Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1351 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңына сәйкес қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды, қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды және қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды, қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды және қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
          3. Шешім аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жариялансын.

      Щучье аудандық мәслихаттың ХХІ сессиясының төрағасы

      Щучье аудандық мәслихатының хатшысы

Щучье аудандық мәслихатының
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
"Азаматтардың қайтыс болған
жекелеген тобын жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы"
С-21/3 шешіміне
1 қосымша

Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 258.51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер"» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
      2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы"» Заңы осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Егер қайтыс болған адам сол күнге дейін еңбекпен қамтамасыз ету органында келген болса немесе (ерекше жағдайларда жұмыссыз азаматтар тіркелмесе де) аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге қаржылай әлеуметтік көмек көрсетеді.
      4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
      5. Ереже Қазақстан Республикасының»"Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.

2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құқығы бар адам құжаттарымен бірге тапсырады.
      7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін құжаттар олары тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
      8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде комиссия арыз иесіне жазбаша хабарлауы керек.
      9.  Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
      10. Комиссия шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

3. Керекті құжаттар тізбесі

      11. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға құқық беретін құжаттар:
      1) АХАЖ органдары беретін анықтама;
      2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
      3) жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті орган анықтамасы;
      4) туыстық қатынастарын анықтайтын құжат;
      5) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық шаруашылықтың анықтамасы;
      6) арыз берушінің жеке куәлігі, салық төлеушінің тіркеу номері.
      12. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі.
      13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.

4. Әлеуметтік көмек мөлшері

      14. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік көмек осы жылға арналған "Республикалық Бюджет туралы" Заңда белгіленгендей  он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
      15. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.

5. Әлеуметтік көмек төлемі

      16. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      17. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Щучье аудандық мәслихатының
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
"Азаматтардың қайтыс болған
жекелеген тобын жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы"
С-21/3 шешіміне
2 қосымша

Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 258.51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
      2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңы осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек берілуі немесе одан бас тарту туралы шешім арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия отырысында қаралады
      4. Егер қайтыс болған адам сол күнге дейін қандайда болмасын меншіктегі кәсіпорында еңбек етсе аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге қаржылай әлеуметтік көмек көрсетеді.
      5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
      6. Ереже Қазақстан Республикасының»"Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.

2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құқығы бар адам құжаттарымен бірге тапсырады.
      8. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін құжаттар олары тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
      9. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде комиссия арыз иесіне жазбаша хабарлауы керек.
      10. Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
      11. Комиссия шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

3. Керекті құжаттар тізбесі

      12. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға құқық беретін құжаттар:
      1) АХАЖ органдары беретін анықтама;
      2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
      3) еңбек қатынастарын растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек келісім-шарты);
      4) туыстық қатынастарын анықтайтын құжат;
      5) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық     шаруашылықтың анықтамасы;
      6) арыз берушінің жеке куәлігі, салық төлеушінің тіркеу номері.
      13. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі.
      14. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.

4. Әлеуметтік көмек мөлшері

      15. Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарға әлеуметтік көмек осы жылға арналған "Республикалық Бюджет туралы" Заңда белгіленгендей бес айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
      16. Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарға әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.

5. Әлеуметтік көмек төлемі

      17. Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарға жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      18. Қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарға жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Щучье аудандық мәслихатының
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
"Азаматтардың қайтыс болған
жекелеген тобын жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы"
С-21/3 шешіміне
3 қосымша

Қайтыс болған баланы жерлеуге
әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 258.51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
      2.»Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңы осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетеді.
      4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасап, өлгені жайлы анықтаманы аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
      5. Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.

2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызды көмек алуға құқығы бар адам құжаттарымен бірге тапсырады.
      7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін құжаттар олары тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
      8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде комиссия арыз иесіне жазбаша хабарлауы керек.
      9.  Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
      10. Комиссия шешімі сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

3. Керекті құжаттар тізбесі

      11. Қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындауға құқық беретін құжаттар:
      1) АХАЖ органдары беретін анықтама;
      2) қайтыс болғаны туралы куәлік;
      3) туыстық қатынастарын анықтайтын құжат;
      4) қайтыс болған адамды жерлеумен айналысқан адамға берілген қалалық коммуналдық шаруашылықтың анықтамасы;
      5) арыз берушінің жеке куәлігі, салық төлеушінің тіркеу номері.
      12. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқада және көшірмеде беріледі.
      13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.

4. Әлеуметтік көмек мөлшері

      15. Қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек осы жылға арналған "Республикалық Бюджет туралы" Заңда белгіленгендей бес айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
      16. Қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты ай ішінде арыз берілген жағдайда төленеді.

5. Әлеуметтік көмек төлемі

      17. Қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      18. Қайтыс болған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.