Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 18 сәуір N 587.
Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті