып еркін нысанда жазылған, Қордың құжаттық тексерген және кандидаттың мынандай талаптарға сәйкес келетіндігі туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті:
      Қордың басшы қызметкері болып мыналар тағайындала алмайды (сайлана алмайды):
      жоғары білімі болмаса;
      екі жылдан кем жұмыс өтілі болмағанда;
      кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек стажына кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу саласында, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек стажы кіреді:
      Азия даму банкі;
      Еуразия даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Ислам даму банкі;
      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      Халықаралық валюталық қор;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдауына дейін кем дегенде бір жыл бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі соңғы жүйелі он екі ай ішінде қолданылады.
      2) уәкілетті орган Қордың кандидатты сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзіндісінің көшірмесін;
      3) кандидат туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді ұсынады.
      Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына микроқаржы ұйымының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие Қордың лауазымды тұлғаларының қолымен және Қордың мөр бедерімен куәландырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының басқарушы     
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) 
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына           
қосымша                

Нысан

сурет орны

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басшы қызметкерінің лауазымына кандидат туралы
мәліметтер

_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына
_____________________________________________________________________
тағайындалатын кандидаттың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және
_____________________________________________________________________
лауазымы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________

      1. Жалпы мәліметтер:

Күні және туған жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

        2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

1.

      3. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      4. Кандидаттың жарғылық капиталға немесе заңды тұлғалардың
акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызда)

1.

      5. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі
туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі, берілген күні)

1.

      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметінде атқарған
(атқаратын) лауазымдары, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге
келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы
көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

1.

      7. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамына кандидаттың аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (қаржы ұйымының атауын, кандидаттың аудитор-орындаушы ретінде
          аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек).
      8. Қордағы және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең
(күн, ай, жыл)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

      9. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету
                               керек)

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

      11. Өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау фактілерінің
болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның
           атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      12. Кандидат бұрын қаржы ұйымын, банктік холдингті
консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын
лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату
немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіпте банкрот деп тану туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын мерзімде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның
орынбасары, бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға-ірі қатысушысы,
заңды тұлға-ірі қатысушының (банктік немесе сақтандыру холдингінің)
бірінші басшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек).
      13. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері
қайтару туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік
міндеттерін орындаудан көрсетілетін қызметті берушіні шеттету туралы
деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңі, тағайындауға
      (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және
        осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
      14. Қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы
ретінде қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына
жауапкер ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің
               атауы, қаралған мәселе және сот шешімі).
      Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
                        (баспа әріптерімен)

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорлығына кандидат толтырады:
Мен,
_______________________________________________________________________________________
                        (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

      Күні __________________________________________________________
      Қолы __________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген      

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтінішті;
      2) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесін;
      3) дара кәсіпкер үшін – көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      4) құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      5) растайтын құжаттарды (мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының көшірмесін) қоса бере отырып, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (заңды тұлғалар үшін) бар штатта кем дегенде екі қызметкердің болуы туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасындағы сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді ұсынуға тиісті.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеуден бас тартылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына               
1-қосымша                   

Нысан

Аккредитациядан өту туралы өтініш
(жеке тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(тұрғылықты жері)

      Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне
(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені
бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуіңізді өтінемін.
      Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, данасын және олардың
әрқайсысына парақ санын көрсету керек):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бірінші басшы немесе қол қоюға
уәкілетті тұлға (лауазымы) __________________________________________
____________________________________________             ____________
    (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)                   (қолы)

Күні ____________ ж.                                      мөрдің орны

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе 
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына                
2-қосымша                     

Нысан

Аккредитациядан өту туралы өтініш
(заңды тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

      Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне
(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені
бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуіңізді өтінемін.
      1. Заңды тұлғаның тұрған жері және деректері __________________
_____________________________________________________________________
      2. Банктік шотының нөмірі _____________________________________
      3. Филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер (тұрған жері,
деректері): _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, данасын және олардың
әрқайсысына парақ санын көрсету керек): _____________________________
_____________________________________________________________________

Бірінші басшы немесе қол қоюға
уәкілетті тұлға (лауазымы) __________________________________________
____________________________________________             ____________
    (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)                   (қолы)

Күні ____________ ж.                                      мөрдің орны

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына                
3-қосымша                    

Нысан

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның қызметкерлер құрамы
туралы мәліметтер

____________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Қызметкердің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Лицензияның нөмірі және алған күні

Білімі

Жұмыс өтілі

1.

Бірінші басшы немесе қол қоюға
өкілетті тұлға (лауазымы)
____________________________________________             ____________
    (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)                   (қолы)

Күні ____________ ж.                                      мөрдің орны

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен     
бекітілген        

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы (бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға:
      1) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтерді, сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің орналастырған акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді.
      Банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мыналар болып табылады:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжатпен расталған ақшалай жинақтары.
      Сыйға тарту, ұтыстар, банктің акцияларын сатып алу құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түріндегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген, банктің акцияларын сатып алуға арналған көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
      Банктің акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (бар болса) берілген сенімхатты;
      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;
      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі);
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді, еңбек қызметі бойынша және білімі туралы мәліметтерді қоса алғанда;
      7) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешек туралы мәліметтерді;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      3) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      5) осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      6) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;
      9) көрсетілетін қызметті алушының және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, егер бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметі немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтерді.
      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақшада көрсетілген құжаттарға қоса көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті ұсынады.
      Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы:
      1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растаманы;
      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банктік холдинг мәртебесін алуға рұқсатты (келісімді) не көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемені;
      4) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болғаны туралы жазбаша растауы не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
      Орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін алуға ниетті заңды тұлғалар осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады. Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға маркетингтік жоспар (нарықтың таңдалған сегментінің қажеттілігін және тұтынушылық аудитория, баға белгілеу, өнімді (қызметтерді) өткізу және жылжыту, сатуды ынталандыратын әдістерін, маркетинг бюджетін ашумен);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға ірі қатысушы, банк холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
      2) растайтын құжаттардың қосымшасымен меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (бар болса);
      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған табысы және мүлкі туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңды тұлға резиденті ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың жетінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      2) Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың тоғызыншы тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті.
      Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін беру банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа тәуекелдерді және ішкі бақылауды, оның ішінде еншілес ұйымның қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты басқару жүйесінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.
      Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, үшінші бөлігінің, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында, бесінші бөлігінің, алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, тоғызыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, оныншы және он екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі болмауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданбауы;
      3) көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолдануы;
      4) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы тұрақсыз болуы;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
      6) көрсетілетін қызметті алушы иелену банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      7) көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
      8) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушысына немесе банк холдингіне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      9) егер көрсетілетін қызметті алушының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау банктің қаржылық ахуалының нашарлауын болжауы;
      10) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы
ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттіктерінің болмауы;
      11) Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмесе;
      12) банктің қаржылық ахуалы ықтимал нашарлауы жағдайында банкті қайта капиталдандыру жөнінде ұсынылған жоспары тиімсіз болуы;
      13) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделі болмауы;
      14) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолдануы;
      15) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      16) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын, ірі қатысушы заңды тұлғалар және банк холдингтері бойынша – Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы резидент болып табылатын мемлекеттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржылық қадағалау органдары арасында, ақпарат алмасу көзделетін келісім болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздемелерден басқа, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:
      1) көрсетілетін қызметті алушы – қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын кезде;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдерінің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша                   

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, өтініш беруші заңды
тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты ______________________________
2. Азаматтығы _______________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректері ____________
_____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны, лауазымы _____________________________________________
5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері,
байланыс телефоны ___________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

8. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)

                               қолы
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               қолы

Мөрдің орны
Күні

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша                    

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін
қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз
іскерлік беделі туралы мәліметтер

1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып
табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау
фактілерінің немесе банкроттықтың болуы:

3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (жоқтығы):

            (ия (жоқ), үлестестік белгілерін көрсету керек)
4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
__________________
      (қолы)

Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
__________________
      (қолы)

Мөрдің орны
Күні

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  
3-қосымша                   

Көрсетілетін қызметті алушының табысы және мүлкі туралы,
сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша қарызының болуы туралы
ақпарат

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың аты және деректері)

               (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
3. Жарғылық капталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын
қаржы ұйымының атауы

4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері

5. Үй телефоны ______________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
6. Есепті кезең

7. Табысы және мүлкі, сондай-ақ өтініш берушінің барлық
міндеттемелері бойынша қарыздары туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Есепті кезеңде алынған кірісі:

X

X

X

1.1

Еңбек ақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
Ұлттық валютада, оның ішінде: шетел валютасында банктік шоттардағы қолма-қол ақша, оның ішінде: банктік шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде облигациялардың артықшылық берілген жай акциялары

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялары санының ұйымның (атауын көрсету) дауыс беруші акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталға қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша қарыздар

X

X

X

3.1

Өтелмеген заемдар

X

X

X

3.2

Заемдар бойынша мерзімі өткен қарыз

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа қарыз (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               (қолы)
Мөрдің орны
Күні

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен     
бекітілген        

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде:
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы
(бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға:
      1) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінішті береді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алудың, оның ішінде бұрын сатып алынған растайтын құжаттарды көшірмесімен пайдаланылатын көздер мен қаражатты сипаттауды қоса бере отырып сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаражат көзі, мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинағы болып табылады.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (ол бар болса) берілген сенімхатты;
      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша мәліметтерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етуге тиісті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлға:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімдерінің көшірмесін;
      3) заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      5) осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      9) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметі немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының жоспарларын және ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етуге тиісті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      3) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтерді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігіндегі 2) және 3) тармақшаларда аталған құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін береді.
      Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың үшінші және төртінші тармақшасында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға ірі қатысушы, сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) оның алғысы келетін қаржы ұйымының атауын, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін көрсете отырып еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) растайтын құжаттардың қосымшасымен меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (бар болса);
      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және оларды құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған табысы және мүлкі туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңды тұлға резиденті ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      2) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың сегізінші тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті.
      Ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларындағы құжаттарды ұсынады:
      Орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті заңды тұлғалар Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
      Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;
      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
      Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі;
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, үшінші бөлігінің, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында, бесінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында, алтыншы бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, тоғызыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмеуі;
      2) Мына талаптардың сақталмауы (көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері немесе жеке тұлғаға қатысты):
      көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі болмауы;
      көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылуы;
      көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде сақталмауы;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы тұрақсыз болуы;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық ахуалы ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру бойынша ұсынылған жоспары тиімсіз болуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі болмауы;
      6) көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде монополияға қарсы заңнамасның талаптарын бұзуы;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылған жағдайда;
      8) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалануға жатқызылмаған жағдайда;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмауы;
      10) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынын ірі қатысушыларына немесе сақтандыру холдингіне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      11) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салтарын талдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын болжайтын болса;
      12) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктері болмауы;
      13) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі болмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеуі.
      14) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға не ірі қатысушысы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылса не болып табылатын жағдайда.
      Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      15) көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкес келмеуі;
      16) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар-заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімінің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін алуға келісім беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті
алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

___________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Азаматтығы

3. Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректері

4. Жұмыс орны, лауазымы
_____________________________________________________________________
5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері,
байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

жанама

пайыз

жанама

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

8. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               қолы
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               қолы
Мөрдің орны
Күні

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін алуға келісім беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін
қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз
іскерлік беделі туралы мәліметтер

1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып
табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау
фактілерінің немесе банкроттықтың болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (жоқтығы):
_____________________________________________________________________
            (ия(жоқ), үлестестік белгілерін көрсету керек)

___________________________
           (қолы)
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
___________________________
            қолы

Мөрдің орны
Күні

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін алуға келісім беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                 

Көрсетілетін қызметті алушының табысы және мүлкі туралы,
сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша қарызының болуы туралы
ақпарат

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың аты және деректері)
_____________________________________________________________________
             (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
3. Жарғылық капталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын
қаржы ұйымының атауы
_____________________________________________________________________
4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
5. Үй телефоны ______________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
6.Есепті кезең ______________________________________________________
7. Табысы және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық
міндеттемелері бойынша қарыздары туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірісі:

X

X

X

1.1

Еңбек ақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
Ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасында банктік шоттардағы қолма-қол ақша, оның ішінде:
банктік шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде облигациялардың артықшылық берілген жай акциялары

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялары санының ұйымның (атауын көрсету) дауыс беруші акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталға қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша қарыздар

X

X

X

3.1

Өтелмеген заемдар

X

X

X

3.2

Заемдар бойынша мерзімі өткен қарыз

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа қарыз (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                (қолы)
Мөрдің орны
Күні

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Инвестициялық портфельді басқарушысының iрi қатысушысы
мәртебесін алуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру туралы қаулысы (бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      жеке тұлға:
      1) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды
мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алудың, оның ішінде бұрын сатып алынған растайтын құжаттарды көшірмесімен пайдаланылатын көздер мен қаражатты сипаттауды қоса бере отырып сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.
      Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаражат көзі, мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинағы болып табылады.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
      Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (ол бар болса) берілген сенімхатты;
      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалының ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;
      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша мәліметтерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мыналар қоса берілетін мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасы резиденті инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің мұндай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резиденті:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      3) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының басшы қызметкерлері туралы білімі, еңбек қызметі туралы қысқаша деректерді;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін иемденгеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының және инвестициялық портфельді басқарушының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иемденудің қаржылық салдарының талдауын, көрсетілетін қызметті алушының жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резиденті емес:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-5) тармақшаларында және үшінші бөліктің 2), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-1-бабының  1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді
      Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иемденуге ниет білдірген, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.
      Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге ниет білдіруші тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды табыс етеді.
      Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;
      ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      10. Мыналар:
      1) мынадай талаптарды сақтамаған адам:
      берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
      мінсіз іскерлік беделі болмағанда;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар лицензиаттың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың табыс етілмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иемденуші тарап болып табылатын жағдайлар;
      6) көрсетілетін қызметті алушының Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      7) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;
      9) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;
      10) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
      инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді болжайтын немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушысының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушысының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
      12) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Инвестициялық портфельді басқарушысының 
iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті
алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша
деректер
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректері
_____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны, лауазымы
_____________________________________________________________________
5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері,
байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

8. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               қолы
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               қолы

Мөрдің орны
Күні

«Инвестициялық портфельді басқарушысының  
iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                  

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін
қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз
іскерлік беделі туралы мәліметтер

1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып
табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау
фактілерінің немесе банкроттықтың болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (жоқтығы):
_____________________________________________________________________
            (ия(жоқ), үлестестік белгілерін көрсету керек)
4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
__________________
     (қолы)
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
__________________
      қолы

Мөрдің орны
Күні

«Инвестициялық портфельді басқарушысының  
iрi қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                  

Көрсетілетін қызметті алушының табысы және мүлкі туралы,
сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша қарызының болуы туралы
ақпарат

1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың аты және деректері)
_____________________________________________________________________
               (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
3. Жарғылық капталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын
қаржы ұйымының атауы
_____________________________________________________________________
4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
5. Үй телефоны ______________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
6. Есепті кезең
_____________________________________________________________________
7. Табысы және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық
міндеттемелері бойынша қарыздары туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірісі:

X

X

X

1.1

Еңбекақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
Ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасында банктік шоттардағы қолма-қол ақша, оның ішінде:
банктік шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде облигациялардың артықшылық берілген жай акциялары

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялары санының ұйымның (атауын көрсету) дауыс беруші акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталға қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша қарыздар

X

X

X

3.1

Өтелмеген заемдар

X

X

X

3.2

Заемдар бойынша мерзімі өткен қарыз

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа қарыз (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)
_____________________________________________________________________
                               (қолы)

