Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 669 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N 114 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 669 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiгi" деген 3-бөлiмде:
      "Магистралды газ құбырлары жүйесiн жаңғырту және дамыту" деген 3.3-кiшi бөлiмде:
      "Жаңа газ құбырларын қайта құрылымдау және салу" деген 3.3.1-тарауда:
      "Жұмыс iстеп тұрған газ-көлiк жүйесiн қайта құрылымдау және салу" деген бөлiгiнде:
      соңғы абзацтағы "және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Елдi газбен iшкi жабдықтау газ құбырлары тораптарын кеңейту" деген бөлiгiнде:
      тоғызыншы абзацтағы "және "РГС" ЖАҚ", ", сондай-ақ "ҚазТрансГаз Дистрибьюшен ЖАҚ атынан газды көтерме саудамен жеткiзу жөнiндегi оператордың" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Саланы ұйымдастырушылық және нормативтiк қамтамасыз ету" деген 3.4-кiшi бөлiмде:
      "Газ көлiк жүйесiнiң ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру" деген 3.4.1.-тарауда:
      он үшiншi абзац алынып тасталсын;
      "2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-бөлiмде:
      "Сала жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар" деген 1-кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрі 3-1-жолмен толықтырылсын:

"3-1 Қазақстан       Қазақстан     ЭМРМ,   2006 ж.  Талап   Жоқ
     Республикасы-   Республикасы- мүдделi 4-тоқсан етiл-
     ның газ саласын ның Үкiметi   мемле-           мейдi
     дамытудың       қаулысының    кеттiк
     2007-2010       жобасы        органдар
     жылдардағы                    мен ком-
     кезеңге                       паниялар
     арналған                      (келiсiм
     (екiншi кезеңi)               бойынша)
     бағдарламасын
     iске асыру
     жөнiндегi iс-
     шаралар жоспарын
     әзiрлеу                                                 ";
      көрсетiлген Жоспарға ескертуде:
      "ТМРБҚА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi" деген жол "ТМРА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ТЖА - ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген жол "ТЖМ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі