БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда:
қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 75-2-тармақпен толықтырылсын:
"75-2. Құрылыс процесінде тапсырыс берушіде бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс кезектілігі (оның ішінде іске қосу кешендері мен кезеңдері) бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыс құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын, бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық көрсеткіштерге әсер етпейтін, ведомстводан тыс қайтадан (жаңа) кешенді сараптама жүргізілмейді.";
мынадай мазмұндағы 79-2-тармақпен толықтырылсын:
"79-2. ТЭН немесе ЖСҚ жиынтығының электрондық нұсқасы олардың түпкілікті редакциясында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгенге дейін құжаттама жобасының тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландыру жолымен ақпараттық жүйеде қалыптастырылады.
Сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе "ҚБПҮ" деген белгісі бар құрылыс жобаларын қараған кезде ТЭН мен ЖСҚ-ның түпкілікті редакциясы қағаз түрінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және оны берген күні көрсетілген сарапшының мөрімен куәландырылады.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесін (алаңды, трассаны) пайдалануға рұқсаты (ТЭН немесе ЖСҚ үшін) немесе жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (ЖСҚ үшін), келесі жағдайларды қоспағанда:
егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан болса – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларына сәйкес орман қоры жерлерін бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мақұлдау туралы комиссияның оң қорытындысы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісім ұсынылады;
егер су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеу, қорғаныс мұқтаждары объектісі оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жағдайында – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады;
егер инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында орналасса – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады.
жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісу (ТЭН үшін);";
1-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша): |
".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |