Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына ведомстволары:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін, қоса берілген өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдары Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының заңнамамен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқылы емес";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.";
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің біртұтас орталықтандырылған құрылымына департаменттерден және басқа да дербес бөлімшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкілдіктер мен ұйымдар кіреді.";
он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктері алып тасталсын;
жиырма бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де ішкі нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінде белгіленеді.";
жиырма сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының өз мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері бар.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарын қоса алғанда, Ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.";
17-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі функциялары:";
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі функциялары:";
1) тармақшаның бірінші абзацында "Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына", он бірінші абзацында "енгізеді" деген сөздер тиісінше "мыналарға", "қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші абзацында "Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына", алтыншы абзацында "енгізеді" деген сөздер тиісінше "мыналарға", "қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның бірінші абзацында "Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына", төртінші абзацында "енгізеді" деген сөздер тиісінше "мыналарға", "қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның бірінші абзацында "Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына", алтыншы абзацында "енгізеді" деген сөздер тиісінше "мыналарға", "қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар деп тану туралы мәселені қарайды (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 3-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы), Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңның 12-бабының 1-тармағы);";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының консервациясын енгізу және банктің (банкті), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (ұйымын), жинақтаушы зейнетақы қорының (жинақтаушы зейнетақы қорларының) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушыны) тағайындау туралы шешім қабылдау жөніндегі мәселені қарайды (Банктер және банк қызметі туралы заңның 47-бабы 2-тармағының в) тармақшасы, 62, 63 және 64-баптары, Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-3-бабы 2) тармағының 2-1) тармақшасы, 55-1, 55-2 баптары, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 42-бабы 7-тармағының 1) тармақшасы, 42-1, 42-2, 42-3-баптары, Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңның 10, 11-баптарының 9) тармақшасы, 13-бабының 8) тармақшасы);";
13) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында:";
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"54) қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 573-бабы);";
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялары:";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады, қаржы нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жазалар қолданады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 573-бабы);";
21-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"21) Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдігіне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және қызметін тексеруді жүзеге асырады;";
22-тармақтың 52) және 53) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"52) Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
53) Қазақстан Ұлттық Банкінің және өзі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидаларын;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Қазақстан Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері және ұйымдары қызметкерлеріне еңбек жағдайын жасау, еңбекақы төлеу, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, біліктілігін арттыру мен қайта даярлау шарттарын бекітеді;";
36) тармақша алып тасталсын;
24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі техникалық қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекітеді;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Қазақстан Ұлттық Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;";
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы штат саны негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдіктерінің штат кестелерін бекітеді;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын, сондай-ақ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды тексеру қорытындыларын және ішкі аудиттің қорытындыларын қарайды.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларына тапсыруға құқылы.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында көрсетілген.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту және "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 432 Жарлығына:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесін бекіту және "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері лауазымдарының тізбесі";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық аппарат, өкілдіктер";
екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Орталық аппарат:
1. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті
2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті
3. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
4. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті
5. Бухгалтерлік есеп департаменті
6. Ақпараттық технологиялар департаменті
7. Ішкі аудит департаменті
8. Кадрмен қамтамасыз ету департаменті
9. Қолма-қол ақша айналысы департаменті
10. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті
11. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті
12. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті
13. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті
14. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті
15. Операциялық қызметті қамтамасыз ету басқармасы
16. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі
департаменті
17. Жоспарлау және бюджет департаменті
18. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті
19. Әкімшілік департаменті
20. Мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіру департаменті (Астана қаласы)
21. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
22. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті
23. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы
24. Банктік қадағалау департаменті
25. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті
26. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті
27. Қаржы ұйымдарын инспекциялау департаменті
28. Қаржы нарығының субъектілерін таратуды бақылау басқармасы
29. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары:
1. Орталық филиал (Астана қаласы)
2. Алматы қалалық филиалы
3. Алматы облыстық филиалы
4. Ақмола филиалы
5. Ақтөбе филиалы
6. Атырау филиалы
7. Шығыс Қазақстан филиалы
8. Жамбыл филиалы
9. Батыс Қазақстан филиалы
10. Қарағанды филиалы
11. Қостанай филиалы
12. Қызылорда филиалы
13. Маңғыстау филиалы
14. Павлодар филиалы
15. Солтүстік Қазақстан филиалы
16. Оңтүстік Қазақстан филиалы
17. Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері:
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ресей Федерациясындағы өкілдігі