Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.04.2015 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі  
№ 299 бұйрығымен     
бекітілген        

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар:
      объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобаларын қоса алғанда, жаңа объектілер салу және бұрыннан барын өзгерту жобаларына (жобалау алдындағы немесе ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу тәртібін;
      ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасын кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін белгілейді.
      3. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу барысында жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, сондай-ақ бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) жобалары бойынша қажетті салалық және ведомстволық сараптамалар жүзеге асырылады.
      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және сәулет қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.
      4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылады.
      5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама міндетті болып табылмайды және тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.
      7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      8. Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде салалық сараптамаларды орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволары және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, ақысыз негізде жүргізеді.
      9. Объектілерді салуға арналған ТЭН-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама олар бекітілгенге дейін жүргізіледі.
      Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және бекіту үшін ұсынымдары бар оң қорытынды алмаған құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.
      10. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларға (ТЭН немесе ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

2. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс
кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттері

      11. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.
      12. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:
      1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы;
      3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
      4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;
      5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;
      6) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген құрылыс көлемдерінің негізділігін және орындылығы;
      7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;
      8) қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.
      13. Бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларының құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын жобалау шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.
      Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

3. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін
құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау

      14. Құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) Заңның 64-1-бабының
7-тармағына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге ұсынылады.
      15. Құрылыс жобаларының құрамы мен мазмұны Заңның 60-бабы
4-тармағының және 63-бабы 1-тармағының ережелерімен айқындалады.
      16. Жобаның ұсынылатын материалдарына:
      1) ЖСҚ-ны әзірлеушінің жобалау қызметінің тиісті түрлері мен санаттарына құқық беретін лицензиясының көшірмелері;
      2) құрылыс жобасын әзірлеуге және жекелеген жобалау шешімдерін қабылдауға негіз болған ресми бастапқы құжаттар, сондай-ақ жобаны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген міндетті келісулердің болуы туралы құжаттар қоса беріледі.
      17. Кешенді ведомстводан тыс сараптамаға ұсынылатын құжаттар (материалдар) тізбесі осы Қағидалардың тиісті қосымшаларында:
      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары – 2-қосымшада;
      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары үшін – 3-қосымшада;
      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары үшін –
4-қосымшада келтірілген.
      18. «Бір терезе» қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін бастапқы құжаттармен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау:
      1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;
      2) құрылыс жобаларын әзірлеушілер;
      3) салалық сараптаманы қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары үшін бірден-бір алаң болып табылатын жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай портал арқылы (бұдан әрі – Портал) ғана жүргізіледі.
      19. Мемлекеттік және аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын кезде салалық сараптамалармен өзара іс-қимыл жасайды және барлық рәсімдер мен операцияларды тек қана бірыңғай Порталмен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.
      20. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (одан әрі – ведомство) бірыңғай Порталдың операторын айқындайды, ол оның техникалық күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік сараптама ұйымы өз ақпараттық жүйесінің күтіп-ұсталуын, қызмет көрсетуін, пайдалануын және дамуын қамтамасыз етеді.
      Сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесін сараптама ұйымдарының палатасы айқындайды.
      21. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы мемлекеттік сараптама ұйымы немесе тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымының бірі, сондай-ақ салалық сараптамалар көрсетілген материалдарды Портал арқылы бір мезгілде алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеріледі.
      Жобаның толық жинақталмағаны не құрамы бойынша оның талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы материалдарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту не жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      22. Сараптама ұйымының құрылыс жобасын (оған қоса берілген бастапқы материалдарды ескере отырып) олардың талап етілген жинақтылығы мен құрамы расталғаннан кейін қарауға қабылдауы, сондай-ақ сараптамалық жұмыстардың құнын, сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын белгілеуі тапсырыс берушімен ұсынылған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шартты жасасуға негіз болып табылады.
      23. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының және Сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелері арқылы электрондық-цифрлық нысанда (электрондық шарт), тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбалары арқылы шарттарға қол қоюы арқылы жасалады.
      Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасалады.
      Мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған электрондық шарт жариялы болып табылады және ведомствоның келісімі бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы бекітетін үлгі нысан бойынша жасалады.
      Шарттардың көрсетілген үлгі нысандары ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілерін салуға арналған тиісті ЖСҚ-ға, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 7, 8 және 9-бөлімдерінде көзделген концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынатын концессиондық өтінім құрамындағы ТЭН бойынша кешенді сараптама жүргізу ерекшеліктерін де ескереді.
      Жасалған шарттар оларда ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ақы төлеу шарттары орындалған сәттен бастап ол күшіне енеді.

4. «Бір терезе» қағидаты бойынша
ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу

      24. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын жоба (ТЭН немесе ЖСҚ) оның бастапқы материалдармен бірге Портал арқылы тапсырыс беруші көрсетілген материалдардың жинақтылығы мен құрамының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін:
      1) мемлекеттік ұйымға немесе тапсырыс беруші тандаған аккредиттелген сараптама ұйымының біріне;
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органның ведомствосына немесе орталық немесе аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мәселелеріндегі құзырет шегінде жергілікті атқарушы органдарға;
      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, уәкілетті орган ведомствасына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін жіберіледі.
      Жобаның жинақтылығы және құрамы және оның бастапқы құжаттары бір мезгілде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тексеріледі.
      25. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген күн салалық сараптамаларды қоса алғанда сараптама жұмыстарының басталған күні болып табылады.
      26. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымына мемлекеттік экологиялық сараптаманың және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың салалық қорытындылары ұсынылған күн салалық сараптамалардың аяқталған күні болып табылады.
      Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымына көрсетілген сараптама қорытындыларын ұсыну осы Қағидалардың 35, 36, 37 және
38-тармақтарында белгіленген тәртіппен тек қана мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі немесе сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
      27. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның бөлімін (бөліктерін) әзірлеушілерден қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;
      2) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген тәртіппен дәлелді ескертулерді жою мақсатында оларды береді.
      28. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс жиынтық қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.
      Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.
      29. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын:
      1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы және салалық сараптаманың атауы;
      2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе
жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;
      3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;
      4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);
      5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;
      6) шарттың күшіне енген күнін көрсетіле отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдарының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.
      30. Сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөліміне:
      1) қаралып отырған жоба бойынша қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын құпия ақпаратқа;
      2) мемлекеттік құпия немесе өзге заңмен қорғалатын құпияға жататын ақпаратты орналастыруға жатпайды.

5. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы

      31. Құрылыс жобаларына (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығы жобада белгіленген:
      1) құрылыс объектісінің технологиялық және (немесе) техникалық күрделілігін, сондай-ақ жауаптылық деңгейін;
      2) жобаланып отырған объектінің сыныбы, санаты, эпидемиялық маңыздылығы немесе ықтимал қауіптілігі;
      3) жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы;
      4) жобаланған объектінің құрылыстың нормативтік ұзақтығының есептік көрсеткіші ескеріле отырып, айқындалады.
      32. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық сараптамаларды қоса алғанда) жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасасқан шартпен белгіленеді, бірақ:
      1) жауапкершілігі І және ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер, әлеуетті қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;
      2) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
      3) әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
      33. Жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар объектілерді, салуға олардың функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілілігіне қарамастан бірегей объектілерді (кешендерді), сондай-ақ оларды жобалаудың есептік нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, технологиялық тұрғыдан аса күрделі ғимараттарды және азаматтық қорғаныс және ғарыштық инфрақұрылым құрылыстарының, сондай-ақ жоспарланып отырған объекті құрылысының нормативтік ұзақтығы бекітілетін көрсеткіштер жобасына енгізілген объектілерді салуға арналған ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптама ұйымы қараған кезде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұзақтығы қажет болған жағдайда 60 (алпыс) жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі.
      34. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің сатылары бойынша мерзімдер осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті ұзақтығына байланысты, жалпы осы Қағидалардың 35, 36 және 37-тармақтарында көзделген тәртіппен бөлінеді.
      35. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шектеу ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде:
      1) 35 (отыз бес) жұмыс күні:
      графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер, сондай-ақ жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, жобалық шешімдердің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігі бойынша ТЭН мен ЖСҚ-ны;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, экологиялық қауіпсіздік бөлігінде салалық қорытындыны;
      салалық (жергілікті) қорытынды дайындай және ресімдей отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде салалық қорытындыны қатар (бір мезгілде) қарауға;
      2) 5 (бес) жұмыс күні бір мезгілде:
      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
      3) 5 (бес) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға бөлінеді.
      36. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күні болған кезде Қағидалардың 35-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларда белгіленген әрбір мерзім 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.
      37. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы
20 (жиырма) жұмыс күні болған кезде:
      1) 12 (он екі) жұмыс күні:
      графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер, сондай-ақ жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, жобалық шешімдердің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігі бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
      салалық (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, экологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды;
      (жергілікті) қорытындыны дайындай және ресімдей отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде сараптамалық қорытынды беруге;
      2) 4 (төрт) жұмыс күні:
      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;
      жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау мен ресімдеуді аяқтауға;
      3) 4 (төрт) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды тапсыру және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.
      38. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болған кезде:
      1) 5 (бес) жұмыс күні салалық сараптамаларды қоса алғанда, жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытынды дайындай отырып, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша ЖСҚ-ны қарауға;
      2) 2 (екі) жұмыс күні жиынтық сметалық құжаттаманы қарауға және жиынтық сараптамалық қорытынды ресімдеуге;
      3) 3 (үш) жұмыс күні ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтауға және шартта көзделген құжаттарды тапсыруға және қабылдау актісін ресімдеуге бөлінеді.
      39. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында тапсырыс берушіге:
      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;
      сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 2 (екі) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен;
      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;
      сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктермей сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертулерін береді.
      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.

6. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді
сараптама жүргізуді тоқтату

      40. ТЭН немесе ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында қаралып отырған жоба бойынша жиынтық сараптамалық қорытындыны (салалық сараптаманың жергілікті қорытындысының және ведомстволық келісулердің нәтижелерін ескере отырып) орындаушының одан әрі ресімдеу және беру, сондай-ақ тапсырыс берушінің алу қажеттілігі болмай қалатын ахуал туындаған жағдайларда құрылыс жобасына тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініш береді, оған тапсырыс берушінің осындай шешімінің негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Тапсырыс беруші сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату туралы, негізделген өзгерістер жағдайда, ресми өтініш жіберуге болатын жағдайлар мыналар:
      жобалауға арналған тапсырмалар;
      бастапқы құжаттар (материалдар, деректер), оның ішінде инженерлік тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосылуға арналған инженерлік іздестірулердің немесе техникалық шарттардың нәтижелері, олардың параметрлері мен талаптары;
      жобаланатын объектінің аумағы айналасындағы бекітілген толық жоспарлау жобаларында және (немесе) құрылыс салу жобаларында қала құрылысы шешімдерін қайта қарауға байланысты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасының шарттары мен талаптары;
      тапсырыс берушінің осы объектінің жоспарланған құрылысын салудан бас тарту туралы дәлелді шешімі болып табылады (жеке-жеке не жиынтығы).
      41. Жобаға тапсырыс берушінің растайтын құжаттары қоса берілген сараптама жүргізуді тоқтату туралы ресми өтініші тіркелгеннен кейін ақпараттық жүйеде сараптаманы одан әрі жүргізу қажет еместігі туралы хабарлама автоматты түрде қалыптастырылады және осы жоба бойынша салалық сараптаманы жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулылығы саласындағы орталық уәкілетті органға немесе аумақтық бөлімшелерге, ведомстволарға, сондай-ақ осы жоба бойынша салалық сараптаманы жүзеге асыратын аттестатталған сараптама ұйымына жіберіледі.
      42. Қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулылығы саласындағы орталық уәкілетті орган немесе аумақтық бөлімшелері, ведомстволары, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы саласында аттестатталған, салалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдары электрондық портал арқылы сараптама ұйымынан тиісті хабарлама алған күннен бастап салалық сараптама жүргізуді тоқтатады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымына сараптаманы тоқтату бойынша құжаттарды ресімдеу үшін жеткілікті ақпараты бар атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады.
      43. Жоба бойынша салалық сараптамалардың ұсынған атқарылған жұмысы туралы есептерінің негізінде сараптама ұйымы және құрылыс жобасының тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен атқарылған жұмыс актісін жасай отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу шартын бұзуды ресімдейді.
      44. Жобаға тапсырыс берушінің растайтын құжаттар қоса берілген сараптаманы тоқтату қажеттілігі туралы ресми өтініші жиынтық сметалық құжаттаманы қараудың, жиынтық сараптамалық қорытындыны дайындау және ресімдеудің соңғы сатысында ұсынылған болса, онда ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша бұзуға жатпайды және сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен шарттық міндеттемелерді белгіленген тәртіппен аяқтайды.

7. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын
талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу және келісу тәртібі

      45. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері Заңның 6-бабының 4-1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
      46. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне арналған ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспары (бұдан әрі – Жеке жоспар):
      1) төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ететін;
      2) бірегей;
      3) құрылыс ұзақтығы кемінде 36 ай болатын І жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша бір сатылы жобалау («жұмыс жобасы» – ЖЖ) кезінде ЖСҚ үшін ғана әзірленеді.
      Бұл ретте, төтенше жағдай салдарына байланысты тіршілікті қамтамасыз ету объектілері деп – ғимараттарын, құрылыстарын, технологиялық қондырғылары мен агрегаттарын пайдалануды тоқтату (уақытша тоқтату) кезінде елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының қызметі бұзылатын тұрғын үйді, денсаулық сақтау және білім беру, телекоммуникация, байланыс, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ғимараттары мен құрылыстарды түсінеміз.
      47. Осы Қағидалардың 46-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді коспағанда, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның желілік объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарының жобалары бойынша бұрыннан бар объектілерді өзгерту жөніндегі жобалар, түзетілген ЖСҚ, жауапкершілік деңгейі II (қалыпты) және III (төмендетілген) объектілер бойынша Жеке жоспарлар әзірленбейді.
      48. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаралып отырған объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жеке құрылыс объектілеріне жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін тапсырыс беруші:
      1) кестені қоса бере отырып, ЖСҚ әзірлеу кезеңдері мен мерзімдері (келісуші ұйымды көрсете отырып);
      2) сараптама ұйымдарымен келісілген кестені қоса бере отырып, сараптамаға ЖСҚ-ны ұсыну мерзімдері мен көлемдері;
      3) осы Қағидалардың 58-тармағына сәйкес әрбір кезең бойынша кезең-кезеңмен жергілікті сараптама қорытындыларын беру мерзімдері;
      4) сараптаманың жиынтық қорытындысын беру мерзімі;
      5) кестені қоса бере отырып, құрылыс және келісімдерді, рұқсаттарды алу (келісуші ұйымдарды көрсете отырып) мерзімдері;
      6) «Рұқсат беру мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;
      7) тапсырыс берушінің қалауы бойынша басқа да іс-шаралар қамтылған Жеке жоспар әзірлейді.
      49. Жеке жоспарды қарау үшін тапсырыс беруші ведомствоға Жеке жоспардың жобасын және тапсырыс беруші бекіткен материалдарды (бастапқы және рұқсат беру құжаттарды, келісулерді, болжамды техникалық-экономикалық параметрлерді көрсете отырып, эскиздік жобаны, құрылысты ұйымдастыру жобасын (бұдан әрі – ҚҰЖ), ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеудің күнтізбелік жоспары-кестесін және объекті құрылысының мерзімін) ұсынады.
      50. Осы тараудың талаптары сақталған кезде Жеке жоспарды ведомство 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
      51. Тапсырыс беруші Жеке жоспарға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған құжаттаманы кезең-кезеңмен ұсынады.
      52. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.
      53. Сараптама жүргізу кезеңдерінің саны, қорытындысы бойынша жиынтық сараптамалық қорытынды әзірленетін аяқтау кезеңін қоса алғанда төрттен аспауы тиіс.
      Жергілікті қорытынды беру мен сараптама жүргізудің келесі кезеңіне ЖСҚ-ны ұсыну аралығы Жеке жоспарда белгіленеді.
      54. Әрбір кезеңде жергілікті қорытындыларға экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде салалық сараптаманың қорытындылары енгізіледі.
      55. ЖСҚ-ны кезең-кезеңмен әзірлеуге сараптама жүргізу Жеке жоспар шарттары ескеріле отырып, жалпы бүкіл жобаға жасалатын шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      56. Жобалаудың әрбір кезеңінде сметалық құн объектілік сметалық есептеулерді кезең құрылысы құнының сметалық есебін, сондай-ақ жұмыстарға және осы кезеңнің шығындарына жиынтық сметалық есебін жасай отырып, жергілікті сметалық есеп (жергілікті смета) бойынша айқындалады және жергілікті сараптамалық қорытындыларда көрсетіледі.
      Жобалаудың әрбір кезеңінің құндық көрсеткіштері жергілікті қорытындылар бойынша аяқталу кезеңіндегі құрылыс бойынша шығындар жиынтығында ескеріледі.
      Жиынтық сараптама қорытындысын беру кезінде, жергілікті қорытынды шеңберінде жергілікті және объектілік сметалар бойынша барлық құндық көрсеткіштер қосылады және түзетуге жатпайды. Бұл ретте, «Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативтің 7-қосымшасына сәйкес іс-жүзіндегі есептеме ескеріле отырып, Жиынтық сметалық есептің 3-8-баптары қайта есептеледі.
      57. Жеке жоспарға сәйкес келмейтін ЖСҚ сараптамаға ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы ЖСҚ-ны қарамастан қайтарады.
      58. Кезеңдердің әрқайсысы бойынша, оның ішінде аяқталу (жиынтық) кезеңі бойынша да сараптама жүргізу ұзақтығы, тиісті кезең бойынша сараптамалық жұмыстар басталған күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспайды.
      Бұл ретте, сараптама жүргізу ұзақтығы Жеке жоспарда белгіленеді:
      1) сараптаманың жобалау-құжаттамасында белгіленген, мемлекеттік нормативтерге сәйкессіздік бойынша ескертулері мен ұсыныстарын бастапқы сараптамамалық қарау, дайындау және ресімдеу-тапсырыс беруші жинақталған жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспайды;
      2) сарапшылардың ескертулері бойынша тапсырыс берушінің жобаны әзірлеушілермен бірлесіп жобалау құжаттамасына қажетті түзетулер (пысықтаулар) енгізуі сарапшының ескертулері мен ұсыныстарын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды;
      3) жергілікті (аралық кезеңдерде) немесе жиынтық (аяқтау кезеңінде ұсынылған және қаралған жобалау құжаттамасының толық жиынтығы бойынша) қорытындыларды қайталап сараптамалық қарау, дайындау және ресімдеу - тапсырыс беруші сараптаманың ескертулері мен ұсыныстары бойынша түзетілген (пысықталған) жобалау құжаттамасын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды;
      59. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы әрбір кезең бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күні болған кезде – экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде салалық қауіпсіздік қорытындысын дайындай және ресімдей отырып, ЖСҚ-ны қатар (бір мезгілде) қарау үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні бөлінеді.
      60. Әрбір кезеңде жобалау құжаттамасының жиынтығы бойынша жүзеге асырылған, сараптаманың жергілікті оң қорытындысы тиісті кезеңде бір мезгілде құрылыс салу мүмкіндігі үшін жобаның осы бөлігін тапсырыс берушінің бекітуі үшін негіз болып табылады.
      Аяқтау кезеңінде бұрын берілген жергілікті қорытындыны қамтитын жиынтық қорытынды беріледі.

8. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсыну және жүргізу тәртібінің ерекшеліктері

      61. Бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін негізделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген бұрын бекітілген ЖСҚ белгіленген тәртіппен қайтадан әзірленіп отырған жобалар үшін қайтадан (жаңа) ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуге жатады.
      Түзетілген және қайтадан (жаңа) сараптамаға ұсынылатын ЖСҚ-ның жалпы түсіндірме жазбасында:
      іс жүзінде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстың көлемі туралы;
      тиісті негіздемелерді көрсете отырып, бұрын бекітілген ЖСҚ-ға өзгертістер мен толықтырулар туралы ақпарат қамтылады.
      Жалпы түсіндірме жазбаға құрылысы аяқталмаған объектілерді техникалық зерттеп-қараудың қорытындысы қоса беріледі.
      62. Бекітілген ЖСҚ-ға өзгерістер енгізу және оған жаңа (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ұсыну:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік рәсімдер бөлігінде;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес құрылыс қызметі бөлігіне жүзеге асырылады.
      63. Түзетілген ЖСҚ материалдарын ұсыну және қабылдау осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
      64. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға ведомстодан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші ұсынған:
      ЖСҚ бойынша жаңа (қайтадан) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
      аяқталмаған құрылыстың жай-күйі (техникалық зерттеп-қарау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалғаны туралы деректер), оның ішінде орындалған жұмыстың актілерімен расталған олардың құндық бағасы туралы (зерттеп-қарау кезінде нақты қаржы шығындары туралы деректер) мәліметтерден тұратын тәуелсіз техникалық зерттеп-қараудың қорытындысы (есеп) негіз болып табылады.
      65. Аяқталмаған құрылыс объектілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылған мезгілде тәуелсіз техникалық зерттеп-қарау ұсынған қорытындылар бойынша атқарылған жұмыс көлеміне және оның құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілмейді. Техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша нәтижелер мен тұжырымдар зерттеп-қарау жүргізген ұйымдармен анықталады.
      66. Құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға арналған жиынтық сараптамалық қорытынды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 10636 болып тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына (бұдан әрі – Ресiмдеу қағидалары) сәйкес құрылады.
      67. Жиынтық сараптамалық қорытындының қаулы ететін бөлігіне тәуелсіз техникалық тексеру қорытындыларының тұжырымдары қосымша енгізіледі.

9. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынған концессиондық өтініштер құрамындағы техникалық-экономикалық негіздемелерді сараптамалық қарау тәртібінің ерекшеліктері

      68. Концессия объектілерін салуға арналған концессионерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурсқа қатысушылардың конкурстық концестік өтінімдері құрамындағы Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген ТЭН бойынша Қағидалардың осы бөлімінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.
      Бұрын Концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын алған ТЭН-де көзделген техникалық-экономикалық параметрлерін конкурсқа қатысушы қабылдаған жағдайда, конкурсқа қатысушының концессиондық өтінімі құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту талап етілмейді.
      69. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын концессиялық жобалардың ТЭН-і жаңаларын салу немесе бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды олардың кешендерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік коммуникацияларды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу) жолымен жүзеге асырылатын осы концессия объектілерін салуға арналады.
      70. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған концессия объектілерін салуға арналған ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптаманы (одан әрі – ТЭН конкурстық өтініштін құрамында) мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
      71. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама қала құрылысына және техникалық регламенттерге, сондай-ақ пайдалану барысында жобаланатын объектінің тұрақты жұмыс істеуі бөлігіндегі техникалық-техногологиялық шешімдерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптарға сай келуіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы және жарылыс қауіпсіздігін әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеуді қамтамасыз ету шарларына бағалау жасалады.
      72. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға концессионерді таңдау бойынша конкурсқа әртүрлі қатысушылар ұсынатын ТЭН саны шектелмейді.
      ТЭН-ге сараптама коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ТЭН-дегі құпия ақпаратты таратпау талаптарды ескере отырып, осы концессиялық жобаның әлеуетті концессионерінің әрбір конкурстық құжаттамасы бойынша бөлек жүргізіледі.
      73. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің тиісті бөлімін (бөлігін) сараптама жүргізетін сарапшы қаралып отырған құжаттамадағы оған мәлім болған ақпаратты қызметтік жағдайын және міндеттерін, оның ішінде пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға құқығы жоқ.
      Осы ақпаратты әйгілеу (жариялау), тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша түрде келісімімен жүзеге асырылады.
      74. Заңмен рұқсат етілген осындай ақпаратты жариялау, тарату және пайдалану Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
      Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-нің ведомстводан тыс кешенді сарптама тапсырыс берушісі концессионерді таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы және осы концессиялық жобаның барлық ұсынылған ТЭН-не ведомтводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған мемлекеттік сараптама ұйымы шартының тарабы бола алады.
      Әрбір ТЭН бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шығындары әртүрлі мөлшерде барлық конкурсқа қатысушылармен өтеледі.
      75. Конкурстық өтінімнің құрамында ТЭН бойынша сараптаманы өткізу құны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.
      76. Сараптама ұйымдары жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық сараптамаларды қоса алғанда) мерзімдері мен ұзақтығы шартпен белгіленеді, бірақ осы Қағидалардың 5-бөлімінде көзделген шектен аспауы тиіс.
      77. Конкурстық өтінім құрамындағы әрбір қаралған ТЭН бойынша сараптамалық қорытынды тұжырымдары жобалық шешімдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы көрсете отырып, концессионерді таңдау бойынша осы конкурсқа қатысушыны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда, ТЭН-нің біреуін бекіту үшін негіз болып табылады.

10. Қорытынды ережелер

      78. Тапсырыс берушіге ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысын беру және оларды тапсыру-қабылдау актісін ресімдеу бірыңғай Портал арқылы жүзеге асырылады.
      79. Ресімдеу қағидалары Заңның 20-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен белгіленеді.
      80. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша (салалық сараптамалардың және ведомстволық келісулердің нәтижелерін қоса алғанда) сараптама ұйымдары:
      1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;
      2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытынды береді.
      Жиынтық теріс қорытынды алынған жағдайда ТЭН және ЖСҚ жаңадан әзірленген жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге жатады.
      81. Тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыда айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда Заңның 64-8-бабы 2-тармағының
3) тармақшасына сәйкес сараптама ұйымдары бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алады.
      82. Сараптама ұйымдары Заңның 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысу үшін шетелдік мамандарды (егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы қайшы келмейтін болса) қоса алғанда, мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тартады.
      83. Бұрын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН немесе ЖСҚ бұрынғы жобалау шешімдеріне және бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізделген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілсе, қайтадан әзірленіп отырған жобалар белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге жатады.
      84. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбеген және бекітілмеген болса ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.
      85. Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау-сметалық құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.
      86. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы сәйкестік сараптама ұйымында, кейінгі үш жыл бойы сақталуы тиіс.
      87. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық оң қорытындысын алған және жобаның тиісті бөлімдері немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған ТЭН немесе ЖСҚ жинағының соңғы редакциясының электрондық нұсқасы тапсырыс берушіде және әзірлеушіде мұрағаттық бақылау дана ретінде сақталуы тиіс.
      88. Жобалау құжаттамалары бекітілгеннен кейін Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 12422 болып тіркелген) сәйкес бекіту туралы ақпаратпен бірге ТЭН-нің, ЖСҚ мен үлгілік ЖСҚ-ның соңғы редакциясы электрондық-цифрлық нысанда Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке жіберіледі.
      89. Біріңғай банк қалыптастыратын құрылыс, сәулет және қала құрылысы қаласындағы уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілердің қаражат есебінен қаржыландырылған жобаның тапсырыс берушімен осы Қағидалардың 88-тармағының талаптарын бұзған туралы ақпаратты сәлет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жібереді.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау- 
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу 
қағидаларына          
1-қосымша           

Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін міндетті құжаттар мен материалдар тізбесі

      1. Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізділігін және орындылығын қарау үшін бірыңғай Портал арқылы мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
      1) мыналарды:
      жобалық (конструктивтік, көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық, технологиялық немесе экономикалық) шешімдерге, сапалық және сандық көрсеткіштерге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды;
      жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға негіздемелерді;
      құрылыс жобасын толық іске асыру үшін талап етілетін қосымша қаржы шығыстардың алдын ала белгіленген мөлшерін көрсете отырып, бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолымен тапсырыс берушінің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, инвестордың) хат-өтінім нысанындағы ақпараты;
      2) бірінші басшының (бірінші басшыны ауыстыратын лауазымды тұлғаның) қолы қойылған, тапсырыс берушінің мөрімен расталған құрылыстың құнын ұлғайтуды болжап отырған жобалардың бөлімдері (бөліктері) бойынша жобалау шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға салыстырмалы кесте;
      3) құрылыстың есептік немесе сметалық құнын қоса алғанда, бекітілуге ұсынылған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін бұрын бекітілген құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
      4) бұрын бекітілген жобаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін растайтын өзге де бастапқы құжаттар.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға, 
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,  
техникалық қайта жарақтандыруға, 
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-  
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу  
қағидаларына            
2-қосымша             

Жаңа объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамасының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы жаңа объектілер құрылысының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін тапсырыс берушінің өтініміне (өзінің деректемелерін көрсете отырып) мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) жоспарлы мерзімдері мен жалпы инвестициялық циклының ұзақтығын көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
      2) жоспарланған объектіге бөлінген аумақты оның шекарасы шегінде және мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жерге тиісті құқық бере отырып, жер учаскесін (алаңды, трассаны) бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
      3) жаңа объекті салу немесе бұрыннан барын кеңейту үшін жобалауға қажетті құрылыс алаңының инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесі мен трассалар шегінде коммуникациялар төсеу). ТЭН жасау үшін тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін 5 (бес) жылдан кешіктірмей жүргізілген және ресімделген инженерлік іздестірулердің нәтижелері бар жергілікті атқарушы органдарда бар қор материалдары қолданылады;
      4) мынадай техникалық шарттар (трассалардың схемаларымен):
      пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосылуға;
      меншік иелері беретін қолданыстағы желілік құрылыстар немесе трасса бойындағы тоннельдер мен көпір құрылыстары бар жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларының қиылысына.
      Тапсырыс берушіге берілетін техникалық шарттарды қолдану мерзімін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салынып жатқан объектіні пайдалануға тапсыру-қабылдауға дейін өзгертуге жол берілмейді;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарында баяндалғанды қоса алғанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға (жобаны әзірлеуге) арналған тапсырма. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және қағидаларымен айқындалады;
      7) егер құрылыс процесінде ЖСҚ-ны түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер және орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері жаңа ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі. Бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарда көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер;
      9) бірегей объектілердің құрылысы үшін жоба әзірленген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) ұсынылады.
      2. Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында салалық сараптама жүргізуге қажетті арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар мынадай салада:
      экологиялық реттеу (мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу бөлігінде);
      тұтынушылардың құқығын қорғау (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама бөлігінде)көрсетілетін қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ресімделеді.
      3. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес:
      1) құрылысқа арналған ТЭН әзірлеу, келісу, бекіту қағидаларын және құрамын белгілейтін;
      2) құрылысқа (ЖСҚ) арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібін және құрамын айқындайтын жинақталған жоба материалдары.
      4. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – жобаны әзірлеушінің (бас жобалаушы және қосалқы жобалаушы ұйымдар) лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;
      5) жобаны қаржыландыру көздері (бюджет қаражаты, мемлекеттік инвестициялардың өзге нысандары, заңды тұлғалардың жеке қаражаты, жеке тұлғалардың жеке қаражаты және басқа) туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын қосып және көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) жобаның бас инженерін немесе жобаның бас сәулетшісін тағайындау туралы бас жобалау ұйымы (жоба әзірлеушінің) басшысының бұйрығы.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге, 
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-  
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу 
қағидаларына           
3-қосымша            

Бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттамалардың жинағы ұсынылады:
      1. Реконструкцияланатын объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
      2) бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың немесе олардың элементтерінің физикалық жағдайын, сенімділігі мен тұрақтылығы дәрежесін техникалық тексеру актілері, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар;
      3) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) қайта бейіндеуге, қайта жабдықтауға немесе қайта жоспарлауға байланысты реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылуға арналған техникалық шарттар;
      5) бұрыннан бар объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерткен және (немесе) аумағын қайта жоспарлау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті (республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) атқарушы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      6) реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жобасын әзірлеу үшін бекітілген тапсырма.
      Бұрыннан бар объектіні реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобасына қажет болған жағдайда
1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлерін талап етуге рұқсат.
      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, кәсіпорындарды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.
      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;
      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, қолданылатын тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) жобаның бас инженерін тағайындау туралы жобалау ұйымы (жобаны әзірлеушінің) басшысының бұйрығы.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға, 
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге, 
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-  
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу 
қағидаларына          
4-қосымша           

Бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттамаларының (материалдарының) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге арналған тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсетіп) мынадай құжаттама ұсынылады:
      1. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың, кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының бөліктерін күрделі жөндеу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:
      1) жалпы инвестициялық циклдің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жобаны инвестициялау туралы тапсырыс берушінің шешімі;
      2) объектіні немесе оның элементтерінің (бөлімдерінің) жай-күйін техникалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ақау актілері;
      3) тапсырыс беруші бекіткен күрделі жөндеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.
      Бұрыннан бар объектіні күрделі жөндеу жобасына қажет болған жағдайда 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарында келтірілген тізбеден (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында салалық сараптамаларды жүргізу үшін арнайы бастапқы құжаттарды қосқанда) бастапқы құжаттардың өзге де түрлері талап етілуіне рұқсат.
      2. Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес жинақталған, өндірістік объектілерді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындайтын жоба материалдары.
      3. Сараптамаға ұсынылған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісі туралы ақпарат:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері;
      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
      3) заңды тұлғаның – әзірлеушінің лицензиясы, оған қосымшалар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіледі;
      4) жобалау жұмыстары құнының есебі. Жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін жағдайларда сметалық құжаттаманы жасауға арналған құнның есебі ғана қоса беріледі;
      5) жобаны қаржыландыру көздері туралы ресми анықтама;
      6) жобада прайс-парақтар бойынша олардың өлшем бірлігінің біреуі үшін бағасын көрсетіп, тапсырыс беруші бекіткен материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі;
      7) жобаның бас инженерін тағайындау туралы жобалау ұйымы (жобаның әзірлеуші) басшысының бұйрығы.

Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды,
олардың кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын салуға,
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге, 
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-  
сметалық құжаттамаға ведомстводан
тыс кешенді сараптама жүргізу 
қағидаларына          
5-қосымша            

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат ету құжаттарының жинақтылығы

р/н Құжаттың атауы

1

Мыналар көрсетілген тапсырыс берушінің өтінім хаты:
- жобаның атауы;
- бас жобалаушы;
- тапсырыс берушінің деректемелері (заңнамада көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, салық және өзге де міндетті төлемдері туралы тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері)
- жобалау және құрылыс салу мерзімдері;
- қабылданған жобалау шешімдерін тапсырыс берушімен келісу.

2

Жоспарланған объектінің мақсаты мен оның шекарасы шегінде бөлінетін аумақты пайдалану регламенттерін қоса алғанда, жерге тиісті құқық бере отырып, жер учаскесін (алаңды) бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі
- жобалау мақсаты үшін жергілікті атқарушы органның қаулысы;
- учаскені бөлу схемасы;
- меншік құқығының актісі.

3

Баяндалған аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру шарттарын қоса алғанда, сәулет және қала құрылысы жергілікті органының сәулет-жоспарлау тапсырмасында мыналар көрсетіледі:
- үйлер мен ғимараттардың қабаттылығы;
- жобалау құжаттамасын келісу қажеттілігі (нобайлық жоба, бас жоспар)

4

Топографиялық түсірілім материалдары мен геологиялық және гидрогеологиялық іздестіруді қоса алғанда, құрылыс алаңын (жер учаскесі мен коммуникация төсеу трассасының шекарасында) инженерлік іздестіру есептеріне мыналар қоса беріледі:
- іздестіру қызметіне арналған лицензия.

5

Техникалық шарттар (тас жол схемаларымен) (объектінің функционалдық мақсаты бойынша міндетті):
1) пайдаланушы ұйымдар беретін инженерлік және көліктік қамтамасыз ету көздеріне қосуға;
жылумен жабдықтауға;
сумен жабдықтауға және кәрізге;
электрмен жабдықтауға;
телефондандыруға;
нөсерлік кәрізге;
газбен жабдықтауға.
2) меншік иелері беретін бұрыннан бар желілік құрылыстар немесе тас жол бойындағы тоннелдер мен көпір құрылыстарын қиып өтуге жобаланатын инженерлік немесе көлік коммуникацияларына.

6

Нобайлық жоба:
- тапсырыс берушімен, сәулет және қала құрылысы жергілікті органымен келісілген;

7

Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (күні көрсетіле отырып);

8

Арнайы техникалық шарттары (ерекше нормалары) (бірегей объектілер құрылысының жобалары үшін қажет болғанда)

9

Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша:
- су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы;
- орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті орган;
- жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
- азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (аэродромнан 15 км шегінде орналасқан биіктігі 45м және одан жоғары объектілер бойынша);
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық құжаттамаларында көзделген құрылыс жобаларына өзге де келісулер.

10

Бекітілген ТЭН немесе инвестициялық ұсыныс

11

Бар деректері мен болжанатын өлшемдерінің негізінде әзірленген құрылысты ұйымдастыру жобасы