"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 26 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6167 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.

      3) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128; 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 08.08.2016 № 183; 26.12.2016 № 305 қаулыларымен.

       2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына 1-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
2-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
3-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына
4-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі


      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
5-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
6-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі

      1. Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) акционерлерінің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       2. Қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесімен Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша қабылданатын шешімдері Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатады.

      3. Акционерлердің жалпы жиналысымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешімдерін келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдерге қатысты тыйым салады, тыйым салудың дәлелді негіздемесі қоса ұсынылады.

      4. Уәкілетті органның келісуі туралы немесе келісуден бас тарту және тыйым салу туралы шешім жазбаша ресімделеді және оған уәкілетті органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды.

      5. Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген, қабылданған шешімдерді уәкілетті органмен келіспей Қормен жасалған мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз болып саналады.

      6. Шешімді келісу үшін Қор акционерлердің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесі отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оны уәкілетті органға, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынады:

      1) дауыс беру қорытындысы туралы хаттама;

      2) негізінде хаттама жасалған, тікелей құпия және сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер);

      3) жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығына сенімхат;

      4) хаттамаға қол қоюдан бас тартудың себептерінің жазбаша түсініктемелері;

      5) күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде Қорды жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етеді.

      8. Қор уәкілетті органның жетіспейтін құжаттар туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсынады.

      9. Уәкілетті орган Қормен соңғы құжат тапсырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде шешімді келіседі не бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, тыйым салу туралы шешім қабылдайды.

      10. Уәкілетті органның Қордың акционерлерінің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне тыйым салу туралы шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген шешім бойынша шағымдану тыйым салудың қолданылуын тоқтата тұрмайды.