БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 27 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________ Т.Сүлейменов
2018 жылғы "__"_______
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
____________ Р. Даленов
2018 жылғы 26 ақпан
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 24.06.2026 № 330 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.05.2026 № 257 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2026 № 240 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша |
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.