Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7854 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4052 тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға бақылау жасауын анықтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4294 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 217 қаулысымен
бекітілген

Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп
заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға)
байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы
нұсқаулық

      Осы Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – ЖЗҚ туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – СҚ туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігінің критерийлерін белгілейді.

      1. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлғалар – қаржы ұйымының шешімдерін дербес не бірлесіп айқындайтын жеке және (немесе) заңды тұлға (тұлғалар), не заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен айқындайтын қаржы ұйымы;

      2) бақылаудағы заңды тұлға – шешімдерін қаржы ұйымы дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға, не шешімдерін жеке және (немесе) заңды тұлға (тұлғалар) дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын, қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға.

      2. Банктер туралы заңда, СҚ туралы заңда, ЖЗҚ туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігінің болуы мынадай жағдайларда туындайды:

      1) бір тұлғада дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның орналасқан акцияларының елу пайызынан астамына (артықшылықты немесе қоғам сатып алғанды шегере отырып) дауыс беруге не заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің елу пайызынан астамына шешімдер айқындау құқығына сенімгерлік басқару шартының болуы;

      2) бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп басшы қызметкерлері және (немесе) акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) қаржыландыратын тұлғаның (тұлғалардың) қызметкерлері болып табылатын заңды тұлғаны қаржыландыратын заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыруы;

      3) тұлғаның дербес не заңды тұлғаның шешімдерін айындайтын бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, ақысы бақылаудағы және осы қызметтерді ұсынған заңды тұлға кірістерінің кемінде жартысын құраған, бақылаудағы және (немесе) қызметтерді алушы (алушылар) болып табылатын көрсетілген тұлға (тұлғалар) алдында берешегі бар заңды тұлғадан қызметтерді алуы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде бақылаудағы заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлғалардан бақылаудағы заңды тұлғаға бақылаудың болуын не оның болмауын айқындауға қажетті ақпаратты сұратады.

      4. Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген ақпарат берілмеген жағдайда, Комитеттің сұратуын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атына сұрату жіберілген тұлға (тұлғалар) заңды тұлғаға бақылауы бар тұлға (тұлғалар) деп танылады.

      5. Комитет бақылаудағы заңды тұлғаға бір тұлға (тұлғалар) тарапынан бақылаудың болуын айқындаған жағдайда, бақылаушы тұлға (тұлғалар) Комитеттің тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Банктер туралы заңның 17-1-бабында, ЖЗҚ туралы заңның 36-1-бабында, СҚ туралы заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынады.