Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген |
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;
ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін;
кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу), сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізіледі және жобаларға немесе экологиялық сараптаманы, жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасында (салалық сараптаманы) қамтиды;
Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылады.
5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама міндетті болып табылмайды және тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізіледі.
6. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
8. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлігі болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында айқындалған тәртіпте аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Объектілерді салуға арналған ТЭН-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама олар бекітілгенге дейін жүргізіледі.
Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және бекіту үшін ұсынымдары бар оң қорытынды алмаған құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.
2-тарау. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі
1 параграф. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттері
10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда:
қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:
1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;
2) санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ құрылыс нормаларды және қағидаларды шетел мемлекеттердің стандарттарын, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан, халықаралық және аймақтық ұйымдардың объектілері бойынша.
3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;
5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;
6) ЖСҚ көзделген құрылыс объектілері (ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендердің, коммуникациялардың) көлемдерінің негізділігін және орындылығы;
7) "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12527 болып тіркелген) және Заңның 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар жөніндегі нормативтік құжатына (бұдан әрі – Нормативтік құжат) сәйкес көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;
8) халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі;
9) жоспарланған қызметтің халықтың денсаулығына әсер етуінің толықтығы мен дұрыстығын анықтау;
10) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 01.10.2024 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларының құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын жобалау шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.
Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 параграф. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау
13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:
1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға;
2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшаға;
3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшаға;
4) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға;
5) құрылысты ұйымдастыру бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылысқа арналған объектілер жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалар осы Қағидаларға 4-2-қосымшаға сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбелеріне сәйкес келеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Жобаның ұсынылатын материалдарына:
1) ЖСҚ-ны әзірлеушінің жобалау қызметінің тиісті түрлері мен санаттарына құқық беретін лицензиясының көшірмелері;
2) құрылыс жобасын әзірлеуге және жекелеген жобалау шешімдерін қабылдауға негіз болған ресми бастапқы құжаттар, сондай-ақ жобаны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтердің заңнамасында көзделген міндетті келісулердің болуы туралы құжаттар қоса беріледі.
15. Құрылыс жобаларының құрамы мен мазмұны Заңның 60-бабы 4-тармағының және 63-бабы 1-тармағының ережелерімен айқындалады.
16. "Бір терезе" қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құрылыс жобаларын қоспағанда, бастапқы құжаттармен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай портал арқылы (бұдан әрі – Портал) ғана жүргізіледі:
Портал:
1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;
2) құрылыс жобаларын әзірлеушілер;
3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары, ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы үшін бірден-бір алаң болып табылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі - ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымына қағаз тасығышта ұсынылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мемлекеттік және (немесе) аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асырған кезде құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, барлық рәсімдер мен операцияларды Порталмен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының және сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.
Ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптаманы барлық рәсімдер мен операцияларды құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі, Портал арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Мемлекеттік сараптама ұйымы өз ақпараттық жүйесінің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.
Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігі өзінің сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды. Сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторы ақпараттық жүйенің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдаланылуын және дамуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы осы Қағидаларға 2, 3, 4, 4-1, 4-2-қосымшаларға сәйкес құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттама (материалдар) тізбелеріне сәйкестігіне көрсетілген материалдар сараптама ұйымында тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеріледі.
5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін жобаның және бастапқы құжаттардың толық жинақталмағаны немесе олардың құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместігі анықталған кезде тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы құжаттарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес жобаға және (немесе) бастапқы құжаттарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту және оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1 Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларында әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнын ұсыну қажет.
Тапсырыс берушілер құрылыстың есептік шекті құнын ұсынбаған кезде, жобалау-сметалық құжаттама қараусыз қайтарылады.
Құрылыстың есептік шекті құны Порталда құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қаражаттың лимиті болып табылады.
Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Сараптама ұйымының құрылыс жобасын (оған қоса берілген бастапқы құжаттарды ескере отырып) олардың талап етілген жинақтылығы мен құрамы расталғаннан кейін қарауға қабылдауы, сондай-ақ сараптамалық жұмыстардың құнын, сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын белгілеуі тапсырыс берушімен ұсынылған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шартты жасасуға негіз болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамасын енгізу құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау үшін негізі болып табылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық-цифрлық нысанда (электрондық шарт), тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбалармен қол қою арқылы жасалады.
Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге мемлекеттік сараптама ұйымдарымен жасалған шарттар қағаз тасығышта ұсынылады.
Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасалады.
Мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған электрондық шарт жариялы болып табылады және мемлекеттік сараптама ұйымы мен тапсырыс берушілер арасында жасалады.
Шарттар ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілерін салуға арналған тиісті ЖСҚ-ға, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тараудың 6 және 7-параграфтарында, сондай-ақ 3-тарауда көзделген концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынатын концессиондық өтінім құрамындағы ТЭН бойынша кешенді сараптама жүргізу ерекшеліктерін де ескеріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3 параграф. "Бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу
23. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын жоба (ТЭН немесе ЖСҚ) оның бастапқы құжаттармен бірге, құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, Портал арқылы тапсырыс беруші көрсетілген материалдардың жинақтылығы мен құрамының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін мемлекеттік ұйымға немесе тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымының біріне немесе ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымына жіберіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген күн сараптама жұмыстарының басталған күні болып табылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;
2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, негізделген және дәлелді ескертулер береді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған және жойылмаған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.
Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын:
1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы;
2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;
3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;
4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);
5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;
6) шарттың күшіне енген күнін көрсетіле отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып мемлекеттік сараптама ұйымының, аккредиттелген сараптама ұйымдарының немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөліміне:
1) қаралып отырған жоба бойынша қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын құпия ақпаратқа;
2) мемлекеттік құпия немесе өзге заңмен қорғалатын құпияға жататын ақпаратты орналастыруға жатпайды.
4 параграф. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы
30. Құрылыс жобаларына (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығы жобада белгіленген:
1) құрылыс объектісінің технологиялық және (немесе) техникалық күрделілігін, сондай-ақ жауаптылық деңгейін;
2) жобаланып отырған объектінің сыныбы, санаты, эпидемиялық маңыздылығы немесе ықтимал қауіптілігі;
3) жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы;
4) жобаланған объектінің құрылыстың нормативтік ұзақтығының есептік көрсеткіші ескеріле отырып, айқындалады.
31. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:
1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, әлеуетті қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;
2) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;
3) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
31-1. Сараптама ұйымы жүзеге асыратын:
ҚР АК (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген сметалық құны түзетілетін жобалар бойынша;
жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетілетін жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы орындаушы мен тапсырыс беруші арасында жасалатын шартта белгіленеді, бірақ 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 2-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар объектілерді, салуға олардың функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілілігіне қарамастан бірегей объектілерді (кешендерді), сондай-ақ оларды жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, технологиялық тұрғыдан аса күрделі ғимараттарды және азаматтық қорғаныс және ғарыштық инфрақұрылым құрылыстарының, сондай-ақ жоспарланып отырған объекті құрылысының нормативтік ұзақтығы бекітілетін көрсеткіштер жобасына енгізілген объектілерді салуға арналған ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптама ұйымы қараған кезде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұзақтығы қажет болған жағдайда 60 (алпыс) жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі.
33. Шартта сараптама ұзақтығының мерзімі осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығынан кем болып белгіленген кезде ескертулер беру және жобаның бөлімдері мен бөліктерін қарау мерзімдері осы Қағидалардың 34, 36, 37, 37-1, 38, 38-1-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге және сатыларға тең бөлінеді.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:
1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженрелік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні беріледі.
2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күні болған кезде:
1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 50 (елу) жұмыс күні беріледі;
2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;
3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күні болған кезде:
1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;
2) 5 (бес) жұмыс күні үшін:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартпен көзделген құжаттамаларды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:
1) 5 (бес) жұмыс күні жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;
3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.
37-1. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күні кезінде:
1) 10 (он) жұмыс күні жобаның сметалық құжаттамасын қарау үшін;
2) 3 (үш) жұмыс күні:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
сараптама қорытындысын дайындауды және ресімдеуді аяқтау үшін;
3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау және шартта көзделген құжаттаманы тапсыру және қабылдау актісін ресімдеу үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі.
Ескерту. 2-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге:
сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.
Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38-1. ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген сметалық құны түзетілетін жобалар және жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетілетін жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертпелерін жібереді, олар тапсырыс берушілерге шекті қарау кезінде шарт күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі және тапсырыс беруші сараптаманың ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын кезде ескертпелер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды.
Сарапшылардың қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, негізделген және дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.
Ескерту. 2-тарау 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5 параграф. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді тоқтату
39. ТЭН немесе ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында қаралып отырған жоба бойынша жиынтық сараптамалық қорытындыны орындаушының одан әрі ресімдеу және беру, сондай-ақ тапсырыс берушінің алу қажеттілігі болмай қалатын ахуал туындаған жағдайларда құрылыс жобасына тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініш береді, оған тапсырыс берушінің осындай шешімінің негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату туралы, негізделген өзгерістер жағдайда, ресми өтініш жіберуге болатын жағдайлар мыналар:
жобалауға арналған тапсырмалар;
бастапқы құжаттар (материалдар, деректер), оның ішінде инженерлік тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосылуға арналған инженерлік іздестірулердің немесе техникалық шарттардың нәтижелері, олардың параметрлері мен талаптары;
жобаланатын объектінің аумағы айналасындағы бекітілген толық жоспарлау жобаларында және (немесе) құрылыс салу жобаларында қала құрылысы шешімдерін қайта қарауға байланысты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасының шарттары мен талаптары;
тапсырыс берушінің осы объектінің жоспарланған құрылысын салудан бас тарту туралы дәлелді шешімі болып табылады (жеке-жеке не жиынтығы).
40. Сараптама ұйымы және құрылыс жобасының тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу шартын бұзуды ресімдейді.
41. Жобаға тапсырыс берушінің растайтын құжаттар қоса берілген сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініші жиынтық сметалық құжаттаманы қараудың, жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау және ресімдеудің соңғы сатысында ұсынылған болса, онда ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша бұзуға жатпайды және сараптама ұйымы шарттық міндеттемелерді аяқтайды.
41-1. Бұрын қайтарылып алынған және қайта ұсынылған құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жаңадан әзірленген жобалар үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-параграф 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6 параграф. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсыну және жүргізу тәртібінің ерекшеліктері
42. ЖСҚ материалдарын ұсыну және қабылдау осы Қағидалардың 2-тарауының 2 параграфына сәйкес жүргізіледі.
43. Заңының 17-бабының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша ЖСҚ-ға ведомстодан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші ұсынған (жиынтығында):
жобалау-сметалық бойынша жаңа (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу туралы соттың тиісті шешімі немесе сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамасы;
Тапсырыс беруші бекіткен техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтерден, оның ішінде техникалық зерттеп-қарау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалғаны туралы, орындалған жұмыстың актілерімен расталған олардың құндық бағасы туралы деректерден тұратын тәуелсіз техникалық зерттеп-қараудың қорытындысы негіз болып табылады.
44. Аяқталмаған құрылыс объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылған мезгілде тәуелсіз техникалық зерттеп-қарау ұсынған қорытындылар бойынша атқарылған жұмыс көлеміне және оның құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілмейді. Техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша нәтижелер мен тұжырымдар зерттеп-қарау жүргізген ұйымдармен анықталады.
45. Сараптама қорытындысында міндетті түрде техникалық зерттеп-қарау қорытындысының нөмірі мен күні, сондай-ақ орындаушы ұйым көрсетіледі.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7 параграф. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынған концессиондық өтініштер құрамындағы ТЭН сараптамалық қарау тәртібінің ерекшеліктері
46. Концессия объектілерін салуға арналған концессионерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурсқа қатысушылардың конкурстық концестік өтінімдері құрамындағы Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген ТЭН бойынша Қағидалардың осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.
Бұрын Концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алған ТЭН-де көзделген техникалық-экономикалық параметрлерін конкурсқа қатысушы қабылдаған жағдайда, конкурсқа қатысушының концессиондық өтінімі құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту талап етілмейді.
47. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын концессиялық жобалардың ТЭН-і жаңаларын салу немесе бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды олардың кешендерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік коммуникацияларды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу) жолымен жүзеге асырылатын осы концессия объектілерін салуға арналады.
48. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған концессия объектілерін салуға арналған ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптаманы (одан әрі - ТЭН конкурстық өтініштін құрамында) мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
49. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама қала құрылысына және техникалық регламенттерге, сондай-ақ пайдалану барысында жобаланатын объектінің тұрақты жұмыс істеуі бөлігіндегі техникалық-техногологиялық шешімдерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптарға сай келуіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы және жарылыс қауіпсіздігін әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеуді қамтамасыз ету шарларына бағалау жасалады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға концессионерді таңдау бойынша конкурсқа әртүрлі қатысушылар ұсынатын ТЭН саны шектелмейді.
ТЭН-ге сараптама коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ТЭН-дегі құпия ақпаратты таратпау талаптарды ескере отырып, осы концессиялық жобаның әлеуетті концессионерінің әрбір конкурстық құжаттамасы бойынша бөлек жүргізіледі.
51. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің тиісті бөлімін (бөлігін) сараптама жүргізетін сарапшы қаралып отырған құжаттамадағы оған мәлім болған ақпаратты қызметтік жағдайын және міндеттерін, оның ішінде пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға құқығы жоқ.
Осы ақпаратты әйгілеу (жариялау), тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша түрде келісімімен жүзеге асырылады.
52. Заңмен рұқсат етілген осындай ақпаратты жариялау, тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің ведомстводан тыс кешенді сарптама тапсырыс берушісі концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы және осы концессиялық жобаның барлық ұсынылған ТЭН-не ведомтводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған мемлекеттік сараптама ұйымы шартының тарабы бола алады.
Әрбір ТЭН бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шығындары әртүрлі мөлшерде барлық конкурсқа қатысушылармен өтеледі.
53. Конкурстық өтінімнің құрамында ТЭН бойынша сараптаманы өткізу құны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.
54. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама мерзімдері мен ұзақтығы шартпен белгіленеді, бірақ осы Қағидалардың 2-тараудың 4 параграфында көзделген шектен аспауы тиіс.
55. Конкурстық өтінім құрамындағы әрбір қаралған ТЭН бойынша сараптамалық қорытынды тұжырымдары жобалық шешімдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы көрсете отырып, концессионерді таңдау бойынша осы конкурсқа қатысушыны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда, ТЭН-нің біреуін бекіту үшін негіз болып табылады.
2-1-тарау. ТЭН және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құрамында мемлекеттік экологиялық сараптама, жобаларға экологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру тәртібі
Ескерту. Қағида 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу және келісу тәртібі
56. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері Заңның 6-бабының 4-1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
57. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне арналған ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспары (бұдан әрі – Жеке жоспар):
1) төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ететін;
2) бірегей;
3) құрылыс ұзақтығы кемінде 36 ай болатын І жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша бір сатылы жобалау ("жұмыс жобасы" – ЖЖ) кезінде ЖСҚ үшін ғана әзірленеді;
4) мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын Маңғыстау облысы аумағындағы туризм объектілер бойынша бір сатылы жобалау ("жұмыс жобасы" – ЖЖ) кезінде ЖСҚ үшін ғана әзірленеді.
Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.01.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Бұл ретте, төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп – ғимараттарын, құрылыстарын, технологиялық қондырғылары мен агрегаттарын пайдалануды тоқтату (уақытша тоқтату) кезінде елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының қызметі бұзылатын тұрғын үйді, денсаулық сақтау және білім беру, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ғимараттары мен құрылыстарды түсінеміз.
58. Осы Қағидалардың 57-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді коспағанда, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның желілік объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының жобалары бойынша бұрыннан бар объектілерді өзгерту жөніндегі жобалар, түзетілген ЖСҚ, жауапкершілік деңгейі II (қалыпты) және III (төмендетілген) объектілер бойынша Жеке жоспарлар әзірленбейді.
59. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган қаралып отырған объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жеке құрылыс объектілеріне жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін тапсырыс беруші:
1) кестені қоса бере отырып, ЖСҚ әзірлеу және келісулерді алу (келісуші ұйымды көрсете отырып) кезеңдері мен мерзімдерін;
2) сараптама ұйымдарымен келісілген кестені қоса бере отырып, сараптамаға ЖСҚ-ны ұсыну мерзімдері мен көлемдерін;
3) әрбір кезең бойынша кезең-кезеңімен жергілікті сараптама қорытындыларын беру мерзімдерін;
4) сараптаманың жиынтық қорытындысын беру мерзімін;
5) кестені қоса бере отырып, құрылыс және келісімдерді, рұқсаттарды алу (келісуші ұйымдарды көрсете отырып) мерзімдерін;
6) "Рұқсат беру мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама;
7) тапсырыс берушінің қалауы бойынша басқа да іс-шаралар қамтылған Жеке жоспарды әзірлейді.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.10.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Жеке жоспарды қарау үшін тапсырыс беруші ведомствоға Жеке жоспардың жобасын және тапсырыс беруші бекіткен материалдарды (бастапқы және рұқсат беру құжаттарды, келісулерді, болжамды техникалық-экономикалық параметрлерді көрсете отырып, эскиздік жобаны, құрылысты ұйымдастыру жобасын (бұдан әрі – ҚҰЖ), ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің күнтізбелік жоспары-кестесін және объекті құрылысының мерзімін) ұсынады.
61. Осы тараудың талаптары сақталған кезде Жеке жоспарды ведомство 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
62. Тапсырыс беруші Жеке жоспарға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған құжаттаманы кезең-кезеңмен ұсынады.
63. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.
64. Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, қорытындысы бойынша жиынтық сараптамалық қорытынды әзірленетін аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.
Жергілікті қорытынды беру мен сараптама жүргізудің келесі кезеңіне ЖСҚ-ны ұсыну аралығы Жеке жоспарда белгіленеді.
65. ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптама жүргізу Жеке жоспар шарттары ескеріле отырып, жалпы бүкіл жобаға жасалатын шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес жүзеге асырылады.
66. Жобалаудың әрбір кезеңіндегі сметалық құн объектілік сметаларды (объектілік сметалық есептерді), сондай-ақ осы кезеңнің жұмыстары мен шығындарына жиынтық сметалық есепті жасай отырып, жергілікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетеледі.
Жергілікті сараптамалық қорытынды берілген кезде жиынтық сметалық есептеуде Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары Нормативтік құжатқа сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.
Жергілікті қорытындылар бойынша жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері соңғы кезеңде құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.
Жиынтық сараптамалық қорытынды беру кезінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер жергілікті қорытынды шеңберінде жиынтықталады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте Нормативтік құжатқа сәйкес Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары қайта есептеледі.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 01.10.2024 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Жеке жоспарға сәйкес келмейтін ЖСҚ сараптамаға ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы ЖСҚ-ны қарамастан қайтарады.
ЖСҚ түзетілуге және мынадай:
ЖСҚ-ны сараптамаға ұсыну мерзімдері мен көлемдері бұзылған;
кезеңдердің бірінде теріс қорытынды берілген жағдайларда түзетіліп қайта бекітілген жаңа Жеке жоспарға сәйкес қайта (жаңа) сараптамаға ұсынылуға жатады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Кезеңдердің әрқайсысы бойынша, оның ішінде аяқталу (жиынтық) кезеңі бойынша да сараптама жүргізу ұзақтығы, тиісті кезең бойынша сараптамалық жұмыстар басталған күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспайды.
Бұл ретте, сараптама жүргізу ұзақтығы Жеке жоспарда белгіленеді:
1) сараптаманың жобалау-құжаттамасында белгіленген, мемлекеттік нормативтерге сәйкессіздік бойынша ескертулері мен ұсыныстарын бастапқы сараптамамалық қарау, дайындау және ресімдеу-тапсырыс беруші жинақталған жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспайды;
2) сарапшылардың ескертулері бойынша тапсырыс берушінің жобаны әзірлеушілермен бірлесіп жобалау құжаттамасына қажетті түзетулер (пысықтаулар) енгізуі сарапшының ескертулері мен ұсыныстарын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды;
3) жергілікті (аралық кезеңдерде) немесе жиынтық (аяқтау кезеңінде ұсынылған және қаралған жобалау құжаттамасының толық жиынтығы бойынша) қорытындыларды қайталап сараптамалық қарау, дайындау және ресімдеу – тапсырыс беруші сараптаманың ескертулері мен ұсыныстары бойынша түзетілген (пысықталған) жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды;
69. Әрбір кезеңде жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған, сараптаманың жергілікті оң қорытындысы тиісті кезеңде бір мезгілде құрылыс салу мүмкіндігі үшін жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің бекітуі үшін негіз болып табылады.
Аяқтау кезеңінде бұрын берілген жергілікті қорытындыны қамтитын жиынтық қорытынды беріледі.
3-1-тарау. Кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделетін объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.04.2020 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-параграф. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі.
69-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама:
1) Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобалар бойынша;
2) "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Енгізілген төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;
3) жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның ұсынысымен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның келісуімен Маңғыстау облысы аумағындағы туризм объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 69-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2020 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.01.2021 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.69-2. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы әрбір кезең бойынша жеке-жеке жүргізеді.
Әрбір кезеңге сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша жергілікті қорытынды беріледі.
Қорытынды кезеңде құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының жиынтық қорытындысы беріледі.
Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.
69-3. Сараптамалық сүйемелдеу режимі:
1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер;
2) қолданыстағы объектілерді өзгерту жобалары;
3) түзетілген ЖСҚ;
4) аумақты абаттандыру объектілері;
5) бірыңғай кешен ретінде әзірленетін объектілерді қоспағанда, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның желілік объектілерінің жобалары бойынша жүргізілетін ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қолданылмайды.
69-4. Құпия деген белгісі немесе "ҚБПҮ" деген белгісі бар құрылыс жобалары бойынша осы Қағидалардың 17, 18, 22, 23, 70, 79, 81, 82-тармақтарына сәйкес сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.
Ескерту. 69-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-5. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.
Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы көрсетілген материалдар мемлекеттік сараптама ұйымында тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәйкестікке тексеріледі.
Ескерту. 69-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-6. Сараптамалық сүйемелдеуді жүргізуге арналған шартқа міндетті қосымша тараптармен келісілген кесте болып табылады, онда міндетті түрде мыналар көрсетіледі:
тапсырыс берушінің жобалау құжаттамасының кешендерін кезең-кезеңмен ұсыну күні;
жергілікті (кезеңдік) сараптамалық қорытындылардың берілген күні;
жобалау-сметалық құжаттама материалдарының қорытынды жиынтығын ұсыну күні;
жиынтық сараптама қорытындысының берілген күні.
Кестені жасау кезінде тапсырыс беруші алдыңғы кезеңде сараптамалық жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен кешіктірмей келесі кезеңге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсынатынын ескеру қажет.
69-7. Сараптамаға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы Шартта көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жағдайда, Шарт тапсырыс берушінің келісімі бойынша түзетіледі.
69-8. Әрбір кезеңдегі сметалық құн объектілік сметаларды (объектілік сметалық есептерді), сондай-ақ осы кезеңнің жұмыстары мен шығындарына жиынтық сметалық есепті жасай отырып, жергікті сметалар (жергілікті сметалық есептер) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетеледі.
Жергілікті сараптамалық қорытынды беру кезінде жиынтық сметалық есепте жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары Нормативтік құжатқа сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.
Жергілікті қорытындылар бойынша жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері соңғы кезеңдегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.
Жиынтық сараптамалық қорытынды беру кезінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер жергілікті қорытынды шеңберінде жиынтықталады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте Нормативтік құжатқа сәйкес Жиынтық сметалық есептеудің "Инжинирингтік қызметтер" ІІІ бөлігінің шығындары қайта есептеледі.
Ескерту. 69-8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-9. 1) Жауапкершіліктің І деңгейіндегі технологиялық немесе техникалық күрделі объектілер болып табылатын объектілерді салу жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күні;
2) жауапкершілігі ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;
3) жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
4) жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 69-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-10. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың рұқсат етілген шекті ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:
1) 35 (отыз бес) жұмыс күні графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлей отырып, жобалау шешімдерінің барлық бөлімдері мен бөліктері бойынша қатар (бір мезгілде) қарау үшін бөлінеді;
2) қосарлас үшін 5 (бес) жұмыс күні:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтау;
сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;
3) тиісті кезеңде ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау үшін 5 (бес) жұмыс күні.
Ескерту. 69-10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-11. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың рұқсат етілген шекті ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күні болған кезде:
1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;
2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы тиісті кезеңде толық аяқтауға бөлінеді.
Ескерту. 69-11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-12. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күні болған кезде:
1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қарау үшін 12 (он екі) жұмыс күні беріледі;
2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;
3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау және қабылдау актісін ресімдеу үшін бөлінеді.
Ескерту. 69-12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-13. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:
1) 5 (бес) жұмыс күні жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;
3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.
69-14. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар сараптамалық сүйемелдеу режимінде тапсырыс берушіге:
сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.
Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.
Ескерту. 69-14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-15. Қабылданған жобалау шешімдері толық сәйкес келмеген және осыған байланысты барлық жобалау құжаттамасын қосымша кешенді қарау қажеттілігі туындаған жағдайларда, кезеңнің жалпы ұзақтығын сараптаманы орындаушы не тапсырыс беруші сараптама орындаушысының келісімі бойынша 5 (бес) жұмыс күніне ұзартуы мүмкін.
69-16. Әрбір кезеңде (соңғы кезеңді қоспағанда) жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған мемлекеттік сараптаманың жергілікті оң қорытындылары жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің аралық бекітуі үшін негіз болып табылады.
69-17. Ведомстводан тыс кешенді сараптама шартын бұзу осы Қағидалардың 39, 40, 41, 41-1-тармақтарына сәйкес ресімделеді.
69-18. Егер шарттың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату бұған дейін қабылданған жобалау шешімдерінің немесе сараптама мақұлдаған жобалау шешімдерінен немесе материалдардан (конструкциялар, бұйымдар, құрылғылар, жабдықтар) ауытқулары бар нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізделген өзгерістерімен байланысты болса, онда сараптамалық сүйемелдеудің бұрын берілген жергілікті қорытындыларын сараптама орындаушысы жояды (қайтарып алады), ал бұл туралы ақпарат осы жоба бойынша барлық қатысушылардың, сондай-ақ жобалау ұйымы мен жобаланып отырған объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының назарына жеткізіледі.
11-параграф. Кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамындағы жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру ерекшеліктері
Ескерту. 11-параграф алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Қорытынды ережелер
70. Тапсырыс берушіге қағаз тасығышта қорытынды беру жүзеге асырылатын құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын беру және оларды тапсыру-қабылдау актісін ресімдеу бірыңғай Портал арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Құрылыс объектілері бойынша ТЭН және ЖСҚ сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ресімдеу қағидалары) сәйкес құрылады.
72. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама ұйымдары:
1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;
2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытындыны;
3) ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты сметалық құны түзетілетін жобалары бойынша құрылыстың бұрын бекітілген құны он пайыздан кем ұлғайғаны анықталған кезінде теріс сараптамалық қорытынды береді;
4) жоспарлау кезеңінде ғимараттар мен құрылыстарды (бар болса) және/немесе ұқсас объектілерді салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолдана отырып айқындалған Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде объектінің сметалық құнының лимитін есептеу нәтижелері туралы келісім-хат береді.
Түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ бойынша теріс қорытынды алынғаннан кейін қайтадан (жаңа) сараптама пысықталған бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылған түзетілген ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға қайтадан сараптаманы теріс сараптама қорытындысын берген сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Теріс қорытынды алған жобаға бұрын сараптама жүргізген сараптама ұйымында аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. Тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыда айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда Заңның 64-8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сараптама ұйымдары бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алады.
73-1. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. Сараптама ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) сәйкес сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін шетелдік мамандарды (егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы қайшы келмейтін болса) қоса алғанда, мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тартады.
75. Бұрын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН немесе ЖСҚ бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізделген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілсе, қайтадан (жаңа) сараптама түзетілген бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ қайтадан сараптамаға осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылады.
Егер құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалған жағдайда, онда оған сәйкес құрылысы жүзеге асырылған ЖСҚ-ны түзетуге және қайтадан бекітуге жатпайды.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75-1. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса түзетілуге, қайта сараптауға және қайта бекітуге жатады.
ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға ұлғайған кезде түзетуге жол беріледі.
Жобалау шешімдерін өзгертпестен құрылыстың сметалық құнын түзету құрылыс мердігерлік шарты жасалған күннен кейінгі алғашқы он екі айда жүргізілмейді.
Ескерту. 4-тарау 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75-2. Құрылыс процесінде тапсырыс берушіде бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс кезектілігі (оның ішінде іске қосу кешендері мен кезеңдері) бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыс құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын, бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық көрсеткіштерге әсер етпейтін, ведомстводан тыс қайтадан (жаңа) кешенді сараптама жүргізілмейді.
Ескерту. 4-тарау 75-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75-3. Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылысқа арналған объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасының құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетуге жатады.
Ескерту. 4-тарау 75-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбеген және бекітілмеген болса ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.
77. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы сәйкестік сараптама ұйымында, кейінгі үш жыл бойы сақталуы тиіс.
78. Бекітілген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізу және жаңадан (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге ұсыну:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік рәсімдер бөлігінде;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес құрылыс қызметі бөлігінде жүзеге асырылады.
79. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы соңғы үш жыл ішінде тиісті сараптама ұйымында сақталады.
Сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын қараған жағдайда ТЭН және ЖСҚ соңғы редакциясы сарапшының тегі, аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмері және берілген күні көрсетіліп, қағаз түрінде мөрмен куәландырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.79-1. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жауапты сарапшы:
Нормативтік құжатның 8-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосін;
Порталда электрондық-цифрлық нысанда жасалған, қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, құрастырмалары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосін ақпараттық жүйеде соңғы редакцияда орналастырады.
Қаржыландырылатын жобалар бойынша мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен тапсырыс беруші кешенді ведомствовадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Порталда жоғарыда көрсетілген жиынтық ресурстық ведомосттерді олардың соңғы редакциясында жариялайды.
Ескерту. 4-тару 79-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.03.2020 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.79-2. ТЭН немесе ЖСҚ жиынтығының электрондық нұсқасы олардың түпкілікті редакциясында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгенге дейін құжаттама жобасының тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландыру жолымен ақпараттық жүйеде қалыптастырылады.
Сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе "ҚБПҮ" деген белгісі бар құрылыс жобаларын қараған кезде ТЭН мен ЖСҚ-ның түпкілікті редакциясы қағаз түрінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және оны берген күні көрсетілген сарапшының мөрімен куәландырылады.
Ескерту. 4-тарау 79-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.80. Тапсырыс беруші берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын қолдану мерзімі осы Қағидалардың 76, 77-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жобаны (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) қолдану мерзіммен айқындалады.
81. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған соңғы редакциядағы ТЭН немесе ЖСҚ жинағының электрондық нұсқасы осы жобалар бекітілген сәттен бастап архивтік бақылау дана ретінде тапсырыс берушіде және әзірлеушіде сақталуы тиіс.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың мөрімен куәландырылған, олардың соңғы редакциясында құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар ТЭН немесе ЖСҚ жинағы осы жобалар бекітілген сәттен бастап архивтік бақылау дана ретінде тапсырыс берушіде сақталуы тиіс.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.82. Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар ТЭН-ді немесе ЖСҚ-ны қоспағанда, ТЭН-нің, ЖСҚ мен үлгілік ЖСҚ-ның түпкілікті редакциясын электрондық-цифрлық нысанда сараптама ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік банк) сәйкес Мемлекеттік банкке ұсынады.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.83. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін міндетті құжаттар мен материалдар тізбесі
1. Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізділігін және орындылығын қарау үшін бірыңғай Портал арқылы мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
1) мыналарды:
жобалық (конструктивтік, көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық, технологиялық немесе экономикалық) шешімдерге, сапалық және сандық көрсеткіштерге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды;
жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға негіздемелерді;
құрылыс жобасын толық іске асыру үшін талап етілетін қосымша қаржы шығыстардың алдын ала белгіленген мөлшерін көрсете отырып, бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолымен тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, инвестордың) хат-өтінім нысанындағы ақпараты;
2) бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолы қойылған, тапсырыс берушінің мөрімен расталған құрылыстың құнын ұлғайтуды болжап отырған жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға салыстырмалы кесте;
3) құрылыстың есептік немесе сметалық құнын қоса алғанда, бекітілуге ұсынылған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін бұрын бекітілген құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
4) бұрын бекітілген жобаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін растайтын өзге де бастапқы құжаттар.
Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесі
Бірыңғай Портал арқылы жаңа объектілер құрылысының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс берушінің өтініміне (өзінің деректемелерін көрсете отырып) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
1) жоспарлы мерзімдері мен жалпы инвестициялық циклының ұзақтығын көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
2) жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесін (алаңды, трассаны) пайдалануға рұқсаты (ТЭН немесе ЖСҚ үшін) немесе жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (ЖСҚ үшін), келесі жағдайларды қоспағанда:
егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан болса – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларына сәйкес орман қоры жерлерін бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мақұлдау туралы комиссияның оң қорытындысы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісім ұсынылады;
егер су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеу, қорғаныс мұқтаждары объектісі оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жағдайында – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады;
егер инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында орналасса – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады.
жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісу (ТЭН үшін);
3) мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалған жаңа объекті салу немесе бұрыннан барын кеңейту үшін жобалауға қажетті құрылыс алаңының инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесі мен трассалар шегінде коммуникациялар төсеу). ТЭН жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін 5 (бес) жылдан кешіктірмей жүргізілген және ресімделген инженерлік іздестірулердің нәтижелері бар жергілікті атқарушы органдарда бар қор материалдары пайдаланылады;
4) мынадай техникалық шарттар (трассалардың схемаларымен):
пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосылуға;
меншік иелері беретін қолданыстағы желілік құрылыстар немесе трасса бойындағы тоннельдер мен көпір құрылыстары бар жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларының қиылысына.
Тапсырыс берушіге берілетін техникалық шарттарды қолдану мерзімін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салынып жатқан объектіні пайдалануға тапсыру-қабылдауға дейін өзгертуге жол берілмейді;
5) аумақты инженерлік даярлаудың, абаттандырудың және көгалдандырудың келісілген шарттарын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (ЖСҚ үшін);
6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға (жобаны әзірлеуге) арналған тапсырма. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен айқындалады;
7) егер құрылыс процесінде ЖСҚ-ны түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер, тапсырыс беруші бекіткен орындалған және қалған жұмыстардың нақты көлемінің бөлу ведомосі, жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің салыстырмалы кестесі және орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері жаңа ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі. Бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер;
9) бірегей объектілердің құрылысы үшін жоба әзірленген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) ұсынылады;
10) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе осы рұқсат қажеттігінің болмауы туралы хат.
10) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2021 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бөлігінде мыналарды жүргізу қажет:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасы бойынша келісу;
қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорт аймақтарының, тұрғын аудандарды жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;
4. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес:
1) құрылысқа арналған ТЭН әзірлеу, келісу, бекіту қағидаларын және құрамын белгілейтін;
2) құрылысқа (ЖСҚ) арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібін және құрамын айқындайтын жинақталған жоба материалдары.
5. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
3) заңды тұлғаның - жобаны әзірлеушінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;
5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын қосып және көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,
қазақстандық қамтуды ескере отырып:
Порталда электрондық-цифрлық нысанда, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;
ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі
Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:
1. Реконструкцияланатын объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
2) бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың немесе олардың элементтерінің физикалық жағдайын, сенімділігі мен тұрақтылығы дәрежесін техникалық тексеру актілері, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар;
3) объектінің немесе оның элементтерінің жай-күйіне жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;
4) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылуға арналған техникалық шарттар;
6) бұрыннан бар объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерткен және (немесе) аумағын қайта жоспарлау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
7) реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жобасын әзірлеу үшін бекітілген тапсырма.
8) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе осы рұқсат қажеттігінің болмауы туралы хат.
Бұрыннан бар объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобасына қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлерін талап етуге рұқсат.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.
3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;
5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, қолданылатын тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,
қазақстандық қамтуды ескере отырып:
Порталда электрондық-цифрлық нысанда, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;
ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;
2) қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына құрылыс салудың, елді мекендерге жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;
3) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 1-қосымшада көрсетілген көзделіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін – қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингілеу нәтижелері туралы қорытынды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.10.2021 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі
Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттама ұсынылады:
1. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың, кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
2) объектіні немесе оның элементтерінің (бөлімдерінің) жай-күйін техникалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;
3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма;
4) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Бұрыннан бар объектіні күрделі жөндеу жобасына осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлері талап етілуіне рұқсат етіледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2021 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. бұйрықтарымен.2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, өндірістік объектілерді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.
3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;
5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,
қазақстандық қамтуды ескере отырып:
порталда электрондық-цифрлық форматта, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;
ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі
Ескерту. Қағидалар 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.01.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер құрылыс ресурстары құнының елеулі өсуі құрылыстың бұрын бекітілген сметалық құнының кемінде он пайызға ұлғаюына әкеп соқса, жобалау шешімдерін өзгертпей, сметалық құнды (сметалық құжаттаманы) түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсете отырып):
1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігердің жобалау шешімдерді өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтінішхаты;
2) сметалық құжаттаманы жобалау (техникалық) шешімдерін түзету тапсырмасы;
3) бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджеттік комиссиясының шешімі және ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі.
Күрделі жөндеу жобалары бойынша ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі қажет емес;
4) объектілерді өзге инвестициялар есебінен іске асыру кезінде қымбаттаудың болжамды (шекті) сомасы көрсетіле отырып, тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің заңнамасына және (немесе) жарғысына сәйкес осындай мәселені шешу құзыретіне жататын тапсырыс берушінің өзге органы қол қойған қосымша қаржыландыру туралы құжат;
5) тапсырыс беруші бекіткен және техникалық және авторлық қадағалаулармен келісілген орындалған және қалған физикалық жұмыс көлемдерінің бөлу ведомосы;
6) бұрын берілген сараптаманың оң қорытындысында көрсетілген бағаларда орындалған жұмыстарға сметалық құжаттама;
7) сметалық құжаттама, ағымдағы бағадағы жұмыстардың қалдық көлемі;
8) бұрын берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы және бұрын сараптаманың оң қорытындысын алған сметалық құжаттама ұсынылады.
Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі
Ескерту. Қағидалар 4-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 04.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бірыңғай Портал арқылы тапсырыс берушінің (оның деректемелерін көрсете отырып) олар бойынша бекіту сәтінен бастап құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың жобалық шешімдерді өзгертпестен сметалық құнын (сметалық құжаттаманы) түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған өтініміне мынадай құжаттама қоса беріледі:
1. Бекіту сәтінен бастап құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың жобалық шешімдерді өзгертпестен сметалық құнын (сметалық құжаттаманы) түзету үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
1) бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен сметалық құжаттаманы түзетуге тапсырма;
2) жобалық (техникалық) шешімдерді өзгертпей сметалық құжаттаманы түзету жүзеге асырылатын ЖСҚ бекіту туралы бұйрық;
3) бұрын бекітілген ЖСҚ жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ өткізілген конкурстық рәсімдердің және жобаны іске асыру үшін қаржыландырудың жоқтығы туралы көрсетілген хат;
4) түзетілетін сметалық құжаттама ұсынылатын, бұрын бекітілген ЖСҚ бойынша берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бұрын берілген қорытындысы;
5) сараптаманың оң қорытындысы алынған бұрын бекітілген ЖСҚ-ның сметалық құжаттамасы.
2. Бұрын бекітілген ЖСҚ жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен түзетілген сметалық құжаттамасы.
3. Тапсырыс берушінің объект құрылысының басталу мерзімі туралы хаты.
4. Құрылысты ұйымдастыру жобасы бөліміндегі түзетілген күнтізбелік жұмыс кестесі.
5. Сараптамаға ұсынылған ЖСҚ түзетілетін сметалық құжаттамасының тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс беруші құжаттарының көшірмелері;
2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
3) жобаны әзірлеуші заңды тұлғаның (бас жобалау және қосалқы жобалау ұйымдарының) оған қосымшалары бар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетілген лицензиясы;
4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;
5) тапсырыс беруші бекіткен, олар қоса берілген және олардың бір өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетілген ақпараттық құжаттар жобасында қолданылатын материалдар, бұйымдар, конструкциялар, инженерлік және технологиялық жабдықтар, өзге де материалдық ресурстар тізбесі.
Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға және сараптамалық сүйемелдеу режимінде жүргізілетін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат ету құжаттарының жинақтылығы
Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 06.08.2021 № 423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2021 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.02.2023 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | Құжаттың атауы |
1 |
Мыналар көрсетілген тапсырыс берушінің өтінім хаты: |
2 | Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат |
3 |
Баяндалған аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы жергілікті органының сәулет-жоспарлау тапсырмасында мыналар көрсетіледі: |
4 |
Топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық іздестіруді қоса алғанда, құрылыс алаңын (жер учаскесі мен коммуникация төсеу трассасының шекарасында) инженерлік іздестіру есептеріне мыналар қоса беріледі: |
5 |
Техникалық шарттар (тас жол схемаларымен) (объектінің функционалдық мақсаты бойынша міндетті): |
6 |
Нобайлық жоба: |
7 | Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (күні көрсетіле отырып); |
8 | Арнайы техникалық шарттары (ерекше нормалары) (бірегей объектілер құрылысының жобалары үшін қажет болғанда) |
9 |
Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша): |
10 | Бекітілген ТЭН немесе инвестициялық ұсыныс |
11 | Бар деректері мен болжанатын өлшемдерінің негізінде әзірленген құрылысты ұйымдастыру жобасы |
12 | Осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеге сәйкес кешендік ведомствадан тыс сараптаманың құрамына сараптама жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттар |
13 | Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе осы рұқсат қажеттігінің болмауы туралы хат |