«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылу барысының мониторингі әдістемесі мен нысанын әзірлесін және бекітсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бекітілген нысандар бойынша Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 302 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.01 № 502, 2010.08.27 № 841, 2010.09.30 № 1008, 2010.10.12 N 1059, 2010.11.29 N 1265, 2010.12.29 N 1442, 2010.12.30 N 1469, 2011.05.23 N 561, 2011.06.29 № 731 Қаулыларымен.
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу мерзімі |
Қажетті қаржыландыру көлемі (млн. теңге)* |
1-бөлім. Салалық даму бағдарламалары |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
ҚР-да мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
МГМ |
2010 жылғы |
- |
2 |
ҚР-да тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
3 |
ҚР-да химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
4 |
2020 жылға дейін даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
5 |
ҚР-да машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
6 |
ҚР-да фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
7 |
ҚР-да құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, ҚТКШІА |
2010 жылғы |
- |
8 |
ҚР-да агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы |
- |
9 |
ҚР-да жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
10 |
ҚР-ның туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ТСМ |
2010 жылғы |
- |
11 |
ҚР-да ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ҰҒА |
2010 жылғы |
- |
12 |
ҚР-да көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2010 жылғы |
- |
13 |
ҚР-да ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
БАМ |
2010 жылғы |
- |
14 |
ҚР-да электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
15 |
ҚР-да минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, МГМ, АШМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы |
- |
16 |
ҚР-да еңбек нарығын реттеу мен еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, БҒМ |
2011 жылғы |
- |
17 |
ҚР-да бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
БҚА |
2010 жылғы |
- |
18 |
ҚР-да техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
19 |
ҚР-да қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
20 |
ҚР-да инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
21 |
ҚР-да тарифтік саясат жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ТМРА |
2010 жылғы |
- |
22 |
ҚР-да инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы |
- |
22-1 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы қазан |
|
23 |
ҚР-да сауданы дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы 1 қазан |
- |
24 |
Мемлекеттік органдардың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларына Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада бекітілген индикаторларды қосу бөлігінде өзгерістер енгізу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы маусым |
- |
24-1 |
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2011 жылғы маусым |
- |
2-бөлім. Аумақтық даму |
|||||
2.1. Өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеу |
|||||
25 |
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының жобаларын әзірлеу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісу |
Қорытындылар |
ЭДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, БҒМ, ИЖТМ, ДСМ, Қаржымині, ҚТКШІА, БҚА, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы қазан |
- |
26 |
Индустриялық саясат мәселелеріне ерекше ден қоя отырып, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының жобаларын бекітуге енгізу |
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының шешімдері |
ЭДСМ, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы желтоқсан |
- |
27 |
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы сәуір |
- |
28 |
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған республикалық картасын әзірлеу және жаңа жобаларды енгізу үшін өзекті етуді жүргізу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, ЭДСМ |
2010 жылғы сәуір, жарты жылда бір рет өзекті ету |
|
29 |
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған өңірлік картасын әзірлеу және жаңа жобаларды енгізу үшін өзекті етуді жүргізу |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің шешімі |
ИЖТМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы мамыр, жарты жылда бір рет өзекті ету |
- |
30 |
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған республикалық картасына енгізілген жобаларды іске асыруды және іске қосуды қамтамасыз ету |
Іске қосу актілері |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ |
Жыл сайын |
|
31 |
Қуаттарды игерудің кестесіне сәйкес Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған республикалық картасына енгізілген жобалардың жобалық куатына шығуын қамтамасыз ету |
Жобалық қуатына шығу мониторингі |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ |
Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес |
|
32 |
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған өңірлік картасына енгізілген жобаларды іске асыруды және іске қосуды қамтамасыз ету |
Іске қосу актілері |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
|
33 |
Қуаттарды игерудің кестесіне сәйкес Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған өңірлік картасына енгізілген жобалардың жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету |
Жобалық қуатына шығу мониторингі |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес |
|
2.2. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру |
|||||
34 |
2015 жылға дейінгі ҚР-ның өндірістік қуаттарын ұтымды орналастырудың ұдайы өзекті етілетін схемасын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы сәуір, жарты жылда бір рет өзекті ету |
- |
35 |
Қазақстан Республикасының аумақтық-кеңістікте дамуының жобалық схемасын әзірлеу |
ҚР Президенті Жарлығының жобасы |
ЭДСМ |
2010 жылғы 1 желтоқсан |
- |
36 |
ҚР-ның аумақтарын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2013 жылғы желтоқсан |
100 |
3-бөлім. Институционалдық қайта құру |
|||||
3.1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру |
|||||
37 |
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу |
ҚР Заңының жобасы |
ИЖТМ |
2011 жылғы 2 тоқсан |
Талап етілмейді |
38 |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша құзыреттілікті белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ҚР Заңының жобасы |
Еңбекмині |
2010 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
39 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу |
ҚР Заңының жобасы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
40 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды бекітетін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құзыреттілігін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу |
ҚР Заңының жобасы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
41 |
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына уәкілетті органға пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарын бекіту жөнінде өкілеттіктер беру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңының жобасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
ИЖТМ |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
42 |
ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдарда өндірістік практикаға арналған орындар беру және персоналға кейіннен біліктілік бере отырып, өндірісшілік оқыту бөлігінде (тікелей жұмыс орнында) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
БҒМ, Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
43 |
ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
Қаржымині, Әділетмині Еңбекмині, ҚҚА |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
44 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
45 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мен метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
ИЖТМ |
2010 жылғы маусым |
Талап етпейді |
46 |
Салық кодексіне 150% мөлшеріндегі корпоративтік табыс салығы бойынша ҒЗТКӘ-ге арналған шығындарды шегеруге жатқызу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
Қаржымині, БҒМ |
2010 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
47 |
«Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа редакциядағы ҚР заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу |
ИЖТМ |
2010 жылғы мамыр |
Талап етпейді |
48 |
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеу |
ҚР Заңының жобасы |
ИЖТМ |
2010 жылғы қыркүйек |
Талап етпейді |
3.2 Ұйымдастырушылық өзгерістер |
|||||
50 |
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарының тізбесін кеңейту |
ҚР Үкіметіне ұсыныстар |
АШМ, Қаржымині, ЭДСМ, «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ |
2010 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
51 |
ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ даму стратегияларын әзірлеу |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
52 |
Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды, оның ішінде ӘКК-ні, ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып дамытудың стратегиясын әзірлеу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, ИЖТМ, АШМ, БҒМ, Қаржымині, МГМ, Мәдениетмині, БАМ, ҰҒА, ұлттық басқарушы холдингтер ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар (келісім бойынша), облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы қыркүйек |
- |
53 |
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды, оның ішінде ӘКК-ні, ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып дамытудың жоспарларын әзірлеу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, ИЖТМ, Қаржымині, АШМ, БҒМ, МГМ, Мәдениетмині, БАМ, ҰҒА, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар (келісім бойынша), облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері |
2010 жылғы желтоқсан |
- |
54 |
Ұлттық басқарушы холдингтердің және олардың еншілес компанияларының борыш мониторингі мен бағалау көрсеткіштерін және олардың қарыз алуы бойынша шектеулерді әзірлеу |
ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ, Қаржымині, ҚҚА,ҰБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылғы 4-тоқсан |
- |
55 |
Бизнес қажеттілігіне бағыттай отырып, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Экспортты дамыту және қолдау корпорациясы» АҚ, «Қазақстандық келісім-шарт корпорациясы» АҚ қызметін құрылымдау |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
2010 жылғы желтоқсан |
- |
56 |
Индустриялық даму институтын құру |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2010 жылғы мамыр |
100 |
57 |
«Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ға кредиттік агенттіктің функцияларын беру |
«Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ИЖТМ, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2010 жылғы желтоқсан |
1500 |
58 |
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің бірінші орынбасарына индустрияландыру саясатын іске асыру мәселелеріне жауаптылықты жүктеу |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жылғы маусым |
- |
4-бөлім. Бағдарламаны іске асыру тиімділігін басқару |
|||||
59 |
Салалық бағдарламаларды қалыптастыру бойынша әдістемелік құрал әзірлеу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
ЭДСМ, ИЖТМ |
2010 жылғы мамыр |
- |
60 |
Аумақтарды дамыту бағдарламаларын қалыптастыру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
ЭДСМ, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы сәуір |
- |
61 |
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету |
Стратегиялық бюллетень |
СА |
Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне |
- |
62 |
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мониторингі |
ҚР Үкіметіне бекітілген нысан бойынша есеп |
ИЖТСМ, ЭДСМ |
Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге |
- |
63 |
Салалық бағдарламалардың мониторингі |
Бекітілген нысан бойынша есеп |
ИЖТСМ, ЭДСМ |
Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5 қаңтарға және 5 шілдеге |
|
64 |
Индустриялық-инновациялық даму бөлігінде аумақтардың даму бағдарламаларының мониторингі |
Бекітілген нысан бойынша есеп |
ИЖТМ, ЭДСМ |
Жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5 қаңтарға және 5 шілдеге |
Ескертпе:
* - қаржыландыру көлемі тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген соманы ескере отырып нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР - Қазақстан Республикасы
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Әділетмині- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі (Монополияға қарсы
агенттік)
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰӘҚ - Ұлттық әл-ауқат қоры
ҰБХ - Ұлттық басқарушы холдинг
ҒЗТҚЖ - ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстар
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
КДҚ - Кәсіпкерлікті дамыту қоры
ВАК - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау
қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 302 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. «Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 қаулысы.
2. «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудің тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 216-құжат).
3. «Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 ақпандағы № 267 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 82-құжат).
4. «Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1006 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысы.
6. «Тауарлар экспортын жанама реттеу шаралары жөніндегі тұжырымдаманы мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 223-құжат).
7. «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 306-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 199 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 78 қаулысы.
10. «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
12. «Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы.
13. «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 50, 612-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 114 қаулысы.
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 және 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 319 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
17. «Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысы.
18. «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру үшін шағын кредит ұйымдарының желісін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 337 қаулысы.
19. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 383-құжат).
20. «Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының 2006 ж., № 36, 394-құжат).
21. «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 963 қаулысы.
22. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 417-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
24. «Қорғас» шекара маңы ытымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1061 қаулысы.
25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 514 қаулысы.
26. «Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 680 қаулысының 6-тармағының 1) тармақшасы.
27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1058 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 417-құжат).
28. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1131 қаулысы.
29. «Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасын мақұлдау және тәуелсіз салалық реттеуіштер құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1153 қаулысы.
30. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы.
31. «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1279 қаулысы.
32. «Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 596-құжат).
33. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы.
34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1401 қаулысы.
35. «Инфрақұрылымдық қызметтердің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған салалық стратегиялардың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1362 қаулысы.
36. «Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Казнет) бірыңғай ақпараттық кеңестігін қалыптастыру мен дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 қаулысы.
37. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 мамырдағы № 435 каулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 230-құжат).
38. «Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусым № 644 қаулысы.
39. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 883 қаулысы.
40. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 979 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.
41. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).
42. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 48 қаулысы.
43. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 393 қаулысы.
44. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 452 қаулысы.
45. «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2009-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 641 қаулысы.
46. «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 712 қаулысы.
47. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 730 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 26, 230-құжат).
48. «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 197-құжат).
49. «Қазақстанда экспедиторлық бизнесті дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 579 қаулысы.
50. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 950 қаулысы.
51. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 7, 8 және 32-тармақтары.
52. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2321 қаулысы.