РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
2018 жылғы "___" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы "___" _________
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 557 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2026 № 240 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.04.2026 № 205 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.