Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қадағалау", "қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
       Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясы мен ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

      2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;

      2-1) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;

      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардан және аталған авариялардың салдарларынан қорғалуының жай-күйi;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік
             қауіпсіздік саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге мынадай:
      1) тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градус құрайтын заттар;
      2) жарылғыш - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерi кезiнде жылу бөлiп, газ құрап, өз-өзiнен жылдам тарайтын химиялық өзгерiстерге ұшырай алатын заттар;
      3) жанғыш - өздiгiнен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзiнен от алып, оны алып тастағаннан кейiн өздiгiнен жанатын заттар;
      4) тотықтандырғыш - жануға көмектесетiн, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiрудiң экзотермиялық реакциясы нәтижесiнде басқа заттардың тұтануына себеп болатын заттар;
      5) уытты - тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар заттар:
      асқазанға енгiзiлген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейiн келетiн өлтiретiн орташа доза;
      терiге енгiзген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейiн келетiн өлтiретiн орташа доза;
      ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейiн келетiн мөлшердегi;
      6) жоғары уытты - тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар заттар:
      асқазанға енгiзiлген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда кемiнде 15 миллиграмнан келетiн өлтiретiн орташа доза;
      терiге енгiзген кезде бiр килограмм салмаққа қоса алғанда кемiнде 50 миллиграмнан келетiн өлтiретiн орташа доза;
      ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге қоса алғанда кемiнде 0,5 миллиграмнан келетiн мөлшердегi;
      7) қоршаған табиғи орта үшiн қауiп тудыратын заттар, соның iшiнде су ортасында мынадай өте уытты көрсеткiштермен сипатталатын заттар:
      балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында орташа өлiмге әкеп соғатын мөлшерге литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;
      дафнииге қырық сегiз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;
      балдырларға жетпiс екi сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтiн шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын қауiптi заттардың бiрi өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектiлер жатады.
      2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге сонымен қатар мынадай:
      1) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе судың қайнау температурасы кезiнде 115 Цельсий градусынан жоғары температурада жұмыс iстейтiн техникалық құрылғы;
      2) қара және түстi металдардың балқымалары және осы балқымалардың негiзiндегi қорытпалар;
      3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау (соның iшiнде теңiз шельфтерi мен iшкi тоғандарындағы), жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру және байыту жөнiндегi жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар;
      4) құрамында адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiптi заттары бар өндiрiс қалдықтары;
      5) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер;
      6) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлерi;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық ғимараттары;
      8) радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi;
      9) қару-жарақ пен олардың оқ-дәрiлерiн әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сақтау және кәдеге жарату жатады.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

       4-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
      2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;
      3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
      4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау;
      5) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жасау;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;
      7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық   регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс. P090041 , P090049 , P090109 , P090248 , P090259
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 , өзгерту енгізілді - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       5-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ақпарат

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;
      3) техникалық регламенттердi бекiтедi;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

       7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

       Уәкiлеттi орган :
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      1-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;
      4) қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялардың себептерін тексеруді ұйымдастырады ;
      5) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26  N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен)
      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
      7) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерін оқытуды ұйымдастырады;
      8) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26  N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен)
      9) әскерилендірілген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметіне басшылық жасайды;
      10) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу ісін жүзеге асырады;
      11) қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендірудің - объектіні ұйымдардың құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызудың негізгі талаптарын белгілейді;
      12) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды;
      13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік ұйымдар мен шетелдіктердің қызметін реттейді;
      14) қауіпті өндірістік объектіде сөзсіз аварияға ұрындыру қаупі бар қызметті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар;
      15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      16-1) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;
      16-2) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;
      16-3) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
      17) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;
      17-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;
      17-2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;
      18) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;
      19) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға, дайындауға рұқсаттар бередi;
      20) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;
      21) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi есепке алуды жүзеге асырады;
      22) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;
      23) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      24) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26  N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен)
      25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;
      26) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26  N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен)
      27) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi.
       РҚАО-ның ескертуі!
      7-бап 28) тармақшамен 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.

       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2006.12.29 N 209 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       8-бап. <*>

      Ескерту. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      9-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
             өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреті

      Жергілікті мемлекеттік басқару органдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өздерінің өкілеттігі шегінде:
      1) алып тасталды
      2) қауіпті өндірістік объектілерді авариялар болған жағдайларда қолда бар күшті, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау жағынан қажетті көмек көрсетеді;
       РҚАО-ның ескертуі!
      9-бап 3) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      3) қауiптi өндiрiс объектiлерiндегi авариялардың алдын алу және жою жөнiндегi шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабардар етедi;
      4) жерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерге берудi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiмен келiседi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 , 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

  3-тарау. ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ

      10-бап. Жұмыскерлердiң өнеркәсіптік қауіпсіздікті
              қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

      Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
      2) ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
      4) авариялар себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

       11-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiге ие жеке және
              заңды тұлғалардың мiндеттерi

      Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      4) нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
      5) әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;
      6) белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;
      7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;
      8) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;
      9) авариялардың туындау себептерiне талдау жүргiзуге, авариялардың және олардың зардаптарының алдын алуға, оларды жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
      10) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi авариялар туралы дереу хабардар етуге;
      11) авариялардың есебiн жүргiзуге;
      12) мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;
      13) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
      14) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне авариялар, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
      15) қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға ;
      16) мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
      17) тексерудiң тағайындалғаны туралы құжатты және қызметтiк куәлiктi көрсеткен кезде осы Заңмен жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк инспекторды қауiптi өндiрiстiк объектiлерге кедергiсiз кiргiзуге;
      18) өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
      19) осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға ;
      20) жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
      21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
      22) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;
      23) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;
      24) аварияның зардаптарын оқшаулау және оларды жою үшiн материалдық резервтер мен қаржы ресурстарының болуы;
      25) жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария болған жағдайда қорғану және әрекет ету әдiстерiн оқытуға;
      26) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария болған жағдайда бақылау, хабарлау, байланыс және iс-әрекеттi қолдау жүйелерiн жасауға және олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      27) қауiптi заттардың өнеркәсiптiк объектiде болуы осы Заңның қосымшасына сәйкес декларациялану үшiн негiз болып табылатын, олардың тасымалданатыны туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне үш тәулiк бұрын хабарлауға;
      28) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
      29) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң құрылысына, оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға, жоюға (соның iшiнде таратуға) арналған жобаларды уәкiлеттi органмен келiсуге;
      30) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде уәкiлеттi орган өкiлiнiң қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      11-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мiндеттi
                декларациялау

      1. Мiндеттi декларациялануға осы Заңның қосымшасына сәйкес қауiптi заттар әзiрленетiн, өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектiлер, қара және түстi металл қорытпалары мен осы қорытпалар негiзiндегi балқымалары, кен, геологиялық барлау, бұрғылау (оның iшiнде теңiз шельфтерi мен iшкi су қоймаларында), пайдалы қазбаларды игеру және байыту жөнiндегi жарылыс жұмыстары, жер асты жағдайындағы жұмыстар, радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық құрылыстары, қару-жарақ және оқ-дәрiлер жатады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзiрленедi, қайта қаралады.
      3. Декларация мынадай мәлiметтердi:
      1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;
      2) қауiптi әсер ету факторларын (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
      3) қауiптi факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;
      4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;
      5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;
      6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
      7) қызметкерлердi авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;
      8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;
      9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиiс.
      4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
      Декларацияны әзiрлеу ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Декларация ондағы өндiрiстiк қауiпсiздiк мәлiметтерi өзгерген немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген кезде өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш ай iшiнде нақтыланады.
      6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.
      Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      7. Декларация сараптамадан өткiзiледi.
      Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол мiндеттi түрде қайтадан сараптамадан өткiзiлуге тиiс.
      8. Декларация екi данада сараптама қорытындысымен бiрге жоба құрамында немесе жеке құжатпен уәкiлеттi органға тiркеу үшiн ұсынылады. Бiр данасы уәкiлеттi органда, бiр данасы қауiптi объектiнi пайдаланушы ұйымда сақталады.
      9. Қауiптi объектiнi декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 , өзгерту енгізілді - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       12-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн
              өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша
              кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың
              бiлiктiлiгiн арттыру

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерiне жүктеледi.
      2. Даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiлуге тиiс.
      3. Емтихан комиссиясын:
      жоғары және орта білімнен кейінгі бiлiмi бар мамандар үшiн - уәкiлеттi органның өкiлi;
      жұмысшы мамандықтары үшiн - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi басқарады.
      4. Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және оны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi бекiтуге тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыспен қамтылған барлық адамдардың бiлiмi тексерiлуге тиiс.
      6. Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды, ол уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiледi.
      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аккредиттеген оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.
      8. Комиссия құрамы үш адамнан артық болуы керек.
      9. Емтихан билеттерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      10. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
      11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлiк берiледi.
      12. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
      13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
      14. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
      15. Оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi, соның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. АВАРИЯЛАРДЫ ЖОЮҒА ӘЗІРЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       13-бап. Аварияларды жоюға әзірлікті қамтамасыз ету

      Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:
      1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
      2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, олардың салдарын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;
      3) авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;
      4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;
      5) қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

      13-1-бап. Аварияларды жою жоспары

      Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
      Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
      Аварияларды жою жоспарында:
      1) жедел бөлім;
      2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
      3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.
      Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.
      Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы
                 жаттығулар

      Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша жүргізіледі.
      Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді.
      Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.
      Ескерту. 13-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       14-бап. Авариялардың себептерін тексеру

      Ескерту. 14-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  4-1-тарау. Инциденттердiң, авариялардың себептерiн тексеру
және есепке алу

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-1-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-әрекетi

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс iстемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi - инцидент) кезде:
      үш тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;
      инциденттi тексерудi жүргiзедi;
      инциденттердi болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.
      2. Авария болған кезде:
      болған авария туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;
      хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;
      аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға аталған комиссияның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық ақпаратты табыс етедi;
      комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

      14-2-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия

      1. Қауiптілігi декларациялануға тиiс объектiлердегi аварияны уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      2. Қалған аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      3. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң өкiлi кiредi.

      14-3-бап. Комиссияның құқықтары

      1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
      2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде табыс етiледi.
      3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөнiндегi комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқығы бар.

      14-4-бап. Тексерудiң мiндеттерi

      Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестердi бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.

      14-5-бап. Тексеру материалдары

      Аварияны тексеру материалдарына:
      1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
      2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:
      авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
      авария орнының эскизi;
      комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;
      сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;
      3) авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;
      4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;
      5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
      6) аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.
      Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей:
      1) декларацияланған объектiдегi авария жөнiндегi материалды - уәкiлеттi органға;
      2) қалған авариялар жөнiндегi материалдарды - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне жiбередi.
      Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары объект орналасқан жердегi сотқа жiберiлуi мүмкiн.

      14-6-бап. Тексеру қорытындылары

      1. Объект иесi аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша он күн iшiнде бұйрық шығарады.
      Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептерi туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөнiндегi шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгiленуге тиiс.
      2. Объект иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша хабарламаны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне табыс етедi.
      3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшiлiктерiнен болса, қауiптi объект иесi оны әзiрлеушiге рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

      14-7-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi
                шығыстар

      Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтередi.

      4-2-тарау. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру

      Ескерту. 4-2-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      14-8-бап. Қайта жасалған техникалық құрылғыларға,
                материалдарға қабылдау сынақтарын жүргiзу

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын қайта құрылған, оның iшiнде шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне қабылдау сынақтарына жатады.
      Қабылдау сынақтарын уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымдар жүргiзедi.
      2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк  үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсатты уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi бередi.
      3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн аттестатталған ұйым уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды:
      1) сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;
      2) сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн ұсынады.
      4. Тәжiрибелiк үлгiлерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуге тиiс.
      5. Уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтардың көлемi мен оны жүргiзу тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.
      6. Шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылар, материалдар үшiн үлгiлерге қабылдау сынақтарын жеткiзушi елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      7. Қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi туралы акт, кемшiлiктерiнiң болуы немесе болмауы, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.

      14-9-бап. Техникалық құрылғыларды, материалдарды
                дайындауға рұқсат беру

      1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар iлеспе хатты;
      2) дайындаушының сериялық өндiру кезiнде өнiмнiң қауiпсiздiк көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкiндiгiн растайтын сараптамалық қорытындыны ұсынады.
      2. Уәкiлеттi орган құжаттарды алған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзiм iшiнде ұсынылған материалдарды қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды. Толық емес деректер ұсынылған жағдайда өтiнiш берушiден қосымша мәлiметтер сұратылады. Бұл жағдайда қарау мерзiмi олардың келiп түскен уақытынан бастап есептеледi.
      Уәкiлеттi орган қарау нәтижелерi бойынша техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында дайындауға рұқсат бередi.
      3. Ұсынылған өтiнiм өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтiнiш берушiге негiзделген бас тарту берiледi.

      14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,
                 материалдарды қолдануға рұқсат беру

      1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қолдануға рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың мақсаты мен қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар iлеспе хатты;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады.
      2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi.
      3. Пайдалану процесiнде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда оларға берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.
      4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген және керi қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкiлеттi орган мерзiмдiк баспасөзде жариялайды немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
      Ескерту. 14-10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       14-11-бап. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш
                 материалдарды қолдануға рұқсат беру

      1. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:
      1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормаларға сәйкес келуiне бақылау сынақтарын;
      2) өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;
      3) өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.
      2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сараптама ұйымының және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуге тиiс.
      3. Өтiнiм берушi рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) тәжiрибелiк партияны сынау актiсiн;
      2) жарылғыш материалдардың сәйкестiк сертификатын ұсынады.

      14-12-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасауға:
      1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.
      Жобалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда мiндеттi түрде қайта сараптама жүргiзiлуге тиiс;
      2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
      3) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;
      4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйi жатады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу нәтижесi болып табылады.

      14-13-бап. Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында
                 жұмыстар жүргiзуге аттестаттау

      1. Ұйымдар:
      1) декларацияланатын объектiлерде жұмыстар жүргiзу;
      2) техникалық құрылғылардың, технологиялардың және материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттар беру;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;
      4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргiзу;
      5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзу;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
      7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;
      8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру құқығына аттестатталуға тиiс.
      2. Аттестаттау үшiн ұйым мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiштi;
      2) ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      4) ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптама қорытындысын табыс етедi.
      3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
      4. Уәкiлеттi орган қарау нәтижесi бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмде берiледi.
      6. Аттестатты беруден мына себептер бойынша:
      1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;
      2) ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкiн.
      Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
      7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
      Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
      Аттестат сот тәртібімен:
      1) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған;
      2) аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;
      3) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш берген;
      4) қолдану мерзімі аяқталған жағдайда кері қайтарылады.
      8. Аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды.
      Уәкілетті орган берілген және кері қайтарылып алынған аттестаттардың тізбесін жүргізеді.
      Ескерту. 14-13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

  5-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы
              мемлекеттiк бақылау

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы мақсатында уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi басшыларының орынбасарлары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
      2. Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       15-1-бап. Мемлекеттік инспектордың құқықтары

      Мемлекеттік инспектордың:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       15-2-бап. Мемлекеттік инспектордың міндеттері

      Мемлекеттік инспектор:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге асыруға;
      2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
      Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-3-бап. Мемлекеттік инспектордың актілері

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
      1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
      4) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
      2. Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
      3. Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
      Ескерту. 15-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-4-бап. Мемлекеттік инспектордың әлеуметтік
                 қамсыздандырылуы

      Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-5-бап. Мемлекеттік инспектордың қызметтік міндеттерін
                 орындауына кедергі жасау

      Мемлекеттік инспектордың өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оған кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 15-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
              өндірістік бақылау

      1. Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін кеміту мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
      3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
      Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
      Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік
              қауіпсіздік саласындағы заңдарын бұзғаны
              үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

                                 "Қауіпті өндірістік объектілердегі
                                   өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы"
                                       2002 жылғы 3 сәуірдегі
                                   Қазақстан Республикасының Заңына
                                              қосымша

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

Олардың өнеркәсіптік объектіде болуы декларациялау
үшін негіз болып табылатын қауіпті заттардың шекті
                       сандары

Қауіпті зат атауы

Қауіпті заттың шекті саны (т)

  Аммиак

10

  Аммоний нитраты (аммоний нитраты немесе олардың құрамында салмағы бойынша аммоний нитратынан азоттың болуы 28 % артық болатын аммоний қоспалары, сондай-ақ ондағы аммоний нитратының шоғыры салмағының 90 % асатын аммоний нитратының сулы ерітінділері)

1250

  Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ олардың құрамында аммоний нитратының болуы салмағынан 28% артық болатын күрделі тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен және (немесе) калиймен бірге келеді))

5000

  Акрилонитрил

200

  Хлор

10

  Этилен оксиді

50

  Цианды сутек

20

  Фтор сутегі

50

  Күкірт сутегі

50

  Күкірт диоксиді

200

  Күкірт үшоксиді

75

  Қорғасын алкилдері

50

  Фосген

0,75

  Метилизоцианат

0,15

  Хлорпикрин

0,55

  Бромметил

15

  Металлил хлориді

20

  Тұз қышқылы

40

  Азот қышқылы

25

  Тұтанғыш заттар

200

  Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында бар жанғыш сұйықтықтар

2500

  Технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральды құбыржолы бойынша тасымалданатын жанғыш сұйықтықтар

200

  Тотыққыш заттар

200

  Жарылғыш заттар

25

  Уытты заттар

200

  Уыттылығы жоғары заттар

20

  Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар

200

      Егер қауіпті өндірістік объектілер арасындағы қашықтық 500 метрден кем болса, қауіпті заттың жиынтық саны есептеледі.
      Егер бірдей санатты қауіпті заттардың бірнеше түрі қолданылса, онда олардың жиынтық шекті саны мына шартпен анықталады:
      n
            {E[m(i)]/[M(i)]} > 1
      i=1
      мұнда m (i) - қолданылатын зат саны, M (i) - осы тiзбеге сәйкес барлық i үшiн 1-ден n-ге дейiн сол заттың шектi саны.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті