Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қадағалау", "қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуға, аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
      Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғауэкологиялықөрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV, 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
      2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
      2-1) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
      2-2) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйi;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;
      6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік
               қауіпсіздік саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық
              құрылғылар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қауіпті өндірістік объектілерге:
      1) мынадай:
      тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
      жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
      жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
      тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
      уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
      теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
      ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
      жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
      теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
      ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
      қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:
      балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
      дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
      балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
      радиоактивті және ионды сәулелену көздері;
      2) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
      4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
      5) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
      8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
      9) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Қауіпті техникалық құрылғыларға:
      1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
      2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау

      1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
      1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
      2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
      3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;
      4) кәсіптік ауру;
      5) негізгі қорлардың тозуы;
      6) негізгі қорларды ауыстыру;
      7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.
      Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.
      Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
      2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.
      Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      4-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
      2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;
      3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;
      5) өнеркәсiптiк қауіпсіздікке сараптама жасау;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;
      7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.
      Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгізілді - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ақпарат

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) техникалық регламенттердi бекiтедi;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
      5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымензаңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкiлеттi орган:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      1-1) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
      3) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;
      4) қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялардың себептерін тексеруді ұйымдастырады;
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
      7) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
      8) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      9) әскерилендірілген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметіне басшылық жасайды;
      10) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу ісін жүзеге асырады;
      11) қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендірудің - объектіні ұйымдардың құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді;
      12) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
      13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен шетелдіктердің қызметін реттейді;
      14) қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар қызметті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар;
      15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      16-1) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;
      16-2) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;
      16-3) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
      17) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;
      17-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;
      17-2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;
      17-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;
      18) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;
      19) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;
      20) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;
      21) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi есепке алуды жүзеге асырады;
      22) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;
      23) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      24) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;
      26) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      27) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;
      28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      29) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;
      30) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;
      30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі міндетті декларациялануға жататын өнеркәсіп объектiлерінің электрондық тізілімін жүргізеді және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;
      31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы
              органдарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
              құзыреті

      Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      9-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
              өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті

      Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өздерінің өкілеттігі шегінде:
      1) Алынып тасталды
      2) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайларда қолда бар күшті, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау жағынан қажетті көмек көрсетеді;
      3) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 № 97-IV (2010 жылғы 1 қаңтарда бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) жерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерге берудi сараптамалық қорытынды негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келiседi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

  3-тарау. ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ

      10-бап. Жұмыскерлердiң өнеркәсіптік қауіпсіздікті
               қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

      Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
      2) ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
      4) авариялар, инциденттер себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

      11-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiге ие жеке және
               заңды тұлғалардың мiндеттерi

      Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
      5) әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;
      6) белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;
      8) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;
      9) авариялардың, инциденттердің туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
      10) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;
      11) авариялардың, инциденттердің есебiн жүргiзуге;
      12) мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;
      13) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
      14) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
      15) қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
      16) мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
      16-1) мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
      17) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      18) өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
      19) осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;
      20) жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
      21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
      22) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;
      23) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;
      24) - 26) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
      27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;
      28) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
      29) қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;
      30) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мiндеттi
                 декларациялау

      1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
      Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
      Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
      Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзiрленедi, қайта қаралады.
      3. Декларация мынадай мәлiметтердi:
      1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;
      2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
      3) қауiптi өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;
      4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;
      5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;
      6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
      7) қызметкерлердi авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;
      8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;
      9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиiс.
      4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
      5. Декларация ондағы өндiрiстiк қауiпсiздiк мәлiметтерi өзгерген немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген кезде өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш ай iшiнде нақтыланады.
      6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
      Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      7. Декларация сараптамадан өткiзiледi.
      Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол мiндеттi түрде қайтадан сараптамадан өткiзiлуге тиiс.
      8. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы декларация сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесімен бірге тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынылады.
      9. Қауiптi объектiнi декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
      10. Уәкілетті органның қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы немесе декларациялаудың қажет еместігі туралы шешімі сараптама қорытындысының түпнұсқасы қоса берілген қауіпті өндірістік объект иесінің еркін нысандағы өтініші бойынша беріледі.
      Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-2-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
                 және есептен шығару

      1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
      2. Өтініште қауіпті өндірістік объектіні есепке алу немесе есептен шығару үшін оны сәйкестендірудің негіздемелері көрсетіледі.
      3. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару иесін хабардар ете отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіндегі қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-3-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салу,
                 реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын,
                 сондай-ақ жергілікті жобаларын келісу

      1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі жобаны, сондай-ақ жергілікті жобаны келісу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бас инспекторына:
      жобаны келісуге жіберу туралы өтінішті;
      жобаның көшірмесін;
      жобаның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының тұпнұсқасын ұсынады.
      2. Жобаның, сондай-ақ жергілікті жобаның келісілгені туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн
               өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша
               кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың
               бiлiктiлiгiн арттыру

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерiне жүктеледi.
      2. Даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келiсiлуге тиiс.
      3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады.
      Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті органның комиссиясында емтихан тапсырады.
      Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор енгізіледі.
      Ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелері емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларында тапсырады.
      Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.
      Емтихан комиссияларының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторы қатысады.
      4. Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн жұмысшы персоналға оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:
      1) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың – жыл сайын;
      2) техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердің – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бiр рет;
      3) қауіпті өндірістік объектіде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың – сегіз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізбе бойынша үш жылда бір рет бiлiмдерi тексерiлуге жатады.
      6. Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды.
      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.
      8. Комиссия құрамы кемінде үш адам болуы керек.
      9. Емтихан билеттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі.
      10. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
      11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі.
      Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы – ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.
      12. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
      13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
      14. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
      15. Оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi, соның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi.
      16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшін ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін емтихан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын емтихан өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
      Мемлекеттік инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. АВАРИЯЛАРДЫ, ИНЦИДЕНТТЕРДІ ЖОЮҒА ӘЗІРЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

      13-бап. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті
               қамтамасыз ету

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:
      1) қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
      2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;
      3) авариялардың, инциденттердің салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға; 
      4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;
      5) қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      13-1-бап. Аварияларды жою жоспары

      Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
      Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
      Аварияларды жою жоспарында:
      1) жедел бөлім;
      2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
      3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.
      Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.
      Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      13-2-бап. Жаттығу дабылдары және аварияға қарсы жаттығулар

      1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
      Ұйым жаттығу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етеді.
      2. Ұйым басшысы жаттығу дабылын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
      3. Жаттығу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйымның басшысына жүктеледі.
      Ескерту. 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Авариялардың себептерін тексеру

      Ескерту. 14-бап алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  4-1-тарау. Инциденттердiң, авариялардың себептерiн тексеру
және есепке алу

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-1-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-әрекетi

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс iстемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi - инцидент) кезде:
      үш тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;
      инциденттi тексерудi жүргiзедi;
      инциденттердi болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.
      2. Авария болған кезде:
      болған авария туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;
      хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;
      аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға аталған комиссияның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық ақпаратты табыс етедi;
      комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

      14-2-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия

      1. Қауiптілігi декларациялануға тиiс объектiлердегi аварияны уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      2. Қалған аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      3. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң өкiлi кiредi.

      14-3-бап. Комиссияның құқықтары

      1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
      2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде табыс етiледi.
      3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөнiндегi комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқығы бар.

      14-4-бап. Тексерудiң мiндеттерi

      Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестердi бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.

      14-5-бап. Тексеру материалдары

      Аварияны тексеру материалдарына:
      1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
      2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:
      авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
      авария орнының эскизi;
      комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;
      сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;
      3) авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;
      4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;
      5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
      6) аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.
      Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей:
      1) декларацияланған объектiдегi авария жөнiндегi материалды - уәкiлеттi органға;
      2) қалған авариялар жөнiндегi материалдарды - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне жiбередi.
      Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары объект орналасқан жердегi сотқа жiберiлуi мүмкiн.

      14-6-бап. Тексеру қорытындылары

      1. Объект иесi аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша он күн iшiнде бұйрық шығарады.
      Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептерi туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөнiндегi шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгiленуге тиiс.
      2. Объект иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша хабарламаны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне табыс етедi.
      3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшiлiктерiнен болса, қауiптi объект иесi оны әзiрлеушiге рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

      14-7-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi
                 шығыстар

      Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтередi.

      4-2-тарау. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) сынауға және қолдануға рұқсат беру

      Ескерту. 4-2-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 4-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен.

      14-8-бап. Қайта жасалған техникалық құрылғыларға,
                материалдарға қабылдау сынақтарын жүргiзу

      Ескерту. 14-8-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-9-бап. Техникалық құрылғыларды, материалдарды
                 дайындауға рұқсат беру

      Ескерту. 14-9-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,
                  материалдарды қолдануға рұқсат беру

      1. Өтініш беруші технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар элекрондық құжат нысанындағы өтiнiшті;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін береді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтiнiшті;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындыны береді.
      2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi.
      3. Пайдалану процесiнде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда оларға берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.
      4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген және керi қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкiлеттi орган мерзiмдiк баспасөзде жариялайды немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
      7. Техникалық құрылғылар құрамына кіретін ілмектерді, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.
      Ескерту. 14-10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-11-бап. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш
                  материалдарды қолдануға рұқсат беру

      1. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:
      1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормаларға сәйкес келуiне бақылау сынақтарын;
      2) өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;
      3) өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.
      2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сараптама ұйымының және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуге тиiс.
      3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтініш ұсынады.
      Ескерту. 14-11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      14-12-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасауға:
      1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.
      Жобалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда мiндеттi түрде қайта сараптама жүргiзiлуге тиiс;
      2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
      3) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;
      4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі;
      5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге арналған аттестатты алған кезде ұйымдар;
      6) қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім қабылдау және оларға жер бөлуді келісу үшін қажет жоба алдындағы шешімдер жатады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтініш беруші ұйымға тәуелсіз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу нәтижесi болып табылады.
      Ескерту. 14-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-13-бап. Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында
                  жұмыстар жүргiзуге аттестаттау

      1. Ұйымдар:
      1) - 2) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;
      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) - 6) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
      7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;
      8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      9) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталуға тиiс.
      1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды өтініш беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдар жүргізуге тиіс.
      2. Аттестаттау үшiн ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өнеркәсiп саласын және жүзеге асырылатын қызметтiң түрiн көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
      2) ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
      3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      4. Уәкiлеттi орган қарау нәтижесi бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмде берiледi.
      6. Аттестатты беруден мына себептер бойынша:
      1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;
      2) ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкiн.
      Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
      7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
      Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
      Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Аттестаттың қолданылуы:
      1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынған;
      2) оның қолданылу мерзімі біткен;
      3) заңды тұлға таратылған;
      4) аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.
      8. Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті орган берілген және өзінің қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
      Ескерту. 14-13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы
               мемлекеттiк қадағалау

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.
      1-1. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан, омырауға тағатын белгі және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-1-бап. Мемлекеттік инспектордың құқықтары

      Мемлекеттік инспектордың:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-2-бап. Мемлекеттік инспектордың міндеттері

      Мемлекеттік инспектор:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
      Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-3-бап. Мемлекеттік инспектордың актілері

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
      1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
      4) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
      2. Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
      3. Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
      Ескерту. 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-4-бап. Мемлекеттік инспектордың әлеуметтік
                 қамсыздандырылуы

      Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-4-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

      15-5-бап. Мемлекеттік инспектордың қызметтік міндеттерін
                 орындауына кедергі жасау

      Мемлекеттік инспектордың өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оған кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 15-5-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-6-бап. Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің
                 тәуекел дәрежесіне қарай жүзеге асыру

      1. Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады.
      2. Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
      3. Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      4. Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады.
      Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. Заң 15-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      16-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
               өндірістік бақылау

      1. Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
      3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
      Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
      Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.

      17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік
               қауіпсіздік саласындағы заңдарын бұзғаны
               үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 
2002 жылғы 3 сәуірдегі    
Қазақстан Республикасының Заңына 
қосымша            

Объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі

      Ескерту. Заң қосымшамен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209, жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

      1. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Жк= n / N, мұндағы:
      n – қауіпті объектіде бір жыл ішінде болған жазатайым оқиғалардың саны;
      N – қауіпті объектіде қызмет көрсететін персоналдың бір жыл ішіндегі орташа тізімдік саны.
      2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n1 / N, мұндағы:
      n1 – бір жылда жол берілген барлық жазатайым оқиғалар бойынша зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны.
      3. Өлімге әкеп соққан жарақаттанудың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Өк = n2 / N, мұндағы:
      n2 – өлімге әкеп соққан жағдайлардың бір жыл ішіндегі саны (жазатайым оқиғадан кейінгі бір жыл ішінде зардап шеккендердің өлімін есепке алғанда).
      4. Кәсіптік ауру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n3 / N, мұндағы:
      n3 – есепті жыл ішінде алғаш рет кәсіптік ауруы анықталған қызметкерлердің саны.
      5. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Тк = n4 (10хn5), мұндағы:
      n4 – жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылар саны.
      n5 – жыл қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
      6. Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Нк = 0,1 - n6/(10хn4), мұндағы:
      n6 - белгіленген пайдалану мерзімі өткен және есепті жыл ішінде ауыстырылған техникалық құрылғылар саны.
      Егер жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылардың саны нөлге тең болса, Нк нөлге тең болады.
      7. Қауіпті өндірістік объектінің авариялылық коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n7/10, мұндағы:
      n7 – ағымдағы жылда объектіде болған авариялардың саны.
      8. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
      Қд = Жк + Ак + Өк + Ак + Тк + Нк + Ак.