Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 299 бұйрығымен бекітілген

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар:

      қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;

      ТЭН және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Экологиялық кодекс) 40-бабымен белгіленген қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін жіктеуге сәйкес шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама, шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері бойынша жобаларға экологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ Экологиялық кодексінің 71-бабымен белгіленген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуды талап ететін объектілер санатын жіктеуге сәйкес І, ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру тәртібін;

      ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін анықтайды;

      Түркістан облысының Түркістан қаласында кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу), сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізіледі және жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы немесе экологиялық сараптаманы, жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын (салалық сараптаманы) да қамтиды.

      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылады.

      5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама міндетті болып табылмайды және тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      8. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлігі болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын және жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында айқындалған тәртіпте аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

      9. Объектілерді салуға арналған ТЭН-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама олар бекітілгенге дейін жүргізіледі.

      Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және бекіту үшін ұсынымдары бар оң қорытынды алмаған құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.

2-тарау. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі

1 параграф. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттері

      10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда:

      қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың:

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-әдістемелік құжаттардың;

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.

      11. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:

      1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ құрылыс нормаларды және қағидаларды шетел мемлекеттердің стандарттарын, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан, халықаралық және аймақтық ұйымдардың объектілері бойынша.

      3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;

      4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;

      5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;

      6) ЖСҚ көзделген құрылыс объектілері (ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендердің, коммуникациялардың) көлемдерінің негізділігін және орындылығы;

      7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;

      8) қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі;

      9) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсер ететін ұйғарылып отырған шешімдердің экологиялық негізділігін белгілеу;

      10) жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер етуінің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;

      11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.

      12. Бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларының құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын жобалау шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.

      Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 параграф. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау

      13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:

      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшасына;

      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшасына;

      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      14. Жобаның ұсынылатын материалдарына:

      1) ЖСҚ-ны әзірлеушінің жобалау қызметінің тиісті түрлері мен санаттарына құқық беретін лицензиясының көшірмелері;

      2) құрылыс жобасын әзірлеуге және жекелеген жобалау шешімдерін қабылдауға негіз болған ресми бастапқы құжаттар, сондай-ақ жобаны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтердің заңнамасында көзделген міндетті келісулердің болуы туралы құжаттар қоса беріледі.

      15. Құрылыс жобаларының құрамы мен мазмұны Заңның 60-бабы 4-тармағының және 63-бабы 1-тармағының ережелерімен айқындалады.

      16. "Бір терезе" қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құрылыс жобаларын қоспағанда, бастапқы құжаттармен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай портал арқылы (бұдан әрі – Портал) ғана жүргізіледі:

      Портал:

      1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;

      2) құрылыс жобаларын әзірлеушілер;

      3) салалық сараптаманы қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары үшін бірден-бір алаң болып табылады.

      17. Құпия деген белгісі немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі - ҚБПҮ) деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымына қағаз тасығышта ұсынылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік және (немесе) аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асырған кезде құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, барлық рәсімдер мен операцияларды бірыңғай порталмен (бұдан әрі - Портал) интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік сараптама ұйымы өз ақпараттық жүйесінің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.

      Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігі өзінің сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды. Сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесінің операторы ақпараттық жүйенің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдаланылуын және дамуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамының осы Қағидалардың 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамалар (материалдар) тізбесіне сәйкестігі мемлекеттік сараптама ұйымы көрсетілген материалдарды сараптама ұйымында тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

      5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін жобаның және бастапқы құжаттардың толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы құжаттарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту не жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Сараптама ұйымының құрылыс жобасын (оған қоса берілген бастапқы құжаттарды ескере отырып) олардың талап етілген жинақтылығы мен құрамы расталғаннан кейін қарауға қабылдауы, сондай-ақ сараптамалық жұмыстардың құнын, сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын белгілеуі тапсырыс берушімен ұсынылған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шартты жасасуға негіз болып табылады.

      Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамасын енгізу құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау үшін негізі болып табылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелері арқылы электрондық-цифрлық нысанда (электрондық шарт), тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбалары арқылы шарттарға қол қоюы арқылы жасалады.

      Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге мемлекеттік сараптама ұйымдарымен жасалған шарттар қағаз тасығышта ұсынылады.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасалады.

      Мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған электрондық шарт жариялы болып табылады және мемлекеттік сараптама ұйымы мен тапсырыс берушілер арасында жасалады.

      Шарттар ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілерін салуға арналған тиісті ЖСҚ-ға, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тараудың 6 және 7-параграфтарында, сондай-ақ 3-тарауда көзделген концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынатын концессиондық өтінім құрамындағы ТЭН бойынша кешенді сараптама жүргізу ерекшеліктерін де ескеріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 параграф. "Бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

      23. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын жоба (ТЭН немесе ЖСҚ) оның бастапқы құжаттармен бірге, құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, Портал арқылы тапсырыс беруші көрсетілген материалдардың жинақтылығы мен құрамының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін мемлекеттік ұйымға немесе тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымының біріне жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген күн сараптама жұмыстарының басталған күні болып табылады.

      25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;

      1-1) II, III және IV санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлігінде материалдардың Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10903 болып тіркелген) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандары және оларды толтыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 болып тіркелген) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімі талаптарына сәйкестігін қарайды;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлігіндегі ескертулерді қоса алғанда дәлелді ескертулерді жою мақсатында оларды береді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.

      Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.

      28. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын:

      1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы;

      2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе

      жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;

      3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;

      4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);

      5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;

      6) шарттың күшіне енген күнін көрсетіле отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдарының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.

      29. Сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөліміне:

      1) қаралып отырған жоба бойынша қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын құпия ақпаратқа;

      2) мемлекеттік құпия немесе өзге заңмен қорғалатын құпияға жататын ақпаратты орналастыруға жатпайды.

4 параграф. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы

      30. Құрылыс жобаларына (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығы жобада белгіленген:

      1) құрылыс объектісінің технологиялық және (немесе) техникалық күрделілігін, сондай-ақ жауаптылық деңгейін;

      2) жобаланып отырған объектінің сыныбы, санаты, эпидемиялық маңыздылығы немесе ықтимал қауіптілігі;

      3) жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы;

      4) жобаланған объектінің құрылыстың нормативтік ұзақтығының есептік көрсеткіші ескеріле отырып, айқындалады.

      31. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:

      1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, әлеуетті қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;

      2) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      3) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      32. Жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар объектілерді, салуға олардың функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілілігіне қарамастан бірегей объектілерді (кешендерді), сондай-ақ оларды жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, технологиялық тұрғыдан аса күрделі ғимараттарды және азаматтық қорғаныс және ғарыштық инфрақұрылым құрылыстарының, сондай-ақ жоспарланып отырған объекті құрылысының нормативтік ұзақтығы бекітілетін көрсеткіштер жобасына енгізілген объектілерді салуға арналған ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптама ұйымы қараған кезде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұзақтығы қажет болған жағдайда 60 (алпыс) жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі.

      33. Шартта сараптама ұзақтығының мерзімі осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығынан кем болып белгіленген кезде ескертулер беру және жобаның бөлімдері мен бөліктерін қарау мерзімдері осы Қағидалардың 34, 36, 37, 38-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге және сатыларға тең бөлінеді.

      34. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженрелік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні беріледі.

      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.

      35. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 50 (елу) жұмыс күні беріледі;

      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;

      2) 5 (бес) жұмыс күні үшін:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартпен көзделген құжаттамаларды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.

      37. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:

      1) 5 (бес) жұмыс күні жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;

      2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;

      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.

      38. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында тапсырыс берушіге:

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктермей сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертулерін береді.

      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.

5 параграф. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді тоқтату

      39. ТЭН немесе ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында қаралып отырған жоба бойынша жиынтық сараптамалық қорытындыны орындаушының одан әрі ресімдеу және беру, сондай-ақ тапсырыс берушінің алу қажеттілігі болмай қалатын ахуал туындаған жағдайларда құрылыс жобасына тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініш береді, оған тапсырыс берушінің осындай шешімінің негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату туралы, негізделген өзгерістер жағдайда, ресми өтініш жіберуге болатын жағдайлар мыналар:

      жобалауға арналған тапсырмалар;

      бастапқы құжаттар (материалдар, деректер), оның ішінде инженерлік тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосылуға арналған инженерлік іздестірулердің немесе техникалық шарттардың нәтижелері, олардың параметрлері мен талаптары;

      жобаланатын объектінің аумағы айналасындағы бекітілген толық жоспарлау жобаларында және (немесе) құрылыс салу жобаларында қала құрылысы шешімдерін қайта қарауға байланысты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасының шарттары мен талаптары;

      тапсырыс берушінің осы объектінің жоспарланған құрылысын салудан бас тарту туралы дәлелді шешімі болып табылады (жеке-жеке не жиынтығы).

      40. Сараптама ұйымы және құрылыс жобасының тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу шартын бұзуды ресімдейді.

      41. Жобаға тапсырыс берушінің растайтын құжаттар қоса берілген сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініші жиынтық сметалық құжаттаманы қараудың, жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау және ресімдеудің соңғы сатысында ұсынылған болса, онда ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша бұзуға жатпайды және сараптама ұйымы шарттық міндеттемелерді аяқтайды.

      41-1. Бұрын қайтарылып алынған және қайта ұсынылған құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жаңадан әзірленген жобалар үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-параграф 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6 параграф. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсыну және жүргізу тәртібінің ерекшеліктері

      42. ЖСҚ материалдарын ұсыну және қабылдау осы Қағидалардың 2-тарауының 2 параграфына сәйкес жүргізіледі.

      43. Заңының 17-бабының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша ЖСҚ-ға ведомстодан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші ұсынған (жиынтығында):

      жобалау-сметалық бойынша жаңа (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу туралы соттың тиісті шешімі немесе сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамасы;

      Тапсырыс беруші бекіткен техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтерден, оның ішінде техникалық зерттеп-қарау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалғаны туралы, орындалған жұмыстың актілерімен расталған олардың құндық бағасы туралы деректерден тұратын тәуелсіз техникалық зерттеп-қараудың қорытындысы негіз болып табылады.

      44. Аяқталмаған құрылыс объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылған мезгілде тәуелсіз техникалық зерттеп-қарау ұсынған қорытындылар бойынша атқарылған жұмыс көлеміне және оның құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілмейді. Техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша нәтижелер мен тұжырымдар зерттеп-қарау жүргізген ұйымдармен анықталады.

      45. Сараптама қорытындысының түсіндірме бөлігіне қорытындының нөмірі мен күні, сондай-ақ орындаушы-ұйымды көрсете отырып, техникалық зерттеп-қарау қорытындыларының тұжырымдары міндетті түрде енгізіледі.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының тұжырымдарында объектінің жалпы құны, оның ішінде жұмыстың қалған көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7 параграф. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынған концессиондық өтініштер құрамындағы ТЭН сараптамалық қарау тәртібінің ерекшеліктері

      46. Концессия объектілерін салуға арналған концессионерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурсқа қатысушылардың конкурстық концестік өтінімдері құрамындағы Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген ТЭН бойынша Қағидалардың осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.

      Бұрын Концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алған ТЭН-де көзделген техникалық-экономикалық параметрлерін конкурсқа қатысушы қабылдаған жағдайда, конкурсқа қатысушының концессиондық өтінімі құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту талап етілмейді.

      47. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын концессиялық жобалардың ТЭН-і жаңаларын салу немесе бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды олардың кешендерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік коммуникацияларды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу) жолымен жүзеге асырылатын осы концессия объектілерін салуға арналады.

      48. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған концессия объектілерін салуға арналған ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптаманы (одан әрі - ТЭН конкурстық өтініштін құрамында) мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      49. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама қала құрылысына және техникалық регламенттерге, сондай-ақ пайдалану барысында жобаланатын объектінің тұрақты жұмыс істеуі бөлігіндегі техникалық-техногологиялық шешімдерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптарға сай келуіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы және жарылыс қауіпсіздігін әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеуді қамтамасыз ету шарларына бағалау жасалады.

      Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген кезде есептік құн қарастырылмайды.

      50. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға концессионерді таңдау бойынша конкурсқа әртүрлі қатысушылар ұсынатын ТЭН саны шектелмейді.

      ТЭН-ге сараптама коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ТЭН-дегі құпия ақпаратты таратпау талаптарды ескере отырып, осы концессиялық жобаның әлеуетті концессионерінің әрбір конкурстық құжаттамасы бойынша бөлек жүргізіледі.

      51. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің тиісті бөлімін (бөлігін) сараптама жүргізетін сарапшы қаралып отырған құжаттамадағы оған мәлім болған ақпаратты қызметтік жағдайын және міндеттерін, оның ішінде пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға құқығы жоқ.

      Осы ақпаратты әйгілеу (жариялау), тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша түрде келісімімен жүзеге асырылады.

      52. Заңмен рұқсат етілген осындай ақпаратты жариялау, тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

      Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің ведомстводан тыс кешенді сарптама тапсырыс берушісі концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы және осы концессиялық жобаның барлық ұсынылған ТЭН-не ведомтводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған мемлекеттік сараптама ұйымы шартының тарабы бола алады.

      Әрбір ТЭН бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шығындары әртүрлі мөлшерде барлық конкурсқа қатысушылармен өтеледі.

      53. Конкурстық өтінімнің құрамында ТЭН бойынша сараптаманы өткізу құны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      54. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама мерзімдері мен ұзақтығы шартпен белгіленеді, бірақ осы Қағидалардың 2-тараудың 4 параграфында көзделген шектен аспауы тиіс.

      55. Конкурстық өтінім құрамындағы әрбір қаралған ТЭН бойынша сараптамалық қорытынды тұжырымдары жобалық шешімдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы көрсете отырып, концессионерді таңдау бойынша осы конкурсқа қатысушыны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда, ТЭН-нің біреуін бекіту үшін негіз болып табылады.

2-1-тарау. ТЭН және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құрамында мемлекеттік экологиялық сараптама, жобаларға экологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру тәртібі

      Ескерту. Қағида 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-параграф. Жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама, экологиялық сараптама жүргізу және шаруашылық қызметінің І санаттағы құрылыс объектілерінің жобалары бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру тәртібі

      55-1. Осы тәртіп:

      шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілері бойынша әзірленетін ТЭН немесе ЖСҚ бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілері бойынша әзірленетін ЖСҚ-ға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру процесін реттейді.

      55-2. Шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілерінің құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы оларға Экологиялық кодекстің 50-бабының 1, 2, 3-тармақтарында белгіленген мерзімде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың алынған оң қорытындысы осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға бастапқы құжаттар құрамында ұсынылады.

      Шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілерінің құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді Экологиялық кодекстің 72, 74, және 75-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      55-3. Шаруашылық қызметінің І санаттағы объектілері бойынша ұсынылған құрылыс жобалары мен бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамын тексеруді мемлекеттік сараптама ұйымы немесе осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымының бірі жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 3, 5-қосымшаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне құжаттамалардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, Экологиялық кодекстің 50-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттамалар ұсынылған тұлғаға қайтарылуға жатады.

      55-4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоса алғанда, мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттың күшіне енген күні сараптама жұмысының басталу күні болып табылады.

      Ескерту. 55-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесінде қаралып отырған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымына:

      сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 19 (он тоғыз) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді ескертулер жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның дәлелді ескертулері ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылардың ескертулерімен бірге тапсырыс берушіге жіберіледі және осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген мерзімде жоюға жатады.

      Дәлелді ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы жасалады.

      55-6. Жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптама ұйымына:

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 50 (елу) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде ТЭН бойынша - мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, ЖСҚ бойынша - мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арнаған өтінімнің материалдары бойынша - қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі келісілген іс-шаралар жоспарын береді.

      55-7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі келісілген іс-шаралар жоспары тапсырыс берушіге Портал арқылы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен бірге беріледі.

      55-8. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда:

      сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысын жасайды;

      қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілмейді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары келісілмейді.

      55-9. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда:

      тапсырыс берушіге қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілмейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен күшін жоюға жатады;

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асырған сараптама ұйымы ақпараттық жүйенің көмегімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді.

      55-10. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысын алған кезде түзетілген ТЭН және ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат бере отырып, жаңадан әзірленіп жатқан жобалар үшін белгіленген қайтадан (жаңа) мемлекеттік сараптама жүргізуге жатады.

9-параграф. Шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілер бойынша жобаларға экологиялық сараптама жүргізу және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру тәртібі

      55-11. Осы тәртіп:

      шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілер бойынша әзірленетін ТЭН немесе ЖСҚ бойынша жобаларға экологиялық сараптама жүргізу;

      шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілер бойынша әзірленетін ЖСҚ құрамында ұсынылған, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру процесін реттейді.

      55-12. Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілерінің, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілердің құрылысына арналған ЖСҚ бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді Экологиялық кодекстің 72, 74 және 75-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      55-13. Шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілерінің, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілерінің құрылыс жобаларына экологиялық сараптаманы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес сараптама ұйымының құрамындағы аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

      55-14. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезеңінде сараптама ұйымы шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілер бойынша ақпараттық жүйенің көмегімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға қоршаған ортаға әсерді бақылау материалдарын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған өтінім жібереді.

      55-15. Сараптама ұйымы осы Қағидалардың 55-14-тармағында көрсетілген құжаттаманы:

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 55 (елу бес) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде береді.

      Ескерту. 55-15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55-16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқару органы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім материалын олар келіп түскен күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарау қорытындысы бойынша сараптама ұйымына ақпараттық жүйе арқылы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты жолдайды.

      55-17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган берген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат тапсырыс берушіге сараптама ұйымымен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен бірге Портал арқылы беріледі.

      55-18. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда:

      қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілмейді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары келісілмейді;

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымы ақпараттық жүйенің көмегімен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органға хабарлама жібереді;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың күшін жояды.

      55-19. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысын алған түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ жаңадан әзірленіп жатқан жобалар үшін белгіленген тәртіпте ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат бере отырып, қайтадан (жаңа) жобаларға экологиялық сараптама жүргізуге жатады.

3-тарау. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу және келісу тәртібі

      56. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері Заңның 6-бабының 4-1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

      57. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне арналған ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспары (бұдан әрі – Жеке жоспар):

      1) төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ететін;

      2) бірегей;

      3) құрылыс ұзақтығы кемінде 36 ай болатын І жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша бір сатылы жобалау ("жұмыс жобасы" – ЖЖ) кезінде ЖСҚ үшін ғана әзірленеді.

      Бұл ретте, төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп – ғимараттарын, құрылыстарын, технологиялық қондырғылары мен агрегаттарын пайдалануды тоқтату (уақытша тоқтату) кезінде елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының қызметі бұзылатын тұрғын үйді, денсаулық сақтау және білім беру, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ғимараттары мен құрылыстарды түсінеміз.

      58. Осы Қағидалардың 57-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді коспағанда, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның желілік объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының жобалары бойынша бұрыннан бар объектілерді өзгерту жөніндегі жобалар, түзетілген ЖСҚ, жауапкершілік деңгейі II (қалыпты) және III (төмендетілген) объектілер бойынша Жеке жоспарлар әзірленбейді.

      59. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаралып отырған объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жеке құрылыс объектілеріне жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін тапсырыс беруші:

      1) кестені қоса бере отырып, ЖСҚ әзірлеу кезеңдері мен мерзімдері (келісуші ұйымды көрсете отырып);

      2) сараптама ұйымдарымен келісілген кестені қоса бере отырып, сараптамаға ЖСҚ-ны ұсыну мерзімдері мен көлемдері;

      3) әрбір кезең бойынша кезең-кезеңмен жергілікті сараптама қорытындыларын беру мерзімдері;

      4) сараптаманың жиынтық қорытындысын беру мерзімі;

      5) кестені қоса бере отырып, құрылыс және келісімдерді, рұқсаттарды алу (келісуші ұйымдарды көрсете отырып) мерзімдері;

      6) "Рұқсат беру мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;

      7) тапсырыс берушінің қалауы бойынша басқа да іс-шаралар қамтылған Жеке жоспар әзірлейді.

      60. Жеке жоспарды қарау үшін тапсырыс беруші ведомствоға Жеке жоспардың жобасын және тапсырыс беруші бекіткен материалдарды (бастапқы және рұқсат беру құжаттарды, келісулерді, болжамды техникалық-экономикалық параметрлерді көрсете отырып, эскиздік жобаны, құрылысты ұйымдастыру жобасын (бұдан әрі – ҚҰЖ), ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің күнтізбелік жоспары-кестесін және объекті құрылысының мерзімін) ұсынады.

      61. Осы тараудың талаптары сақталған кезде Жеке жоспарды ведомство 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      62. Тапсырыс беруші Жеке жоспарға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған құжаттаманы кезең-кезеңмен ұсынады.

      63. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

      64. Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, қорытындысы бойынша жиынтық сараптамалық қорытынды әзірленетін аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.

      Жергілікті қорытынды беру мен сараптама жүргізудің келесі кезеңіне ЖСҚ-ны ұсыну аралығы Жеке жоспарда белгіленеді.

      65. ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптама жүргізу Жеке жоспар шарттары ескеріле отырып, жалпы бүкіл жобаға жасалатын шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      66. Жобалаудың әрбір кезеңінде сметалық құн объектілік сметалық есептеулерді кезең құрылысы құнының сметалық есебін, сондай-ақ жұмыстарға және осы кезеңнің шығындарына жиынтық сметалық есебін жасай отырып, жергілікті сметалық есеп (жергілікті смета) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетіледі.

      Жергілікті сараптамалық қорытынды беру кезінде жиынтық сметалық есепте Жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" деген III бөлімінің шығындары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжаттың (Нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нормативтік құжат) 5-қосымшасына сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.

      Жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері жергілікті қорытындылар бойынша аяқталу кезеңіндегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.

      Жиынтық сараптама қорытындысын беру кезінде, жергілікті қорытынды шеңберінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер қосылады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте, Жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" деген III бөлімінің шығындары Нормативтік құжаттың 5-қосымшасына сәйкес қайта есептеледі.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Жеке жоспарға сәйкес келмейтін ЖСҚ сараптамаға ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы ЖСҚ-ны қарамастан қайтарады.

      ЖСҚ түзетілуге және мынадай:

      ЖСҚ-ны сараптамаға ұсыну мерзімдері мен көлемдері бұзылған;

      кезеңдердің бірінде теріс қорытынды берілген жағдайларда түзетіліп қайта бекітілген жаңа Жеке жоспарға сәйкес қайта (жаңа) сараптамаға ұсынылуға жатады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Кезеңдердің әрқайсысы бойынша, оның ішінде аяқталу (жиынтық) кезеңі бойынша да сараптама жүргізу ұзақтығы, тиісті кезең бойынша сараптамалық жұмыстар басталған күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспайды.

      Бұл ретте, сараптама жүргізу ұзақтығы Жеке жоспарда белгіленеді:

      1) сараптаманың жобалау-құжаттамасында белгіленген, мемлекеттік нормативтерге сәйкессіздік бойынша ескертулері мен ұсыныстарын бастапқы сараптамамалық қарау, дайындау және ресімдеу-тапсырыс беруші жинақталған жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспайды;

      2) сарапшылардың ескертулері бойынша тапсырыс берушінің жобаны әзірлеушілермен бірлесіп жобалау құжаттамасына қажетті түзетулер (пысықтаулар) енгізуі сарапшының ескертулері мен ұсыныстарын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды;

      3) жергілікті (аралық кезеңдерде) немесе жиынтық (аяқтау кезеңінде ұсынылған және қаралған жобалау құжаттамасының толық жиынтығы бойынша) қорытындыларды қайталап сараптамалық қарау, дайындау және ресімдеу – тапсырыс беруші сараптаманың ескертулері мен ұсыныстары бойынша түзетілген (пысықталған) жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды;

      69. Әрбір кезеңде жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған, сараптаманың жергілікті оң қорытындысы тиісті кезеңде бір мезгілде құрылыс салу мүмкіндігі үшін жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің бекітуі үшін негіз болып табылады.

      Аяқтау кезеңінде бұрын берілген жергілікті қорытындыны қамтитын жиынтық қорытынды беріледі.

3-1-тарау. Түркістан облысының Түркістан қаласында кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделетін объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібі.

      Ескерту. Қағида 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі.

      69-1. Түркістан облысының Түркістан қаласында объектілер мен кешендер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама сараптамалық сүйемелдеу режимінде осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      69-2. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы әрбір кезең бойынша жеке-жеке жүргізеді.

      Әрбір кезеңге сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша жергілікті қорытынды беріледі.

      Қорытынды кезеңде құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының жиынтық қорытындысы беріледі.

      Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.

      69-3. Сараптамалық сүйемелдеу режимі:

      1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер;

      2) қолданыстағы объектілерді өзгерту жобалары;

      3) түзетілген ЖСҚ;

      4) аумақты абаттандыру объектілері;

      5) бірыңғай кешен ретінде әзірленетін объектілерді қоспағанда, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның желілік объектілерінің жобалары бойынша жүргізілетін ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қолданылмайды.

      69-4. Құпия деген белгісі немесе "ҚБПҮ" деген белгісі бар құрылыс жобалары бойынша осы Қағидалардың 17, 18, 22, 23, 55-2, 55-12, 70, 79, 81, 82-тармақтарына сәйкес сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.

      69-5. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

      Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы мемлекеттік сараптама ұйымы көрсетілген материалдарды сараптама ұйымында тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәйкестікке тексеріледі.

      Шаруашылық қызметінің І санаттағы объектісі бойынша ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жиынтығы мен құрамын тексеруді мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      69-6. Сараптамалық сүйемелдеуді жүргізуге арналған шартқа міндетті қосымша тараптармен келісілген кесте болып табылады, онда міндетті түрде мыналар көрсетіледі:

      тапсырыс берушінің жобалау құжаттамасының кешендерін кезең-кезеңмен ұсыну күні;

      жергілікті (кезеңдік) сараптамалық қорытындылардың берілген күні;

      жобалау-сметалық құжаттама материалдарының қорытынды жиынтығын ұсыну күні;

      жиынтық сараптама қорытындысының берілген күні.

      Кестені жасау кезінде тапсырыс беруші алдыңғы кезеңде сараптамалық жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен кешіктірмей келесі кезеңге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсынатынын ескеру қажет.

      69-7. Сараптамаға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы Шартта көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жағдайда, Шарт тапсырыс берушінің келісімі бойынша түзетіледі.

      69-8. Әрбір кезеңдегі сметалық құн объектілік сметалық есептерді, кезең құрылысының сметалық есептік құнын, сондай-ақ осы кезеңдегі жұмыстар мен шығындарға арналған жиынтық сметалық есепті жасай отырып, жергілікті сметалық есептеулер (жергілікті сметалар) бойынша анықталады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетіледі.

      Жергілікті сараптамалық қорытынды беру кезінде жиынтық сметалық есепте Жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" деген III бөлімінің шығындары Нормативтік құжаттың 5-қосымшасына сәйкес белгіленеді, шығыстардың ең төменгі нормативтік лимиті бойынша қабылданады.

      Жергілікті қорытындылар бойынша жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері қорытынды кезеңдегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.

      Жиынтық сараптамалық қорытынды беру кезінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер жергілікті қорытынды шеңберінде жинақталады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте, Нормативтік құжаттың 5-қосымшасына сәйкес Жиынтық сметалық есептің "Инжинирингтік көрсетілетін қызметтер" деген III бөлімінің шығындары қайта есептеледі.

      69-9. ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптама жүргізу мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Әрбір кезең бойынша сараптама жүргізудің ұзақтығы шартпен белгіленеді және тиісті кезең бойынша сараптама жұмыстары басталған күннен бастап:

      1) Экологиялық кодекстің 40-бабында келтірілген объектілерді сыныптауға сәйкес І санаттағы объектілерді салу жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күні;

      2) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      3) жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      4) жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      69-10. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың рұқсат етілген шекті ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:

      1) 35 (отыз бес) жұмыс күні графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлей отырып, жобалау шешімдерінің барлық бөлімдері мен бөліктері бойынша қатар (бір мезгілде) қарау үшін бөлінеді.;

      2) қосарлас үшін 5 (бес) жұмыс күні:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтау;

      сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;

      3) тиісті кезеңде ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау үшін 5 (бес) жұмыс күні.

      69-11. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың рұқсат етілген шекті ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;

      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы тиісті кезеңде толық аяқтауға бөлінеді.

      69-12. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күні болған кезде:

      1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қарау үшін 12 (он екі) жұмыс күні беріледі;

      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;

      сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтау;

      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау және қабылдау актісін ресімдеу үшін бөлінеді.

      69-13. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:

      1) 5 (бес) жұмыс күні жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;

      2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;

      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды беру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.

      69-14. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында тапсырыс берушіге:

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктермей сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертулерін береді.

      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.

      69-15. Қабылданған жобалау шешімдері толық сәйкес келмеген және осыған байланысты барлық жобалау құжаттамасын қосымша кешенді қарау қажеттілігі туындаған жағдайларда, кезеңнің жалпы ұзақтығын сараптаманы орындаушы не тапсырыс беруші сараптама орындаушысының келісімі бойынша 5 (бес) жұмыс күніне ұзартуы мүмкін.

      69-16. Әрбір кезеңде (соңғы кезеңді қоспағанда) жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған мемлекеттік сараптаманың жергілікті оң қорытындылары жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің аралық бекітуі үшін негіз болып табылады.

      69-17. Ведомстводан тыс кешенді сараптама шартын бұзу осы Қағидалардың 39, 40, 41, 41-1-тармақтарына сәйкес ресімделеді.

      69-18. Егер шарттың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату бұған дейін қабылданған жобалау шешімдерінің немесе сараптама мақұлдаған жобалау шешімдерінен немесе материалдардан (конструкциялар, бұйымдар, құрылғылар, жабдықтар) ауытқулары бар нақты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізделген өзгерістерімен байланысты болса, онда сараптамалық сүйемелдеудің бұрын берілген жергілікті қорытындыларын сараптама орындаушысы жояды (қайтарып алады), ал бұл туралы ақпарат осы жоба бойынша барлық қатысушылардың, сондай-ақ жобалау ұйымы мен жобаланып отырған объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының назарына жеткізіледі.

11-параграф. Кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамындағы жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру ерекшеліктері

      69-19. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама мен экологиялық сараптама барлық кезеңдерде жүргізіледі, ал эмиссияларға рұқсаттар ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысымен соңғы кезеңде беріледі.

      69-20. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесінде қаралып отырған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымына:

      сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 19 (он тоғыз) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді ескертулер жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның дәлелді ескертулері ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылардың ескертулерімен бірге тапсырыс берушіге жіберіледі және осы Қағидалардың 69-14-тармағында көрсетілген мерзімде жоюға жатады.

      Дәлелді ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы жасалады.

      Ескерту. 69-20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69-21. Жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сараптама ұйымына:

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 35 (отыз бесінші) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде ЖСҚ бойынша – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арнаған өтінімнің материалдары бойынша – қоршаған ортаға эмиссияға тиісті рұқсатты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі келісілген іс-шаралар жоспарын береді.

      69-22. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік сараптама ұйымы шаруашылық қызметінің ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері, оның ішінде шаруашылық қызметінің І санаттағы қолданыстағы объектілері аумағында құрылысы жоспарланған объектілер бойынша ақпараттық жүйенің көмегімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға қоршаған ортаға әсерді бақылау материалдарын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған өтінім жібереді.

      69-23. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Қағидалардың 69-22-тармағында көрсетілген құжаттаманы:

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнінен;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.

      Ескерту. 69-23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2020 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69-24. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың ұзақтығына қарамастан, құжаттаманы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сараптама ұйымына ақпараттық жүйе арқылы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты жолдайды.

      69-25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган берген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат тапсырыс берушіге сараптама ұйымымен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен бірге Портал арқылы беріледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      70. Тапсырыс берушіге қағаз тасығышта қорытынды беру жүзеге асырылатын құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын беру және оларды тапсыру-қабылдау актісін ресімдеу бірыңғай Портал арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Құрылыс объектілері бойынша ТЭН және ЖСҚ сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттамасы) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ресімдеу қағидалары) сәйкес құрылады.

      72. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама ұйымдары:

      1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;

      2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытындыны береді.

      Түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ бойынша теріс қорытынды алынғаннан кейін қайтадан (жаңа) сараптама пысықталған бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылған түзетілген ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға қайтадан сараптаманы теріс сараптама қорытындысын берген сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      Теріс қорытынды алған жобаға бұрын сараптама жүргізген сараптама ұйымында аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыда айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда Заңның 64-8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сараптама ұйымдары бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алады.

      73-1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыруды (қайтаруды) тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 51-бабы 7-тармағына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырады, бұл ретте жалпы ведомтсводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы қайтарып алынады.

      Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Сараптама ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығымен бекітілген сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) сәйкес сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін шетелдік мамандарды (егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы қайшы келмейтін болса) қоса алғанда, мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тартады.

      75. Бұрын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН немесе ЖСҚ бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізделген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілсе, қайтадан (жаңа) сараптама түзетілген бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ қайтадан сараптамаға осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылады.

      Егер құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалған жағдайда, онда оған сәйкес құрылысы жүзеге асырылған ЖСҚ-ны түзетуге және қайтадан бекітуге жатпайды.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбеген және бекітілмеген болса ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.

      77. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы сәйкестік сараптама ұйымында, кейінгі үш жыл бойы сақталуы тиіс.

      78. Бекітілген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізу және жаңадан (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге ұсыну:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік рәсімдер бөлігінде;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес құрылыс қызметі бөлігінде жүзеге асырылады.

      79. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы соңғы үш жыл ішінде тиісті сараптама ұйымында сақталады.

      Сараптама ұйымы құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын қараған жағдайда ТЭН және ЖСҚ соңғы редакциясы сарапшының тегі, аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмері және берілген күні көрсетіліп, қағаз түрінде мөрмен куәландырылады.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79-1. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жауапты сарапшы:

      Нормативтік құжатның 8-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосін;

      Порталда электрондық-цифрлық нысанда жасалған, қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, құрастырмалары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосін ақпараттық жүйеде соңғы редакцияда орналастырады.

      Қаржыландырылатын жобалар бойынша мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен тапсырыс беруші кешенді ведомствовадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Порталда жоғарыда көрсетілген жиынтық ресурстық ведомосттерді олардың соңғы редакциясында жариялайды.

      Ескерту. 79-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.03.2020 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Тапсырыс беруші берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын қолдану мерзімі осы Қағидалардың 76, 77-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жобаны (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) қолдану мерзіммен айқындалады.

      81. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған соңғы редакциядағы ТЭН немесе ЖСҚ жинағының электрондық нұсқасы осы жобалар бекітілген сәттен бастап архивтік бақылау дана ретінде тапсырыс берушіде және әзірлеушіде сақталуы тиіс.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың мөрімен куәландырылған, олардың соңғы редакциясында құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар ТЭН немесе ЖСҚ жинағы осы жобалар бекітілген сәттен бастап архивтік бақылау дана ретінде тапсырыс берушіде сақталуы тиіс.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар ТЭН-ді немесе ЖСҚ-ны қоспағанда, ТЭН-нің, ЖСҚ мен үлгілік ЖСҚ-ның соңғы редакциясын сараптама ұйымы электрондық-цифрлық нысанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген) сәйкес Бірыңғай электрондық банкке ұсынады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Бірыңғай электрондық банк қалыптастыратын құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілердің қаражаты есебінен қаржыландырылған жобаның тапсырыс берушілерінің осы Қағидалардың 82-тармағының талаптарын бұзғаны туралы ақпаратты сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жібереді.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін міндетті құжаттар мен материалдар тізбесі

      1. Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізділігін және орындылығын қарау үшін бірыңғай Портал арқылы мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:

      1) мыналарды:

      жобалық (конструктивтік, көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық, технологиялық немесе экономикалық) шешімдерге, сапалық және сандық көрсеткіштерге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды;

      жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға негіздемелерді;

      құрылыс жобасын толық іске асыру үшін талап етілетін қосымша қаржы шығыстардың алдын ала белгіленген мөлшерін көрсете отырып, бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолымен тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, инвестордың) хат-өтінім нысанындағы ақпараты;

      2) бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолы қойылған, тапсырыс берушінің мөрімен расталған құрылыстың құнын ұлғайтуды болжап отырған жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға салыстырмалы кесте;

      3) құрылыстың есептік немесе сметалық құнын қоса алғанда, бекітілуге ұсынылған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін бұрын бекітілген құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

      4) бұрын бекітілген жобаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін растайтын өзге де бастапқы құжаттар.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы жаңа объектілер құрылысының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс берушінің өтініміне (өзінің деректемелерін көрсете отырып) мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жоспарлы мерзімдері мен жалпы инвестициялық циклының ұзақтығын көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (ЖСҚ үшін), келесі жағдайларды қоспағанда:

      егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан болса – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларына сәйкес орман қоры жерлерін бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мақұлдау туралы комиссияның оң қорытындысы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісім ұсынылады;

      егер су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеу, қорғаныс мұқтаждары объектісі оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жағдайында – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 Қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады;

      егер инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында орналасса – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады.

      жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісу (ТЭН үшін);

      3) мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалған жаңа объекті салу немесе бұрыннан барын кеңейту үшін жобалауға қажетті құрылыс алаңының инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесі мен трассалар шегінде коммуникациялар төсеу). ТЭН жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін 5 (бес) жылдан кешіктірмей жүргізілген және ресімделген инженерлік іздестірулердің нәтижелері бар жергілікті атқарушы органдарда бар қор материалдары пайдаланылады;

      4) мынадай техникалық шарттар (трассалардың схемаларымен):

      пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосылуға;

      меншік иелері беретін қолданыстағы желілік құрылыстар немесе трасса бойындағы тоннельдер мен көпір құрылыстары бар жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларының қиылысына.

      Тапсырыс берушіге берілетін техникалық шарттарды қолдану мерзімін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салынып жатқан объектіні пайдалануға тапсыру-қабылдауға дейін өзгертуге жол берілмейді;

      5) аумақты инженерлік даярлаудың, абаттандырудың және көгалдандырудың келісілген шарттарын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (ЖСҚ үшін);

      6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға (жобаны әзірлеуге) арналған тапсырма. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен айқындалады;

      7) егер құрылыс процесінде ЖСҚ-ны түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер, тапсырыс беруші бекіткен орындалған және қалған жұмыстардың нақты көлемінің бөлу ведомосі, жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің салыстырмалы кестесі және орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері жаңа ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі. Бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады;

      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер;

      9) бірегей объектілердің құрылысы үшін жоба әзірленген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) ұсынылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Жобалардың экологиялық сараптамасын және (немесе) экологиялық сараптамасын жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған өтінім (шаруашылық қызметінің І, ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілері үшін);

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (шаруашылық қызметінің І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілері үшін);

      жобалау сатыларына сәйкес келетін қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін объектілердің жоспарланатын жұмысын іске асыруды келісу құжаты;

      Экологиялық кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер бойынша қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бөлігінде мыналарды жүргізу қажет:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасы бойынша келісу;

      қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорт аймақтарының, тұрғын аудандарды жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары;

      4. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес:

      1) құрылысқа арналған ТЭН әзірлеу, келісу, бекіту қағидаларын және құрамын белгілейтін;

      2) құрылысқа (ЖСҚ) арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібін және құрамын айқындайтын жинақталған жоба материалдары.

      5. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның - жобаны әзірлеушінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;

      5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын қосып және көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,

      қазақстандық қамтуды ескере отырып:

      Порталда электрондық-цифрлық нысанда, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;

      ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:

      1. Реконструкцияланатын объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың немесе олардың элементтерінің физикалық жағдайын, сенімділігі мен тұрақтылығы дәрежесін техникалық тексеру актілері, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар;

      3) объектінің немесе оның элементтерінің жай-күйіне жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;

      4) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) қайта бейіндеуге, қайта жабдықтауға немесе қайта жоспарлауға байланысты реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

      5) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылуға арналған техникалық шарттар;

      6) бұрыннан бар объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерткен және (немесе) аумағын қайта жоспарлау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      7) реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жобасын әзірлеу үшін бекітілген тапсырма.

      Бұрыннан бар объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобасына қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлерін талап етуге рұқсат.

      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.

      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;

      5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, қолданылатын тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,

      қазақстандық қамтуды ескере отырып:

      Порталда электрондық-цифрлық нысанда, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;

      ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Жобаның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;

      қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына, елді мекендер пункттеріне жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттама ұсынылады:

      1. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың, кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;

      2) объектіні немесе оның элементтерінің (бөлімдерінің) жай-күйін техникалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;

      3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.

      Бұрыннан бар объектіні күрделі жөндеу жобасына осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлері талап етілуіне рұқсат етіледі.

      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, өндірістік объектілерді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.

      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;

      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;

      5) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;

      7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі,

      қазақстандық қамтуды ескере отырып:

      порталда электрондық-цифрлық форматта, Портал арқылы ұсынылатын ЖСҚ құрамында;

      ЖСҚ құрамында құпиялылық белгісі бар немесе ҚБП белгісі бар қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға және сараптамалық сүйемелдеу режимінде жүргізілетін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат ету құжаттарының жинақтылығы

      Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Құжаттың атауы

1

Мыналар көрсетілген тапсырыс берушінің өтінім хаты:
жобаның атауы;
бас жобалаушы;
тапсырыс берушінің деректемелері (заңнамада көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдері туралы тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері)
жобалау және құрылыс салу мерзімдері;
қабылданған жобалау шешімдерін тапсырыс берушімен келісу.

2

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат

3

Баяндалған аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы жергілікті органының сәулет-жоспарлау тапсырмасында мыналар көрсетіледі:
үйлер мен ғимараттардың қабаттылығы;
жобалау құжаттамасын келісу қажеттілігі (нобайлық жоба, бас жоспар)

4

Топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық іздестіруді қоса алғанда, құрылыс алаңын (жер учаскесі мен коммуникация төсеу трассасының шекарасында) инженерлік іздестіру есептеріне мыналар қоса беріледі:
іздестіру қызметіне арналған лицензия.

5

Техникалық шарттар (тас жол схемаларымен) (объектінің функционалдық мақсаты бойынша міндетті):
1) пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосуға;
жылумен жабдықтауға;
сумен жабдықтауға және кәрізге;
электрмен жабдықтауға;
телефондандыруға;
нөсерлік кәрізге;
газбен жабдықтауға.
2) меншік иелері беретін бұрыннан бар желілік құрылыстар немесе тас жол бойындағы тоннелдер мен көпір құрылыстарын қиып өтуге жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларына.

6

Нобайлық жоба:
- тапсырыс берушімен, сәулет және қала құрылысы жергілікті органымен келісілген;

7

Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (күні көрсетіле отырып);

8

Арнайы техникалық шарттары (ерекше нормалары) (бірегей объектілер құрылысының жобалары үшін қажет болғанда)

9

Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша:
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы;
орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті орган;
жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әуеайлақтан 15 км шегінде орналасқан биіктігі 45м және одан жоғары объектілер бойынша);
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттамаларында көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер.

10

Бекітілген ТЭН немесе инвестициялық ұсыныс

11

Бар деректері мен болжанатын өлшемдерінің негізінде әзірленген құрылысты ұйымдастыру жобасы

12

Осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында келтірілген тізбеге сәйкес кешендік ведомствадан тыс сараптаманың құрамына сараптама жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттар