"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң штат саны 3544 адам болып белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10 N 1495, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 N 458 Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды, мемлекеттік реттеуді, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді және онымен тұрақты консультациялар өткізіп отырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауына және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелері бойынша жауаптылық атқармайды, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкі де осындай жауаптылық қабылдаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері бойынша жауаптылық атқармайды.
Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдары Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының заңнамамен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқылы емес.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744, 2014.10.06 № 923 Жарлықтарымен.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, мөртабандары, сондай-ақ өзінің эмблемасы және белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде филиалдары мен өкілдіктері болатын елдің заңнамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзінің филиалдары мен өкілдіктерін аша алады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің біртұтас орталықтандырылған құрылымына департаменттерден және басқа да дербес бөлімшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкілдіктер мен ұйымдар кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері филиал туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін.
Филиал өз қызметінде жергілікті мемлекеттік билік органдарынан тәуелсіз және оған ондай жауаптылықты Қазақстан Ұлттық Банкі жүктеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауаптылық атқармайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдың міндеттемелері бойынша жауаптылық атқармайды.
Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады.
Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесімен кандидатурасын алдын ала келісіп, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады.
Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің бас сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады.
Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережеде айқындалады.
Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан ұлттық Банкі Директорлар кеңесімен кандидатурасын алдын ала келісіп, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) Өкілдік басшысы жүзеге асырады.
Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің бас сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары республикалық заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдардың қызметінің мәнін және мақсаттарын, сондай-ақ олардың түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғыларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
Ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иелігінен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды.
Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, олардың жарғыларында, Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының өз мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744, 2014.10.06 № 923 Жарлықтарымен.
5. Қазақстан Ұлттық Банкі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
6. Қазақстан Ұлттық Банкінің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасауға құқығы бар.
7. Қазақстан Ұлттық Банкі құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық қаржы ұйымдарының, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында қазақ тілінде және орыс тілінде жарияланады.
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының орналасқан жері: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. Ереже Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мүлкінің түрі - республикалық мемлекеттік мүлік.
13. Қазақстан Ұлттық Банкі ақылы негізде банктік операциялар және басқа да қызметтер жүргізуге құқылы. Көрсететін қызметтерінің түрлері мен ақысының мөлшерлерін Қазақстан Ұлттық Банкі дербес айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы - баға тұрақтылығына және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізу.
15. Қазақстан Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер жүктеледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
16. Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарын қоса алғанда, Ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
17. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі функциялары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;
2) мемлекеттік қарыз алу саясатын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатына байланысты мәселелер бойынша бюджет саясатын қалыптастыру кезінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын қарайды;
3) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік борышын өтеудің ай сайынғы көлемін, оның банк жүйесінің өтімділігіне ықпал етуін және ақша-кредит саясатының басымдықтарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру үшін қаржы ұйымдарына рұқсат ету талаптарын келіседі;
4) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
6) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және олармен келісім бойынша басқа да мемлекеттік органдардың банкі, қаржы кеңесшісі, агенті функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін өзге де қызметтерді көрсетеді;
8) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;
13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу бойынша бүкіл операциялардың есебін жүргізеді;
15) шетел валютасын сатып алады және сатады;
16) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажетті санын айқындайды және олардың жасалуын қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталар шығарудың, олардың айналысын ұйымдастырудың және айналыстан алудың айрықша құқығына ие болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталарды айналысқа шығаруды оларды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы жүзеге асырады;
18) Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындайды;
19) бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртібін белгілейді;
20) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;
21) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын белгілейді, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады;
22) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, олардың күшін жояды және пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтары мен банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
23) өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражатын орналастырады, Үкіметтің шоттары бойынша төлемдер жүргізеді және өзге де операцияларды жүзеге асырады;
24) бірыңғай қазынашылық шот, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазынашылық комитетінің шетел валютасындағы шоттарын ашады және жүргізеді;
25) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
26) банкаралық ақша аударымы жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
27) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;
төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексереді;
төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алады;
28) халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысады;
29) ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді, реттейді;
30) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін, ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың қағидалары мен ерекшеліктерін, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды белгілейді;
31) банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен талаптарын белгілейді;
32) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің және ақша төлемдері мен аударымдарының жүзеге асырылуының тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
33) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерін және аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектілігін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша белгілейді;
34) ақша төлемдері мен аударымдары мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, талаптарды), оның ішінде ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын қабылдайды;
35) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын конвертациялау/реконвертациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді;
36) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін белгілейді;
37) резиденттердің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, оның ішінде валюталық реттеу режимдерін белгілейді;
38) резиденттердің репатриация талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай қағидалары мен талаптарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ шекті мәні асып кеткен жағдайда келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін мәміле сомасына қатысты шекті мәнді белгілейді;
39) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді;
40) айырбастау пункттерін ашу тәртібін белгілейді;
41) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде біліктілік талаптарын белгілейді;
42) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде шоттар ашуы туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерді береді;
43) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді, оларды белгілеу тәртібін айқындайды және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
44) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;
45) мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың құзыретіне сәйкес валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілік беру тәртібін және мерзімдерін белгілейді;
46) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операциялары мониторингінің (валюталық мониторинг) тәртібін белгілейді және оны жүзеге асырады;
47) сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттары мониторингінің тәртібін белгілейді және оны жүзеге асырады;
48) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асырады;
49) қаржы, өзге ұйымдар мен тұлғаларға, олар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, санкциялар мен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды өз құзыреті шегінде қолданады;
50) Қазақстан Республикасының банктерінде, өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шетелдің орталық банктерінде, шетел банктерінде және басқа да қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
51) өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шетелдің орталық банкі, шетел банктері және басқа да қаржы институттары, шетел үкіметтері мен олардың агенттері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшін шоттар ашады және жүргізеді, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасайды;
52) ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөніндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргізеді;
53) банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар береді, лицензияларды қайта ресімдейді, лицензиялардың телнұсқаларын береді, лицензияларды беруден бас тартады, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және одан айыру туралы шешім қабылдайды;
54) мыналарды:
тарату комиссияларының кассада қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу жөніндегі қағидаларды орындауы бойынша, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін қамтамасыз ету бойынша талаптарды;
ерікті таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктерін;
банктің меншік капиталы мен инвестицияларын есептеу әдістемесін;
банктерді консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін;
сақтандыру брокері қызметінің талаптарын;
сақтандыру портфелін беру тәртібін;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу тәртібін;
сақтандыру резервтерін құру тәртібін;
актуарлық қызметті жүзеге асыру тәртібін және талаптарын;
Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға және олар бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуын бақылауды кастодиан банктің жүзеге асыру тәртібін;
салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртібін;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін;
ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидаларын;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері орналастырылатын қаржы құралдарының тізбесін;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетел кастодиандарын;
мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) Қазақстан Ұлттық Банкі қатысатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізудің ерекшеліктерін;
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындайды;
55) өзінің құзыреті шегінде уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) қызметінің мәселелері бойынша:
банкті банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырған кезде, сондай-ақ банктерді тарату мәселелері бойынша;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырған кезде, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларын әзірлейді;
56) мыналарды:
бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу көзделіп отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
рейтингтік бағаларын Қазақстан Ұлттық Банкі танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды;
қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды;
қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитінің шығындарын өтеудің тәртібін;
Қазақстан Ұлттық Банкі танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, келісімді алуға қажетті құжаттарды;
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 35-бабының 2-тармағында көрсетілген сенім білдірілген адамдарға қойылатын талаптарды және оларды таңдау тәртібін;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін;
қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру тәртібін;
зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастыру тәртібін және мерзімдерін;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және өзінің интернет-ресурсында орналастыру тәртібін және мерзімдерін;
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және үлгі нысанын;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-қимылдарын жүзеге асыру тәртібін;
мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ олардың күшін жою, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент еместерінің және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу талаптары мен тәртібін;
эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресімдеу тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерге қойылатын талаптарды;
эмитент пен өкіл арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқару талаптары мен тәртібін;
лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайда лицензиаттың клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібін;
бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметінің тәртібін;
қазақстандық депозитарлық қолхаттарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің, қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті берудің талаптары мен тәртібін, сондай-ақ қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитентінің сақтауы тиіс талаптарды;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін;
пруденциялық нормативтердің және өзге де көрсеткіштердің немесе лицензиаттардың қаржылық орнықтылығы критерийлерінің (нормативтерінің) түрлерін, оларды есептеу тәртібі мен есептеу әдістемелерін;
арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді жаңа басқарушыға берілетін бөлінген активтерін салыстыру тәртібін;
арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан банкке беру тәртібін;
арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін;
бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру тәртібін;
банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы бұрын өздері шығарған облигациялардың айналысы кезінде облигациялар шығаруға ниеті болған жағдайда, олар сақтауы тиіс талаптарды;
банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін;
мәмілелер жасау және операциялар жүргізу кезінде банктерге қойылатын шектеулерді;
заңды тұлғалардың банктер, банктің еншілес ұйымдары немесе банк холдингі сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне), сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына не акцияларына қатысу үлестерінің жиынтық құнына қойылатын талаптарды;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібін, еншілес ұйымның сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды;
банктер және банк конгломераттары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін;
банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір бөлігін не толық көлемде бір мезгілде беру бойынша операцияны жүргізу тәртібін, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін;
консервациялау режимінде тұрған банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру тәртібін, сондай-ақ беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін;
банктердің сақтауға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін;
күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алу үшін еншілес ұйымдарға банктер берген активтерді күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ бас банктер еншілес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртібін;
банктер және банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша банктердің серпінді резервтерді қалыптастыру тәртібін және талаптарын;
қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін;
талап етілетін ең төменгі рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым алуға жататын кірістерді 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу тәртібін;
мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртібін және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды;
уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) және тарату комиссиясының есептерді және өзге (қосымша) ақпаратты ұсыну нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін;
уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау тәртібін және оның өкілеттіктерін;
қарыздар беру не депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиттерді кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) орналастыру тәртібін;
ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерді беру тәртібін;
тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды;
ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеті маржасының ең төменгі деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды;
жарғылық капиталдың, кепілдік қорының, төлем қабілеті маржасының ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді;
сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды;
мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін;
Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін;
банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін;
қарыздар және салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде (нақты құнымен) есептелетін сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібін белгілейді;
57) мыналарды:
қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын;
банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын;
үлгі кастодиандық шарттың нысанын;
зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын;
зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын;
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару қағидаларын;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекітеді;
58) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін нысандар не нысандарға қойылатын талаптар, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің тізбесі, ұсыну мерзімдері мен тәртібі бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
59) барлық қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын әзірлейді және қабылдайды;
60) қаржы ұйымдарының аудиторлық есепті жасау және оны Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
61) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілейді;
62) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекітеді;
63) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін бекітеді;
64) егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жай-күйінің жақсаруына әкелмеген жағдайда, банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіпте сатып алуы туралы шешім қабылдайды;
банкте капиталының теріс мөлшері болған жағдайда, банктің қаржылық жай-күйін қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес заңнамада белгіленген санкцияларды қолдану жолымен капиталының теріс мөлшері бар банктер акционерлерінің құқықтары мен міндеттерін мәжбүрлеп шектеу туралы шешімдер қабылдайды;
65) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
66) банк конгломераттарының қызметін реттейді;
67) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;
68) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
69) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті жариялануға жататын бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
70) мыналарды:
тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізу;
қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындау;
жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастыру;
қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу мақсатында пруденциялық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеу;
жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу жолымен қаржы жүйесін макропруденциялық реттеуді жүзеге асырады;
71) қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторинг жүргізеді;
72) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
73) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
74) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржы нарығының барлық секторлары бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық жұмысты жүзеге асырады;
75) статистикалық әдіснаманы әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін әзірлейді;
76) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылауды жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
77) қаржы секторына шолу, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
78) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
79) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер береді;
80) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
81) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясатын және әдістерін айқындайды;
82) мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін қаржылық есептілік тізбелері мен нысандарын, қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;
83) банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;
84) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
85) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
86) бағалы металдардан жасалған бұйымдарды және құрамында бағалы металдар бар, меншік иелері бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар қаржы ұйымдары, заңды тұлғалар болып табылатын шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) қоспағанда, бағалы металдарды сақтауды және сынақтан өткізуді жүзеге асырады;
87) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
88) қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады, қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар береді;
89) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен виза беру туралы өтініш білдіреді;
90) қаржы орталығының қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
91) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
92) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы орталығының мүдделерін білдіреді;
93) қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
94) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүргізеді және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпаратты тоқсан сайын табыс етеді;
95) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
96) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдеседі;
97) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттері қаржылық есептілігінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтейді;
98) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы тұрғысында тексерулер жүргізеді;
99) қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын, қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударуды жүзеге асырады;
100) банк қызметінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің, сақтандыру қызметінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің, ақша төлемдері және аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде өзге де мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдары, қаржылық қызметтерді тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, оның ішінде тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады;
101) микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
102) пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
103) қаржы ұйымдарының және олардың үлестес тұлғаларының, банк конгломераттары мен сақтандыру топтары қатысушыларының, микроқаржы ұйымдарының есептілік (қаржылық есептілікті қоспағанда) тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
104) салықтардың және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша, берілген микрокредиттер бойынша активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;
105) халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді;
106) қаржы құралдарын Алматы қаласының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;
107) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
108) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;
109) микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілейді;
110) қаржы ұйымдарынан және олардың үлестес тұлғаларынан, банк конгломераттары мен сақтандыру топтары қатысушыларынан, микроқаржы ұйымдарынан, арнайы қаржы компаниялары мен арнайы исламдық компанияларынан қаржылық және өзге есептілікті алады;
111) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
112) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
18. Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының негізгі функциялары:
1) репатриация мерзімінде валютаның репатриациялануын бақылауды және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу шарттарын реттейтін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйымдарға берілген лицензияларды және (немесе) олардың қосымшаларын беруді, қолданысын тоқтата тұруды, қайта бастауды, қайта ресімдеуді және телнұсқаларын беруді жүзеге асырады;
3) уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәліктерін береді;
4) тіркеу куәліктерін және валюталық операциялар жүргізу туралы хабарлама туралы куәліктер береді;
5) ақша-кредит статистикасы, сыртқы сектор статистикасы саласындағы ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді, сондай-ақ хабарлама туралы куәліктер мен тіркеу куәліктері жөніндегі есептерді жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратына ұсыну мен беруді бақылайды;
6) микроқаржы ұйымдарының қаржылық және өзге есептілігін жинауды, өңдеуді жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін мәліметтерді кейіннен Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратына ұсына отырып жинауды, өңдеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шектеулі әсер ету шараларын және санкцияларды қолданады;
9) өз құзыреті шегінде тексерулер жоспарларының жобаларын жасайды және оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратына қарау және кейіннен белгіленген тәртіпте бекіту үшін ұсынады;
10) қаржы ұйымдарының және олардың филиалдарының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
11) белгіленген тәртіппен:
уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың (олардың филиалдарының), сондай-ақ өзге тұлғалардың валюталық заңнаманы және ақша төлемі мен аударымы саласындағы заңнаманы сақтау бөлігіндегі қызметін;
уәкілетті ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын сақтауы тұрғысынан;
Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (олардың филиалдарының) банкноттар, монеталар және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жасау тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаның, басқа құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кассалық операцияларды жасау тәртібінің сақталуын бақылау үшін қажетті талаптарды айқындайтын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтау бөлігіндегі қызметін;
банктерді (олардың филиалдарын, сондай-ақ филиалдардың қосымша үй-жайларын, оның ішінде бірнеше мекенжайда орналасқан), сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды ғимараттарының, үй-жайларының және жабдықтарының Қазақстан Ұлттық Банкінің үй-жайларды күзетуді ұйымдастыруға және оларды жайластыруға қойылатын талаптарды айқындайтын нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі бөлігінде;
микроқаржы ұйымдарының қызметін тексерулерді, оның ішінде жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді жүзеге асырады;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты берген өкілеттіктерге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді дербес жүзеге асырады, сондай-ақ филиалдың құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге байланысты функцияларды орындайды;
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес эмиссиялық-кассалық жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады, Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық-кассалық жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шараларды жүзеге асырады;
14) микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуін жүргізеді;
15) микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
16) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа қуыным береді;
17) микроқаржы ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолданады;
18) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды, сондай-ақ оларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
19) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
20) филиал туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Жарлығымен.
19. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі функциялары:
1) мыналарға:
банктерді ашуға;
банктердің және (немесе) банк холдингтерінің еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;
банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;
банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, беруден бас тарту не рұқсатты кері қайтарып алу туралы мәселелерді қарайды;
2) мыналарға:
банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) немесе банктерді ерікті түрде таратуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, беруден бас тарту туралы мәселелерді қарайды;
3) мыналарға:
банктік, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң) белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына;
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға;
бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға;
мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметін қоспағанда, кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау не лицензиядан айыру туралы мәселені қарайды;
4) мыналарға:
банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту не келісімді кері қайтарып алу туралы мәселені қарайды;
5) мыналар:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және меншікті капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын жаңа инвесторларға міндетті түрде кейіннен дереу өткізу шартымен мәжбүрлеп сатып алу;
банктің, банк холдингінің ірі қатысушысына не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды бекіту;
сапасы және өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген активтердің құны және міндеттемелер арасында теріс айырма анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлеріндегі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары жөніндегі барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін талаптармен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға сату;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды бекіту;
ірі қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды бекіту туралы мәселені қарайды;
6) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар деп тану туралы мәселені қарайды;
7) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының консервациясын енгізу және банктің (банктердің), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (ұйымдарының) уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау туралы шешім қабылдау жөніндегі мәселені қарайды;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру нарығындағы актуарийлердің қызметін жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға;
мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметін қоспағанда, кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензиялар береді, лицензияларды беруден бас тартады;
9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде:
филиалдар мен өкілдіктерді ескере отырып банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиядан айырудан кейінгі және Қазақстан Ұлттық Банкі тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындайды;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмысы туралы есебін бекітеді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы уақытша әкімшіліктің шешімін келіседі;
уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің) қызметіне тексерулер жүргізеді;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшіліктерінен (уақытша әкімшілерінен) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсіндірулерді талап етеді;
10) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде:
мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып тарату комиссияларын құрады;
мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін бекітеді;
таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлары комитетінің құрамын бекітеді;
мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есебін және тарату балансын келіседі;
тарату шығыстарының сметасын қалыптастырудың және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібін белгілейді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссияларының қызметіне тексерулер жүргізеді;
банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларынан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсіндірулерді талап етеді;
тарату комиссияларының қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде тарату комиссияларының орындауы үшін міндетті, бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар шығарады, ұйғарымның орындалу мерзімін белгілейді;
банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының төрағалары және бөлімшелерінің басшылары жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолданады;
11) банктер және олардың үлестес тұлғалары, банктердің ірі қатысушыларының үлестес тұлғалары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде ипотекалық ұйымдар, кредиттік бюролар оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де шараларды қолданады;
12) банктердің және банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің басшы қызметкерлерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың (өтініш берушілердің) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, келісімді кері қайтарып алады, келісім беруден бас тартады;
13) банктің/банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банктердің/банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерте ден қою шараларын қолданады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында:
банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар туралы өзінде бар мәліметтерді (коммерциялық, банктік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда) пайдалана отырып банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданған шаралары туралы ақпаратты;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері туралы өзінде бар мәліметтерді (коммерциялық, банктік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда) пайдалана отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері қызметінің мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне қолданған шаралары туралы ақпаратты;
бағалы қағаздар нарығының субъектілері туралы өзінде бар мәліметтерді (коммерциялық, банктік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда) пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығы қызметінің мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне қолданған шаралары туралы ақпаратты;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы өзінде бар мәліметтерді (коммерциялық, банктік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда) пайдалана отырып бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
15) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді, келісім беруден бас тартады;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтарынан және бірлестіктерінен, мемлекеттік органдардан сақтандыру нарығының жай-күйіне экономикалық талдау дайындау үшін қажетті ақпарат алады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, актуарийге, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда:
ірі қатысушының немесе сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға;
ірі қатысушының белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолданады;
20) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін:
банктерден, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларынан, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, оның ішінде ипотекалық ұйымдардан, кредиттік бюролардан;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, олардың үлестес тұлғаларынан, сақтандыру брокерінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан және бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын қызметтің түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардан, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларынан;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларынан;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан;
банк холдингтерінен және сақтандыру топтарынан, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларынан;
микроқаржы ұйымдарынан қажетті ақпарат алады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, банктерді, банк конгломераттарын пруденциялық реттеу және резервтік талаптар, басшы қызметкерлерді келісу, активтерді, шартты міндеттемелерді сыныптау және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
22) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельдің басқарушысы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
23) банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, оның ішінде ипотекалық ұйымдардың, кредиттік бюроның және олардың филиалдарының қызметін тексереді, оның ішінде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексереді;
24) банктердің үлестес тұлғаларының, банктердің қызметіне олардың ықпал ету дәрежесін және сипатын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың қызметін тексереді, оның ішінде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексереді;
25) қаржы секторына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын шараларды үйлестіру мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара мүддені білдіретін өзге де мәселелер бойынша орталық банктермен және қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын шетелдік органдармен өзара әрекет етеді және ынтымақтастық жасайды;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркейді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзінің мүлкін кепілге қою шарттарының, кепілдіктерінің (кепілдемелерінің) және баланста көрсетілмейтін өзге де міндеттемелерінің тізілімдерін жүргізеді;
27) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарын келісуді жүргізеді;
28) мыналарды:
банктің басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, Банктер және банк қызметі туралы заңның 20-бабында;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерінің, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамының іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34, 53-3-баптарында және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-2-бабында;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында;
өтініш берушінің (лицензиаттың), орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдайды;
29) мыналарға:
сақтандыру қызметінің субъектілеріне, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру қызметінің субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелеріне;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында лицензиясыз кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне;
банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератының және сақтандыру тобының құрамына кіретін қаржы ұйымдарына тексерулер жүргізеді;
30) ірі қатысушыларды және банк холдингтерін, банк холдингінің (банк конгломератының) үлестес тұлғаларын анықтау мақсатында банктердің, банк холдингінің тікелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда банктермен үлестес тұлғалардың қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсынуын талап етеді;
31) банк омбудсманы қызметінің ішкі қағидаларын келіседі;
32) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, банк холдингтерінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында және сақтандыру холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда өз өкілінің болуына құқылы;
33) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
34) сақтандыру тобының үлестес тұлғаларын анықтау және олардың аясын айқындау мақсатында сақтандыру холдингінің тікелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты табыс етуін талап етеді;
35) мыналардың:
банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға берілген рұқсаттардың;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің филиалдары мен өкілдіктерінің, актуарийлердің тізілімін жүргізеді;
36) мыналарды:
банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе оны сатып алуына;
банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе оны сатып алуына;
банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына берілген және кері қайтарылған рұқсаттардың тізбесін қалыптастырады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы нарығының субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады, алынған ақпарат бойынша түсіндірулерді талап етеді;
38) көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу үшін бағалаушыларды (тәуелсіз сарапшыларды) аккредиттеуді жүзеге асырады, аккредиттеу туралы куәлік береді (беруден бас тартады), қолданылуын тоқтата тұрады, қайта бастайды;
39) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысуымен консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметіне шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асырады;
40) актуарийлердің біліктілік емтиханын жүргізеді;
41) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар тізілімін жүргізеді;
42) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұрады және қайта бастайды, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың шығарылымының күшін жояды;
43) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті кәсіби деп таниды;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда акционерлердің алдында бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін шеттету туралы мәселені қояды;
45) бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға, инсайдерлік ақпаратты немесе қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға жол бермеу мақсатында бақылауды жүзеге асырады;
46) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сауда-саттық ұйымдастырушы органдардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай тіркеушінің жұмысына қатысады;
47) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінеді;
48) мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, оларға және мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін береді, эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды, осындай есептерді бекітеді не оларды бекітуден бас тартады;
49) шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат береді;
50) акционерлік қоғамды жария компания ретінде таниды және (немесе) жария компания мәртебесін кері қайтарып алады;
51) мыналарды:
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидаларын және бірыңғай тіркеушінің қағидалар жинағын;
акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;
52) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін ұстап тұруы бойынша шараларды қарастырады;
53) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады;
54) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды, сондай-ақ оларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
55) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады;
56) қаржы ұйымдарының қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады;
57) қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;
58) банк және сақтандыру холдингтері, сондай-ақ банк конгломератының және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де шараларды қолданады;
59) банк конгломератының және сақтандыру тобының құрамына кіретін банк және сақтандыру холдингтерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
60) шоғырландырылған қадағалау шеңберінде қолданылатын шараларды үйлестіру мәселелері бойынша бас ұйымның және оның трансшекаралық мекемелерінің қызметін реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын шетелдік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
61) банк конгломераттарының және сақтандыру топтарының, сондай-ақ банк конгломератының және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
62) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес микроқаржы ұйымдарына қатысты ықпал ету шараларын қолданады;
63) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
64) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
65) зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуін және салымшыларға (алушыларға) инвестициялық кірістің дұрыс есептелуін бақылауды жүзеге асырады;
66) қаржы ұйымдарының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының ақпаратты рұқсат етілмеген қол жеткізуден, өзгертуден және жоюдан қорғау бойынша ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдар жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
67) қаржы ұйымдарының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржы саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
68) Ұлттық Банкі туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
20. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтер мен микроқаржы ұйымдарының қызметтер көрсетуі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетеді;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтарды анықтайды;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар өтініштерінің және оларды қарау нәтижелерінің тізілімін жүргізеді, тиісті статистикалық ақпаратқа талдау жүргізеді;
5) қаржы ұйымдарының және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықтарының тізілімін жүргізеді;
6) жеке және заңды тұлғалардан қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті мәліметтерді сұратады және алады;
7) қаржылық қызметтер көрсету мен қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпаратты жария ету кезінде заңнама тұрғысынан белгіленген талаптарды сақтау бойынша қаржы нарығы субъектілерінің қызметін бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;
8) қаржы нарығының субъектілері ұсынатын қызметтердің және олар қаржылық көрсетілетін қызметтер туралы тарататын ақпараттың сапасын қадағалауды жүзеге асырады;
9) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) бекітеді;
10) қаржылық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді;
11) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді оларды тұтынушыларға ұсынуына келісім береді;
12) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
13) халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін зерттеуді жүргізеді;
14) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
15) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге қатысады;
16) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мәселелері бойынша сот талқылауларына қатысады;
17) қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады, қаржы нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жазалар қолданады;
18) қаржы нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады;
19) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
20) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері бойынша халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта болады;
21) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Жарлығымен.
21. Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттері:
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатында:
депозиттер қабылдауды жүзеге асыруға;
валюталық интервенцияларды жүзеге асыруға;
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын өзінің бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыруға;
жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға;
қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізуге;
ерекше жағдайларда, инфляция процестерін ақша-кредиттік реттеудің жанама әдістерімен тоқтата тұру мүмкін болмаған кезде операциялардың жекелеген түрлері бойынша кредиттеу лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін тоқтата тұру, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша мөлшерлемелердің ең жоғарғы деңгейлерін белгілеу және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу жолымен операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізуге;
2) банктердің банкі функциясын жүзеге асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіпте, талаптарда және мерзімдерде банктер үшін соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде көрінуге;
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашуға;
ақшаның қате аударылу фактісі анықталған жағдайда, оны клиенттің банк шотынан алуға, клиенттің ақшаны банк шотынан акцептемей алуға берген келісімін растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тәртіпте және талаптарда банктерге және басқа ұйымдарға берілген қарыздар бойынша олардың Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы берешектерін қайта құрылымдауды жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің банкі, қаржы кеңесшісі, агенті функцияларын және Үкімет пен олардың келісімі бойынша басқа да
мемлекеттік органдар үшін өзге де қызметтерді жүзеге асыру мақсатында:
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе басқа да заңды тұлғалар арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойынша қаржы ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға;
5) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардан, қаржы және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) статистикалық есептілікті және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
6) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмитенті функциясын іске асыру мақсатында:
банкнот және монета өндірісінің халықаралық нарықтағы қозғалысы үшін стратегиялық және жедел маркетингтік жоспарлауды қамтамасыз етуге;
бұдан былай қандай да болмасын сериядағы жаңа монеталарды шығарудың мақсатқа сай болу мәніне инвестициялық және коллекциялық монеталардың ішкі нарықтағы қозғалысы мен өткізілуіне мониторингті жүзеге асыруға;
ұлттық валютаның монеталарын дайындау және сату мәселелері бойынша шет мемлекеттердің монета сарайларымен, дистрибьютерлік және басқа да ұйымдармен келіссөздерге қатысуға құқылы;
7) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен операциялар жүргізу мақсатында:
шетел валютасын сатып алуға және сатуға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі, шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге;
Қазақстан Республикасының банктерінде, өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шет елдердің орталық банктерінде, шетел банктерінде және басқа да қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашуға;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар шетелдің орталық банкі, шетел банктері және басқа да қаржы институттары, шетел үкіметтері мен олардың агенттері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшін шоттар ашуға және жүргізуге, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасауға;
тазартылған алтынды, басқа да бағалы металдарды қабылдауды және сақтауды жүзеге асыруға;
ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу бойынша, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүргізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшін шет елге әкетуге;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы қойған талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға құқылы;
8) өзіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
Ұлттық Банк туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарының иелеріне бір жылдан аспайтын мерзімге, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген қамтамасыз етумен қарыздар беруге;
кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шеңберінде тексерулер жүргізуге;
ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруға, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдауға;
Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес:
ақылы негізде банктік және басқа да қызметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару бойынша қызметтер көрсетуге;
Қазақстан Ұлттық Банкі кредиттерді қамтамасыз ету үшін жарамды деп санайтын депозиттік сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға;
чектер жазып беруге және вексельдер беруге;
нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметін, сондай-ақ өзі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы ретінде іс-әрекет жасауға, ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оған мүмкіндік жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысуға;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын, тиісті өкілеттіктері, қызметінің түрлері, міндеттері олардың жарғыларында белгіленген заңды тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға;
мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды даярлауға және қайта даярлауға қатысуға;
Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға;
банк қызметін, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиісті лицензиялар алмастан жүзеге асыруға;
10) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржы ұйымдарының, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өзінің құзыреті шеңберінде әзірлейді және қабылдайды;
2) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
5) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
7) өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
8) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді;
9) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар мен регламенттер шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
11) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуіне мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
12) ақша нарығының, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсыныстардың, инфляцияның және инфляциялық күтулер деңгейінің жалпы жай-күйіне қарай ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді;
13) жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының шегінде қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық мөлшерлемесіне ықпал ету мақсатында, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін белгілейді;
14) ең төменгі резервтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
15) қабылданған ақша-кредит саясатының бағдарларына сәйкес қарыз алудың жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілетін қарыздардың беру және оларды өтеу тәртібін, талаптарын, олардың түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін айқындайды;
16) қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға жүйелі түрде мониторинг жүргізеді;
17) қаржы жүйесін макропруденциялық реттеуді жүзеге асырады;
18) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын басқа да мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар жөніндегі ақпаратты жариялайды;
19) қаржы ұйымдарына, қаржы ұйымдарының ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттарының және сақтандыру топтарының қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады;
20) Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін дайындауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдігіне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
22) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттемелер.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744, 2014.10.06 № 923 Жарлықтарымен.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру
22. Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.
Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.
Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
6) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
9) ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;
10) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;
11) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
12) тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді ұйымдастыру және оларды жайластыру жөніндегі қағидаларды;
13) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;
14) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау тәртібін және талаптарын;
15) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауларды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
16) банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аударымдары қағидаларын;
17) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын;
18) операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;
19) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
20) Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын;
21) қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдерді және ақша аударымын банк шотын ашпастан жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
22) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты;
23) клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;
24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;
25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу қағидаларын;
26) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алу қағидаларын;
27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдерімен операциялар жүргізу қағидаларын;
28) төлем карточкаларын шығару және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
29) банктік шотты тікелей дебетке алу жолымен төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;
30) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банктік қызмет көрсету қағидаларын;
31) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;
32) электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
33) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін қағидаларды;
34) банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілейтін қағидаларды;
35) электрондық терминалдар мен қашықтан қолжетімділік жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын;
36) экономика секторларының және төлемдер мақсаттарының кодтарын қолдану және оларға сәйкес төлемдер жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
37) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру қағидаларын;
38) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын;
39) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын;
40) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерлерін;
41) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;
42) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайтын қағидаларды;
43) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулықты;
44) Ұлттық Банкі туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
45) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
46) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу қағидаларын;
47) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
48) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
49) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын;
50) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру қағидаларын;
51) бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және инвестициялық қорлар орындауға міндетті бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын;
52) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды;
53) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін нысандар не нысандарға қойылатын талаптар, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептіліктің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
54) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептіліктің тізбесі, оны жариялау тәртібі мен мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
55) Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп саясатын, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін;
56) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын;
57) қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
58) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, валюталардың нарықтық айырбастау бағамын айқындау және қолдану тәртібін;
59) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын;
60) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша, кепіл мен басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын;
61) аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық ұйымдар мен кәсіптік ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша, аудиторлық ұйымдарға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін қойылатын біліктілік талаптарын;
62) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді беру жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
63) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті;
64) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін конвертациялау және реконвертациялау қағидаларын;
65) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
66) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидаларын;
67) Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
68) Қазақстан Ұлттық Банкінің және ол құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын;
69) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді;
70) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кодтарды және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарына кодтарды беру және жою, олардың құрылымы, Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
71) банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесін;
72) банктердің, банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттардың тізбесін;
73) банктерді консервациялау режимін қолдану (белгілеу) тәртібін;
74) екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банктің уақытша басқарушысының) банк активтерінің және жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не оны толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беруді жүзеге асыру тәртібін;
75) бағалы қағаздар нарығында лицензиялануға жататын кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін;
76) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензияларды берудің талаптары мен тәртібін;
77) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды;
78) Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну талаптары мен тәртібін;
79) мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, туынды бағалы қағаздарды шығарудың, айналысқа жіберудің және өтеудің және оларды мемлекеттік тіркеудің, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қараудың, сондай-ақ олардың күшін жоюдың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент еместерінің және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастыруға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеудің талаптары мен тәртібін;
80) акционерлік компанияны жария компания деп тану және одан жария компания мәртебесін кері қайтарып алу тәртібін;
81) бағалы қағаздар нарығындағы өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін;
82) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін және оның үлгі нысанын;
83) зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру тәртібін;
84) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін;
85) инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысына не ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушысының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін;
86) микроқаржы ұйымдары, қаржы ұйымдары және олардың үлестес тұлғалары, оның ішінде банк конгломераттары және сақтандыру топтары есептілігінің (қаржылық есептілікті қоспағанда) тізбесін, нысанын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;
87) банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну тәртібі мен нысанын;
88) облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату тәртібін, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылар өкілі арасында жасалатын, облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды;
89) білікті инвесторлар қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін;
90) банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
91) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды;
92) өздеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасау тапсырылған кезде қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметті жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау қағидаларын;
93) өздеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдарды жасау тапсырылған кезде қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарды таңдау қағидаларын;
94) орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру тәртібін;
95) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру тәртібін;
96) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру тәртібін;
97) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы мониторингтің талаптары мен тәртібіне, тәуекелдерді бақылау мен басқару жүйесіне қойылатын талаптарды;
98) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру тәртібін;
99) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;
100) бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан астам пайызын не сатып алу нәтижесінде тұлғаның өзіне немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан астам пайызы тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге де санын сатып алу ниеті туралы хабарлама жіберу тәртібін;
101) банктік қарыз шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолдану талаптарын;
102) банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларымен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, банк немесе банк холдингі міндеттемелері бойынша кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жасау тәртібін;
103) банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысының не банк холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Ұлттық Банктің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-қимылдарды жүзеге асыру тәртібін;
104) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;
105) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;
106) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыларды, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу бойынша ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептілік нысандарын;
107) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, кері қайтарып алу тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды;
108) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңінде іс-қимылдарды жүзеге асыру тәртібін;
109) ерте ден қою шараларын қолдану тәртібін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін;
110) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру тәртібін;
111) қаржы ұйымдары қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары тұтынушыларға микрокредиттерді ұсыну үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісім беруінің тәртібін;
112) қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);
113) қаржы ұйымдарында, исламдық арнайы қаржы компанияларында, микроқаржы ұйымдарында және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамында рұқсатсыз кіруден, ақпаратты өзгертуден және жоюдан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шаралар мен бағдарламалық-техникалық құралдардың пайдаланылуы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
114) қаржы ұйымдарында, исламдық арнайы қаржы компанияларында, микроқаржы ұйымдарында және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
115) Ұлттық Банк туралы заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін бекітеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Жарлығымен.
23. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгілейді;
3) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын жасау және айналысқа шығару, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша жасау және айналысқа шығару, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін белгілейді;
5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдаманың негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құны мен дизайнын айқындайды;
6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, жасау таралымын, қорытпасын, шығару мерзімдері мен күнін айқындайды;
7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
8) уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшері мен тәртібін белгілейді;
9) құрылымын қоса алғанда, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесін және Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16) Қазақстан Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылу, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау шарттарын бекітеді;
17) өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша жедел шешімдер қабылдау кіретін Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі лауазымды адамды (өкілетті өкіл) айқындайды;
18) қаржы және өзге де ұйымдарға, олар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды;
19) соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарының иелеріне өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етілген қарызды ұлттық және сол сияқты шетел валюталарымен бір жылдан аспайтын мерзімге беру туралы мәселені қарайды;
20) Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу, сондай-ақ тұрақтандыру банкін құру және қаржыландыру туралы шешімдер қабылдайды;
21) Қазақстан Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамдарының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға не азайтуға, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға не иеліктен шығаруға келісім береді; Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
24) Қазақстан Ұлттық Банкі берген кредиттер бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы берешегін қайта құрылымдау талаптарын айқындайды;
25) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін, бөлінбеген таза кірістің мөлшерін белгілейді;
26) банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталына банктің не банк холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі, банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілейді;
27) бағалы қағаздар эмитенттерінің кредиттік рейтингісінің ең төменгі деңгейін айқындайды;
28) мыналарға:
банктерді ашуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, банктердің және (немесе) банк холдингтерінің еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;
банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;
банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді, беруден бас тартады не рұқсатты кері қайтарып алады;
29) мыналарға:
банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) немесе банктерді ерікті түрде таратуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға;
исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат береді, беруден бас тартады;
30) мыналарға:
банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту не келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
31) мыналарға:
банктік, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңда белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге;
сақтандыру нарығында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруға;
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға;
мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін қоспағанда, кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау не лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;
32) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының консервациясын енгізу, сондай-ақ банктің (банкті), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (ұйымын) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешім қабылдайды;
33) мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісу бойынша, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және меншікті капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын жаңа инвесторларға міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу;
банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау;
сапасы және өтімділігі бойынша сыныпталуын ескере отырып есептелген активтердің құны мен міндеттемелер арасында теріс айырма анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлерінен акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін талаптармен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға өткізу;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау;
ірі қатысушыға не инвестициялық портфелді басқарушының ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфелді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы мәселе бойынша шешім қабылдайды;
34) егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмеген жағдайда, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде жариялаған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;
банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде банктің қаржылық жай-күйін қажетінше жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырады;
35) сапасы және өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген активтердің құны мен міндеттемелер арасында теріс айырма анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлерінен акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары жөніндегі барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін талаптармен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға осы акцияларды өткізу туралы шешім қабылдайды;
36) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде тану туралы шешім қабылдайды;
37) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы шамасын жыл сайын бекітеді;
38) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алуға және сақтауға арналған Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
40) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және сол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен кем өткізілмейді. Басқарма отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
24. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан ұлттық Банкін жедел басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Директорлар кеңесінің отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргізеді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
25. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің, ішкі аудит және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің есептерін қоспағанда, орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің істелген жұмысы туралы есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің құрылымын айқындайды;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, атауын және құқықтық мәртебесін өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту және тарату туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу туралы шешім қабылдайды;
6) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізілетін мәселелерді қажеттілігіне қарай алдын ала қарайды;
7) акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін тізбелер мен нысандарды, қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдерін және тәртібін белгілейді және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді.
8) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы меншік құқығымен Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғамдардың бизнес-жоспарларын (жылдық бюджетін) мақұлдайды;
9) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай актілерін мақұлдайды:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында банкноттық өнімдерді, қатаң есептілік бланкілерін, акциздік маркалар мен басып шығарылатын өзге өнімдерді шығару үшін пайдаланылатын фотоформаларды, офсетті және интаглио мөр нысандарын, шаблондарды, түс ажыратқыштарды, клишені, мөртабандарды жасау, есепке алу, қозғалысы, сақтау және жою қағидалары;
банкноттардың басып шығару алдындағы материалдарды жасауды ұйымдастыру және оларды өндіріске жіберу қағидалары;
технологиялық қажеттілікке арналған банкнот қағаздарының қалдықтарын, зауыттық ақауы бар банкнот қағазын және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында банкнот өнімдерін жасау кезінде қолданылған тестілеу қағазын жою қағидалары;
10) Қазақстан Ұлттық Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоты нөмірінің құрылымын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындар шығарған және өткізген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен келіседі немесе белгілейді;
13) мыналарды:
Қазақстан Ұлттық Банкінің чек кітапшасының құнын;
жүйенің операциялық күнін ұзарту және ақша төлемі мен аударымдары жүзеге асырылмаған кезде халықаралық аударымдар жүйесін пайдаланушыдан алынатын төлем мөлшерін белгілейді;
14) мыналарды:
Қазақстан Ұлттық Банкі техникалық қызметшілерінің тізбесін;
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметінің, оның ішінде мүлікке иелік ету, бюджетті (шығыстар сметасын) жасау және пайдалану, монетарлық қызмет, клиенттерге қызмет көрсету, вексельдерді қайта есепке алу, қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру, құндылықтардың сақталуын, еңбек қатынастарын және еңбекке және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерге тікелей байланысты қатынастарды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі актілерді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу, жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің салық салу мәселелері жөніндегі актілерін;
Ұлттық Банктің ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем карточкаларын, төлем және өзге де құжаттарды қолдануы, Ұлттық Банктің операциялық күнін ұйымдастыру және басқару, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ чек кітапшаларын дайындау, есепке алу, сақтау және беру мәселелері жөніндегі актілерді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары мәселелері жөніндегі актілерді;
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының бизнес-жоспарларын, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді;
Қазақстан Ұлттық Банкі ұсынатын қызметтер үшін ақы түрлерін және мөлшерін;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еншілес ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұйымдарының есептік саясатты дайындау және бекіту қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі еншілес ұйымдарының мүлкіне және міндеттемелеріне түгендеу жүргізу қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі акционер (қатысушы, сенімгерлік басқарушы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, оларды іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді;
Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, сондай-ақ ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін иеліктен шығару қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, сондай-ақ ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін пайдалануға беру қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін, өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсететін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бизнес-жоспарлау жөніндегі қағидаларды;
Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген өзге мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
26. Қазақстан Ұлттық Банкін басқаруды Төраға жүзеге асырады, ол Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
27. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының келісуімен алты жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және оны лауазымынан босатады.
28. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
29. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы үшін Ережеде келісілген өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкімдік шешімдер қабылдау өкілеттіктеріне ие, оның ішінде:
1) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің қаулыларына қол қояды;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан республикада және шетелдерде өкілдік етеді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;
6) алып тасталды - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;
8) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің құрамын бекітеді;
9) Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымдары номенклатурасын бекітеді;
10) бекітілген номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
11) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы штат саны негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдіктерінің штат кестелерін бекітеді;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің, ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, филиалдары, өкілдіктері, орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
12-1) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесінің істелген жұмысы туралы жыл сайынғы есебін қарайды;
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитетінің шешімі бойынша «репо», «кері репо» операциялары және «овернайт» қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін бекітеді;
14) кәсіби біліктілігі жоғары және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақылар белгілейді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық мүлкі мен қаражатына билік етеді, Қазақстан Ұлттық Банкі атынан сенімхат береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;
17) банкноттарға, монеталар мен құндылықтарға инкассация жүргізуге лицензия беру не беруден бас тарту, оны қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту, телнұсқаларын беру және банктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;
18) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі бұрын берген лицензияларды қайта ресімдеу және лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды;
19) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын, сондай-ақ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды тексеру қорытындыларын және ішкі аудиттің қорытындыларын қарайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы (не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары) қаралуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларына тапсыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық жеке жалақыларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының өкілеттігін орындауды ол болмаған кезеңде заңнамаға сәйкес оның орнындағы адам жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан ұлттық Банкінің Төрағасы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған және лауазымын өсірген кезде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744, 2014.10.06 № 923 Жарлықтарымен.
30. Қазақстан ұлттық Банкінің Төрағасы өзінің орынбасарларының өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды, өз құзыреті шегінде сенімхаттарды берді, оның ішінде соттарда істер қаралған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қатысуы үшін сенімхаттарды береді. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өздеріне бөлінген функционалдық міндеттері негізінде мәселелерді қарайды және шешімдерді қабылдайды.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 923 Жарлығымен.
31. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің басшылары өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітілген осы бөлімшелер туралы ережелер негізінде жүзеге асырады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің мүлкі, капиталы және резервтері
32. Қазақстан ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіпте иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
33. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері жарғылық және резервтік капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден) тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылындағы таза кірісі осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Алтынвалюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бөлінбеген таза кірістің қалған бөлігі бір қаржы жылына кейінге қалдырумен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, барлық бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшеріне жеткенге дейін резервтік капиталды толықтыруға жіберіледі. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшін резервтік капитал қаражаты жеткіліксіз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ұлттық Банкіне бір қаржы жылына кейінге қалдырумен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және бөлінбеген таза кірістен жасалған аударымдар арқылы кемінде 20 (жиырма) миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптасады.
Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем болмайтындай мөлшерде қалыптастырылады, бөлінбеген таза кіріс есебінен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіпте жүргізілетін операциялар бойынша залалдарды өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана айрықша арналады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша басқа да талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа активтерді қоса алғанда, күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша арнайы провизиялар (резервтер) құрылады.
Алтынвалюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кірісті есепке алуға арналған. Негізгі құралдарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдарын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.
5. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру және тарату
34. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық Банкі таратылған жағдайда, оның мүлкі тиісті заңда көрсетілген құқықтық мирасқорына беріледі.
6. Қорытынды ережелер
36. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында көрсетілген.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.01.2014 N 744 Жарлығымен.
1. Орталық аппарат:
1. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті
2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті
3. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
4. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті
5. Бухгалтерлік есеп департаменті
6. Ақпараттық технологиялар департаменті
7. Ішкі аудит департаменті
8. Кадрмен қамтамасыз ету департаменті
9. Қолма-қол ақша айналысы департаменті
10. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті
11. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті
12. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті
13. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті
14. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті
15. Операциялық қызметті қамтамасыз ету басқармасы
16. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі
департаменті
17. Жоспарлау және бюджет департаменті
18. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті
19. Әкімшілік департаменті
20. Мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіру департаменті (Астана қаласы)
21. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
22. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті
23. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы
24. Банктік қадағалау департаменті
25. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті
26. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті
27. Қаржы ұйымдарын инспекциялау департаменті
28. Қаржы нарығының субъектілерін таратуды бақылау басқармасы
29. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары:
1. Орталық филиал (Астана қаласы)
2. Алматы қалалық филиалы
3. Алматы облыстық филиалы
4. Ақмола филиалы
5. Ақтөбе филиалы
6. Атырау филиалы
7. Шығыс Қазақстан филиалы
8. Жамбыл филиалы
9. Батыс Қазақстан филиалы
10. Қарағанды филиалы
11. Қостанай филиалы
12. Қызылорда филиалы
13. Маңғыстау филиалы
14. Павлодар филиалы
15. Солтүстік Қазақстан филиалы
16. Оңтүстік Қазақстан филиалы
17. Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері:
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы .
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 мамырдағы N 400 Жарлығы .
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 587 Жарлығы .
4. "Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 4-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 668 Жарлығы .
6. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығының 3-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 924 Жарлығы .
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығы .