БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
69-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама:
1) Түркістан облысы Түркістан қаласында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобалар бойынша;
2) "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Енгізілген төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама ұйымдары:
1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;
2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытындыны;
3) жоспарлау кезеңінде ғимараттар мен құрылыстарды (бар болса) және/немесе ұқсас объектілерді салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолдана отырып айқындалған Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде объектінің сметалық құнының лимитін есептеу нәтижелері туралы келісім-хат береді.
Түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ бойынша теріс қорытынды алынғаннан кейін қайтадан (жаңа) сараптама пысықталған бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылған түзетілген ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға қайтадан сараптаманы теріс сараптама қорытындысын берген сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Теріс қорытынды алған жобаға бұрын сараптама жүргізген сараптама ұйымында аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |