Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 87 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 мамырда № 8462 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 243 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес қызметін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1620) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г. Марченко

           «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
         Қаржы министрлігі
            Министр                                    Б.Жәмішев
      2013 жылғы 28 сәуір

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2013 жылғы 29 наурыздағы 
№ 87 қаулысымен      
бекітілген         

Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Осы Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп болжанатын немесе енгізілген эмитенттердің, оның ішінде исламдық арнайы қаржы компанияларының және оригинаторлардың қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.
      2. Бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша, «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санаты (ең жоғарғы санаты) бойынша, «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингілік бағасы жоқ бірінші шағын санаттағы борыштық бағалы қағаздар» шағын санаты (ең жоғарғы санат) бойынша енгізіледі деп болжанатын немесе енгізілген эмитенттердің (исламдық арнайы қаржы компанияларын және оригинаторларды қоспағанда) қаржылық есептілігіне және қаржылық есептілігімен байланысты ақпаратқа аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттері үшін – жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын, аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген кәсіби аудиторлық ұйым қорытындысының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидент еместері үшін – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының не аудиторлық ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын қорытындысының болуы;
      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;
      4) аудиторлық ұйымның халықаралық бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық желідегі мүшелігін растайтын құжаттың (сертификаттың немесе растау-хаттың) болуы, оның мүшелері өтініш берген сәтте Дүниежүзілік Биржалар Федерациясының толық мүшесі болып табылатын кемінде бір қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің қаржылық есептіліктеріне аудит жүргізеді;
      5) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;
      6) сертификаттардың және еңбек шарттарының не лауазымға тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерімен расталған, бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы Associate Chartered Accountant (ACA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified Public Accountant (CPA) немесе Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) халықаралық сертификаттарының бірі бар кемінде үш аудитордың болуы;
      7) аудиторлық ұйымның мөрімен расталған аудиторлық есептердің көшірмелерін ұсына отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS/IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептілік стандарттарына (GAAP) сәйкес жасалған ұйымдардың қаржылық есептілігі бойынша соңғы үш жылға кемінде он бес аудиторлық есептің болуы.
      3. Бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша, «борыштық бағалы қағаздар» секторы «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингілік бағасы жоқ екінші шағын санаттағы борыштық бағалы қағаздар» шағын санаты (ең жоғарғы санаттан кейінгі) бойынша, «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторы бойынша, «исламдық бағалы қағаздар» секторы бойынша енгізіледі деп болжанатын немесе енгізілген эмитенттердің (оның ішінде арнайы қаржы компанияларының және оригинаторлардың) қаржылық есептілігіне және қаржылық есептілігімен байланысты ақпаратқа аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттері үшін – жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын, аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген кәсіби аудиторлық ұйым қорытындысының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидент еместері үшін – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының не аудиторлық ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын қорытындысының болуы;
      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;
      4) аудиторлық ұйымның халықаралық бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық желідегі мүшелігін растайтын құжаттың (сертификаттың немесе растау-хаттың) болуы, оның мүшелері өтініш берген сәтте Дүниежүзілік Биржалар Федерациясының толық мүшесі болып табылатын кемінде бір қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің қаржылық есептіліктеріне аудит жүргізеді;
      5) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;
      6) сертификаттардың және еңбек шарттарының не лауазымға тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерімен расталған, бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы Associate Chartered Accountant (ACA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified Public Accountant (CPA), Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) немесе Сertified International Professional Accountant (CIPA) халықаралық сертификаттарының бірі бар кемінде екі аудитордың болуы;
      7) аудиторлық ұйымның мөрімен расталған аудиторлық есептердің көшірмелерін ұсына отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS/IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептілік стандарттарына (GAAP) сәйкес жасалған ұйымдардың қаржылық есептілігі бойынша соңғы үш жылға кемінде он аудиторлық есептің болуы.
      4. Бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарғыдан кейінгі) санаты бойынша және қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізімінің басқа санаттары мен секторлары бойынша енгізіледі деп болжанатын немесе енгізілген эмитенттердің (арнайы қаржы компанияларын және оригинаторларды қоспағанда) қаржылық есептілігіне және қаржылық есептілігімен байланысты ақпаратқа аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттері үшін – жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын, аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген кәсіби аудиторлық ұйым қорытындысының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидент еместері үшін – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының не аудиторлық ұйым резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының жүргізілген сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарын және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексін сақтауын растайтын қорытындысының болуы;
      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;
      4) сертификаттардың және еңбек шарттарының не лауазымға тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерімен расталған, бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы Associate Chartered Accountant (ACA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified Public Accountant (CPA), Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA), Сertified International Professional Accountant (CIPA), Institute of Financial Accountants (IFA) немесе Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR IFA) халықаралық сертификаттарының бірі бар кемінде екі аудитордың болуы;
      5) аудиторлық ұйымның мөрімен расталған аудиторлық есептердің көшірмелерін ұсына отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS/IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептілік стандарттарына (GAAP) сәйкес жасалған ұйымдардың қаржылық есептілігі бойынша соңғы үш жылға кемінде он аудиторлық есептің болуы.