Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;
      2) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
      3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;
      4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;
      5) орнын өзгерту – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
      6) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
      7) РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;
      9) коньяк спирті – этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;
      10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
      11) қойма үй-жайлары – тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
      12) құрамында спирті бар тамақ өнімі – тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;
      13) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
      14) пластикалық сауыт – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;
      15) сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);
      16) сәйкестендіру – өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;
      17) стационарлық үй-жайлар – сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;
      18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;
      19) таңбалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
      20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;
      21) фирмалық мамандандырылған дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;
      22) ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;
      23) этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн
             және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
             Қазақстан Республикасының заңдары

      Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн
             және айналымын мемлекеттiк реттеу

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау;

      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау;

      3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді:

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу;

      3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;

      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5) этил спирті мен алкоголь өнімінiң (сырадан басқа) өндiрiлуiнiң ең төменгi көлемiн белгiлеу;
      6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттiк есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау;

      7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру;

      8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      9) алып тасталды

      4. Алып тасталды - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      6. Акциз ставкаларын қоспағанда, осы Заңда көзделген ерекшеліктер "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелетін биоотын өндірісіне және айналымына қолданылмайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30  N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеудi мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
      1) өзге де мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;
      2) дәм айыру комиссиясы туралы ереженi, дәм айыру қағидаларын бекiтедi;
      3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4) этил спиртін өндірудің, алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, (шарап материалдарынан және сырадан басқа) – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. алып тасталды
      4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (қолданысқа  енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi

      1. Алкоголь өнiмiне:

      1) арақтар және айрықша арақтар;

      2) ликер-арақ өнiмдерi;

      3) шарап материалы;

      4) шараптар;

      5) коньяк;

      6) бренди;

      7) сыра жатады.

      2. Арақтар мен айрықша арақтар - арақ-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнiмi болып табылады.

      3. Ликер-арақ өнiмдерi - жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, шарап материалын, жүзiм шараптарын, коньяк, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынған спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым проценттен басталатын алкоголь өнiмi болып табылады.
      Күштi ликер-арақ өнiмдерi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз проценттен басталатын ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.
      Күштiлiгi төмен ликер-арақ өнiмдерi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарымнан отыз процентке дейiнгi ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.

      4. Шарап материалы - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым процентпен аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, алкоголь өнімі болып табылады, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылады.

      5. Шарап материалдарынан өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi проценттен аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.
      6 - 12. алып тасталды

      13. Коньяк этил спиртiнiң көлемдiк үлесi қырық - қырық бес процент болатын, сәндiк және дәмдiк ерекшелiгi бар, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiнен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемiнде үш жыл сақталған алкоголь өнімі болып табылады.

      14. Бренди этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес процентке дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу проценттен аспайтын мөлшердегi шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi болып табылады.

      15. Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.
      16. алып тасталды
      17. алып тасталды
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-бапты алып тастау көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-бап. Дәм айыру комиссиясы

      1. Дәм айыру комиссиясын этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндірушілердiң қоғамдық ұйымдары құрады және ол импортталатын және өндiрiлетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) сапасына баға берудi жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Дәм айыру комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету бойынша шығындарды дәм айыруға ұсынған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн шығарушы-ұйымдар және импорттаушылар көтередi.
      4. алып тасталды
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң
              шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.

      2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекітеді.
      Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.
      3. алып тасталды

      4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады.

      5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;
      3) алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады.

      7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады.

      8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
      1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;
      2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.

      9. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-бапты 10-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау

      1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттiк тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс.

      2. Арақтарды және айрықша арақтарды таңбалау оларды әзiрлеуде пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

      3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс.

      4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс.

      5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрлерiн таңбалау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және
              олардың орын өзгертудің шарттары

      1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:
      1) сәйкестік сертификатынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;
      2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.
      2. Мыналарға:
      1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта;
      2) аралас полимер ыдыста, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiнде;
      3) лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа);
      4) есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.
      3. Алкоголь өнімін:
      1) тиісті лицензиясы болмаса;
      2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;
      3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;
      4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;
      5) РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6) РҚАО-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Бөлшек саудада:
      1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
      2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;
      3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.
      5. Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және
              импорты

      1. Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң немесе шарап материалының импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы болған кезде этил спиртінің немесе алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.
      Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.

      1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң және (немесе) шарап материалының импорты жасап шығаруға этил спиртi немесе шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
      1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.

      2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
      Алкоголь өнімін өндiруге, алкоголь өнiмін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиялардың болуы алкоголь өнімiнің экспортына құқық бередi.     

      3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.

      5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары

      1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:
      1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
      2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
      3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.
      2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.
      3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
      4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткiзу

      1. Өндiрушi алкоголь өнiмiн фирмалық арнаулы дүкендер арқылы және алкоголь өнiмдерiн сақтауға және көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар тұлғаларға өткiзуге құқылы.

      2. Импорттаушылар және алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиясы бар тұлғалар алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге арналған тиiстi лицензиясы бар тұлғаларға ғана алкоголь өнiмiн өткiзуге құқылы.     
      3. алып тасталды

      4. Екi немесе одан да кеп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр  қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткiзу жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау
                 шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.
      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң
              және айналымының көлемiн декларациялау

      1. Этил спиртiн өндiрудi, сақтауды, өткiзудi және пайдалануды, алкоголь өнiмдерiн өндiрудi, сақтауды және көтерме саудамен өткiзудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы декларацияларын тапсыруға мiндеттi.
      2. алып тасталды
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       14-бап.

      Ескерту. 14-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi
              және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):
      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;
      2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерден импорттауға, алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтауға және көтерме саудада өткізуге, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты лицензиялауға жатпайды.

      2. Лицензия иелiктен айырылмайды, яғни оны лицензиаттың басқа жеке және заңды тұлғаларға беруiне болмайды.

      3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
      Алкоголь өнiмiн импорттауға арналған лицензия осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетiлген түрлері бойынша және сыртқы экономикалық қызметтiң бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша берiледi.
      Лицензия тиісті құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.

      4. Осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмаса этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.
      Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге лицензия өндірушіге:
      алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін қойма үй-жайларда, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жерде сақтауға;
      өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге көтерме саудада өткізуге құқық береді.
      Өндiрiс аумағында алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме саудада өткiзу жөнiндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.
      5. алып тасталды

      6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.

      7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.
      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану

      1. Егер лицензия осы Заңмен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе арыз берушiге бас тарту негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiм iшiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      2. Сот бас тартудың негiзсiздiгiн не лицензияның белгiленген мерзiмде берiлмеу фактiсiн айқындай отырып, лицензиарды лицензия беруге мiндеттейтiн сот шешiмi заңды күшiне енгеннен бастап лицензиар он күн iшiнде орындауға тиiс шешiм шығарады.

      18-бап. <*>

      Ескерту. 18-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру

      1. Лицензиар этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге, спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортына арналған лицензияның қолданылуын мынадай жағдайларда:

      1) осы Заң бұзылғанда;

      2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы көлемдерiн декларациялаудың белгiленген тәртiбi бұзылғанда;

      3) лицензиардың өзiнiң құзыретiнiң шегiндегi талаптары орындалмағанда;

      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн осы Заңның 7-бабында белгiленген талаптарды бұза отырып өндiргенде;

      5) стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде немесе өткiзгенде;

      6) лицензиарға мәлiметтердi беруден бас тартқанда немесе бұрыс ақпаратты бергенде;

      7) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi үнемi төлемегенде;

      8) алкоголь өнiмiн таңбалау ережелерi бұзылғанда;

      9) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіргенде, алкоголь өнiмiн сақтағанда, көтерме және бөлшек саудада өткiзгенде;

      10) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi көлемi мен айналымы жөнiндегi декларацияларды бұрмаласа және (немесе) белгiленген мерзiмдерде табыс етпесе;

      11) лицензиат дәрменсiз болғанда;

      12) этил спиртiн өткiзу алкоголь өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзу тәртiбiн бұзғанда;

      13) шыққан жері белгiсiз алкоголь өнiмі саудада бар екені анықталса;

      14) осы Заңның 15-бабының 6-тармағы көзделген қызмет түрлерiне лицензиясы жоқ тұлғалардан этил спирті мен алкоголь өнiмiн сатып алғанда алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұру себебiн көрсете отырып тоқтата тұруға құқылы.

      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жолсыздықты құжаттамамен растау арқылы жүргiзiледi.

      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.

      4. Лицензиат келмеген жағдайда оған хабардар етілгеннен кейін, лицензияның қолданылуын тоқтата түру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.

      5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейін лицензиар лицензия күшiн қайтадан қалпына келтiредi.

      6. Лицензиат лицензияны тоқтата тұру жөнiндегi заңсыз әрекетке осы Заңға сәйкес сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 , 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-бапты алып тастау көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20-бап. Лицензиядан айыру

      Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты қызмет түрлеріне берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен
               алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын
               мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті