Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10481 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін күн тізбелік он күн мерзімде баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 13 ақпан


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 18-02/45 бұйрығымен
бекітілген

Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес
мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексі 1-тармағының 13-бабының 18-44) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Орман кодексі 51-бабының 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;

      2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;

      3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;

      4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды;

      5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына байланысты ғана жол беріледі;

      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға байланысты ғана жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім-ұстауды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда орман қоры жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүзеге асырады.

      Орман қорының жерлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін ауыстыру "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 12.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Өздерінің мүдделері үшін орман қорының жерлерін ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім беруші) орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес мемлекеттік орман иеленушінің есеп-қисаптары негізінде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтейді.

2-тарау. Орман қоры жерінің санатынан басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтініш беруші сұралып отырған жер учаскелері орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өтініш береді.

      6. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушіге орындалу мерзімі көрсетілген өтініштің көшірмесін жібереді.

      Мемлекеттік орман иеленуші өтініш берушімен бірге орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт жасап, оған сұралып отырған жер учаскесінің шекарасы көрсетілген орман картасының (планшетінің) көшірмесін қоса тіркеп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      7. Жергілікті атқарушы орган орман картасының (планшетінің) көшірмесі қоса тіркелген орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні алғаннан кейін орман қорының жерін ауыстыруға қатысты жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады.

      8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган мәселені қарау үшін арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның жұмыс органы жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.

      9. Комиссия құрамына:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;

      2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;

      3) жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің;

      4) мемлекеттік орман иеленушінің;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның;

      6) жұмыс органының;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері енгізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жер учаскелерін ауыстыру мәселесі бойынша жазбаша дәлелді оң немесе теріс қорытынды беріп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Қорытындыда қоғамдық тыңдаулардың шешімі ескеріледі, орман қорының жерін ауыстыру мақсаты, екпелерді сақтау немесе кесу туралы мәселелер көрсетіледі.

      Екпелер кесілген жағдайда кесуді өтініш берушімен шарт бойынша аумағында жер ауыстыру жоспарланып отырған орман иеленуші жүргізеді, бұл ретте алынған сүрек орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.

      11. Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      12. Жұмыс органы Комиссияның оң қорытындысы негізінде мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша құрамына келесілер кіретін материалдарды қалыптастырады:

      1) орман қоры жерлерін ауыстыруға мүдделі тұлғаның жергілікті атқарушы органға жолдаған өтініші;

      2) орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;

      3) масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмелері;

      4) орман қорының жерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтырудың орман иеленуші жасайтын есеп-қисабы;

      5) орман иеленушінің жазбаша келісімдеуі;

      6) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның жазбаша келісімдеуі;

      7) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімдеуі;

      8) елді мекендердің шекарасы (шектері) өзгерген жағдайда жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімдеуі;

      9) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жазбаша келісу;

      10) Комиссияның оң қорытындысы;

      11) сұралып отырған жер учаскесінің экспликациясы;

      12) осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары келісімдеп, қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген сұралып отырған жер учаскесінің карталары;

      13) қоғамдық тыңдаулардың шешімі;

      14) орман қорының жерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмелері;

      15) аудандық маңызы бар қалалар кеңейтілген кезде облыстық және өкілді органдардың бірлескен шешімі және кенттер мен селолар кеңейтілген кезде аудандық (қалалық) жергілікті және өкілді органдардың бірлескен шешімі;

      16) орман қорының жері халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты ауыстырылған кезде тиісті құжаттың көшірмелері;

      17) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салу кезінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      18) жер қойнауын игеруге және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды ауыстырғанда ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүргізуге мемлекеттік орман иеленушімен келісімшарт жобасы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 12.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша материалдар негізінде орман қорының жерін ауыстыруды мақұлдау туралы қаулы шығарады және он жұмыс күні ішінде аталған қаулыны осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдармен бірге келісімдеу үшін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға орман қорының жерін ауыстыруды келісімдеу нәтижелері туралы жауап береді.

      Уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші оларды пысықтағаннан кейін уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Орман қорының жерін ауыстыру уәкілетті органмен оң келісімделген жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдарды орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдар келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде тиісті Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеп, оны мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттағы жерге ауыстыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші ескертулерді түзеткеннен кейін пысықталған материалдарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жобасын әзірлейді және мемлекеттік орман қоры жерлерін ауыстыру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Орман қоры жерін орман
шаруашылығын жүргізумен
байланысты емес мақсаттар
үшін басқа санаттардағы
жерге ауыстыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы ____________________________ облысы ________________

      ауданы _________________ жылғы _______________ айының ________________ күні.

      Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік орман иеленушінің өкілі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      бір тараптан және eкінші тараптан ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік

      органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      төмендегілер туралы осы актіні жасады:____________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе мемлекеттік органның немесе

      заңды тұлғаның атауы)

      келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде тексеру жүргізілді.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды:

      1. Учаске _______________________________________________

      (мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

      ___________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.

      2. Тексерілген учаскеде _____________ гектар алаң бар, оның ішінде:

      орман, орман көмкерген _________ гектар,

      орман, орман көмкермеген _______ гектар,

      оның ішінде орман екпелері ________ гектар,

      алқаптар _________ гектар,

      шабындықтар ___________ гектар,

      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар,

      жайылымдар _______ гектар,

      жолдар ___________ гектар,

      басқа жерлер ______ гектар.

      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын














































      4. Тексерілген учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында

      орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды.

      5. Орман қорының санаты______________________________________________

      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай геологиялық-жер

      сипаттамасы бар: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Бұдан бұрын орман қоры жерінен орман шаруашылығын жүргізуге

      байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстырылған

      жер учаскелерінің болуы және орналасуы: ________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның атауы

      көрсетілсін)

      9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану мақсаттары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Әкімшілік ауданның ормандануы _____________________________________

      11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:

      а) беру мерзімі _______________________________________________________

      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері__________

      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Акт жасау кезінде мынадай ескертпелер мен ұсыныстар жасалды, оның ішінде

      сұралып отырған учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы,

      басқа нұсқаның жоқтығы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қолдары:

      Орман иеленушінің өкілі: ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Өтініш беруші:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Орман шаруашылығы ұйымының басшысы______________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)