Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы N 264 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат):

      1025-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тауар белгілері және тауар белгілерімен белгіленген тауарлар жарнамасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 163-2-баппен толықтырылсын:

      "163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары
                  туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу

      1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 342-бап мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "6. Заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "349-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы
                заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану, -
       жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жарнаманы тарату тілдеріне қойылатын талаптарды бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 349-1-бап алып тасталсын.

      3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  кодексіне  (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22,»86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52 құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар):
       РҚАО-ның ескертуі: 1-баптың 3-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа  енгізіледі.

      1) 489-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түріндегі сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсат негізінде жүргізіледі.";

      2) 491-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      Төлемақы ставкаларын жарнама объектісі орналастырылатын алаңды және жерді негізге ала отырып:".

      4. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      14-бап алып тасталсын.

      5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат):

      14-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.".

      6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат;№N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103 құжат; 2004 ж., N 10,   56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат):

      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-7) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы  заңнамасының  сақталуын бақылауды жүзеге асырады.".

      7.»"Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы"» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат):
       РҚАО-ның ескертуі: 1-баптың 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтары 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа  енгізіледі.

      1) 2-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 2-тараудың тақырыбы "Темекі" деген сөзден кейін "және темекі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бап алып тасталсын;

      4) 5-бапта:
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы»"жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "басылмауға тиіс." деген сөздер "басылмауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) уәкілетті орган бекітетін негізгі және қосымша ескертпе жазулардың бірінен тұруға тиіс.";

      5) 8-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға және олардың сатуына;".

      8. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; N 16, 102-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;";

      "8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.";

      2) 6-бапта: 
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақтағы "азаматтарды" деген сөз "жеке тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы»"қорлайтын және мазақ ететін жарнама жосықсыз жарнама болып табылады." деген сөздер "қорлайтын және мазақ ететін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.";

      4) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртіпте өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
      Сауда (дәріханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жайма сөрелерін (терезелерін) безендіру, сыртқы және есікке ілінетін маңдайшалары мен плакаттары, ішкі безендірілуі, егер бұл безендіру осы кәсіпорында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы жарнамалық ақпаратты қамтыса, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері болып табылмайды.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.";

      6-тармақтағы "Уәкілетті орган" деген сөздер "Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 13-бапта:
      тақырып "түрлерін" деген сөзден кейін»"(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналарды:
      1) этил спиртін және алкоголь өнімін;
      2) ана сүтін алмастырушыларды;
      3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);
      4) темекі және темекі бұйымдарын;
      5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында жарнамалауға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:»
      "1-1. Географиялық көрсеткіштерді және фирмалық атауларды қоспағанда, алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      6) 14-баптың 6) тармақшасындағы "азаматтарды" деген сөз "жеке тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен
                 белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері

      1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түпнұсқа тілінде келтіріледі.
      2. Бір тауар белгісі алкоголь өнімінің, темекі және темекі
бұйымдарының атауларын қамтитын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірнеше тізбесі бойынша тіркелген жағдайда, аталған тауар белгілерін пайдалана отырып жарнаманы тарату, орналастыру кезінде жарнамаланатын тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер міндетті түрде анық айқындалуға тиіс.
      Осы тармақта көрсетілген тауар белгілерін жарнамалау кезінде тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер атауларының мөлшері:
      1) мерзімді баспа басылымдарындағы, сыртқы (көрнекі) жарнамада, көлік құралдарындағы жарнамада осы жарнама алатын жалпы көлемнің;
      2) теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламалардағы тауар белгісін бейнелейтін әрбір кадр көлемінің кемінде отыз процентін алуға тиіс.
      Теле-, радио-, бейне- және кинохроникалық бағдарламалардағы жарнаманы дыбыстық сүйемелдеу кезінде жарнамаланатын тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер анық айқындалуға тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып, жарнама тарату, орналастыру алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау деп танылады.";

      8) мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-баптармен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
      1) жарнама туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
      4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 
      1) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді;
      2) Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
      3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды; 
      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.";

      9) 20-баптың 1-тармағы»"мазмұнына" деген сөзден кейін ", тіліне" деген сөзбен толықтырылсын.

       2-бап . Осы Заңның 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын, 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті