Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі 
№ 299 бұйрығымен   
бекітілген      

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар жобалау-сметалық құжаттаманың құрамындағы немесе жеке тапсырыс бойынша орындалған объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобаларын қоса алғанда, жаңа объектілер салу және бұрыннан барын өзгерту жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу тәртібін белгілейді.
      3. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу барысында жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, сондай-ақ бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) жобалары бойынша қажетті салалық және ведомстволық сараптамалар жүзеге асырылады.
      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және сәулет қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.
      4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылмайды.
      5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама тапсырыс берушінің қалауы бойынша жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген олардың құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.
      7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны тиісінше Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      8. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама үшін төлемді жергілікті сараптаманың оң қорытындысының және жобаны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган келісімінің не осындай келісімсіз жергілікті сараптаманың теріс қорытындысының болуын ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын бергеннен кейін оны орындайтын сараптама ұйымы жүзеге асырады.
      9. Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі салалық сараптамаларды орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, егер тиісті қызмет саласы бойынша қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, ақысыз негізде жүргізеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама  олар бекітілгеннен кейін жүргізіледі.
      Міндетті сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.

2. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттер

      11. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты салынған объектілер пайдалануға қабылданғаннан кейін олардың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін  жобалық шешімдермен қамтамасыз ету болып табылады.
      12. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:
      1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестігін;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың төзімділігі мен сенімділігіне қойылатын талаптарды сақтауды;
      3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау құрастырмаларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстардың жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отын деген эквивалентті көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін;
      4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестікті;
      5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен төзімділігін;
      6) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген құрылыс көлемдерінің негізділігін және орындылығын;
      7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығын бағалау бойынша міндеттер орындалады;
      8) ұсынылған қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау шараларының тиімді орындалуы, толықтырылуы және жеткіліктігі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Бюджеттік қаражат немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларына құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттерінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.
      Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

3. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау

      14. Құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) Заңның 64-1-бабының 7-тармағына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге ұсынылды.
      15. Құрылыс жобаларының құрамы мен мазмұны Заңның 60-бабы 4-тармағының және 63-бабы 1-тармағының ережелерімен айқындалады.
      16. Жобаның ұсынылатын материалдары мыналар қоса беріледі:
      1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің жобалау қызметінің тиісті түрлері мен санаттарына құқық беретін лицензиясының көшірмесі;
      2) құрылыс жобасын әзірлеуге және жекелеген жобалау шешімдерін қабылдауға негіз болған ресми бастапқы құжаттар, сондай-ақ жобаны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген міндетті келісулердің болуы туралы құжаттар.
      17. Сараптамаға ұсынған кезде жобаға қоса берілетін бастапқы құжаттардың тізбесі осы Қағидалардың тиісті мынадай қосымшаларында:
      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары үшін – 2-қосымшада;
      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары үшін – 3-қосымшада;
      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары үшін – 4-қосымшада келтірілген.
      18. «Бір терезе» қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін бастапқы деректерімен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау:
      1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;
      2) жобалау ұйымдары – құрылыс жобаларын әзірлеушілер;
      3) салалық сараптаманы және ведомстволық келісуді қоса алғанда,  ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары үшін бірден-бір алаң болып табылатын тек қана электрондық портал арқылы жүргізіледі.
      19. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген кезде салалық және ведомстволық сараптамалардың өзара іс-қимыл рәсімдері мен операциялары тек қана электрондық ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
      20. Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген электрондық порталдың және электрондық ақпараттық жүйенің операторын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
      21. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы деректердің жинақтылығы сараптамалық ұйымдармен және (немесе) құрылыс жобасын және бастапқы құжаттамаларды алған тұлғамен 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде олардың алған күнінен бастап.
      Жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі белгіленген жағдайда тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы материалдарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіру үшін, сараптамаға қайта ұсыну үшін жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту не жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Сараптама ұйымының жобаны (оған қоса берілген бастапқы материалдарды ескере отырып) қарауға қабылдауы, сараптамалық жұмыстардың құнын белгілеу (өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының құнын қоса алғанда), сондай-ақ оған сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс берушімен құрылыс салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шартты жасасуға негіз болып табылады.
      23. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес жасалады.
      Шартта ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ақы төлеу шарттары көзделеді, шартты орындау сәтінен бастап ол күшіне енеді.

4. «Бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

      24. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген сәтінен бастап ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның ұсынылған материалдары бастапқы деректерімен бірге электрондық портал арқылы:
      қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органның ведомствосына немесе орталық немесе аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасымен айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін;
      Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы немесе оның аумақтық бөлімшелерінде санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізу сала уәкілетті органдар ведомстволарына.
      Көрсетілген материалдар бір мезгілде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін аттестатталған сараптама ұйымына жіберіледі, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге жобаны ұсыну кезеңінде тапсырыс беруші өзі электрондық порталда орналастырылған жобаланып отырған объектінің орналасу орнын ескере отырып, кездейсоқ таңдау тәсілімен аттестатталған сараптама ұйымдарының тізілімінен осы салалық сараптаманы орындаушы етіп анықтайды. Азаматтық қорғаныс туралы заңнамада көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына бөлінген мерзім шегінде  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органнан келісім алу өнеркәсіптік қауіпсіздік салалық сараптамасының орындаушысының міндетіне кіреді.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Экологиялық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ведомстволарының орталық немесе аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аттестатталған сараптама ұйымдарының бастапқы құжаттармен бірге жобаның материалдарын электрондық портал арқылы алған күні мемлекеттік экологиялық сараптама, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының басталған күні болып табылады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Сараптама ұйымдарының мемлекеттік экологиялық сараптаманың және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың салалық (жергілікті) қорытындыларын, сондай-ақ жоба оң сараптамалық баға берілген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның келісімі бар өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының салалық (жергілікті) қорытындыларын ұсынған күн салалық сараптамалардың аяқталған күні болып табылады.
      27. Жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жүргізетін  сарапшылардың Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын бұзатын жобаның белгіленген мәні мен мақсатына қатысты, жобалау құжаттамасының жобалау шешімдерінің, есептері мен ресімделуінің нормативтік талаптар мен шектеулерге сәйкес келмеуіне, сондай-ақ бастапқы құжаттарының талаптары мен ережелерін сақтамауына немесе ауытқуына дәлелді ескертулері болған жағдайда тапсырыс берушіге жобаны теріс сараптамалық қорытынды бере отырып қайтарады (пысықтауға жібереді).
      Мұндай  жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданысы тоқтатылады.
      28. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын мыналар көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып:
      1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы және салалық сараптаманың атауы;
      2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;
      3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;
      4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);
      5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;
      6) шарттың күшіне енген күнін көрсете отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні сараптама ұйымдарының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.
      29. Сараптама ұйымдарының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне:
      1) қаралып отырған жоба бойынша қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын құпия ақпаратты;
      2) мемлекеттік құпиядан немесе өзге де құпиялылығы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты орналастыруға болмайды.

5. Объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы

      30. Жобаларға (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығы жобада белгіленген:
      1) құрылыс объектісінің технологиялық және (немесе) техникалық күрделілігі, сондай-ақ жауаптылық деңгейі;
      2) жобаланып отырған объектінің (өндірістік кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қоса алғанда) сыныбы, санаты, эпидемиялық мәні немесе ықтимал қауіптілігі;
      3) жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы;
      4) жобаланған объектінің құрылыстың нормативтік ұзақтығының есептік көрсеткішін ескере отырып айқындалады.
      31. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық сараптамаларды қоса алғанда) жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:
      1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, ықтимал қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен, сондай-ақ 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабының ережелеріне сәйкес өндірістік обьектілердің санитарлық классификациясына (бұдан әрі - обьектілердің санитарлық классификациясы) сәйкес І категория объектілер бойынша;
      2) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша;
      3) ықтимал қауіпті санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІ категория объектілер бойынша, сондай-ақ обьектілердің санитарлық классификациясына сәйкес ІІІ және IV категория объектілер бойынша.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. Жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар объектілерді, бірегей объектілерді (кешендерді) салуға, олардың функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілілігіне, сондай-ақ оларды жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығын ескере отырып, азаматтық қорғаныс және ғарыштық инфрақұрылымының ғимараттары мен құрылыстарының технологиялық жағынан аса күрделілігіне қарамастан, сондай-ақ жоспарланып отырған объектінің салыну нормативтік ұзақтығы бекітілетін көрсеткіштер жобасына қосылған объектілерді салуға арналған ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптама ұйымдары қараған кезде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
      33. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің сатылары бойынша мерзімдер осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті ұзақтығына байланысты, тұтастай алғанда осы Қағидалардың төменде көрсетілген 35, 36 және 37-тармақтарында көзделген тәртіппен бөлінеді.
      34. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні кезінде:
      1) 35 (отыз бес) жұмыс күні:
      графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер, сондай-ақ  жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қортынды дайындай отырып, жобалық шешімдердің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігі бойынша ТЭН мен ЖСҚ-ны қатар (бір мезгілде) қарауға;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, экологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды;
      20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай, ресімдей және 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жобаны келісу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жібере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды беруге;
      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға кетеді.
      Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күні болған кезде оны жүргізу кестесін сараптама ұйымы (осы жобаны үйлестіруші) салалық сараптаманың өкілдерімен – осы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысушылармен бірлесіп жасайды.
      35. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күні болған кезде:
      1) 12 (он екі) жұмыс күні:
      графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер, сондай-ақ  жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қортынды дайындай отырып, жобалық шешімдердің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігі бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, экологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды беруге;
      2) 4 (төрт) жұмыс күні:
      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
      3) 4 (төрт) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және  шартта көзделген құжаттарды тапсыру және қабылдау актісін ресімдеуге кетеді.
      36. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:
      1) 5 (бес) жұмыс күні берілген объектінің жобасы бойынша оларды жүргізу міндетті болған кезде салалық сараптамаларды және ведомстволық келісулерді қоса алғанда, жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша  сараптамалық қортынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
      2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарау және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;
      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және  шартта көзделген құжаттарды тапсыру және қабылдау актісін ресімдеуге кетеді.

6. Қорытынды ережелер

      37. Тапсырыс берушіге ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жиынтық қорытындысын беру және оларды тапсыру-қабылдау актісін ресімдеу бірыңғай электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.
      38. Объектілер құрылысының жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын ресімдеуді  қағидалары Заңның 20-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
      39. Тапсырыс берушіге берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысының қолданылу мерзімі, осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген қорытындыны ресімдеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) қолданылу мерзімімен айқындалады.
      40. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша (салалық сараптамалардың және ведомстволық келісулердің нәтижелерін қоса алғанда)  сараптама ұйымдары:
      1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;
      2) жаңа сараптамаға материалдарды қайта ұсыну үшін жалпы жобаны немесе оның жекелеген бөлімдерін (бөліктерін) пысықтау (өңдеу) ұсыныстары бар сараптамалық қорытынды береді.
      41. Тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыда айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған кезде Заңның 64-8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сараптама ұйымдары бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алады.
      42. Сараптама ұйымдары Заңның 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін:
      1) ерекше (күрделі) жобалау шешімдері бар бірегей немесе технологиялық және техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобалары қарауға түскен;
      2) жобаның  қандай да бір бөлімдері (бөліктері) бойынша талап етілетін біліктілігінің штаттағы аттестатталған сарапшыларда немесе мамандарда болмаған;
      3) ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында мамандандырылған ғылыми, ғылыми-зерттеу немесе жобалау (жобалау-іздестіру) институттарын тарта отырып, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде арнайы техникалық немесе технологиялық сараптама жүргізу қажет болған жағдайларда шетелдік мамандарды (егер бұл Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс  саласындағы заңнамасы қайшы келмейтін болса) қоса алғанда, мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тартады.
      43. Бұрын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен және Заңның 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес бекітілген ТЭН немесе ЖСҚ бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізделген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілсе,  қайтадан әзірленіп отырған жобалар белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге жатады.
      44. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде ЖСҚ әзірленбеген және бекітілмеген ТЭН ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      45. Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған ЖСҚ ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      46. Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын жобаларды бекіту және мұндай жобаларды іске асыруға (құрылысты жүргізуге) сараптаманың оң қорытындысынсыз жол берілмейді.
      47. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы тапсырыс берушіде және әзірлеушіде (бас жобалаушы ұйымда) мұрағаттық бақылау данасы ретінде сақталуы тиіс.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау- 
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына         
1-қосымша          

Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін міндетті құжаттар мен материалдар тізбесі

      1. Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізділігін және орындылығын қарау үшін бірыңғай электрондық портал арқылы мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
      1) мыналарды:
      жобалық (конструктивтік, көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық, технологиялық немесе экономикалық) шешімдерге, сапалық мен сандық көрсеткіштерге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды;
      жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға негіздемелерді;
      құрылыс жобасын толық іске асыру үшін талап етілетін қосымша қаржылай шығыстардың алдын ала белгіленген мөлшерін көрсете отырып бірінші басшының (бірінші басшыны алмастыратын лауазымды тұлғаның) қолымен тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, инвестордың) хат нысанындағы ақпараты-өтінімі;
      2) бірінші басшының (бірінші басшыны алмастыратын лауазымды тұлғаның) қолы қойылған, тапсырыс берушінің мөрімен расталған құрылыстың құнын ұлғайтуды болжап отырған жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға салыстырма кесте;
      3) құрылыстың есептік немесе сметалық құнын қоса алғанда, бекітілуге ұсынылған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін бұрын бекітілген құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
      4) бұрын бекітілген жобаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін растайтын өзге де бастапқы құжаттар.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау- 
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына        
2-қосымша          

Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесі

      Жаңа объектілер құрылысының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс берушінің өтінімінде (өзінің деректемелерін көрсете отырып) бірыңғай электрондық портал арқылы мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға  арналған ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) тапсырыс берушінің жоспарлы мерзімдері мен жалпы инвестициялық циклының ұзақтығын көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы шешімі;
      2) жоспарланған объектіге бөлінген аумақты оның шекарасы шегінде және мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жерге тиісті құқық бере отырып, жер учаскесін (алаңды, трассаны) бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
      3) жаңа объекті салу және бұрыннан барын кеңейту үшін жобалауға арналған қажетті құрылыс алаңының инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесі мен трассалар шегінде коммуникациялар төсеу). ТЭН жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін 5 (бес) жылдан кешіктірмей жүргізілген және ресімделген инженерлік іздестірулер нәтижелері бар жергілікті атқарушы органдарының қордағы материалдары қолданылуы мүмкін;
      4) мынадай техникалық шарттар (трассалардың схемаларымен):
      пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосылуға;
      меншік иелері беретін қолданыстағы желілік құрылыстар немесе трасса бойындағы тоннельдер мен көпір құрылыстары бар жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларының қиылысына.
      Тапсырыс берушіге берілетін техникалық шарттарды қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салынып жатқан объектіні пайдалануға тапсыру-қабылдау актісіне дейін өзгертілмеуі тиіс;
      5) жергілікті сәулет және қала құрылысы (республикалық маңыздағы қала, астана, облыстық, аудандық маңыздағы қалалар) органының аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарында айтылғанды қоса алғанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға (жобаны әзірлеуге) арналған тапсырма. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен айқындалады;
      7) егер құрылыс процесінде ЖСҚ-ны түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындайтын болса, онда құрылыстың жай-күйі туралы мәлімет және орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері жаңа ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайтадан бекіту үшін ұсынылатын құжаттама құрамына енгізіледі. Бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша қосымша тиісті бюджет комиссиясының шешімі ұсынылады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер;
      9) әлеуетті қауіпті өнеркәсіптік объектілер құрылысының жобалары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тапсырылады;
      10) бірегей объектілердің құрлысы үшін жоба әзірленген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) ұсынылады.
      2. Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында салалық сараптама жүргізуге қажетті арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар мынадай уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен ресімделеді:
      экологиялық реттеу мәселелері бойынша (мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу бөлігінде);
      тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама бөлігінде);
      өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында (өнеркәсіптік қауіпсіздігі сараптамасын жүргізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында уәкілетті орган жобаларын келісу бөлігінде);
      энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында (энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу бөлігінде).
      3. Жобаның осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған материалдар:
      1) құрылысқа арналған ТЭН әзірлеу, келісу, бекіту және құрамын белгілейтін қағидалар;
      2) құрылысқа арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және құрамын айқындайтын тәртіп.
      4. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – жобаны әзірлеушісінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;
      5) жобаны (бюджет қаражаты, мемлекеттік инвестициялардың өзге нысандары, заңды тұлғаның жеке қаражаты, жеке тұлғаның жеке қаражаты) қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуінің бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) бас жобалаушы ұйым (жобаның әзірлеуші) басшысының жобаның бас инженерін (ЖБИ) немесе жобаның бас сәулетшісін (ЖБС) тағайындау туралы бұйрығы.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына        
3-қосымша          

Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) бірыңғай электрондық портал арқылы бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:
      1. Реконструкцияланатын объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) толық инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
      2) бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың немесе олардың элементтерінің физикалық жағдайын,  сенімділігі мен тұрақтылығы дәрежесін техникалық тексеру актілері немесе жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытынды элементтер;
      3) бұрыннан бар үй-жайларды (жеке бөліктерін) қайта бейіндеумен, қайта жабдықтаумен немесе қайта жоспарлаумен байланысты реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылуға арналған техникалық шарттар;
      5) бұрыннан бар объектінің сыртқы кескінін (қасбеті) және (немесе) аумағын қайта жоспарлау кезінде жергілікті сәулет және қала құрылысы  органының (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      6) реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жобасын әзірлеу үшін бекітілген тапсырма.
      Бұрыннан бар объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобасына қажет болған жағдайда 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы материалдардың өзге де түрлері талап етілуі мүмкін.
      2. Жобаның осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын  материалдар.
      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – жобаны әзірлеушісінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеу талап етілген жағдайда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнының есебі ғана қоса беріледі;
      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуінің бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) бас жобалаушы ұйым (жобаның әзірлеуші) басшысының жобаның бас инженерін тағайындау туралы бұйрығы.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына        
4-қосымша          

Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) бірыңғай электрондық портал арқылы бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:
      1. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) толық инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
      2) объектіні немесе оның элементтерінің (бөлімдерінің) жай-күйін техникалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;
      3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.
      Бұрыннан бар объектіні күрделі жөндеу жобасына қажет болған жағдайда 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы материалдардың өзге де түрлері талап етілуі мүмкін.
      2. Жобаның осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын  материалдар.
      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – жобаны әзірлеушісінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеу талап етілген жағдайда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнының есебі ғана қоса беріледі;
      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуінің бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) бас жобалаушы ұйым (жобаның әзірлеуші) басшысының жобаның бас инженерін тағайындау туралы бұйрығы.