Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;

      2) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;

      3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;

      4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;

      4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;

      5) орнын өзгерту – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;

      6) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;

      7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;

      7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;

      8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;

      9) коньяк спирті – этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;

      10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;

      11) қойма үй-жайлары – тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);

      12) құрамында спирті бар тамақ өнімі – тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;

      13) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;

      14) пластикалық сауыт – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;

      15) сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);

      16) сәйкестендіру – өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;

      17) стационарлық үй-жайлар – сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;

      18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;

      18-1) сыраны құю – сыраны тасымалдауды және сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;

      19) таңбалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

      20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;

      21) фирмалық мамандандырылған дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;

      22) ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;

      23) этил спиртi – спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.

      24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректер;

      25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-б. қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары

      Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау;

      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау;

      3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді:

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу;

      3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;

      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу;

      5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;

      6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттiк есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау;

      7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру;

      8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      9) алып тасталды

      4. Алып тасталды - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      6. Акциз ставкаларын қоспағанда, осы Заңда көзделген ерекшеліктер "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелетін биоотын өндірісіне және айналымына қолданылмайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;

      5-2) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;

      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеудi мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

      1) өзге де мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;

      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;

      4) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;

      8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. алып тасталды

      4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi

      1. Алкоголь өнiмiне:

      1) арақтар және айрықша арақтар;

      2) ликер-арақ өнiмдерi;

      3) шарап материалы;

      4) шараптар;

      5) коньяк;

      6) бренди;

      7) сыра;

      8) сыра сусыны жатады.

      2. Арақтар мен айрықша арақтар - арақ-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнiмi болып табылады.

      3. Ликер-арақ өнiмдерi - жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, шарап материалын, жүзiм шараптарын, коньяк, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынған спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым проценттен басталатын алкоголь өнiмi болып табылады.

      Күштi ликер-арақ өнiмдерi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз проценттен басталатын ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.

      Күштiлiгi төмен ликер-арақ өнiмдерi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарымнан отыз процентке дейiнгi ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.

      4. Шарап материалы - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым процентпен аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, алкоголь өнімі болып табылады, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылады.

      5. Шарап материалдарынан өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi проценттен аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.

      6 - 12. алып тасталды

      13. Коньяк этил спиртiнiң көлемдiк үлесi қырық - қырық бес процент болатын, сәндiк және дәмдiк ерекшелiгi бар, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiнен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемiнде үш жыл сақталған алкоголь өнімі болып табылады.

      14. Бренди этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес процентке дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу проценттен аспайтын мөлшердегi шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi болып табылады.

      15. Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.

      16. алып тасталды

      17. алып тасталды

      18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде пайда болған этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерін, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатын, олардың қайта өңделген өнімдерін, дәмді хош иісті заттар мен хош иістендіргіштерді қоса отырып не қоспай, этил спиртін қоспай, сырадан (кемінде дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызы) және (немесе) сыраның ашытылған сөлінен (кемінде шикізат массасының 40 пайызы) дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 10 наурыздағы № 534, 2006.12.11. № 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Дәм айыру комиссиясы

      Ескерту. 6-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.

      2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекітеді.

      Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.

      3. алып тасталды

      4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады.

      5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:

      1) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;

      2) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіруге тыйым салынады.

      3) алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады.

      7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады.

      8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

      1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;

      2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.

      9. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 Заңымен , 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11. № 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау

      1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттiк тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс.

      2. Арақтарды және айрықша арақтарды таңбалау оларды әзiрлеуде пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

      3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс.

      4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс.

      5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрлерiн таңбалау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары

      1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

      1) сәйкестік сертификатынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;

      2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.

      2. Мыналарға:

      1) қаңылтыр ыдыста (сырадан, сыра сусыны мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінен басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыра мен сыра сусынын құюды қоспағанда);

      2) аралас полимер ыдыста, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiнде;

      3) лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа);

      4) есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.

      3. Алкоголь өнімін:

      1) тиісті лицензиясы болмаса;

      2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;

      3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;

      4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

      6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

      4. Бөлшек саудада:

      1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

      2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:

      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;

      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.

      5. Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты

      1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе шарап материалының импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

      1-1. Алкоголь өнімінің импортына осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.

      Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

      1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.

      2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.

      Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.

      3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.

      5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары

      1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:

      1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабардар еткен, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;

      2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;

      3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.

      2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.

      3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.

      4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткiзу

      1. Өндіруші:

      1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;

      2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.

      2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.

      3. алып тасталды

      4. Екi немесе одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткiзу жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.03.2004 N 534, 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.

      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау

      1. Этил спиртiн өндiрудi, сақтауды, өткiзудi және пайдалануды, алкоголь өнiмдерiн өндiрудi, сақтауды және көтерме саудамен өткiзудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы декларацияларын тапсыруға мiндеттi.

      2. алып тасталды

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

14-бап.

      Ескерту. 14-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.

15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;

      2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      1-1. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.

      Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.

      Лицензия құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.

      4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.

      Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:

      алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;

      өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.

      Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.

      5. алып тасталды

      6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану

      1. Егер лицензия осы Заңмен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе арыз берушiге бас тарту негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiм iшiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      2. Сот бас тартудың негiзсiздiгiн не лицензияның белгiленген мерзiмде берiлмеу фактiсiн айқындай отырып, лицензиарды лицензия беруге мiндеттейтiн сот шешiмi заңды күшiне енгеннен бастап лицензиар он күн iшiнде орындауға тиiс шешiм шығарады.

18-бап. <*>

      Ескерту. 18-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру

      Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Лицензиядан айыру

      Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының
Президенті