Мөрдің орны
Күні

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының оны тіркегені туралы белгісі бар (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) қағаз жеткізгіштегі акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) өтініш (өтініште (ілеспе хатта) мемлекетте осы көрсетілетін қызметті алушының акцияларының бар екендігі (жоқ екендігі) туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімін ұстаушы мөртабанының таңбасы болған кезде қарауға қабылданады);
      2) көрсетілетін қызметті алушының құрылтай жиналысының
(бiр құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлерi жиналысының (бүкіл дауыс беретiн акцияға ие акционердiң шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешiмі бар хаттамасының көшiрмесi;
      3) жарғының көшiрмесiн;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде екi данада акциялар шығарылымының проспектiсiмен бірге тігілген:
      көрсетілетін қызметті алушы ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесiн;
      көрсетілетін қызметті алушының таза кірісін бөлу тәртібімен;
      эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелерімен, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің (жаңа құрылған эмитенттерді қоспағанда) есептік саясатының көшірмелерін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелерін (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      құрылтайшылардың жалпы жиналысы не акционерлік инвестициялық қордың жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларациясын (акционерлік инвестициялық қорлары үшін) ұсынады.
      Осы тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге тігілген акциялар шығарылымының проспектiсi, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі), нөмірленген және тiгiлген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекiтiледi және көрсетілетін қызметті алушы мөрiнiң таңбасы қойылады.
      Акциялар шығарылымының проспектiсiндегi мәлiметтер акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды тапсырудың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетiлетiн көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасының 4 және 5-тарауларында көрсетiлетiн) қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтіріледі.
      Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда эмитент көрсетілетін қызметті берушіге соңғы аяқталған жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептілігін және көрсетілген кезеңнің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады. Аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін эмитент «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады).
      Акциялар шығарылымы проспектісінің екi данасының әрқайсысында осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі құжаттар (қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді қоспағанда) болады;
      5) қаржылық есептіліксіз Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіштегі акциялар шығарылымының проспектiсiн (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде);
      6) құрылтайшылардың жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде акцияларды алдын ала төлегенін растайтын құжаттардың көшiрмелерiн (акцияларды алғаш рет шығаруды жүзеге асыратын жаңадан құрылған қоғамдар үшiн);
      7) акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған кезде), кастодианмен және тіркеушімен (акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) шарттардың жобаларын ұсынады.
      Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 6) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектiсi акциялардың құнын анықтау әдiстемесiн, көрсетілетін қызметті алушының таза кірісін бөлу тәртібін, қаржылық есептiлiкті, есеп саясатын қоспай ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастыру жолымен құрылған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), және 5) тармақшаларында аталған құжаттардан басқа:
      1) бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – тапсыру актісінің, бірігу туралы шарттың және қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың мүлкін бағалау туралы есептің (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып) көшірмелерін;
      2) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – тапсыру актісінің, қосылу туралы шарттың, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкін бағалау туралы есептің (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып), қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдардың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің көшірмелерін;
      3) бөлу және бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – бөлу балансының, бөлу не бөліп шығару нәтижесінде туындайтын қоғамдардың жарияланған акцияларын төлеу үшін берілетін мүлікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бағалау туралы есептің көшірмелерін;
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен қайта құру жолымен қайта ұйымдастырған кезде – қаржылық есептіліктің, тапсыру актісінің, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің көшірмелерін;
      5) мемлекеттік кәсіпорыннан қайта құру жолымен қайта ұйымдастырған кезде – қаржылық есептіліктің және тапсыру актісінің көшірмелерін және қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің көшірмесін (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып) ұсынады.
      Акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелімсіз жасалған, кемінде елу мың еселенген ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде төленген жарғылық капиталы бар көрсетілетін қызметті алушылар ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру туралы куәлікті жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ауыстыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті (өтініште (ілеспе хатта) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізілімін ұстаушының мемлекетте осы көрсетілетін қызметті алушы акцияларының бар (жоқ) екені туралы мөртабанының таңбасы болған кезде қарауға қабылданады);
      2) акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілікпен, есеп саясаты туралы ақпаратпен және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікпен бірге тігілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына, сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) акциялар шығарылымының проспектісін ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілде және орыс тілінде акционерлік қоғам сатып алған кездегі акциялар шығарылымының проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі болады;
      3) қаржылық есептіліксіз Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіштегі акциялар шығарылымының проспектiсiн (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде);
      4) ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру туралы куәліктің (куәліктердің) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
      5) көрсетілетін қызметті алушы органының акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз болған шешімінің көшірмесін;
      6) әділет органының белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге жарғының көшiрмесiн ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, бесінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып:
      көрсетілетін қызметті алушы шығарылымды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша          

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін
ұстаушылардың мөртабандары бедерлерінің үлгілері

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

Республикалық бөлімше

«___» ____________ 20 ___ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

ХХ Филиал

«___» ____________ 20 ___ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

Республиканское отделение

«___» ____________ 20 ___ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

ХХ Филиал

«___» ____________ 20 ___ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

«Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша          

Акциялар шығарылымының проспектісі

      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтіні акционерлік қоғамның қаржы жағдайы мен акционерлік қоғам қызметі туралы ақпараттан тұрады.
      1. Акциялар шығарылымының проспектісінің титул парағында:
      1) құжаттың атауы: «Акциялар шығарылымының проспектісі»;
      2) қоғамның толық және қысқарған атауы;
      3) «Көрсетілетін қызметті берушінің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар беруді білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші осы құжатта қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектіде қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба болады.
      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтінінде мыналар қамтылған:

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:

      2. Акционерлік қоғамның атауы.
      Осы тармақта акционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауы көрсетілуі қажет.
      Егер акционерлік қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделсе, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Акционерлік қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрыңғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күнін көрсету керек.
      Егер акционерлік қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлік қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетілуге тиісті.
      3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.
      Осы тармақта акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және куәліктің нөмірі, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      4. Акционерлік қоғамның тұрған жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы туралы ақпарат.
      5. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.
      6. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.
      7. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржы агенттігінің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.
      8. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, тұрған жері және пошталық мекенжайлары.
      9. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, бар болса – әкесінің аты).
      Тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде тиісті қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі консультанттардың толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттардың бұзылуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөніндегі ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      10. Қоғам корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні
(егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).
      11. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

      12. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.
      Осы тармақта:
      1) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы (тәуелсіз директорды (-ларды) көрсете отырып);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы;
      4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен пайыздық арақатынасы;
      5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.
      13. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).
      Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуге тиісті.
      14. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.
      15. Ішкі аудит қызметі (егер ол бар болса).
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы не ішкі аудит қызметі әр қызметкерінің аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілуге тиісті.
      16. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, бар болса – әкесінің аты не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, бар болса – әкесінің аты;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы.
      17. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берілген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.
      Егер, акционерлік қоғам акциялар шығару туралы шешім қабылданған күнге дейін үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бір басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретінде) акционерлік қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерін көрсету қажет.
      18. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;
      2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
      3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың пайызбен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;
      4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы);
      5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса – әкесінің аты, туған жылы).
      19. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).
      Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар саны және түрі (түрлері) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлерге тиесілі дауыс беретін акциялардың пайыздық арақатынасы көрсетіледі. Егер акционер заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін ірі акционерлері не қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері, қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иелену басталған күні болуға тиісті.
      20. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызымен үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.
      Мәліметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) пайыздық арақатынасы, қызмет түрі, қоғамның ірі акционер бола бастаған не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызы үлесімен иелене бастаған күні және бірінші басшысы туралы ақпарат болуға тиісті.
      21. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      Осы тармақта көрсетілген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері көрсетілуге тиісті.
      22. Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәлімет.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 1218-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтерді оларды үлестес тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып үлестестігі туындай бастаған күнін көрсету қажет.
      23. Қоғамның үлестес тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.
      Осы тармақта осы шешімді қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның үлестес тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты; мәміленің жасалған күні; мәміленің тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және/немесе жеке тұлғаның аты-жөнін, бар болса – әкесінің атын; мәміле сомасын және мәнін көрсету қажет.

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты

      24. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.
      25. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату
(жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
      26. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат.
      27. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі.
      Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты жұмыс істеп отырған кезеңі ішіндегі шығарылған өнімдерінің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемінің өзгеруін талдау (Мысалы, соңғы екі жыл ішінде өнімдерді шығару 1 пайызға өсті, ол - 30 миллион теңге).
      28. Өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеткізушілері мен көрсетілетін қызметті алушылары туралы мәліметтерді, олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам пайызын құрайтын көлемде көрсету қажет.
      29. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
      1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;
      2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;
      3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;
      4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот тағайындаған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;
      5) тәуекел факторлары.
      Тәуекелдердің мынадай толық талдауын ұсыну қажет:
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында немесе биржадан тыс нарықта акциялардың бағасына, сондай-ақ нарықта өнім құнының өзгеруіне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететін;
      инфляцияға, құнсыздануға және банктік пайыздардың ставкасына байланысты;
      шығарылатын өнімнің бәсекелік қабілетіне байланысты;
      елдегі саяси ахуалдың өзгеруіне және заңдардың өзгеруіне байланысты;
      әлеуметтік факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі

      30. Инвестициялар.
      Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар, сатып алынған күнін көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетіледі.
      Қоғамның инвестициялық портфельді басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөніндегі стратегияның қысқаша сипаттамасын келтіру қажет.
      31. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызы мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;
      2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;
      3) жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
      32. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет.
Сондай-ақ эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын және де әр активтің құны және тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетілген сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитент активтері туралы мәліметтер көрсетілуге тиісті.
      33. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
      34. Заемдар.
      Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктік заемдарды және кредиттік желілерді шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат міндеттемелердің валюта бөлігінде және оларды орындау мерзімдері бойынша баяндалады. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемде орташа пайыздық ставка, жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
      35. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
      1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам пайызы мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;
      2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

      36. Банкаралық заемдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта банкаралық заемдар нарығындағы акционерлік қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.
      37. Салымдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта депозиттік базаны сипаттау қажет, оның ішінде:
      1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлігінде және мерзімді салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлігіндегі салымдардың өсу серпіні;
      2) тартылған салымдардың валюта бөлігіндегі салымдар бойынша орташа сыйақылар;
      3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі);
      4) соңғы үш жыл ішіндегі валюта түрлері бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.
      38. Шет мемлекет заңдарына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзімінен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәліметтер).
      39. Акционерлік қоғам активтерінің бес пайызынан асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сомасы, өтеу кестесі, сыйақы мөлшері) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерінің бес пайызынан асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлімет.
      40. Акционерлік қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекенжайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуі және мақсатты пайдаланылуы көрсетілген ашық кредиттік желілер туралы мәлімет.
      41. Қаржы нәтижелерін талдау.
      Осы тармақта соңғы екі жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткіштеріне талдау келтіріледі: сатылған өнімдердің (көрсетілген жұмыстар, қызметтер) көлемі, таза кіріс, пайыздық және пайызсыз кірістер мен шығыстар. Аталған көрсеткіштердің таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.
      42. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың құрылымы.
      43. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметін сипаттайтын қаржы коэффициенттерінің есебі.
      44. Акциялар шығарылымының проспектісінің күніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа нормалар мен лимиттердің маңызы.
      45. Қоғамның акция шығару туралы шешімі қабылданғанға дейінгі соңғы алты ай ішінде берілген кепілдіктердің көлемі мен саны.
      46. Бұрын берілген кепілдіктер, сот талаптары нәтижесінде пайда болуы мүмкін акционерлік қоғамның ықтимал міндеттемелеріне қатысты өзге де ақпарат.

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер (акциялар
шығарылымы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін
тіркелген қоғамдар үшін)

      47. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
      1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;
      2) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы;
      3) Аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;
      4) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;
      5) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуге тиісті;
      6) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;
      7) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;
      8) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын нарықтарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі нарықтар.
      48. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күнінен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың бірінші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиісті.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

      49. Акциялар туралы мәлімет:
      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;
      2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;
      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;
      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.
      50. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).
      51. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
      Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртібі мен шарты көрсетіледі.
      52. Орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау.
      Орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
      53. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.
      Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.
      54. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәлімет.
      Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.
      Тіркеушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі.
      55. Акционерлік инвестициялық қор мыналарға:
      1) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтінімді беру және орындау шарттары мен тәртібін;
      2) акционерлік инвестициялық қордың олардың мекен жайын және байланыс телефондарын (ол болған жағдайда) көрсете отырып акцияларды орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдар тізбесін көрсетеді.

8. Қосымша ережелер

      56. Инвесторларға арналған ақпарат.
      Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетіледі.
      57. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.
      Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының проспектісіне көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің банктің акциялар шығарылымы проспектісіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгізген өзгерістері мен толықтыруларына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.
      58. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 7891112131617181920212223272829303341424344454748495153-тармақтарын толтырмайды.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті берушінің оны мемлекеттік тіркегені туралы белгісі бар (мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) қағаз жеткізгіштегі облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама) немесе облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымының бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигацияларды шығару туралы шешімінің көшірмесін;
      3) облигациялар шығарылымының проспектісі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) екі данада және Acrobat Reader форматындағы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі электрондық жеткізгіште (қоғамның қаржылық есептілігінсіз). Екі дананың әрқайсысында облигациялар шығарылымының проспектісі мемлекеттік тілде және орыс тілінде болады;
      4) жарғының көшірмесі;
      5) инфрақұрылымдық облигациялар, сондай-ақ банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне көрсетілетін қызметті алушы облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сай келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығару проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын ұсынуға тиісті.
      7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигацияларды шығару көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылмайтын болса, облигацияларды шығару туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді көшірмені) және бұқаралық ақпарат құралдарының акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бетінің көшірмесін ұсынуы қажет.
      Көрсетілетін қызметті алушы агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қатар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеген облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілдегі және орыс тiлiндегі) екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште (қоғамның қаржылық есептілігін қоспағанда) бір данада мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілегі және орыс тiлiндегі облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      3) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер бар облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес көрсетілетін қызметті алушысы облигацияларының шығарылымын (шетел валютасында номинирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) көрсетілетін қызметті алушы облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы көрсетілетін қызметті алушы органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысанда қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште (проспектінің электрондық нұсқасы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігін қоспағанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады) екі дана етіп мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар
      4) мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариат куәландырылған жарғының көшірмесін және оның тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретіндегі көрсетілетін қызметті алушының тіркелгенін растайтын құжаттың мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариатта куәландырылған көшірмесін;
      5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) облигацияларды ұстаушылар өкілімен шарттың көшірмесін;
      7) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделсе көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасы тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдарын береді.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті алушы-резиденті еместің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шетелдік валютада номинирленген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі осы тармақтың 4-бөлігіндегі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетiлген халықаралық қаржы ұйымдары мыналарды бередi:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитенттiң облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес қағаз жеткізгіште (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды жеткізгіште (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар.
      Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасында сәйкес нысанда жасалған айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеуге сұрау салу;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктеріндегі тармақшаларда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталғанда;
      2) көрсетілетін қызметті алушы және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, егер:
      1) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
      2) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;
      3) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мемлекеттік емес облигациялар      
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның)
проспектiсi

      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.
      1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бірiншi бетiнiң парағында:
      1) құжаттың атауы: «Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi»;
      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;
      2-1) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;
      3) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар. Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;
      4) «Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат шынайылығын және эмитентке және оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба.
      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      2. Эмитенттiң атауы.
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.
      Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тілінде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.
      Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.
      3. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер. Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы және эмитенттің алғашқы тіркелген күні көрсетілуі қажет.
      4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
      5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының мекенжайы туралы ақпарат.
      6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.
      7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.
      8. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
      1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға уәкілетті болатын құжат;
      2) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні (бар болса).
      9. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері тағайындаған рейтингілердің болуы туралы мәліметтер.
      10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекенжайы.
      11. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есеп беру аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның (фамилиясы, аты, болса аудитордың аты-жөнi), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Проспектті көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуы тиiс.
      12. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi
(оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).

2. Эмитенттiң басқару органдары

      13. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы. Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.
      14. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi. Осы тармақта:
      1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;
      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбір мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      5) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      14-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда). Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.
      14-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, бар болса - әкесінің атын және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.
      15. Эмитенттің атқарушы органы. Осы тармақта:
      1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы;
      2) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазіргі уақытта атқаратын, оның ішінде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттері;
      3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерінің әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетіледі.
      16. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiгi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:
      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;
      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнiн және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң аты-жөнiн және туған жылдарын;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өклеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының, оның iшiнде акционерлік қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларын/үлесiне) қатысуын көрсету керек.
      Осы тармақты акционерлік қоғамдар толтырмайды.
      17. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 1414-1 және 15-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      18. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;
      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және аффилиирленген
тұлғалары

      19. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның ірі не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетіледі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерінің (орналастырылған және дауыс беруші акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлерлері (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекенжайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) туралы ақпарат;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленген, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшімен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.
      20. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бірiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.
      21. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      22. Эмитенттiң басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер. Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып осы Ереженiң 13, 13-1, 14, 18, 19-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      23. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған операциялар. Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекенжайы және/немесе аты, тегі, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.
      23-1. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде аффилиирленгендігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігі туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметінің сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық
есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына
кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған
қаржылық есептілік негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің
қаржылық есептілік негізінде де толтырылады)

      24. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;
      2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшіндегі салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      25. Эмитентпен жасасқан, салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келісім-шарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.
      26. Эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнiн, қолданылу мерзiмiн және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.
      27. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) нақты немесе сандық өлшем бірлiктерiмен көрсетiлген көлемi. Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлеміндегі өзгерiстерге талдау жасау.
      28. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстілігiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
      29. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетудi) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметi. Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткізушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткізушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:
      1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан көп пайызы тиесiлi болатын жеткізушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi пайызбен көрсетiледi. Осы дерек көздерiне болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;
      2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан көп пайызынан астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлеміндегі үлестерi пайызыбен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.
      30. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсіндегі үлесi;
      2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлеміндегі үлесi;
      3) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс (жасалған) немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайыздан асатын болса;
      4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс ықпалы ашылады, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiк беруi туралы;
      5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;
      6) уәкiлеттi мемлекеттік органдар және/немесе сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету керек;
      7) тәуекел факторлары. Облигациялардың ұстаушылары ұшырауы мүмкiн тәуекел факторларына нақты талдау жасау керек;
      8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын нарықтар туралы басқа ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      31. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.
      32. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.
      33. Инвестициялар. Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.
      34. Дебиторлық берешек. Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.
      34-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
      35. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      36. Заемдар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.
      37. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткізушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).
      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бірiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.
      37-1. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде).
      37-2. Левередж. Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі, сондай-ақ облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісін беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетіледі.
      37-3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 қаулысымен алынып тасталды
      37-4. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      38. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:
      1) әрбір шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi, негiзгi борыш сомасы, әрбір шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;
      2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, өтелген, айналыста болатын акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекітілген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;
      3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);
      4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттік органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;
      5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар;
      6) соңғы екi қаржылық жылының әрбір жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңіндегі бір акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасын көрсете отырып, дивидендтiң мөлшерi;
      7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтары;
      8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеу кезiнде
толтырылмайды)

      39. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;
      5) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн және сыйақы төленген күн, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақы ставкасы белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
      6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар), облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;
      7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:
      облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;
      8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;
      10) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты);
      11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      13) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;
      16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарында көзделсе);
      17) мыналар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;
      18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;
      20) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;
      21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.
      Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.
      39-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
      40. Айырбасталатын облигациялар:
      айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).
      41. Облигацияларды орналастыру тәсілі:
      1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетіледі;
      3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиісті шарттардың күні және нөмірі көрсетіледі;
      41-1. Эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар) және заңмен көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      42. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану. Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.
      Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде: жасалған шарттың талаптарына сәйкес облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметін төлеумен байланысты шығыстар; облигациялар ұстаушылардың алдындағы эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.

8. Қосымша ақпарат

      43. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      44. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.
      45. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен және эмитент қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары таныса алатын орындар туралы ақпарат.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне эмитенттiң бірiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнын ауыстыратын адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбір данасы эмитенттiң соңғы екi қаржы жылының аудиторлық есептермен және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiн мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерiмен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекітіледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірiншi басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен куәландырылуы тиiс.

«Мемлекеттік емес облигациялар     
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының
проспектісi

      1. Осы облигациялар шығарылымы (эмитенттің толық атауы) облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
      облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;
      шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;
      облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;
      облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның көрсетілетін қызметті берушіде тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны);
      бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.
      3. Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудің кезеңділігі және күні, тәртібі және оны төлеудің шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақының ставкасы белгіленбеген болып табылса, оның мөлшерін белгілеу тәртібі көрсетіледі;
      5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялар айналысының басталу күні;
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер
(атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құның алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;
      12) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      13) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;
      15) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:
      облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгізілуі мүмкін өзгерістерді көрсету кезінде басталатын талаптар көрсетіледі
      4. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
      5. Эмитент қабылдайтын және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      6. Опциондар туралы мәліметтер:
      егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.
      7. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
      8. Облигацияларды орналастыру тәсілі:
      1) облигацияларды орналастыру мерзімі және тәртібі:
      облигациялар ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күні (бар болған кезде) көрсетіледі;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетіледі;
      3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетіледі.
      9. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшысының, бас бухгалтері не олардың орнын алмастыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің таңбасымен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшының немесе оның орнын алмастыратын тұлғаның қойылған қолдарымен куәландырылады.

«Мемлекеттік емес облигациялар     
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша               

Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттерiнiң
облигацияларын шығару проспектiсi Облигацияларды шығару проспектiсiнiң бірiншi бетi

      Құжаттың атауы: «Облигацияларды шығару проспектiсi».
      Эмитенттiң атауы.
      Орналастырылатын облигациялардың түрi, саны, жиынтық көлемi.
      Эмитентке берiлген рейтингтер және (немесе) рейтинг агенттiктерiнiң атауларын көрсете отырып, олар шығарған бағалы қағаздар туралы мәлiметтер.
      Жазбасы: «Комитеттің облигацияларды шығару проспектiсiн мемлекеттік тiркеуi шығарылым проспектiсiнде сипатталған облигацияларды инвесторлардың сатып алуына қатысты ұсынымдар берудi көрсетпейдi және уәкiлеттi орган осы құжаттың мазмұнына жауап бермейдi».

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      1. Эмитенттiң атауы
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқартылған атауын көрсету керек. Егер эмитент жұмыс iстеген уақыт iшiнде оның атауы ауыстырылса, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертiлген күндер көрсетiледi.
      2. Эмитенттiң заңды тұлға ретiнде құрылуы және тiркелуi жөніндегі мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттiң заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгін растайтын құжаттың берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ осы құжатты эмитентке берген мемлекеттің органының атауы көрсетiледi.
      3. Облигацияларды шығару проспектiсiнде ақпаратты дұрыс көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөнi, әкесiнiң аты, орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәлiметтер.
      4. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң қысқаша тарихы. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң мақсаты. Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қосылуы, ажыратылуы, бөлiнiп шығуы не қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде құрылған болса, онда осы тармақта қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитентке қатысты жасалған қайта ұйымдастыру және заңды мұрагерлер туралы мәлiметтер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң басқару органдары

      5. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың құзыретi эмитент мемлекетiнiң заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес көрсетiледi.
      6. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.
      7. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) тәуелсiз директорларды көрсете отырып, эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау органының) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау органының) төрағасының аты-жөнiн, туған жылын;
      2) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң атқарған қызметтерi;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң оның жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      4) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      8. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
      9. Эмитенттiң атқарушы органы (менеджмент).
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының аты-жөнi, туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының қазiргi уақытта қоса атқаратын қызметтерi;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органының әрбір мүшесiнiң әрқайсының жарғылық капиталындағы (акциялар/үлестер) қатысу үлесi көрсетiледi.
      10. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнінен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      11. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi, эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны, эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер, бөлiмшелер мен филиалдардың қызметкерлерiне келетiн жарғылық капиталдағы үлес көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылымдық бөлiмшелердiң атауын жеке көрсету керек.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес
тұлғалары

      12. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылсы осы заңды тұлғаның ірі акционерлері немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленген қатысушылар көрсетіледі) жалпы саны, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердің (қатысушылардың) тегі, аты;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      13. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бірiншi басшысының атын көрсете отырып, орналастырылған акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.
      14. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      15. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнiн), оның орналасқан жерiн (тұрғылықты жерiн), қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының аты-жөнiн, қызметiнiң түрiн көрсете отырып, жасасқан Шарт арқылы немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал ететiн не эмитенттiң он және одан артық дауыс берушi акцияларымен жанама дауыс беру мүмкiндiгі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      16. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған мәмiлелер.
      Осы тармақта эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмiлелер туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      17. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы қысқаша мәлiметтер;
      2) эмитенттiң бәсекелестерiмен қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      18. Эмитенттiң қызметiне кейiннен терiс әсер етуi мүмкiн, эмитент жасаған келісім-шарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.
      19. Эмитенттiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар және басқа рұқсаттар туралы мәлiметтерi.
      20. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) мәмiле сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асқан жағдайда, облигация шығару туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;
      2) болашақ мiндеттемелер (эмитенттiң негiзгi болашақ мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне терiс әсер етуi мүмкiн, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша кепiлдiк беруi туралы).
      21. Эмитент инвесторлар үшiн маңызды деп есептейтiн эмитент қызметi туралы басқа да ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      22. Эмитент капиталы.
      Осы тармақта эмитент елiнiң валютасы көрсетiлген валютадағы эмитенттiң меншiктi және жарғылық капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      23. Осы тармақта эмитенттiң өтiмділiктi, қаржы тәуелсiздiгiн (тәуелдiлiгiн), эмитенттiң активтерiн, жеке және заемдық қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн, жеке қаражаттың заем капиталына қатысын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердiң есебiн, сондай-ақ эмитенттiң пiкiрi бойынша эмитент қызметiн бағалау кезiнде айрықша мәндi болып табылатын басқа да коэффициенттер ұсынылады.
      24. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      25. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында айналыста болған эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының тiркелген шығарылымдарына қатысты мыналар көрсетiледi:
      1) шығарылым облигацияларының жалпы саны және көлемi, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған қаражаттың жалпы көлемi, төленген сыйақы сомасы, нарықтық құн;
      2) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;
      3) айналыстағы, оның iшiнде сатып алынған акциялардың саны, акциялардың нарықтық құны, соңғы екi жылдағы акциялардың барынша жоғары және барынша төмен бағасы;
      4) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;
      5) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қосқандағы эмитенттiң бағалы қағаздармен саудасын жүзеге асыратын негiзгi нарықтары.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер

      26. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) шығарылатын облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген) және саны;
      2) бір облигацияның номиналдық құны;
      3) облигациялардың айналыс мерзімі;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы, оның мөлшерін айқындау тәртібі;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн, сыйақы төленген күн, төлем валютасын көрсете отырып, оны төлеу тәртібі мен талаптары және валютаны айырбастау бағамы анықталатын күнді белгілеу тәртібі;
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнін белгілеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәліметтер;
      6) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;
      7) мыналар қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      8) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      9) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы болатын жағдайлар, облигациялар бойынша дефолт болған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар немесе негізгі борыш бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікті атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолттың басталу фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты ашуды эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      27. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
      28. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) инвесторлардың облигацияларды төлеу шарты және тәртібі:
      облигацияларды төлеу шарты, тәртібі, есеп айырысу тәсiлдерi көрсетiледi;
      2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (банк кепiлдiгi қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде):
      облигацияларды қамтамасыз етуге банк кепiлдiк берген жағдайда кепiлдiк берген тұлғаның кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк беру мерзiмiн және шарттарын көрсететiн деректер (кепiлдеме);
      облигация ұстаушының өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, аты-жөнi, бар болса – бірiншi басшысының, атқарушы органы мүшелерiнiң әкелерiнiң аттары);
      3) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, жасалған шарттың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      4) облигацияларды орналастыруға қатысатын андеррайтерлер туралы мәлiметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысатын ұйымдардың атауы, орналасқан жерi көрсетiледi;
      5) төлем агентi туралы мәлiметтер:
      оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.
      29. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      30. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.

8. Қосымша ақпарат

      31. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      32. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндiгi туралы мәлiметтер.
      Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстілігiн көрсете отырып эмитенттiң қаржылық есеп берудiң аудитiн жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдарының толық ресми атауы (аты-жөнi, бар болса аудитордың әкелерiнiң аттары).
      Тиiстi алқаларға, қауымдастықтарға, палаталарға олардың тиiстілігiн көрсете отырып, тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заңды және қаржы мәселелерi жөніндегі кеңесшiлердiң толық ресми атауы.
      Жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда қай тараптың бастама көрсеткенiн анықтай отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпаратты беру қажет.
      33. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен таныса алатын орындар, сондай-ақ эмитент қызметi ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат.
      Облигацияларды шығару проспектiсiне бірiншi басшы не өзге уәкiлеттi тұлға бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң мөртаңбасымен расталады.
      Проспектiнiң әрбір данасы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге құжаттарды мемлекеттік тiркеуге берудiң алдындағы соңғы тоқсандағы аудиторлық және қаржылық есеп беру есептерiмен расталған эмитенттiң соңғы екi қаржы жылына жасалған жылдық аудиторлық есептермен бірге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп бекітіледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірiншi басшысының қойған қолымен куәландырылуға тиiсті.

«Мемлекеттік емес облигациялар      
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша                

      Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      3) Азия даму банкі;
      4) Африка даму банкі;
      5) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      6) Америкааралық даму банкі;
      7) Еуропа инвестициялық банкі;
      8) Ислам даму банкі;
      9) Скандинавия инвестициялық банкі;
      10) Еуропалық Кеңестің даму банкі;
      11) Халықаралық есеп айырысу банкі;
      12) Еуразиялық даму банкі.

«Мемлекеттік емес облигациялар     
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша               

Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тiркеу және ұлттық бірегейлендiру
нөмiрiн беру үшiн сұрау салу

Эмитенттiң атауы

Орналасқан жерi

Меншiктi капиталдың мөлшерi

Төленген жарғылық капиталдың мөлшерi

Ұлттық бірегейлендіру нөмірін және енгізу күнін көрсете отырып, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитенттің акциялары туралы мәліметтер

Бір облигацияның номиналдық құны

Шығарылымның құны

Айналыстың басталу күні

Облигациялардың қамтамасыз етiлуi

Облигациялардың түрi

Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерi, төлеу мерзімдері

Купондық

Дисконттық

Индекстелген

      Сұрау салуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде.
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесін;
      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қордың қағидаларын;
      4) кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың жобаларын;
      5) егер көрсетілген құжаттар бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілмеген болса, басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеу және жұмысын тоқтату бойынша қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компанияның ішкі құжаттарын ұсынуға тиісті (екі данада).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) инвестициялық пай қорының Қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;
      3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту
туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш және көрсетілетін қызметті алушы (тұрақтандыру банкін қоспағанда) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынатын құжаттар өтініште (ілеспе хатта) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекетте осы қоғамның акцияларының бар екендігі (жоқ екендігі) туралы Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімін ұстаушының мөртабан таңбалары болған кезде қарауға қабылданады;
      2) есепті кезеңді аяқтайтын ай соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржы есебімен, есепті кезеңде акциялардың төлемін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) және акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша тіркеушінің анықтамасының көшірмесімен бірге тігілген, Ереженің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қағаз жеткізгіште акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) ұсынуға тиісті. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қамтылған;
      3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіштегі акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда) ұсынуға тиісті.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылуымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр таңбасымен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы негіз болады.
      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Акцияларды орналастыру қорытындылары  
туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін
ұстаушылардың мөртабандары бедерлерінің үлгілері

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

Республикалық бөлімше

«___» ______________ 20__ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

ХХ Филиал

«___» ______________ 20__ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

Республиканское отделение

«___» ______________ 20__ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

ХХ Филиал

«___» ______________ 20__ ж.
№ __________________________

Оператор: __________________

«Акцияларды орналастыру қорытындылары  
туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп

      1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
      2. Қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер. Осы тармақта қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің күні және нөмірі, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуге тиісті.
      3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.
      4. Қаржылық есептің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
      5. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.
      6. Қоғам өзінің акционерлеріне олардың қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көрсетілген мына тәсілдердің біреуімен жеткізгені туралы ақпарат:
      1) хабарламаны жіберу күнін және акционер осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
      2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсетуімен бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау арқылы.
      7. Акциялар туралы мәліметтер:
      1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
      жай акциялар _________________________________________________;
      артықшылықты акциялар ________________________________________;
      2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
      3) егер акциялар айырбасталған болса, айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.
      8. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттың қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер және осы тәртіпке қойылатын негізгі талаптар.
      9. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
      10. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің басталу күні және орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күні;
      2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті аралық үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпарат жөнінде мәлімет қабылдау күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
      3) қоғамның директорлар кеңесінің («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын өсіру жағдайын қоспағанда) акциялардың есепті кезеңдегі орналастырылу санын және олардың орналасу бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
      4) Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін қабылдаған күн;
      5) есепті кезеңде орналастырылған акциялардың және олардың түрлері бөлігінде орналастырылмаған акциялардың саны;
      6) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып қоғамның бастамасы және/немесе акционерлердің талабы бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны. Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.
      11. Акцияларды орналастыру есепті кезеңінде акцияларды орналастыру (сату) тәсілдері:
      1) акциялардың немесе жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
      2) (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған) нарықтарында жазылу арқылы:
      құрылтайшылар (жаңадан құрылған қоғамдар үшін) арасында акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын және төлем сомасын көрсету арқылы;
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
      3) аукцион арқылы:
      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін көрсете отырып ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасы, есепті кезеңдегі бір жай және артықшылықты акцияның нарықтық құны (егер ол есептелген болса) көрсетіледі;
      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудің жалпы сомасын көрсете отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;
      4) айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды айырбастау жүргізу күнін көрсете отырып қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) ақша міндеттемелерді айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын, туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған мемлекеттің атауын көрсетуімен).
      12. Акциялардың санын және төлем сомасын көрсете отырып оларға ақы төлеу тәсілі:
      1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуге тиісті);
      2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекенжайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін және олардың санын, бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін және бағалау сомасын көрсету қажет);
      3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқығымен (зияткерлік меншікті бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау - өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);
      4) кредитор алдында берешекті өтеу шарты бойынша (кредитордың қай органы акцияларды төлеу есебінен берешекті өтеу туралы шешім қабылдағаны және бұл шешімнің қабылданған күні, берешекті салыстырып тексеру актісі, талап ету құқығын бағалау актісін кім дайындағанын, оны жасаған күнін, бағалау сомасын көрсету қажет);
      5) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалған күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау - өткізу актісін көрсету қажет);
      6) өзге де тәсілмен.
      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелерін көрсету қажет. Акциялар төлеуіне мүліктік құқықтарды және өзге мүлікті енгізген жағдайда тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүліктің бағалауы туралы есептің күні осы мүлікті акциялар төлеуіне енгізген күнге дейін алты айдан кешіктірмей көрсетілуге тиісті.
      13. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта:
      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      2) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
      3) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа мәліметтер;
      4) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығындардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығындарды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
      5) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсету қажет.
      14. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
      15. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күнінен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиісті.
      Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі
      СК
      БСА = ----, мұнда
      А
      АБҚ - акциялардың баланстық құны;
      СК - қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
      А - қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп).
      16. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
      1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасап, аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
      2) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
      3) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза табыстың мөлшері;
      4) дивидендтерді уақытында төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайда, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсетеді.
      17. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
      1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
      2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.
      18. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне ірі акционерлері туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші дәл сондай күнге берген анықтама негізінде толтырылады, ол анықтама есептің ажырамас бөлігі болып табылады:

Заңды тұлға-акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға -  акционерлердің тегі, аты-жөні, бар болса әкесінің аты

Жеке тұлға-акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға-акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні

Акцияның түрін көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялардың жалпы саны

Акция түрін көрсете отырып акционерге тиесілі акциялардың орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы

Акционерге тиесілі акциялардың дауыс беруші акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы

      19. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акциялары номиналды ұстауда тұрған, акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер туралы мәліметтер болмағанда, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауында тұрған қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.
      20. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және акционерлік қоғамның мөрінің бедерімен расталады. Есептің әрбір данасы, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес акцияларды орналастыру есепті кезеңінде акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерімен қаржылық есептілікпен және тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі және тігіс түйінінің ұшына және ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшының қойылған қолымен куәландырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту
туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама (көрсетілетін қызметті беруші бекіткен белгінің болуы) және ілеспе хатпен облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы (бұдан әрі – есептің данасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі еркін нысандағы өтінішті;
      2) есепті айдың аяғындағы немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған және ресімделген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті.
      Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіште екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде) ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп болады.
      Эмитент мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық және басқа да облигацияларды шығарған жағдайда, эмитент Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын құжаттар ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылып және көрсетілетін қызметті алушының мөр таңбасымен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Облигацияларды орналастыру 
қорытындылары туралы есепті 
бекіту туралы хабарлама беру»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
қосымша           

Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп

      1. Эмитенттiң атауы.
      2. Эмитенттің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитенттің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы куәлігінің күні мен нөмірін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізген органның атауын көрсету қажет.
      3. Эмитенттiң орналасқан жерi.
      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу күнi және нөмiрi.
      5. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрi, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшерi.
      6. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) орналастыру кезеңінің басталу күнін және аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар санын және әрбір алдыңғы есепті облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні;
      2) есеп ұсынылатын кезеңдегі орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
      4) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінің санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғары баға және бірінші және соңғы сауда-саттықтағы күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы);
      5) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың және олардың айналысқа түскен күнінен бастап осының алдында орналастырылған барлық облигациялардың саны;
      6) облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күнін және нөмірін, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын орналастырылған облигациялар туралы ақпарат;
      7) есепті кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешім қабылданған күн, сондай-ақ эмитент оларды сатып алған кезде шеккен шығындар;
      8) шет мемлекеттің аумағында облигацияларды орналастыруға көрсетілетін қызметті берушіден рұқсат алу күнін көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында орналастырылған облигациялардың саны;
      9) облигацияларды шығару андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат көрсетіледі:
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, орналастырудың жалпы көлемінің пайыздық көрсетілімде, әрбір орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемінде өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерді тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі;
      10) меншік иелерінің санаттары бойынша облигацияларды иеленушілердің саны туралы мәліметтер: резиденттер және резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
      жоғарыда көрсетілген әр санаттағы тұлғалардың иеленушілеріне жататын облигациялар санын көрсете отырып зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екінші деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар;
      осы үлестес тұлғалардың деректерін көрсете отырып, үлестес тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны;
      11) орналастырылмаған облигациялардың саны көрсетіледі.
      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
      6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
      7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді дер кезінде орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
      8. Тiркеушi туралы мәлiметтер.
      Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарт жасалған күн және нөмiрi.
      9. Баспасөз басылымының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.
      10. Кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы.
      11. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
      12. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.
      13. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәлiметтер:
      1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмдерi;
      2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшерi және мөлшерiн белгiлеу тәртібі. Есептi кезең iшiнде осы шығарылымның облигациялар бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
      3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезіндегі есеп айырысу тәртібі (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
      4) облигациялар бойынша сыйақының дер кезінде төленбеу жағдайлары болса, эмитенттiң қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
      Есепке эмитенттiң бірiншi басшысы, бас бухгалтерi қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептiң әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніне тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшiрмесiмен бірге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекітіледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының немесе оның орнын алмастыратын тұлғаның қолымен куәландырылуға тиісті.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті беруші біліктілік емтиханын өткізу күні туралы жазбаша түрде – күнтізбелік отыз күн ішінде хабарлайды;
      2) біліктілік емтиханы 60 (алпыс) минут ішінде тестілеу түрінде жүзеге асырылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің біліктілік емтиханның нәтижесі көрсетілген хаты.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтінішті;
      2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін;
      3) алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтерді;
      4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету туралы шарттардың көшірмелері, актуарлық қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпаратты;
      5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
      6) резидент емес көрсетілетін қызметті алушы мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының, резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдердің актуарийде соңғы екі жыл ішінде заңнаманы бұзудың және санкциялардың (резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдердің) болмағандығы туралы хатты ұсынуға тиісті.
      Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларының талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарийлер қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебеге ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Актуарийлерден біліктілік
емтиханын қабылдау»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
қосымша        

Біліктілік емтиханын тапсыруға өтініш

      Маған, ________________________________________________________
                  (актуарийдің тегі, аты, бар болса-әкесінің аты)
сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді өтінемін.
      Мен өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің
дұрыстығына толық жауап беремін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушіге өтінішті қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпаратты
және құжаттарды дер кезінде ұсынуға міндеттенемін.
      Өтінішке қоса берілгендер:

      Актуарий _____________________________________________________
                                    (күні, қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген      

«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер
базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – кредиттік тарихтың деректер қорын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кредиттік тарихтың деректер қорын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісі (бұдан әрі – енгізу актісі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      еркін нысанда жазылған өтінішті.
      Порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі еркін нысанда жазылған өтінішті;
      2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептіліктi;
      3) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіштегі екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша Аcrobat Reader форматындағы электрондық жеткізгіште (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынуға тиісті.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері негіз болады.
      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тарту алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Инвестициялық пай қорларының      
пайларын орналастыру қорытындылары   
туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                 

Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
қорытындылары жөніндегі
ЕСЕП

      1. Инвестициялық пай қорының атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік
тіркелген күні мен нөмірі ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның
нөмірі мен алынған күні _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның
нөмірі мен алынған күні _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу
қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
      1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы
орналастырылуының басталған және аяқталған күні*
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру
мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта
көрсетілетін қызметті берушінің инвестициялық пай қорының пайларын
бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі
көрсетіледі _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру
кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны
_____________________________________________________________________
      3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың
аяқталу күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қоры
пайларының саны _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      9-1. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының
орналастырылған пайларының санын және орналастырудың жеке әр алдыңғы
есептілік кезеңі үшін олардың төлем сомасын, сондай-ақ инвестициялық
пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты мәлімет үшін
қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні
_____________________________________________________________________
      10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының
пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
      1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің
басталу және аяқталу күндері _______________________________________;
      2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры
пайларының саны ____________________________________________________;
      3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған
пайларының саны ____________________________________________________;
      4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып
алуға төленген ақша сомасы _________________________________________;
      5) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті
кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық
саны (сатып алынған пайларды шегеріп) ______________________________;
      6) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге
түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның
түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы _____
_____________________________________________________________________
      11. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған,
әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік
иелері туралы мәліметтер:

Заңды тұлға - меншік иелерінің толық атауы немесе жеке тұлға - меншік иелерінің тегі, аты-жөні, бар болса әкесінің аты

Жеке тұлға - пайдың меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

Меншік иесінің сатып алу күні және сатып алу күніне пай құны

Есепті кезеңде пайларды орналастыру кезінде меншік иесі сатып алған инвестициялық пай қоры пайларының жалпы саны

Пай төлеміне келіп түскен ақша сомасы

      12. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды
жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның
бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол
басқарушы компанияның мөрімен бекітіледі. Есептің әрбір данасы есепті
кезеңнің аяқталған күнінде жасалған, орналастырылған пайлардың есебі
бойынша инвестициялық пай қорының жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің
және есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның
түскендігін растау туралы кастодиан анықтамасының көшірмесімен бірге
тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз
пломбамен бекітіледі. Мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат
парағына қойылуы тиіс.
      13. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті
бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды
алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап
жетілдірілген есепті көрсетілетін қызметті берушіге береді.
      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырудың қорытындысы
жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін
санау қайтадан басталады. ___________________________________________

      * орналастырудың есепті кезеңі:
      - бастапқы орналастыру кезінде:
      орналастыру басталған күннен бастап үш айдан астам емес (осы
мерзім көрсетілетін қызметті берушінің рұқсаты негізінде ұзартылған
жағдайда - рұқсатта көрсетілген мерзімге);
      инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру
кезінде:
      - әрбір алты айдың қорытындылары бойынша («Бағалы қағаздар
нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына
сәйкес).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
есептілігінің  аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіште Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі қаулысының көшірмесі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес өтініш;
      Өтініш күнтізбелік жылдың қаңтарының бірінші жұмыс күнінен бастап 1 сәуірге дейін қабылданады;
      2) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      3) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмитентке (бұдан әрі - эмитент) құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылады);
      4) аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
2013 жылғы 29 наурыздағы № 87 қаулысында белгіленген талаптарға аудиторлық сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;
      5) аудиторлық ұйымның өзінде «Аудиторлық қызмет туралы»
1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің аудитін жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы жазбаша растамасы;
      6) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      7) эмитенттің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;
      8) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
      9) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосінің қосымшасымен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына эмитенттің бағалы қағаздарының алғаш жіберілгендігі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;
      10) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат ұсынылады.
      Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың сырт жағында эмитент басшысының қолымен және мөрімен расталған күйінде ұсынылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы   
орталығының арнайы сауда алаңына 
рұқсат алған, бағалы қағаздар  
эмитенттерінің қаржылық есептілігінің
аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
қосымша              

______________________________
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі       

Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш

Алматы қаласы                         20__ жылғы «___» _______ № ____

_____________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының
                               толық атауы)
______________________________________________________________ арқылы
       (бірінші басшының тегі, аты-жөні және лауазымы)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен 20__ жылғы «___» _____________
бастап 20__ жылғы «___» ________________ аралығында _________________
____________________________________________________ аудиторлық ұйымы
        (мекенжайын көрсете отырып аудиторлық
                  ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды
өтеуді сұрайды.
_____________________________________________________________________
    (бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының
                                толық атауы)
      1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызмет
көрсетуге арналған 20__ жылғы «___» _______________ № _______ шарттың
жасалғанын;
      2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__ жылғы
«___» _________ төленгенін _________________________________________;
                                (аудитке жұмсалған шығыстардың
                        төленгенін растайтын құжат, нөмірі және күні)
      3) ________________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
     (бағалы қағаздардың атауы)
арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен 20__ жылғы «___»
_______________ мөлшерінде орналастырылғанын;
      4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін
және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары
шектелмейтінін растайды. ____________________________________________
_____________________________________________________________ төлемді
    (бағалы қағаз эмитент – көрсетілетін қызметті алушының
                          толық атауы)
мынадай деректемелер бойынша жүзеге асыруды сұрайды: ________________
_____________________________________________________________________
(ИИК, БИН, КБЕ және банефициардың атауы, БИН, БИК және банктің атауы)
________________________________________________   __________________
      (бірінші басшының тегі, аты, әкесінің              (қолы)
                аты және лауазымы)

                                                          Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапмырған сәттен бастап – өтінішті тіркеген күнінен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, қоса берілген құжаттармен;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы (бұдан әрі – қаржы орталығына қатысушы) заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кезінде тіркеу алымы өндіріп алынады.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) құрылтайшы немесе құрылтайшы өкілеттік берген адамы қол қойған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі өтініш;
      2) қаржы орталығына қатысушы жарғысының қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі үш данасы;
      3) қаржы орталығының қатысушысын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшы шешімінің қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі екі данасы;
      4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат;
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарымен көрсетілетін қызметті берушінің қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі;
      2) қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде - бөліну балансы және қаржы орталығы қатысушысының көрсетілетін қызметті берушінің тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
      3) кредиторлардың қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат;
      4) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:
      1) қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;
      2) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік қайта тіркеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаржы орталығы қатысушысының мөрімен бекітілген қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      3) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен құрылтай құжаттарының қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі үш данасы;
      4) қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға бағалы қағаздар ұсаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша қаржы орталығының қатысушыларын - шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік қайта тіркеу үшін Азаматтық кодекс, «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иеліктен шығарылғанын (біреуге берілгенін) растайтын құжат ұсынылады.
      Қаржы орталығының шетелдің қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін көзделген құжаттармен қатар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе:
      1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді-көшірме немесе шетелдік заңды тұлға құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге;
      2) төлқұжаттың көшірмесі немесе шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге қосымша ұсынылады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы орталығының қатысушысын құру, қайта тіркеу және қайта құру тәртібін бұзу, Қазақстан Республикасының заңына құрылтай құжаттарының сәйкес келмеуі;
      2) өткізу актісін немесе бөлу балансын бермеуі не оларда қайта құрылған қаржы орталығы қатысушысының құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;
      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылуы;
      4) егер заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жұмыс істемейтін заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген не алынбаған соттылығы бар адам ұсыну;
      5) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттар ұсыну;
      6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салулар) болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы    
орталығының қатысушы заңды тұлғаларын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
қосымша             

нысан

____________________________________
(тіркеуші органның атауы)    

Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті х жолында
көрсетіңіз):
Акционерлік қоғам ___________________________________________________
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік _________________________________
      2. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
      3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы
(тиісті х жолында көрсетіңіз):
      1) иә _______________________ 2) жоқ __________________________
      4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті х жолында
көрсетіңіз):
      1) иә ________________________ 2) жоқ _________________________
      5. Заңды тұлғаның мекенжайы: ____________________________
                                (пошта индексі, қаладағы аудан, көше,
_____________________________________________________________________
даңғыл, шағын аудан, үйдің, пәтердің, бөлменің ( офистің) №, телефон,
                              факс №)
      6. Заңды тұлғаның жетекшісі туралы мәліметтер (тиісті х
тармақшада көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы __________________________
      2) шетелдік тұлға _________ 3) азаматтығы жоқ тұлға ___________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
                                   (берілген күні, нөмірі, кім берді)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Телефон нөмірі: ________ Факс нөмірі: _________ E-mail: _______
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшықта көрсетіңіз):
      1) орта кәсіпкерлік субъектісі ________________________________
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________
      8. Негізгі қызмет түрі: _______________________________________
      9. Жарғылық капиталдың мөлшері:________________________________
      10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент еместер үшін):
_____________________________________________________________________
      11. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті х жолда
      көрсетіңіз):
      1) жеке тұлға ______________ 2) заңды тұлға ___________________
      Заңды тұлға (резидент):
      Атауы _________________________________________________________
      БСН _____________________ Тіркеу күні _________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % __________________________________
      Салым сомасы __________________________________________________
      Заңды тұлға (резидент емес):
      Тіркелген елі _________________________________________________
      Атауы _________________________________________________________
      Субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың
атауы _______________________________________________________________
      Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың
үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _____________________________________
      Тіркелген күні ________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы ______________
      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: _______________________________
                                   (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _____________
      Жеке тұлға (шетел азаматы):
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: _______________________________
                                   (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      Салықтық тіркелу нөмірі _______________________________________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _____________
      12. Күтілетін (шамамен) жұмыс істейтін адам саны ______________
      13. Заңды тұлғаны құру алдында ұйым қайта құрылады (тиісті х
тармақшада көрсетіңіз):
      1) қайта құру ______________ 2) біріктіру _____________________
      3) бөлу ____________________ 4) бөліну ________________________
      14. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны _____________
      15. Қайта құрылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Заңды тұлғаның бұрынғы атауы __________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      16. Біріктірілген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Біріктірілуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы _______________
      БСН ___________________________________________________________
      17. Бөлу кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның
атауы _______________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      18. Бөліну кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Негізінде заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы ___________
      БСН ___________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі: _______________________________________
                                      (құжаттардың тізбесі)
      Құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның Т.А.Ә.
және қолы

      20__ жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы
қолдаухат»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы өтінішхат туралы қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне өтінішхаты.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      мынадай мәліметтер қамтылған еркін нысандағы өтінішті:
      1) әр шетелдіктің және (немесе) азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      2) туылған күні мен жері;
      3) азаматтығы (шетел азаматтары үшін);
      4) резиденттік еліндегі лауазымы мен қызмет орны;
      5) білімі туралы мәліметтер;
      6) резиденттік еліндегі іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      7) Қазақстан Республикасында іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      8) болу кезеңі;
      9) виза еселілігі;
      10) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;
      11) виза алу орны;
      12) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралының түрі.
      Осы тармақтың 1)-5) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік
қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен
қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – жеті жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қаржы орталығының қатысушысына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік органдарға беру үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі аударылған құжаттаманы.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      Мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, аударуға жататын және қаржы орталығы қатысушысының мөрі басылған еркін нысандағы мынадай мәліметтері бар өтініш беріледі:
      1) қаржы орталығы қатысушысының атауы, орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары;
      2) аударылған құжаттама берілетін мемлекеттік органның атауы;
      3) ағылшын тілінде ұсынылған құжаттардың аударылуы қажет етілетін тіл (қазақ тілі және (немесе) орыс тілі);
      4) қосымшадағы беттер саны.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды,
монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын
ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;
      5) үй-жайды жалға алу туралы шарттың немесе үй-жайға меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның көшірмесі (болған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы;
      2) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген соттың үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысы ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін,
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды
инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына            
1-қосымша                

(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ____________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банкноттарды, тиындар мен құндылықтарды инкассациялау бойынша
банк операцияларын жүргізуге лицензия алуға
өтініш

Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
_____________________________________________________________________
                  (банк операциясының түрін көрсету)
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ____________________________________________________
2. Мекенжайы ________________________________________________________
             (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)
Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________

(Қолы, күні)
Мөрдің орны

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін,
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды
инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдарға
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына             
2-қосымша                 

Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)

Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________________________________________

(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа толық
                   сәйкес келтіре отырып)

Туған күні және туған жері

___________________________________________________________
___________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
   (нақты мекенжайы, ұялы, қызметтік, үй телефондарының
  нөмірлері көрсетіледі, елді мекеннің кодын қоса алғанда)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1

2

3

Басқа мәліметтер

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншік, мүдделерге қарсы қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылғының болуы

Иә/жоқ
(өтелмеген соттылығы болған кезде 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)

      Мен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________
_____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дұрыс және толық екенін
растаймын _____________________________________________ (қолы, күні).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері) және заңды тұлға үшiн – өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған) көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
      4) көрсетілетін қызметті алушының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (айырбастау пункттерінің санын есепке ала отырып ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Ұлттық Банк белгілеген ең төменгі мөлшерден аз болмайтын мөлшерде лицензия алуға өтініш берген күні екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банк шотында ақшаның болуын растайтын құжаты);
      5) резидентте шетел валютасындағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның көшірмесі (болған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Көрсетілетін қызметті алушы электрондық форматта қағаз жеткізгіште берілген лицензияны аудару үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ растаған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не ақпараттарды ұсынбауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салуы;
      4) қызметтің түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны алмастыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен   
айырбастау операцияларын ұйымдастыру    
бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия  
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына              
қосымша                   

____________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық  
Банкінің аумақтық филиалының атауы)
____________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты)

Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру үшін лицензия алуға
өтініш

_____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
      Көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушының кәсіпорындар мен ұйымдардың
жалпы жіктеушісі бойынша коды _______________________________________
Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді өтінемін.
Қоса берілген құжаттар:
      1.
      2.
      3.
      ...
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы:
____________________   _____________________________   ______________
     (лауазымы)          (тегі, аты, әкесінің аты)         (қолы)

20__ жылғы «___» ___________                              Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті ашуға рұқсат беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы қосымша ақпаратты немесе документті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап алты айдан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – банкті ашуға рұқсат не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ тіліндегі немесе орыс тiліндегі рұқсат беру туралы туралы өтінішті;
      2) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесін;
      3) құрылтайшылар туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тiзбе бойынша) мәлiметтерді, аяқталған соңғы екi қаржы жылы iшiндегi шоғырландырылған есептiлікті қоса алғанда, қаржы есептiлiгiн, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйi туралы есебiн.
      Аудиторлық ұйымның есебi оның:
      тексерілетін банктердің құрылтайшылары мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
      аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеуді және аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаржы ұйымдарының мiндеттi аудитiн жүргiзу жөнiндегi лицензиясына және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес не резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыретті органының аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екенiн растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады;
      Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
      құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды) қоса беріледі.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;
      құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің нотариатты куәландырылған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариатта куәландырылған көшірмелері;
      осы тармақтың 3-тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының үшінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды);
      4) егер тұлға банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi болатын болса, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтерді;
      5) растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтерді;
      6) жаңадан құрылатын банктің жан-жақты ұйымдық құрылымы;
      7) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметтінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар шоты, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;
      8) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан көрсетілетін қызметті алушының өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариат не өзге де заңды түрде куәландырылған құжатты.
      Көрсетілетін қызметті беруші банкті ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұрау салуға құқылы.
      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке немесе заңды тұлғасы осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) осы адамға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат етілетіндігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы жазбаша өтінішін қоса беруге міндетті.
      Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) __________».
      Осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну не банктiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуi;
      2) банк атауы мынадай талаптарға сәйкес келмеген:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
      банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттiк» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
      бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
      еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi;
      ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болға тиіс.
      3) банктiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi:
      банктің жарғылық капиталы, осы тармақшаның үшінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:
      банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
      банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
      «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді;
      банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
      жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайыз және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
      банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
      4) банк құрылтайшыларының қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
      5) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бiрiншi басшысының:
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi қызметiнде болған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады;
      6) Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
      7) Банктер туралы заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беруден бас тартуы;
      9) құрылатын банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушының өзге де ұсынған құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатындығын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiстi басқару құрылымын құруға ниет білдіретіндігін;
      банктің өз қызметiнiң жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын;
      банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есеп және бақылау құрылымы болатындығын көрсетпеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Банктер туралы заңның 182021-баптарының талаптары сақталмаған жағдайда банкті ашуға рұқсат беруге жол берілмейді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
1-қосымша       

Банкті ашуға рұқсат беру туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын
         нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)
_____________________________________________________________________
     (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны мен оның лауазымы,
                   тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)
Құрылтай жиналысының ______ жылғы «___» ____________ № ____ шешіміне
(хаттамасына) сәйкес ________________________________________________
                  (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
ашуға рұқсат беруді сұрайды.
      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың
дұрыстығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің
қаралуына байланысты сұратылған ақпаратты дер кезінде ұсынуға толық
жауап береді.
      Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және
әрқайсысының парақтар саны):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
2-қосымша        

Фото (3 x 4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

___________________________________________
(банк атауы)
20__ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы _______________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________

4. Азаматтығы _______________________________________________________

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________

6. Тұрғылықты жері __________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауазымы _____________________________________________

8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі) ________
_____________________________________________________________________
9. Білімі ___________________________________________________________

                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

              (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
11. Құрылтайшы – жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші
қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып
алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы
ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас
бухгалтері болды ма.

      Қолы _________________                   күні _________________

«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
3-қосымша       

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

___________________________________________
(банк атауы)
20__ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (заңды тұлғаның атауы)
2. Мекенжайы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу _______________________________________________

               (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызмет түрі ______________________________________________________

                 (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының
резиденті емес (керегінің асты сызылсын).
6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы ______________________________

         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Білімі ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық
проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру
болды ма: ___________________________________________________________
                         (олардың туындау себептері)

                    (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын
немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп
пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз: _________

                           ұйым қызметінің түрі

            осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы
ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы
рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы
№ 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55
қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік
агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны
көрсетіңіз.
10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару
органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы
ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және
(немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________
               (қолы)
____________________________________
               (күні)
____________________________________
                (мөр)

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын
жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      4) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметтінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамы, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;
      5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымдардың банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары бойынша қағида;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтерді;
      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүрзізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда) ұсынады.
      Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі Директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы мәліметтерді;
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы;
      3) ішкі аудит туралы қағиданы береді.
      Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды береді:
      1) Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы;
      2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін);
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасы (қызметтің лицензияланатын түрінен банк операцияларының бір немесе одан да көп түрін алып тастаған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған кезде):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына қызметті алушының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығын иеленетін көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолымен және қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады.
      10. Мыналар:
      1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға;
      2) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      3) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы;
      4) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген соттың үкімі бар болуы;
      7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банк операцияларының жекелеген   
түрлерін, банк операцияларын жүзеге  
асыратын ұйымдарға лицензия беру,  
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына           
1-қосымша               

Кімге _______________________________________________________________
                      (уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валютаның түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).

Тұтынушы туралы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

                          (телефон, факс)
3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы
капиталының барынша төмен мөлшері.
_____________________________________________________________________
4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әр қайсысының даналары мен
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауап береді.
өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), қызметі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                (қолы)

20__ жылғы «___» ___________

Мөрдің орны

«Банк операцияларының жекелеген   
түрлерін, банк операцияларын жүзеге  
асыратын ұйымдарға лицензия беру,  
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына          
2-қосымша              

_____________________________________________________________________
банктік емес ұйым қызметкерінің қызметі және банктік емес
ұйымның атауы көрсетіледі) туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

_______________________________________________________

(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келуі,
  тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда оның қай
  уақытта және қандай себеппен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

_______________________________________________________
_______________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

_______________________________________________________
_______________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, нақты мекенжайын,
     қызметтік, үй, байланыс телефондарын көрсету)

Азаматтығы

_______________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

Жақын туыстары (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі,
балалары), сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен қызметі

1
2

Өтініш иесінің өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне
қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы мен тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Өтініш иесінің заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, акциялар саны және өтініш иесіне, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі акциялардың пайыздық ара-қатынасы

2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

_____________________________________________________________

   (оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен
тұрғылықты жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілігін, білімі
          туралы дипломның деректемелерін көрсету)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласындағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежесі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі
туралы дипломның, сертификаттың, куәліктердің деректемелерін
                            көрсету)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет
түрлері бойынша аудитор, бухгалтер қызметін иеленуді көрсету)

Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: қызметтік міндеттер, кәсіби
                            тәжірибе)

Қол жеткізген жетістіктері

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы, ғылыми жарияланымның
  атауын көрсету, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және
                   сол сияқтыларға қатысу)

Осы мәселеге қатысы бар басқада ақпарат

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
   (кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат
                          көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттері, ұйымның координаттары

3. Басқа мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған

Иә/жоқ
(егер Иә десе, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірін, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабын көрсету)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндетті орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

Иә/жоқ
(егер «Иә» десе, онда осы шараны қолданған органның атауын және күнін көрсету)

Бұрын банкрот болып танылған қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылды ма не оған қатысты лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алуға қатыстылығы туралы шешім қабылданса

Ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына жауапкер ретінде тартылды ма

(мәселені және сот шешімін қарайтын сот талқылауына жауапкер ұйымның атауын, күнін көрсету)

Осы мәселеге қатысы бар басқа да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

Мен (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты), ___________, осы ақпаратты
мұқият тексердім және шынайы және толық болып табылатындығын
растаймын _____________________________________________ (қолы, күні).

«Банк операцияларының жекелеген   
түрлерін, банк операцияларын жүзеге 
асыратын ұйымдарға лицензия беру,  
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына          
3-қосымша              

Өтініш иесінің (заңды тұлға үшін) акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(Өтініш иесінің толық атауы)

1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________

                   (почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (телефон және факс нөмірлері, электронды почта бар болса, оның
                             мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
         (құжат атауы, берілген нөмірі және күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес
_____________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі _________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші жалпы акциялар санына
пайыздық ара қатынасы немесе өтініш иесінің жарғы капиталындағы
қатысу үлесі.
_____________________________________________________________________
3. Өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін ақшаны енгізер
алдындағы өтініш иесі акционерінің (қатысушысының) меншікті
капиталының мөлшері (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі)
және өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін енгізілген сома
(өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі) ______________________
4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрғылықты жерін көрсетіп,
қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және
қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауларын, тұрғылықты жерін көрсетіп, өтініш
иесінің акционерінің (қатысушысының) қатысатын холдингтері,
концеріндері, қауымдастықтары, консорциумдары, өнеркәсіптік, банктік,
қаржылық топтары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
20__ жылғы «___» _____________

Өтініш иесінің акционерінің
(қатысушысының) басшысының
қолы _____________________

Мөрдің орны

Өтініш иесінің акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер (жеке
тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
(Өтініш иесінің толық атауы)

1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы және күні ________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері ____________________________
_____________________________________________________________________
    (құжат атауы, берілген нөмірі, сериясы және күні, кім берді)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (почталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
           (телефон нөмірі, электронды почтаның мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсетіп), қызметі ___________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына
тиесілі өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының санына пайыздық
қатынасы немесе өтініш иесінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрғылықты жерін көрсетіп,
қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және
қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20__ жылғы «___» ______________.
Өтініш иесінің акционерінің
(қатысушысының) қолы __________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабы талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
      9) ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы шешімін табыс етуге тиісті;
      көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін мынаны ұсынады:
      1) өтінішті;
      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже;
      3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы) құжаттың көшiрмесiн;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсұасы (бір немесе одан жоғары банк операцияларының лицензиялық қызметін алып тастаған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
      10. Мыналар:
      1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға;
      жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс;
      2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамауы;
      3) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамағанда;
      4) табыс етілген құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісімнің берілмеуі (жаңадан құрылатын банк үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйымның салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ислам банктері жүзеге асыратын   
банк операцияларына лицензия беру, 
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына          
қосымша               

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(ислам банкінің толық атауы)

Өтініш

Банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе)
шетел):
1) ислам банкінің банктік операцияларын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) банктік және өзге операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
2. Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші
рет алынған лицензиясы туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберген құжаттардың даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар

Ислам банкі және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген
құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.
Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), лауазымы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                  (қолы)

20__ жылғы «___» ___________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Банктерге Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында
көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктерге Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабы талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
      9) ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін.
      Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін мынаны ұсынады:
      1) өтінішті;
      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже;
      3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасы (бір немесе одан жоғары банк операцияларының лицензиялық қызметін алып тастаған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
      10. Мыналар:
      1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға;
      жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамағанда;
      3) табыс етілген құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      4) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамағанда;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде (жаңадан құрылатын банк үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге  талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктерге Қазақстан Республикасының     
банктік заңнамасында көзделген банктік    
және өзге операцияларды жүргізуге лицензия  
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                      

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(банктің толық атауы)

Өтініш

Банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе)
шетел):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өзге операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                        (телефон, факс)
2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
банктік және өзге операцияларды жүргізуге ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберген құжаттардың даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар
саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банк және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген
құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.
Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), лауазымы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                 (қолы)

20__ жылғы «___» _____________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы қаулысы және көрсетілетін қызметті берушінің ресми рұқсаты (бұдан әрі – Басқарманың рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерiктi қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухатты;
      2) банктің (банк холдингінің) жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмiн;
      3) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта құрудың ұйғарылған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттарды;
      4) банктің (банк холдингінің) ол ерікті түрде қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта құру салдарының қаржылық болжамын табыс етуге тиісті.
      Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін ол кредиттік серіктестікке қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда банк жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру, сондай-ақ құрылатын кредиттік серіктестік қатысушыларының депозиттерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру шараларын қабылдайды.
      Қайта ұйымдастырылатын банк банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.
      Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттармен бірге кредиттік серіктестікке қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты, сондай-ақ осы тармақ талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасайды.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) қайта құрылатын банктің (банк холдингінің) жоғары органының тиісті шешiмдері болмаған;
      2) болжанатын қайта құру нәтижесінде депозитарлар мүдделерінің бұзылуы;
      3) болжанатын қайта құру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;
      4) болжанатын қайта құру нәтижесінде монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
қосымша           

№ ___ күні ____________

Қазақстан Республикасы             
Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын      
және қаржы ұйымдарын бақылау       
мен қадағалау комитетінің төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беруге арналған
өтініш

_____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банк (банк холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының
________________________________ жылғы «___» ________________ № _____
                 шешіміне сәйкес (өткізілетін орны)
_____________________________________________________________________
    банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаға (тұлғаларға) (бірігу, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта
құру) (керегінің асты сызылсын) арқылы банкті (банк холдингін) ерікті
қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
      Банк (банк холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен
мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты
сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті
берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы
тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):
      Банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын
құжатқа сілтеме).
      __________________________                    _________________
                (қолы)                                      мөр

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1)  аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны беру туралы өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) дара кәсiпкер көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесiн;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына белгіленген нысан бойынша лицензия алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті;
      5) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
      6) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға оқудан өткендігін және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына көрсетілген тізбені қамтитын Актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасы бойынша тиісті емтихандарды ойдағыдай тапсырғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жоғары білімi және көрсетiлген бағдарлама бойынша оқудан қткен жеке тұлғалар үшін);
      7) «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дипломының көшірмесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына (актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбір курс бойынша 80 %-дан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрінің дипломы бар жеке тұлғалар үшін);
      8) актуарийлердің (актуарий мәртебесі бар және (Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлердің қоғамының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға үшін тиісті қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) ұсынымхаты;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалар үшін тізбесін және талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін актуарийдің мәртебесін және халықаралық актуарийлер қауымдастықтарына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия көрсетілетін қызметті алушыға ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі.
      Тестілеуден өту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысымен бекітілген Сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыру, актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережеде белгіленген.
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) дара кәсiпкер көрсетілетін қызметті алушы дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесiн;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген лицензия алуға құжаттардың барлығын ұсынбағанда;
      2) мына негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болғанда:
      лицензияның қолданылуын бірнеше мәрте тоқтату (соңғы он екі айдың ішінде екі рет);
      үшінші тұлғаға актуарлық есеп айырысулар жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретінде және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпияның мәнін құрайтын (уәкілетті органды қоспағанда) қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткенде немесе бергенде;
      оларға сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамау фактілері белгілі болғандығы туралы, актуарийдің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне кешіктірмей хабарлау бойынша талаптарды орындамауы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген тестілеудің нәтижесі теріс болғанда;
      4) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңында қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынғанда;
      5) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      8) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
1-қосымша            

Актуарлық қызметтi жүзеге асыру үшін лицензия беру туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
              (уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
          (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
беруіңізді сұраймын
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы _______________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
     (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган атауы)
3. Білімі
_____________________________________________________________________
                      (бітірген жылы, мамандығы)
_____________________________________________________________________
                          оқу орнының атауы)
4. Тұрғылықты жері __________________________________________________
5. Жұмыс орны қызметі _______________________________________________
6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үйдікі)
_____________________________________________________________________
7. Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
      Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат)
дұрыстығына толық жауап береді
_____________   _____________________________________________________
    (қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"____" ___________________ 20__ жыл»

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша            

көрсетілетін қызметті алушының суреті

Актуарийлік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға
өтініш иесі туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (жеке куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкестігі, тегі, аты,
  әкесінің аты өзгерген жағдайда, көрсетілсін: қашан және қандай
                   себеппен олар өзгертілді)

Туған күні мен жері

Тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (елді мекеннің кодын қоса отырып, толық мекенжайы, қызмет, үй,
         байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс
істейтін жақын туысқандары, туыстары туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық немесе жақындық түрі көрсетілсін

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:

Атауы және тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1

2

3

2. Кәсіби деректері:

Білімі

_________________________________________________________________

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен тұрғылықты
    жері, оқыған кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы
      дипломның деректемелері (күні, нөмірі) көрсетілсін)

Актуарийдің біліктілік емтихандарын тапсырғандығы туралы мәліметтер

Емтихан тапсырған күні, емтихан тапсырғандығын растайтын құжат

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілігін көтеру курстары, ғылыми дәрежелері

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(оқу орнының атауы мен тұрғылықты жері, оқыған кезеңі, білімі
   туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саласындағы жұмыс тәжірибесі

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (қаржы ұйымдарында істеген, аудитор, қызмет түрі бойынша
      бухгалтер қызметін атқарған жылдың саны көрсетілсін)

Жетістіктері

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, ғылыми жарияланымдарының
атауы, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдарға мүшелігі

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (Осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, Актуарийлер қоғамы,
                Аудиторлар палатасы көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын
                       ақпарат көрсетіледі)

Еңбек жолы туралы мәліметтер:

Жұмыс істеген кезеңі

Ұйымның, атқарған қызметінің және лауазымдық міндеттерінің атауы, ұйымның координаттары

1

2

3

      Мен (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты),
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дұрыс әрі толық болып
табылатындығын растаймын және мен берген мәліметтердің арасында
күмәнді мәліметтердің болуы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға
берілген лицензиядан айырылуға негіз болып табылатындығын
мойындаймын.

_________________
   (қолы, күні)

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
3-қосымша           

Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы

      Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы алты курстен тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтиханы болады.
      Алғашқы екі курсы базалық және 2001 жылдың 1 маусымынан бастап міндетті болып табылады, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті.
      курстардың тақырыбы және курстардың мазмұнында қосылған бөлімдердің ең төменгі тізбелеріне кіреді:
      1-курс. Пайыздық мөлшерлеме теориясы және өмірді сақтандырудағы кездейсоқ процестер
      1) Жай және күрделі пайыздар негіздері
      2) Аннуитеттер құрудың қағидаттары
      3) Займдар және оларды өтеу кестелері
      4) Борыштық бағалы қағаздар
      5) Адам өмірі ұзақтылығының кестесі
      6) Адам өмірін сақтандыру бойынша аннуитеттер
      7) Бірнеше тұлғаның өмірін сақтандыру теориясы
      8) Зейнетақылар
      2-курс. Актуарийлік қағидаттар және олардың қосымшалары
      1) Адам өмірін және бір адамның денсаулығын сақтандыру
      2) Адам өмірін және денсаулықты топтап сақтандыру
      3) Мүгедектікті сақтандыру
      4) Жалпы сақтандыру
      5) Қайта сақтандыру
      6) Зейнетақы
      7) Әлеуметтік сақтандыру
      8) Инвестициялар
      3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру
      1) жалпы сақтандыру қағидалары
      2) Сақтандыру өнімдерін жасау
      3) Андеррайтинг
      4) Сақтандырудағы баға белгілеу
      5) Сақтандыру резервтері
      6) Пайда функциялары
      7) Нақтылық теориясы
      8) Қайта сақтандыру және олардың түрлері
      4-курс. Адам өмірін және денсаулықты сақтандыру
      1) Бiр адамның өмiрiн сақтандыру
      2) Сақтандыру өнiмдерi мен андеррайтингтi құру
      3) Баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң әртүрлi әдiстерi
      4) Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi
      5) Медициналық сақтандыру
      6) Баға белгiлеу және медициналық сақтандыруда сақтандыру резервтерiнiң қалыптасуы
      7) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру
      8) Шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу
      9) Адам өмiрiн және денсаулықты топтап сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi
      5-курс. Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтiк сақтандыру
      1) Зейнетақы жинақтары қағидаттар
      2) Зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттік және жеке
      3) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары
      4) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
      5) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру
      6) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
      7) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер
      8) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау
      9) Әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары
      10) Әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi
      11) Әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi
      12) Басымдықтарға салыстырмалы талдау және әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау
      6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау
      1) Инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар
      2) Тәуекел және табыстылық
      3) Сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, трастық әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерi мен инвестициялары
      4) Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi
      5) Сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы
      6) Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға талаптар
      7) Сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп бойынша заңнама

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген      

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;
      4) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталды төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін көрсетілетін қызметті берушімен құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
      техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;
      лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындауы тиіс;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
      10) ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      ол жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      12) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      13) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды.
      Осы тармақтың бірінші бөілігінде жазылған талаптар, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық орнының);
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестициялардың түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің түріне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған активтерді;
      инвестициялық саясатына жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__ жылғы «___» _____________ № ______ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) лицензияның түпнұсқасын (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);
      4) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжатты (лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптары алып тасталған жағдайда).
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда), олар электрондық құжатқа қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
      сақтандырудың жеке сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарының өзгеруі;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға өтініш жасамауы;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салыну;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш жасаған жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшіне енген үкімі болуы;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салу мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
1-қосымша           

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің
толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін
                              көрсету қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы
мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні және
                               нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған
банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі

4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша
қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дұрыстығына толық жауапты болады. ___________________________________

5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша

Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы ____________________________________________________________

_____________
   (қолы)

_____________ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша            

Актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Көрсетілетін қызметті берушінің лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін;
      4) барлық ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын куәландыратын, оның ішінде бухгалтерлік есеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі құжаттарды;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін көрсетілетін қызметті берушімен құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
      техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;
      лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындауы тиіс;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
      10) ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып, оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      12) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      13) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс;
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестиция типі бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің типіне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған активтерді;
      инвестициялық саясатына жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__ жылғы «___» _____________ № ______ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасын (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);
      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттарды (лицензиядан сақтандыру сыныптарының жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда);
      4) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында немесе екінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттарды (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
      сақтандырудың жеке сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарының өзгеру;
      2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға бармағанда;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамағанда;
      5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
1-қосымша          

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің
толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
                               қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы
мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні және
                               нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған
банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша
қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дұрыстығына толық жауапты болады. ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_________________________________________
                (қолы)

_____________ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
2-қосымша          

Актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Көрсетілетін қызметті берушінің лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»  мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін;
      4) барлық ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын куәландыратын, оның ішінде бухгалтерлік есеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі құжаттарды;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін көрсетілетін қызметті берушімен құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
      техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;
      лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындауы тиіс;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
      10) ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып, оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс;
      ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      12) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      13) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды;
      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты табыс етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 14) тармақшасын қоспаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс;
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестиция типі бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің типіне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған активтерді;
      инвестициялық саясатына жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__ жылғы «___» _____________ № ______ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе Заңда сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актісінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акционері ретінде сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген болса, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының жеке шотынан үзінді көшірмені;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушының (ірі қатысушыларының) болуын растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
      7) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
      Қосымша:
      көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      көрсетілетін қызметті алушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабы 3-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасын (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);
      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттарды (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
      4) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында немесе екінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын сканерленген көшірмелері түріндегі құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда), олар электрондық сұрау салуға тіркеледі;
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
      сақтандырудың жеке сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарының өзгеру;
      2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға бармағанда;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер сақталмағанда;
      5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының заңдарында   
белгіленген және сақтандырудың жекелеген  
сыныптары болып табылатын міндетті     
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру,   
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша                   

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің толық
атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
                                қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы
мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                        (телефон, факс)
2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер
_____________________________________________________________________
   (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні
                             және нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған
банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша
қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дұрыстығына толық жауапты болады. ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                (қолы)

_____________ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

«Қазақстан Республикасының заңдарында   
белгіленген және сақтандырудың жекелеген  
сыныптары болып табылатын міндетті     
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру,   
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша                   

Актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Көрсетілетін қызметті берушінің лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған қайта сақтандыру қызметін жақын арадағы екі жылда жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды.
      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметін жүргізуге лицензиясы бар, қол қойған актуарий жақын арадағы екі жылда қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:
      тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру кезде:
      негізгі нысандар (факультативті, облигаторлық, факультативті-облигаторлық) және сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандыруға қатысу әдістері/түрлері (үйлесімді, үйлесімсіз), олардың өзара арақатынасы;
      қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: нарықтағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті:
      қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынасы, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы);
      қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қандай тәсілмен жүзеге асырылады;
      ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы.
      Шетел қайта сақтандырушыларының болжамды үлесі;
      қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:
      қайта сақтанышуларды бағалаудың негізгі критерийлері:
      қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтандырушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;
      қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиттері, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).
      5) Қайта сақтандыруға арналған сақтандыру тәуекелдерін қабылдау рәсімін ашып көрсететін сақтандыру ұйымының Директорлар кеңесі бекіткен сақтандыруға арналған сақтандыру тәуекелдерін қабылдау жөніндегі сақтандыру ұйымының ішкі ережелері мыналарды:
      қайта сақтандыруға арналған тәуекелдерді қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
      сақтандыру ұйымның тарифтік саясатына сәйкес қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде осы құрылымдық бөлімше басшысының және қызметкерінің құқықтарын, міндеттерін және өкілеттіктерін;
      қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарын;
      бизнес-процестерді сипаттауы (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру бойынша қабылданған шешім бойынша жазылған рәсімдер);
      өзге мәселелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауы бойынша) айқындалады.
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат
(құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптар сақталмағанда;
      2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға бармағанда;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамағанда;
      5) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайлар;
      11) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескергенде пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
      12) өтініш беру күніне дейінгі соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      13) өтініш беру күнінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қайта сақтандыру жөніндегі   
қызметке лицензия беру, қайта  
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына        
қосымша              

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің
толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін
                           көрсету қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы
мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                         (телефон, факс)
2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер
_____________________________________________________________________
    (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың күні
                            және нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған
банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі
_____________________________________________________________________
4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша
қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дұрыстығына толық жауапты болады. ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________
               (қолы)
________ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 30 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
      Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:
      сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;
      сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салулар түскен;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын алған;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;
      қолданыстағы сақтандыру өтеуге толықтырулар мен өзгерістер енгізген;
      сақтандырудың кейінгі кезеңге сақтандыру өтеуді жаңартқан;
      сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша рәсімдері жатады;
      7) құжаттаманы жүргізу тәртібіне және сақтандыру брокерінің клиенттерге қызмет көрсету шарттарына кіреді. Құжаттаманы жүргізу тәртібі және сақтандыру брокерінің клиенттеріне қызмет көрсету шарттары:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы болған кезде құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен дәйектілігі;
      клиенттің барлық қаржы және жеке ақпаратының құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;
      Мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:
      қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;
      қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;
      сақтау орны бар (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);
      клиентті қамтамасыз етудің толықтығы мен тәртібі:
      сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпарат;
      қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпарат;
      төлемдердің және тәуекелдердің көлемі;
      жеткізушінің және клиенттің қызмет көрсету міндеттемелері жатады;
      8) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      9) тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының жоқ екенін куәландыратын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күнінен кейін бес жыл бойы қолданылады;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға бармағанда;
      2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың орындалмауы;
      4) қоғамның сайланбалы органдары қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
      6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      7) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
      9) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру брокері қызметін 
жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның 
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша           

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің
толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін
                          көрсету қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы
мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                         (телефон, факс)
2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру брокерінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер
_____________________________________________________________________
      (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі анықтаманың
                         күні және нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған
банктің атауы және орналасқан жері, бірегейлендіру бизнес нөмірі
_____________________________________________________________________
4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша
қызметті, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дұрыстығына толық жауапты болады. ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________
                 (қолы)

_____________ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы
қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      Лицензияны қағаз жеткізгіште (электрондық құжат нысанында) беру не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін дамыту жөніндегі комитетінде тіркелген
(оның ішінде бұрын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші тіркеген) заңды тұлғалардың лицензия беруден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жазбаша (электрондық құжат нысанында) жауап құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) көрсетілген қызметтермен айналысу құқығына лицензия беруге лицензиялық алым:
      брокерлік қызметке 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) болады;
      дилерлік қызметке 30 АЕК болады;
      инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметке 30 АЕК болады;
      кастодиандық қызметке 30 АЕК болады;
      трансферагент қызметіне 10 АЕК болады;
      бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыру жөніндегі қызметке 10 АЕК болады;
      қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клирингтік қызметке 10 АЕК болады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегенін растайтын құжаттар;
      5) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімі және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелері;
      6) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      7) сауда тізілімінен заңды көшірме немесе нотариат куәландырған мемлекеттік тілде және орыс тілінде аудармасы бар, Қазақстан Республикасының резиденті емес көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және резиденті емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпарат қамтылған басқа да заңды құжат;
      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;
      9) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесі;
      10) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
      11) ішкі аудит қызметін тексеруді жүргізу және есепті жасау тәртібін, кезеңділігін айқындайтын көрсетілетін қызметті алушының (бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда) ішкі аудит қызметі туралы ереже;
      12) құрамы туралы мәліметтерді қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені ұсынады.
      Осы талап трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды берген көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды берген екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
      13) көрсетілетін қызметті алушыда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың:
      жабдықты жеткізу шартының;
      жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
      лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісінің;
      қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттарының (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері) көшірмелерін береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімді көрсетілетін қызметті алушыға ақысыз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер қорын басқару жүйелері), версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушы бірінші басшының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен расталады;
      14) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;
      15) көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органның бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігін;
      16) директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспарды (клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және (немесе) дилердің, трансфер-агенттің акционерлік қоғамынан басқа өзге ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған бизнес-жоспарларын заңды тұлғаның атқарушы органы бекітеді).
      Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
      лицензияны алу мақсаттары;
      қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған көрсетілетін қызметті алушы бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
      қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
      қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
      инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
      өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;
      17) клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілерімен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидасы (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
      18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің қызмет етуін айқындайтын ішкі ережелерді ұсынады.
      Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 10), 12), 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 17), 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіледі және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамдарының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген бағалы қағаздар нарығында  
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына            
1-қосымша                 

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
       (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                        (телефон, факс).
2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің нөмірі мен күні, БСН:
_____________________________________________________________________
3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамның
ұйымдастыру құқықтық нысанында):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Көрсетілетін қызметті алушының банк шоты ашылған банктің атауы
және орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысына даналар мен
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлер)
өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық
жауапты болады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

(күні және қолы)
Мөрдің орны

«Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген бағалы қағаздар нарығында 
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына           
2-қосымша                

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушы):

Орналасқан жері: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (пошталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      (телефон және факс нөмірі, бар болса электрондық поштаның
                              мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер: ________________
_____________________________________________________________________
       (құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес: _________________
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акциялар санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі: _________________
_____________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне (көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақша енгізу
алдында көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының
акцияларының төлеміне (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық
капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына төлемді растайтын
құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс
ордерлерінің нөмірі мен күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) өзге
заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционер ретінде қатысуы
туралы мәліметтер (көрсетілген мәліметтер акционер ретінде тізбесі
«Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін
ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің
тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының
2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55
қаулысымен (бұдан әрі – № 55 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 болып тіркелген) белгіленген
рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен емес шетел валютасы түрінде
ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар, резиденті емес заңды тұлға
ретінде болған жағдайларда ұсынылмайды):

Толық атауы/тегі, аты (бар болса – әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің дауыс беруші акцияларының
он және одан асатын пайызына не көрсетілетін қызметті алушы
(қатысушысының) жарғылық капиталынан он және одан асатын пайызын
құрайтын жарғылық капиталында қатысу үлесіне иелік ететін
көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
қатысушылары, акционерлері туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (бар болса – әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

7. Ұйымдардың толық атауын, орналасқан жерін көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) қатысатын
өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Осы сауалнаманың 3 – 5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осылай болып табылатын
акционердің (қатысушының), көрсетілетін қызметті алушының басқа
үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басшысы
туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

20__ жылғы «___» _______________________
Көрсетілетін қызметті алушының акционері
(қатысушысы) басшысының қолы ________________________________________

Мөрдің орны

«Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген бағалы қағаздар нарығында 
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына          
3-қосымша              

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушы):
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
Туылған күні мен жылы
_____________________________________________________________________
Азаматтығы
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
  (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
                      (пошталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайы, лауазымы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акциялар санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне (көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақша енгізу
алдында көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының
акцияларының төлеміне көрсетілетін қызметті алушының жарғылық
капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Жарғылық капиталға төлемді растайтын құжаттардың деректемелері
(төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) өзге
заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционер ретінде қатысуы
туралы мәліметтер (көрсетілген мәліметтер акционер ретінде тізбесі №
55 қаулысымен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі ВВ+ төмен
емес шетел валютасы түрінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар,
резиденті емес заңды тұлға ретінде болған жағдайларда ұсынылмайды):

Толық атауы/тегі, аты (бар болса – әкесінің аты)

Орналасқан жері/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент  емес)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес осылай болып табылатын
көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) басқа үлестес
тұлғалары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20__ жылғы «___» _______________________
Көрсетілетін қызметті алушының акционері
(қатысушысы) басшысының қолы ________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен     
бекітілген        

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы (бұдан әрі – Басқарманың рұқсат беру қаулысы) не қағаз жеткізгіштегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiшті;
      2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасын;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________».
      Осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заң ісіне тігіледі. Қалған даналары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттарды;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына құрылтайшылар-заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда) заңды тұлға ретінде олардың мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтамасы, нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшірмесі, аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына құрылтайшылар туралы мәлімет – жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және «жалпы сақтандыру» саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және «өмірді сақтандыру» саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспарды ұсынуға тиісті.
      Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс.
      Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген
      7) көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжатты ұсынуға тиісті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Куәліктің мәліметтерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғалары ЭЦҚ куәландырған электрондық құжаттар нысанындағы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) құжаттардың толық емес топтамасын табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармақта аталған талаптарға сәйкес болмауы;
      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
      3) құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты дәйексіз ақпарат берiлуі;
      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;
      6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
      7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын бақылау мен   
қадағалау комитетінің төрағасына   

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
рұқсат алу туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________________________
(құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге көрсетілетін қызметті алушының
өкілеттігін растайтын нотариат немесе басқадай куәландырылған құжатқа
                              сілтеме)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны және лауазымы,
                           тұрғылықты жері)
құрылтай жиналысының ___________ жылғы "___" ________________ № _____
шешіміне (хаттамасына) сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы
                         және орналасқан жері)
құруға рұқсат беруді сұрайды.
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің қаралуына
байланысты сұралған ақпаратты дер кезінде ұсынуға толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілген құжаттар атауларының тізбесі, даналардың
саны және әр қайсысының парақтар саны көрсетілсін):
_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
2-қосымша         

Фото (3 x 4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

_____________________________________________________________________
  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

20__ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Азаматтығы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________
_____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері __________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)_________
_____________________________________________________________________
9. Білімі ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
11. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымын құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының
сипаты
_____________________________________________________________________
_____________________________________ - _____________________________
12. Құрылтайшының жарғылық капиталға қатысуы немесе басқа заңды
тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар
санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың
жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші
қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып
алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы
ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас
бухгалтері болды ма.

Қолы _________________                         күні _________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
3-қосымша           

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер
____________________________________________________
  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20__ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
2. Мекенжайы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу _______________________________________________
_____________________________________________________________________
               (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызмет түрі ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының
резиденті емес (керегінің асты сызылсын).
6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы ______________________________
_____________________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Білімі ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық
проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру
болды ма: ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (олардың туындау себептері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын
немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп
пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз: _________
_____________________________________________________________________
                ұйымның атауы және орналасқан жері
_____________________________________________________________________
      ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       ұйым қызметінің түрі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы
ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы
рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы
№ 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55
қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік
агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны
көрсетіңіз.
10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару
органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы
ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және
(немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________
             (қолы)
____________________________________
             (күні)
____________________________________
             (мөр)

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
4-қосымша         

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына
қойылатын негізгі талаптар

1. Жалпы мәселелер

      Осы бөлімнің мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу беру болып табылады.
      1. Сақтандыру ұйымын құру мақсаттары.
      2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы ақпарат

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.
      4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.
      5. Жалданатын немесе жалдауға тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйым туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.
      6. Ішкі аудит қызметінің қағидаттары.
      7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз етуді.
      8. Өндірістік қорларды: бөлменің (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да бағдарламалық қамтамасыз ету техниканың болуы.

3. Маркетингтік зерттеулер және нарықтың сегменті

      9. Саланы дамыту болжамдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанады.
      10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестерді, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға нарықтық сегментінің бағдары.
      11. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлшегінде болжанатын үлесі.
      12. Мақсатты нарықтың демографиялық талдау: жасы, жынысы, әлеуметтік экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметті тұтынушыларының өмір (салты) мәні.

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері және оларды бөлу

      13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.
      14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.
      15. Сақтандыру өнімдерін сату кезде көрсетілетін қосымша қызметтер.
      16. Сақтандыру өнімдерінің негізгі сатып алушылары.
      17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

5. Сақтандыру андеррайтингі

      18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері
(қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыру өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).
      19. Сақтандыру тарифты айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал жасайтын белгіленген сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарының шектеулі шамалары.
      20. Сақтандыру андеррайтингісіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпараты.

6. Баға стратегиясы

      21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.
      22. Сақтандыру мөлшерлемелерін есептеу және оларды сақтандыру мөлшерлеме мөлшерінің жоспарланатын диапазоны, статистикалық деректердің көздері, пайдаланатын әдістемесінің қысқаша сипаты жататын сақтандыру сыныбы бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.
      23. Бағаның нарықтың қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.
      24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

7. Жылжыту стратегиясы және сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері

      25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқалары.)
      26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдері.
      27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.

8. Қаржылық жоспар

      28. Болжанатын бухгалтерлік баланс және оның қосымшасы.
      29. Сақтандыру сыныптар бөлшегінде болжанатын кіріс пен шығыстар.
      30. Болжанатын әкімшілік шығыстар.
      31. Ақша ағымы туралы болжанатын есеп.
      32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.
      33. Қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлшегінде қайта сақтандырушы үлесін ескерусіз шығындылық коэффицентерінің болжамы.
      34. Екінші деңгейдегі банктердің салымдарының құны және мемлекеттік емес бағалы қағаздары жиырма бес және елу пайызға азайған;
      сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;
      сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;
      акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілетсіздігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.
      35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.

9. Инвестициялық саясат

      36. Инвестициялаудың мақсаттары.
      37. Инвестициялардың типі бойынша диверсификациялауды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыру.
      38. Активтердің типіне, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарына байланысты инвестициялық шектеулер.
      39. Инвестициялық саясатына жауапты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары.

10. Қайта сақтандырудың саясаты

      40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:
      1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;
      2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері:
      рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: нарықтағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;
      3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;
      4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетел қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі.
      41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:
      1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;
      2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиті, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).

11. Ұйымдастыру құрылымы

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.
      43. Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.
      44. Басты мамандарының оның ішінде сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит бөлімшелерінің қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.
      45. Мамандар білімінің болжалды деңгейі.
      46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуға ниеті бар кеңесшілер және қауымдастықтар туралы ақпараты.
      47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.
      48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру холдингін
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы мәселелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы қаулысы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті қайта ұйымдастырылуын жүргізуге рұқсат алуға қолдаухатты;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттарды;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.
      Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.
      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) көрсетілетін қызметті берушіге жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы салдарының қаржылық болжамын ұсынады:
      жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген экономикалық негіздеме;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі қамтылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
      2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптарының бұзылуы;
      3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
      4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылуы;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      6) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымын сақтандыру холдингін ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына       
қосымша            

№ ____ күні ______________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына                        

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
ерікті қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға арналған
өтініш

_____________________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
акционерлерінің жалпы жиналысының ___________________________________
                                           (өткізілетін орны)
_________ жылғы «___» _____________ № _______________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға)
(біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің
асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру
холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ
өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және
құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде берілуіне
толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы әрқайсысы
бойынша дана және бет санын көрсету керек):
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
акционерлерінің атынан уәкілетті адам
______________________________________        _______________________
             (қолы)                                    мөр

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық өзінің кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі қамтылуға тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде - оның ауыстыратын адам қол қойған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімін;
      3) тарату комиссиясының, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелеріндегі мүшелікке кандидаттардың тізімін;
      4) сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған, аудиторлық ұйым растаған қаржылық есепті;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімін;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісін (осындай табыстау бар болса);
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттарды;
      8) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз қызметін тоқтатуға дайындықтың мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар (жоспар және кесте) тізбесін ұсынуға тиісті.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған ерiкті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмауы;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеуі;
      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралардың қолданылмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымын ерікті түрде таратуға  
рұқсат беру» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша            

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына                        

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға
рұқсат беруге арналған
өтініш

_____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жалпы жиналысының _______________
_____________________________________________________________________
                       (өткізілетін орны)
_________ жылғы «___» _____________ № _______________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық кредиторлары
талаптарының толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішке қоса берілген
құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға
байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін
қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол
болмағанда оның орнын алмастыратын адам)
__________________________________________   ________________________
                (қолы)                                 мөр

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
және (немесе) сақтандыру холдингінің елеулі түрде қатысуына
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) ерікті нысанда жасалған өтінішті;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысу туралы шешімді;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпаратты ұсынуға тиісті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуы бар заңды тұлғаның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпарат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi;
      4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген заңды тұлғаның қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпаратты (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның қатысу үлесін немесе акцияларын иеленудің шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      8) мыналарды:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленген заңды тұлға туралы деректерді ұсынуға тиісті.
      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпегенде;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмегенде;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) мынадай талаптарына сай келмегенде:
      мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжамды қомақты қатысуы нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамағанда;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарын талдағанда;
      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иемденетін ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмегенде;
      7) осы ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамағанда;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) қомақты қатысу болжанып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданған, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптардың сақталмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ұйымдардың капиталына сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының және 
(немесе) сақтандыру холдингінің 
елеулі түрде қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
қосымша            

Нысан

сурет орны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарының басшы қызметкерлері
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған басшы
қызметкерлер немесе кандидаттар туралы ақпарат

_____________________________________________________________________
   (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
     холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарының басшы қызметкері
    лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған басшы
                     қызметкердің немесе кандидаттың
_____________________________________________________________________
            тегі, аты, бар болса – әкесінің аты көрсетіледі
және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
    холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тағайындалатын басшы
   қызметкердің лауазымы немесе тағайындалатын кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________________
 (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
           холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның атауы)

1. Жалпы мәліметтер:

Туған жері және күні

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________
3. Жұмыс орны (орындары) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – бітірген күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

1.

5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

6. Басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкердің лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) еншілес
ұйымның жарғылық капиталына немесе заңды тұлғалардың акцияларын
иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызда)

1.

7. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі, берілген күні)

1.

8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы
қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары,
оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтініш
берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

2.

9. Еншілес ұйымның басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың)
қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (қаржы ұйымының атауын, кандидаттың аудитор-орындаушы ретінде
          аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек).
10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең (күн, ай, жыл)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін
                              көрсету керек)
12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау фактілерінің
болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және
                  міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
14. Басшы қызметкер (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға
немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) бұрын қаржы ұйымын,
банктік холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу
туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган шешім
қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде директорлар кеңесінің
бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және
оның орынбасары, бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға-ірі
қатысушысы, заңды тұлға-ірі қатысушының (банктік немесе сақтандыру
холдингінің) бірінші басшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек).
15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару
туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін
орындаудан көрсетілетін қызметті берушіні шеттету туралы деректердің
болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңі, тағайындауға
  (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және осындай
           шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
16. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының,
холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер
ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы,
                  қаралған мәселе және сот шешімі).
Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (баспа әріптерімен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты
қатысуы бар ұйымның тәуелсіз директорлығы лауазымына кандидат толтырады:
Мен, __________________________________________________________________________________
                          (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_______________________________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы»
2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес
келетіндігімді растаймын.

      Күні __________________________________________________________
      Қолы __________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі
негізінде ол белгілеген тәртіпте оның жария компания мәртебесін
кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның өтініші негізінде ол белгілеген тәртіппен одан жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы қаулысы, одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жазбаша жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мыналарды көрсете отырып, еркін түрде жасалған өтінішін:
      қоғамның атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерін (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес);
      интернет желісінде қоғамның осы домендік аты тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетілген қоғамның корпоративтік web-сайтының мекенжайын;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында қоғамның жария етілген акцияларын орналастыру туралы жариялымның көшірмесін (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі);
      3) оның тіркеушісі қоғамның көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін ұсынуы алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша жасаған қоғам акционерлерінің тізілімін;
      4) әділет органының белгісі бар енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларымен қоғам жарғысының көшірмесін;
      5) қор биржасы берген және қоғам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне өтінішін ұсынудың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша белгіленген критерийлерге қоғамның сәйкес келуін растайтын құжаттар:
      қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;
      қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушіге қоғамды жария компания деп тану үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оны ауыстыратын тұлғаның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.
      Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті беруші қоғамды жария компания деп танылуын көрсетілетін қызметті алушының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-1-бабы 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келгенде және ол Заңның 4-1-бабы 2-тармағының талаптарын сақтағанда жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-1-бабы 4-тармағында аталған жағдайлар басталғанда, қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу жөніндегі еркін нысанда жазылған өтінішімен көрсетілетін қызметті берушіге өздігінен жүгінуге құқылы.
      Жария компания критерийлеріне акционерлік қоғамның сәйкес келмеуі туралы мәліметтер расталғанда, көрсетілетін қызметті беруші қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша мына құжаттар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;
      2) тарату комиссия мүшелеріне кандидаттардың тізімі;
      3) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушыны тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, көрсетілетін қызметті алушының меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;
      4) көрсетілетін қызметті алушының, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;
      5) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушы тарату туралы шешімін қабылдаған күніне көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының тізімі;
      6) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен, көрсетілетін қызметті алушының өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде
қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына           
қосымша             

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау комитетінің  
төрағасына                        

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге көрсетілетін
қызметті берушінің рұқсатын алу туралы
өтініші

_____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
                          (өткізілген орны)
акционерлердің жалпы жиналысының ____ жылғы ___________
№ _____ хаттамасына сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
            қоғамы, оның орналасқан жерін көрсете отырып)
ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруіңізді сұрайды.
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды
ерікті қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу
құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, аталған
   өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)

                  (уәкілетті тұлғаның лауазымы)
      Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың
дұрыстығына толығымен жауапты болады.
      Қосымша: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы
                  бойынша парақтар саны көрсетіледі):

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген
                        күні мен нөмірі)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіште «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта таратуға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының ерікті қайта таратуды жүргізуге рұқсатын алу туралы өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша мына құжаттар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;
      2) тарату комиссия мүшелеріне кандидаттардың тізімі;
      3) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушыны тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, көрсетілетін қызметті алушының меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;
      4) көрсетілетін қызметті алушының, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;
      5) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушы тарату туралы шешімін қабылдаған күніне көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының тізімі;
      6) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен, көрсетілетін қызметті алушының өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде
таратуға рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына  
қосымша               

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау комитетінің  
төрағасына                        

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының ерікті түрде таратуды жүргізуге көрсетілетін қызметті
берушінің рұқсатын алу туралы өтініші

_____________________________________________________________________
             (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
                         (өткізілген орны)
акционерлердің жалпы жиналысының __________________ жылғы ___________
№ ________________________________________________ хаттамасына сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
            қоғамы, оның орналасқан жерін көрсете отырып)
ерікті қайта таратуға рұқсат беруіңізді сұрайды.
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды
ерікті қайта таратуын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу құқығы
берілген уәкілетті тұлға болып
_____________________________________________________________________
   (уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, аталған
   өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)
_____________________________________________________________________
                    (уәкілетті тұлғаның лауазымы)
табылады.
      Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың
дұрыстығына толығымен жауапты болады.
      Қосымша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы
                  бойынша парақтар саны көрсетіледі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген
                            күні мен нөмірі)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес өтінішті;
      2) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғыны бекіту туралы шешімді;
      3) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімін;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.
      Банкте және (немесе) банк холдингі болмаған жағдайда:
      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
      егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпаратты қосымша береді;
      6) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпаратты;
      8) банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялардың саны және акцияларға алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;
      9) аудиторлық ұйымның есебі және еншілес ұйым иеленетін аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілікті;
      10) еншілес ұйым иеленетін жарғылық капиталдың мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның иеленетін акцияларының саны туралы, еншілес ұйымның иелену талаптары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректерді беруі қажет;
      Осы талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;
      13) банктің және (немесе) банк холдингінің және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруының, иеленуінің қаржы салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, жоспары және банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын;
      14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды, атап айтқанда соның негізінде мынадай шарттардың бірі болғанда банкте және (немесе) банк холдингінде мүмкіндік пайда болатын құжаттар:
      банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      банктің және (немесе) банк холдингінің басқару органы немесе еншілес ұйымыны атқарушы органының құрамын кемінде жартысын дербес сайлауға мүмкіндігінің болуы;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа банктің және (немесе) банк холдингінің қаржылық есептілігіне қосқаны;
      банктің және (немесе) банк холдингінің шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігінің болуы; бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысы;
      15) банктің және (немесе) банк холдингінің болжамды еншілес ұйымдары болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, банктің міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін ұсынуға тиісті.
      Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi – банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5), 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар берілмейді.
      Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иеленуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының
(банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар табыс етілмеуі;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) мына талаптарға сәйкес келмегенде:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы болып табылған тұлға. Аталған талап көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылуы.
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) қаржылық салдарды талдамасының еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжауы;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолданған банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданыстағы ықпал етудің шектеулі шарасының және (немесе) санкцияның болуы;
      9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктің және (немесе) банк 
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
1-қосымша          

№ ___ күні ____________                                         Нысан

Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына
немесе сатып алуына, оның ішінде банктің негізгі банктің
күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды
құруға немесе сатып алуына рұқсат алуға
өтініш

_____________________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банктің көрсетілетін қызметті берушінің
_______________________________ жылғы «___» _______________ № _______
шешіміне сәйкес _____________________________________________________
                                (өткізілетін орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, тұрған жері)
      арқылы құруға немесе иеленуга рұқсат беруді сұрайды
      Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша
ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде берілуіне толығымен жауап береді. Қоса берілетін құжаттар
(жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және
бет санын көрсету керек):

      Басқарма Төрағасы
      __________________________                   __________________
                (қолы)

      Директорлар кеңесінің Төрағасы ____________________________ мөр
                                                 (қолы)

«Банктің және (немесе) банк 
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
2-қосымша          

Нысан

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттар) туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
      2. Азаматтығы _________________________________________________
      3. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________
      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________
_____________________________________________________________________
      5. Заңды мекенжайы, тұрған орны, жұмыс орнының мекенжайы,
байланыс телефоны ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Білімі (біліктілік арттыру курстарын қоса):

Түскен күні – бітірген күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

      7. Еңбек қызметі қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

      8. Заңда белгіленген тәртіппен алынбаған және өтелмеген
соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

      9. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жері

Әкімшілік жазаның түрі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабы

Шешім қабылдаған күн

      Осы ақпаратты тексергендігімді және оның анық және толық
екендігін растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
                                               (баспа әріптерімен)
Күні ________________________________________________________________
Қолы ________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе)
сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруына немесе сатып
алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының құруға рұқсат беруден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі жауабының қаулысы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысандағы рұқсат беру туралы өтiнiшті;
      2) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, еншілес ұйымның жарғысын бекіту туралы шешімдерді;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімін;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді беруі қажет.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:
      ұйымдардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері талаптарына сәйкес біріктірілген негіздегі басқарумен;
      егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бір бөлігінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
      6) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
      8) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;
      9) аудиторлық ұйымның есебін және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілікті;
      10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      11) мыналарды:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса ұсынуға тиісті.
      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдауды, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысын;
      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды болжамды құру немесе иелену нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингі міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін;
      15) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды, атап айтқанда соның негізінде мынадай шарттардың бірі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінде мүмкіндік пайда болатын құжаттар:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің басқару органы немесе еншілес ұйымыны атқарушы органының құрамын кемінде жартысын дербес сайлауға мүмкіндігінің болуы;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің қаржылық есептілігіне қосқаны;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігінің болуы; бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi - банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілмейді.
      Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иеленуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеуі;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) мынадай талаптарына сай келмегенде:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылуы.
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжалды қомақты қатысуы нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарын талдауы;
      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иемденетін ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншілес ұйымын құруына
немесе сатып алуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
қосымша           

Нысан

сурет орны

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттар) туралы ақпарат

_____________________________________________________________________
    (еншілес ұйымның басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттар
           тегі, аты, бар болса – әкесінің аты көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
және еншілес ұйымға тағайындалатын басшы қызметкердің лауазымы немесе
                 тағайындалатын кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________________
                        (еншілес ұйымның атауы)
      1. Жалпы мәліметтер:

Туған жері және күні

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________
      3. Жұмыс орны (орындары) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________
      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – бітірген күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

1.

      5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі,
қарындасы, балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі,
қарындасы, ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      6. Басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкердің лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) еншілес
ұйымның жарғылық капиталына немесе заңды тұлғалардың акцияларын
иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызда)

1.

      7. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы
қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары,
оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтініш
берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың)
қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (қаржы ұйымының атауын, кандидаттың аудитор-орындаушы ретінде
           аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек).
      10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең
(күн, ай, жыл)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

      11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа
жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету
                                 керек)
      12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау
фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның
           атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      14. Басшы қызметкер (немесе басшы қызметкер лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) бұрын қаржы
ұйымын, банктік холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып
алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы
ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
мемлекеттік орган шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын
мерзімде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы
органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, қаржы
ұйымының жеке тұлға-ірі қатысушысы, заңды тұлға-ірі қатысушының
(банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болып
табылғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету
                              керек).
      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері
қайтару туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік
міндеттерін орындаудан көрсетілетін қызметті берушіні шеттету туралы
деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңі, тағайындауға
      (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және
        осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
      16. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының,
холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер
ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (иә/жоқ сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің
             атауы, қаралған мәселе және сот шешімі).
      Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (баспа әріптерімен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның тәуелсіз директорлығы лауазымына кандидат толтырады:
Мен, ________________________________________________________________________________
                       (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_______________________________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

      Күні __________________________________________________________
      Қолы __________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған өтiнiшті;
      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру туралы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      резидент ұйымның толық атауы;
      эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
      орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы мен түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
      3) Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1)3)4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;
      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде левередж шамасы есебінің қосымшасымен, облигациялар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;
      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға біржолғы рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
      Қазақстан Республикасы резиденті ұйымы рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардан басқа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағандағы туралы ақпаратты көрсете отырып электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының    
резидент-ұйымының эмиссиялық   
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына           
қосымша             

Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу
үшін мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы туралы мәліметтер.
      3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).
      4. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген органның атауы.
      5. Аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.
      6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.
      7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі.
      9. Сәйкестендіру коды (бар болса).
      10. Шығарылым валютасы және нысаны.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).
      12. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
      13. Осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары ұсынатын құқықтары.
      14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
      15. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекенжайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
      16. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.
      17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті көрсету мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
      18. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.

      Резидент-ұйымының
      басшысы (басшының орынбасары)                            (қолы)

      Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі эмиссиялық бағалы қағаздарын шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы шет мемлекеттiң аумағында Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде мыналарды:
      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару талаптарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған өтiнiшті;
      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығару туралы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      резидент ұйымның толық атауы;
      эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
      шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгері көрсетілген қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы және оның түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
      шығарылымның болжанған көлемі және валютасы;
      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасы
резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
      3) Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1)3)4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;
      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде облигациялар шығаруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж шамасының есебі қоса берілген қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;
      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы
24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасы резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, бір мезгілде эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген       

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
      4) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
      5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер қорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні.
      Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:
      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
      3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтерді есептеу тәртібі;
      4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам;
      5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиісті.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті берушіге олар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасында көзделген құжатқа мына құжаттар қоса беріледі:
      1) бірінші басшы бекіткен ақпарат жүйелерін әзірлеу жөніндегі техникалық тапсырма;
      2) әзірлеу кезеңдерін, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және өндірістік пайдалануға енгізу тәртібін, барлық кезеңдерді құжаттауға қойылатын талаптарды анықтауды қамтыған ақпараттық жүйелерді әзірлеу, ендіру және ілеспе қызмет көрсету барысы туралы мәліметтері бар құжат;
      3) пайдаланылатын ақпараттық жүйе құрамының сипаттамасын, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйесін пайдаланушылар тізімін, олардың ақпаратқа, бағдарламалық және техникалық құралдарға қолжеткізу құқықтарын (олардың қызмет дәрежесіне және орындайтын функцияларына байланысты) қамтуы және мыналарды:
      ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың жалпы бағыттарын;
      ақпараттық жүйені қорғаудың мақсаты мен міндеттерін;
      қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне жетудің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін;
      ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындайтын қажетті талаптарды әзірлеуге жауапты көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамдарын белгілеуді;
      ақпарат жүйелерін және оларды қорғау жүйелерін құруға және олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жауапты көрсетілетін қызметті алушының бөлімшелерін анықтауды;
      табиғи зілзала, апаттар, өрт, электроэнергияның өшуі, байланыс желілерінің зақымдануы, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери қақтығыстар жататын дүлей күштер туындаған жағдайда ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік режимінің бұзылуын болдырмау шараларын;
      бағдарламалық қамтамасыз етуді және/немесе ақпараттық жүйенің деректерін рұқсатсыз өзгертуді болдырмау және ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі ішкі құжаттардың ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындауға тиісті;
      4) ақпараттық жүйелерді қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайлардың болуын растайтын құжаттар
(үй-жайды жалдау шартының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі немесе орналасқан үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат);
      5) қолжетімділікті бақылауды монтаждау жөніндегі құжаттар
(шарт, ерекше нұсқама);
      6) серверлік жабдықты жеткізу жөніндегі құжаттар (шарт, ерекше нұсқама, жабдықтарды жеткізу актісі, техникалық хаттама);
      7) компьютерлік жабдықтарды сатып алу құжаттары (шарт, қабылдау-өткізу актісі, кепілдік талоны, сәйкес келу сертификаты);
      8) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу құжаттары;
      9) бейнебақылау жүйесін монтаждау бойынша құжаттар;
      10) электрондық хабарламаларды беру және алу бойынша регламенттелген рәсімдердің болуы туралы ақпаратты қамтитын құжат.
      Осы тармақтың төртінші бөлігінде атап көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысымен бекітілген Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер қорының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарды ескере отырып беріледі.
      лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында, төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналасу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылуы;
      2) мынадай талаптар сақталмағанда:
      кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптарын:
      ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
      кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
      ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынбауы;
      4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің аталған түрiмен айналысуына тыйым салатын сот шешімі бар болуы;
      5) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің бар болуы;
      8) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге  
асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
қосымша             

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді
сұраймын.
      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      1. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері (заңды/нақты
мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, немесе бизнес
сәйкестендіру нөмірі, кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік
                          жіктегішінің коды)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс).
      2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы
мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туылған күні,
байланыс телефондарының нөмірлері);
      3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары,
қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін - толық атауы,
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық
капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), туған күні мен жылы);
      4. Төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері толық төлегенін
растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың
мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлғаларды қоспағанда);
      5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының
ұйымдастырушылық құқықтық нысанында).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр
қайсысы бойынша парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дұрыстығына толығымен жауапты болады.

      Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, көрсетілетін қызметті
алушының өтініш беруге өкілетті тұлғаның лауазымы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                (қолы)

20__ жылғы «___» _______________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен   
бекітілген       

«Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта
ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік отыз күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға қағаз жеткізгіштегі рұқсат.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы ислам арнайы қаржы компаниясының бірінші басшысы қол қойған және ислам арнайы қаржы компаниясының атауы туралы мәлімет (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес) және ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті Көрсетілетін қызметті беруші бекіткен күн көрсетілген ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш;
      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе оригинатордың жарғысында өзгеше белгіленбесе, ислам арнайы қаржы компаниясы оригинаторының директорлар кеңесі (бақылаушы кеңесі) қабылдаған оны ерікті қайта ұйымдастыруға не таратуға рұқсат беру туралы шешімнің көшірмесі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк
холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы қаулысы және көрсетілетін қызметті берушінің ресми рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысу туралы шешімі;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      5) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
      6) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала төлем мөлшері туралы ақпарат;
      7) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым акцияларының саны туралы ақпарат;
      8) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы қомақты қатысуды иемденетін заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер. Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы қомақты қатысатын жағдайларға қолданылады.
      Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резидент банкінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпегенде;
      2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегенде;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) талаптарына сай келмесе:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (банк холддингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің және (немесе) банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;
      9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ұйымның жарғылық капиталына   
банктің және (немесе) банк    
холдингінің елеулі түрде қатысуына
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына        
1-қосымша             

______ жылғы «___» ____________ № ________

Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк
холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беруге
өтініш

_____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____ жылғы «___» ______________________ № ____ көрсетілетін қызметті
берушінің шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
                            (өткізу орны)
құруына немесе иеленуге рұқсат беруіңізді сұрайды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, орналасқан орны)
      Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс
болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылып алынған
қосымша ақпарат пен құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен
тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек)
      Басқарманың төрағасы
      _____________________________________ _________________________
                    (қолы)
      Директорлар кеңесінің төрағасы
      _____________________________________
                    (қолы)

      Мөр.

«Ұйымның жарғылық капиталына   
банктің және (немесе) банк    
холдингінің елеулі түрде қатысуына
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына        
2-қосымша             

Банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуы бар
ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын
кандидаттар) туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Азаматтығы _________________________________________________
      3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері ____________________
_____________________________________________________________________
      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________
_____________________________________________________________________
      5. Заңды мекенжайы, тұрғылықты жері, жұмыс орнының
(орындарының) мекенжайы, байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):

Түскен күні - аяқтаған күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндемесі:

Еңбек ету кезеңi

Жұмыс орны

Лауазымы

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бабы

Соттың шешім қабылдаған күні

      9. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылықтары үшін
әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы

Шешім қабылданған күн

      Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі
толық екенін растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
_____________________________________________________________________
                             (баспа әріптермен)

      Күні __________________________________________________________
      Қолы __________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде
«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысы не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерiктi қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішті;
      2) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті тарату туралы шешімі;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі;
      4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесі;
      5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есеп;
      6) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есеп;
      7) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында не өкілдіктерінде құрылған бөлімшелердің тізімдері және басқа да қажетті мәліметтер.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
      2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банкті ерікті түрде таратуға
рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша           

_____ жылғы «___» __________
№ __________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына                        

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруге
ӨТІНІШХАТ

_____________________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының
________ жылғы «___» __________________ № ___________ шешіміне сәйкес
____________________________________________________________________,
                            (өткен орны)
банкін таратуға рұқсат беруді сұрайды.
      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде
қанағаттандыруға міндеттенеді.
      Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған
қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде беруге толық жауап береді.
      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары
аталған тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері
көрсетілсін): _______________________________________________________
      Банк акционерлері атынан
      уәкілетті тұлға
      _________________________                       _______________
                                                           (қолы)

      Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен    
бекітілген       

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден туралы қаулысы.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат уәкілетті органға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, көрсетілетін қызметті алушылардың бірінші басшылары не олар болмаған жағдайда олардың орнындағы адамдар оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың мөрлерімен расталады.
      2) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;
      4) көрсетілетін қызметті алушының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы, қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінде қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысатын әрбір көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері, қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге талаптары мен тәртібі қамтылады;
      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) қайта ұйымдастыруы болжанған талаптарын, тәртібін және мерзімдерін белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары);
      Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:
      қайта ұйымдастыруды жүргізудің негіздемелері;
      көрсетілетін қызметті алушылардың ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы активтеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;
      қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;
      қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.
      3) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
      Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:
      қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі талдауы;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;
      салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель құрылымы бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі өзгеру болжамы.
      Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігі 1-тармақшасындағы талаптарға сәйкес ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру жоспары;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделеді.
      Осы тармақта атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушылар) мөрімен расталған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі.
      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушылардың) осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрімен (көрсетілетін қызметті алушылар мөрлерімен) расталады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде салымшылар (алушылар) мүддесiнің бұзылуы;
      2) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы    
қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін      
қызмет стандартына         
қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына                        
___________________________________

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге
өтінішхат

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (Қордың атауы)
_____________________________________________________________________
                             (өткен орны)
Қор акционерлерінің жалпы жиналысының
______ жылғы «___» _________________ № ______________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
                (қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)
Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған
қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде беруге толық жауап береді.
      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары
аталған тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша беттері
көрсетілсін): _______________________________________________________

Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, аталған
өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме)
_____________________________________________________________________
_________________________
          (қолы)                                          мөрдің орны

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен     
бекітілген        

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге тиісінше ресімделген құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – үш ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысы.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы қол қойған, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған өтінішхатты;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушыны ерікті тарату туралы шешімі;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын құжат.
      Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, көрсетілетін қызметті алушының кастодиан банкінің және көрсетілетін қызметті алушының зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған және мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша көрсетілетін қызметті алушының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі қоса беріледі;
      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба.
      Бухгалтерлік балансына түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, Қордың кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат.
      Бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба өтінішхат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқ екендігін растайтын құжатқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қоюға және олар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының мөрімен расталуға тиіс.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы  
қорын ерікті түрде таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына       
қосымша            

нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына                        
___________________________________

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беруге
өтінішхат

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (Қордың атауы)
_____________________________________________________________________
                            (өткен орны)
Қор акционерлерінің жалпы жиналысының
_______ жылғы «___» _________________ № _____________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
                           (Қордың атауы)
Қорды ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған
қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде беруге толық жауап береді.
      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары
аталған тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша беттері
көрсетілсін): _______________________________________________________

Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты,
аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме)