Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, орталық, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңеспен бірлесіп, Тұжырымдамада көзделген ережелерді іске асыру жөнінде мынадай қажетті шаралар қабылдасын:
      1) осы қаулы қабылданған сәттен бастап төрт ай мерзімде белгіленген тәртіппен көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде келісілген іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Үкіметке енгізсін;
      2) тиісті шешімдер мен бағдарламалық және жоспарлы құжаттарды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдама басшылыққа алынсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1332 қаулысымен
мақұлданған   

Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге
қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа
деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасы

       Ескерту. Мәтіндегі "Самғау" АҚ" деген сөздер "Зерде" АҚ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21 N 1080 Қаулысымен.

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

   Кіріспе
1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау
2. Миссия, көкжиек, мақсат пен басымдықтар
   Бірінші басымдық. Бәсекеге қабілетті ментальділік.
   Екінші басымдық. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта.
   Үшінші басымдық. Инновациялық және технологиялық.
   Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері.
   Бесінші басымдық. Тиімді бизнес
   Алтыншы басымдық. Орнықты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі.
3. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі.

Кіріспе

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет үшін елдің ішкі және сыртқы саясатының 30 аса маңызды бағытын іске асыру және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі айқындалды.
      Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты және әлемде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің "көрнекі бетпердесі" ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады.
      Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады.
      Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады.
      Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылып отыр.
      Әлемдік тәжірибе ұлттық экономика дамуын бағалаудың көптеген әр түрлі әдістерін көрсетті және Қазақстанның өзін-өзі бағалау үшін осы әрі басқа әдістемені таңдауы нақты әдіске шоғырланбауы тиіс.
      Осыған байланысты Тұжырымдаманы іске асыру қолда бар әдістемелерді біріктіруді және елдің өзіндік бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін кейіннен қалыптастыруды кезең-кезеңімен қамтамасыз етуі тиіс.
      Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет, бизнес қоғамдастығы мен қоғамдық сектор арасында елдің нақ бәсекеге қабілеті өсімі аясындағы келісілген стратегиялық және тактикалық іс-қимылдарды ұйымдастыру, оған жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету болып табылады.
      Тұтастай алғанда, Тұжырымдама үдемелі экспорттық саясат, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен Қазақстанның өз нарықтық кеңістігін ұлғайту көмегімен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге бағытталған.
      Тұжырымдаманың басымдықтары жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан (Дүниежүзілік экономикалық форумның әдістемесінде қолданылатын тәсілдерді ғана емес, сондай-ақ бірқатар басқа рейтингтік агенттіктердің әдістемелерін пайдалану), әлемдегі қолданылатын елдердің бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту мәселелері бөлігінде жүйелі тәсілдерді ескере отырып, сондай-ақ қоғамдық пікірде жиі қолданылатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда проблемалық мәселелер жөніндегі АВС-талдау әдістерін қолдана отырып (БАҚ материалдарын, зерттеу есептер мен басқа материалдарды зерделеу нәтижесінде алынған 60-тан астам проблемалар талданған болатын) Қазақстанның жағдайына талдау нәтижесі негізінде анықталған болатын.

1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау

      Жаһандану Қазақстан қоғамында болып жатқан барлық процестерге дерлік біртіндеп әсер етуде. Кезең-кезеңімен еркін сауда саясатын жылжыту жүзеге асырылуда. Бірқатар секторлардың өндірістерін трансұлттық ету процесі күшейіп отыр. Қазақстанның ақпарат кеңістігі бірыңғай ақпараттық кеңістікке барынша кірігуде.
      Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда саясатының объективті қажеттігі анық.
      Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттіліктері мен әлемдік қоғамдастыққа кірігу мәселелеріне басты назар аударылып отыр.
      Американдық Heritage Foundation зерттеу қоры The Wall Street Journal-мен бірлесе отырып ұдайы жариялайтын экономикалық еркіндік рейтингінің деректеріне сәйкес республика өзінің көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартуда. Мәселен, Index of Economic Freedom шеңберінде 2005 жылы Қазақстан 131-орынды, Index of Economic Freedom 2006 жылы - 113-орынды, Index of Economic Freedom 2007 жылы - 75-орынды иеленді. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі елдер арасында Index of Economic Freedom рейтингіне сәйкес 2007 жылы мынадай көрініс орын алған болатын: Эстония - 12-орын, Литва - 22-орын, Армения - 32-орын, Грузия - 35-орын, Латвия - 41-орын, Қырғызстан - 79-орын, Молдавия - 81-орын, Тәжікстан - 98-орын, Әзербайжан - 107-орын, Ресей - 120-орын, Украина - 125-орын, Өзбекстан - 132-орын, Белоруссия - 145-орын, Түркіменстан - 152-орын.
      Сонымен бірге Қазақстан "АТ Kearney" рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық тартымды 25 елдің тізіміне кірген.
      2007 жылы салық төлемдерінің қарапайымдылық дәрежесін көрсететін Дүниежүзілік банктің рейтингінде Қазақстан әлемнің 178-елдері ішінде 44-орынды иеленді. 2006 жылы еліміз 66-орынды иеленді. Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2006 - 2007 жылдары салықтардың төленуін жеңілдеткен реформатор-елдерінің қатарына кіруі атап көрсетілген, бірақ реформалар әлі де қажет. Салық төлеушілердің салықтық әкімшілендіру мен дауларды шешу салаларында елеулі проблемалармен бетпе-бет келуі жалғасуда.
      Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттіліктің (және бәсекеге қабілетсіздік) аспектілерін қарай келіп, мыналарды назарға алу қажет.
      Қазақстанның танымал бәсекелі басымдықтарының қатарына қолайлы геостратегиялық орналасу орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық, макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға жәрдемдесу жатады.
      Әзірше ірі пайдалы қазба қорларының болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып қалуда. Қазақстан осы артықшылықты тірек ете отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар жүргізді.
      Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары мен республиканың жалпыәлемдік процестерге жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігінің танымал проблемаларын шиеленістіріп отыр. Экономика шикізат ресурстары нарығындағы конъюнктураларға тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен дамуда және жаңартылуда. Шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі өндіруші өнеркәсіпке жіберіледі, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке салынатын барлық инвестициялардың 4 % ғана бағытталды. ЖІӨ-нің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2003 жылы 14,2 %-дан 2005 жылы 12 %-ға дейін, 2006 жылдың қорытындылары бойынша 11,6 %-ға дейін, ал өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 2003 жылы 48,3 %-дан 2006 жылғы 39,3 %-ға дейін төмендеді. Кәсіпорындардың айтарлықтай техникалық және технологиялық артта қалушылығы байқалуда. Отандық өнімнің негізгі бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік нарықта ғана емес ішкі нарықта да төмен болып қалып отыр. Ғылымның даму деңгейі айтарлықтай емес және өндірістен мүлдем қол үзген дерлік.
      Осы және басқа да проблемалардың орын алуын Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 2006 - 2007 және 2007 - 2008 жылдардағы есебінің нәтижелері растайды. ДЭФ-ның есептеріне сәйкес орнықты өсу мен жоғарғы деңгейін өнімділіктің жоғары даму деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды. Өнімділік сапалы бизнес орта мен аса жетілген (білікті) бизнес сияқты екі өзара байланысты құрамдас элементтерден тұратын микроэкономикалық деңгейдегі экономиканың мүмкіндіктеріне тәуелді.
      ДЭФ-тің соңғы есебіне сәйкес Қазақстанда тиімділіктің базалық талаптары мен факторлары бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар бойынша 11-тармаққа ел рейтингінің төмендеуі байқалып отыр.
      Бағаланатын елдер санының 125-тен 131-ге артуы, сондай-ақ әдістеменің түрленуі осы және де өткен жылдардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінің есептерінде көрініс тапты. Мәселен, 2006 жылы 56-орынды иеленген Қазақстан, жаңа үлгімен есептеуде 2006 жылы - 50-орынды, 2007 жылы 61-орынды иеленді.
      Бағалау моделіндегі (9-факторлы модельден 12-факторлыға өту) және орташа салмақтар схемасындағы өзгерістер өз рөлін атқарды. 2007 жылы бағалауға тауарлар нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, қаржы нарықтарының дамуы үшін жағдайлар, сондай-ақ нарық көлемдері қосымша бағалауға ұшырай бастады. Сонымен бірге сауалнама деректерін өңдеу жүйесіне де өзгерістер енгізілген болатын, мұнда "жылжымалы орташа" жаңа әдістемесі бойынша Қазақстан мен басқа да елдердің қорытынды рейтингіне елеулі әсер ететін 1.5:1.0 қатынасында 2007 жыл және 2006 жыл нәтижелерінің орташа өлшенген мөлшерлері қолданылды.

2006 мен 2007 жылдардағы бағалау әдістемелері арасындағы айырмашылықтар

Бағалау
параметрлері

2006-2007

2007-2008

Бағаланатын
елдердің саны

125

131 (6 жаңа ел:
Ливия, Оман,
Пуэрто-Рико, Сауд
Арабиясы, Сирия,
Өзбекстан. Сондай-ақ
бұрын біртұтас ел
ретінде қарастырылған
Сербия мен Черногорье
қазірде бөлек шығып отыр)

Елдің даму
кезеңдерін
анықтау өлшемдері

Жан басына шаққандағы
ЖІӨ

Жан басына
шаққандағы ЖІӨ

Елдің факторлық
тәуелдік дәрежесін
айқындайтын жалпы
экспорттағы шикізат
экспортының үлесі

Зерттелетін
айнымалылардың
саны

90

113 (79 - 1.5:1.0
ара-қатынасында
2007 мен 2006
жылдардың сауалнама
нәтижелерінің орташа
салмақтары әдісімен
есептелетін сауалнама
зерттеулері; басқа
34 - статистикалық
деректер)

Айнымалылардың
салмақтарын
бағалау

Өсу регрессияларымен
апроксимацияланған

3 жылдағы серпінуін
ескере отырып жаңарту

Бәсекеге
қабілеттілік
факторларының
саны

1. Институттар
2. Инфрақұрылым
3. Макроэкономика
4. Денсаулық сақтау
мен бастауыш/орта
білім беру
5. Жоғарғы білім
берумен кәсіби даярлық
6. Нарықтық
тетіктердің тиімділігі
7. Технологиялық даму
деңгейі
8. Бизнестің дамуы
үшін жағдайлар
9. Инновациялар

1. Институттар
2. Инфрақұрылым
3. Макроэкономика
4. Денсаулық сақтау
мен бастауыш білім беру
5. Жоғарғы білім
берумен кәсіби
даярлық
6. Тауарлар нарығының
тиімділігі
7. Еңбек нарығының
тиімділігі
8. Қаржы нарықтарының
дамуы үшін жағдайлар
9. Технологиялық даму
деңгейі
10. Нарықтың көлемі
11. Бизнестің дамуы
үшін жағдайлар
12. Инновациялар
 

       Бұдан басқа, елдің даму кезеңін айқындауға арналған өлшемдердің өзгеруіне байланысты Қазақстан өндірістің тиімділігіне негізделген даму сатысынан өтпелі сатыға оралды. Атап айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мөлшерін есепке алуға, толықтыруға жаңа өлшем, - жалпы экспорттағы табиғи ресурстар экспортының үлесі (>70%) енгізілді.
      Жалпы алғанда, ағымдағы жылы елдің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің құлдырауы объективті және субъективті сипаттағы бірқатар себептерге негізделген, олардың ішінде негізгілері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады.
      1. Бәсекеге қабілеттіліктің барынша жоғары параметрлеріне ие елдер ретінде бағаланған жаңа қатысушылардың - Сауд Арабиясының, Пуэрто-Риконың, Оманның пайда болуы.
      Жалпы алғанда, бұл елдер институттар, инфрақұрылымдар, технологиялық даму деңгейі, бизнесті дамыту үшін инновация мен жағдайлар бөлігінде барынша үздік сипаты бар ретінде бағаланды.
      2. 2006 жылы Қазақстаннан артта қалған елдердің - Мексиканың, Түркияның, Индонезияның, Мальтаның, Хорватияның, Ресейдің, Панама мен Маврикияның сияқты бәсекеге қабілеттілік сипаттамаларының жақсаруы

БЖИ-дің
бағалау
өлшемдері

Қазақстан

Мексика

Түркия

Индонезия

Мальта

2006

2007

2006

2007

2006

2007

2006

2007

2006

2007

Базалық
талаптар

57

66

53

56

67

63

75

82

41

41

1-фактор:
институттар

73

80

76

85

54

55

60

63

34

31

2-фактор:
инфрақұрылым

67

71

57

61

61

59

78

91

48

47

3-фактор:
макро-
экономика

14

15

55

35

101

83

73

89

65

66

4-фактор:
денсаулық
сақтау мен
бастауыш
білім беру

83

94

27

55

75

77

93

78

33

38

Тиімділік
талаптары

49

58

55

50

56

51

44

37

43

54

5-фактор:
Жоғарғы білім
беру мен
кәсіби
даярлық

51

57

64

72

58

60

70

65

44

40

6-фактор:
Тауарлар
нарығының
тиімділігі

54

63

64

61

43

43

33

23

44

46

7-фактор:
Еңбек
нарығының
тиімділігі

13

15

97

92

114

126

51

31

102

103

8-фактор:
Қаржы
нарықтардың
дамуы үшін
жағдайлар

60

80

87

67

85

61

58

50

19

20

9-фактор:
Технологиялық
дамудың
деңгейі

70

77

55

60

50

53

75

75

23

32

10-фактор:
Нарық көлемі

57

56

12

13

18

18

15

15

111

120

Инновациялар
мен
күрделілік
факторлары

73

84

55

60

44

48

41

34

69

58

11-фактор:
Бизнестің
дамуы үшін
жағдайлар

75

85

54

54

42

41

41

33

62

60

12-фактор:
инновациялар

65

75

64

71

49

53

39

41

76

62

БЖИ-дің
бағалау
өлшемдері

Хорватия

Ресей

Панама

Маврикия

Базалық
талаптар

2006

2007

2006

2007

2006

2007

2006

2007

1-фактор:
институттар

58

53

66

68

56

51

55

52

2-фактор:
инфрақұрылым

72

65

112

116

68

66

47

45

3-фактор:
макро-
экономика

54

53

66

65

51

50

47

46

4-фактор:
денсаулық
сақтау мен
бастауыш
білім беру

64

73

35

37

77

52

103

109

Тиімділік
талаптары

65

61

52

48

66

65

64

67

5-фактор:
Жоғарғы білім
беру мен
кәсіби
даярлық

50

46

45

45

72

73

61

68

6-фактор:
Тауарлар
нарығының
тиімділігі

67

71

79

84

58

54

41

49

7-фактор:
Еңбек
нарығының
тиімділігі

56

56

40

33

86

70

93

82

8-фактор:
Қаржы
нарықтардың
дамуы үшін
жағдайлар

68

68

98

109

30

23

29

32

9-фактор:
Технологиялық
дамудың
деңгейі

52

49

72

72

60

61

53

54

10-фактор:
Нарық көлемі

63

64

9

9

89

93

96

103

Инновациялар
мен
күрделілік
факторлары

49

53

68

77

59

64

50

67

11-фактор:
Бизнестің
дамуы үшін
жағдайлар

48

64

78

88

51

49

45

56

12-фактор:
инновациялар

51

50

47

57

77

87

67

81

      Бұл екі негізгі себептерге негізделген:
      Біріншіден, бағалау моделінің түрленуі, оның нәтижесінде рейтингте осы елдердің жағдайларын едәуір жақсартқан факторлар пайда болды (олардың мәні күшейді).
      Мысалы, нарық сыйымдылығының әсер етуі тиімділікті арттыруға ықпал ететін факторларда Индонезия, Ресей, Мексика және Түркия үшін тиімділіктің артуына ықпал еткен факторда рангінің өсуіне едәуір ықпал етті, осы елдердің Қазақстанды басып озуына мүмкіндік берді.
      Екіншіден, жекелеген бағыттар бойынша осы елдердегі жұмыстың сапалы жақсаруы орын алды.
      Атап айтқанда, Ресейде балалар өлімдері көрсеткіштерінің төмендеуімен қатар күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерінің арту, сондай-ақ туберкулезбен аурудың азаю үрдісі байқалды. Мүмкін, осыған соңғы жылдары жүргізіліп жатқан елді демографиялық дамыту жөніндегі қарқынды жұмыстар ықпал етіп отырған сияқты.
      Хорватия Үкіметі ақпараттық технологияларды дамытуды елдің басым міндеттерінің бірі ретінде бағалайды. Хорватияда ақпараттық технологиялар табысты дамуда, Интернет-пайдаланушылар мен Интернет-провайдерлер саны тұрақты түрде артуда, компьютерлік техниканы сату көбеюде, бұл елдің технологиялық даму деңгейінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.
      Түркия өзінің макроэкономикалық көрсеткіштерін* және инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштерін едәуір жақсартты, бұл елдің ЕО-ның мүшелігіне кіру жөніндегі жұмыстарының нәтижесі болуы мүмкін.
___________________________
*Осы жылы да Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері ағымдағы жылы Түркияның көрсеткіштерінен едәуір жоғары, алайда Түркия үшін осы көрсеткіштерді жақсарту тұтастай елдің позициясын нығайтты.

      3. Қазақстанда қолда бар резервтердің жеткіліксіз дамуы.
      Қазақстан халықты ақпараттық-коммуникациялық (АК) инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтуы салдарынан өзінің позицияларын едәуір жоғалтып отыр.
      Мысалы, "технологиялық даму деңгейі" факторы бойынша басқа да ішкі құрамдас бөліктері бойынша Қазақстан (соңғы технологияларға қол жетімділік бойынша 9-позицияға, технологияларды компания деңгейінде қолдану бойынша - 28 позицияға, АК технологиялары бойынша заңнама жөнінде - 21 позицияға, тікелей шетелдік инвестициялар мен технологиялар бойынша - 14 позицияға) Ресейден едәуір озық екендігіне қарамастан, Ресей жалпы алғанда негізінен халықты ұялы байланыс құралдарымен, Интернетке қол жетімділікпен, дербес компьютерлермен барынша толық қамту есебінен Қазақстаннан 5 орынға алда келеді.
      Мәселен, Халықаралық телекоммуникация одағы (Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ұйым) жүзеге асыратын пайдаланушылардың саны бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан 150 елдің ішінде пайдаланушылар саны - 400 мың адамды құрайтын 87-орынды иеленеді, ал АҚШ болса пайдаланушылар саны - 161632 мың адамды құрайтын 1 орынды иеленген. Посткеңестік елдер арасында Ресей 12 орында (16000 мың адам) болса, бұл ретте Қазақстан Молдовадан, Әзірбайжаннан және Өзбекстаннан артта қалып отыр.
      Қазақстанға Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі позициясын жақсартуға мүмкіндік беретін басқа резерв жақсартуға отандық бизнес пен кластерлік даму тиімділігінің өсуі есебінен қол жеткізуге болатын "бизнесті дамыту үшін жағдай жасау" факторы болып табылады.
      Қазақстанның инновациялық дамуының төмен деңгейі келесі түйінді проблема болып табылады.
      Болжамдарға сәйкес жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі Қазақстанда 2010 жылдың басына қарай 9 мың АҚШ долларынан асады, бұл тиімдіден дамудан инновациялар барлық Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің үлес салмағының шамамен 20 %-на иеленетін инновациялық дамуға өтпелі кезеңіне сәйкес келуі мүмкін, ал 2015 жылдың басына қарай ЖІӨ-нің күтілетін мөлшері инновацияның 30 %-дық инновациялық даму кезеңіне сәйкес келетін болады.
      Жиынтығында, бұл инновациялық даму факторының елдің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштеріне тіпті 30 %-ға дейін әсерін күшейтетін Қазақстанды аса "жоғары" даму сатысына көтереді. Осылайша, Қазақстан күшті инновациялық позицияларын дамытпай өз рейтингін төмендетумен бетпе-бет келеді.
      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен.
      4. Қазақстан позициясының нашарлауы. Бұл мынадай негізгі себептерге негізделген:
      Біріншіден, Қазақстанда белгілі бір бағыттарды дамыту қарқыны тұтастай басқа елдердегі қарқындардан төмен. Көп дәрежеде бұл денсаулық сақтау мен бастауыш білім беруді дамыту деңгейі бойынша (11 позицияға жылжу), қаржы нарығын (20 позицияға), бизнес пен инновациялар (10 позицияға) дамыту үшін жағдайлар жасау деңгейлері бойынша байқалуда.
      Екіншіден, нақты жағдайлардың нашарлауы орын алды. Макроэкономикалық тұрақтылық факторы нашарлады, бұл инфляциялық процестердің өсуіне байланысты пайда болды. Инфляцияның орташа деңгейі өзгеруінің мынадай қарқыны орын алды: 2005 ж. - 7,6%, 2006 ж. - 8,6%, 2007 жылғы 10 айда - 9,2%;
      Жалпы алғанда, ДЭФ бағалауды талдаудың барынша терең деңгейі кең таралған проблемалардың мынадай сипатын айқындады:
      1. Мемлекеттік басқару институттары, қоғамдық сектор мен қоғамдық институттар саласында. Осы блоктың дамуын ерекше тежейтін себептер ретінде мыналар бөлініп тұрады:
      мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлемінің тиімсіздігі;
      әкімшілік "шеттен тыс реттеушілік";
      салық жүктемесінің жоғары деңгейі;
      шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығы, шешімдерді қабылдау кезінде олардың тікелей жеке экономикалық мүдделігі;
      сот жүйесінің биліктің, бизнес пен жеке тұлғалардың ықпалына тәуелдігі;
      бизнес пен халыққа даулы мәселелерді шешуге және әкімшілік жүгенсіздікпен күресуіне, өзінің меншік құқығын қорғауына мүмкіндік беретін барабар заңнаманың болмауы.
      Бұдан басқа, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі дамымаған. Елде экономикалық шешімдер қабылдау процесі өте орталықтандырылған.
      Сонымен қатар, инновациялық өнім бойынша жобаларды іске асыру кезінде венчурлық капиталға қол жеткізу тиісінше дамымай отыр.
      Қор нарығы жеткіліксіз дамыған.
      Бәсекелестікті қорғаудың тиімді жүйесі жоқ және жетілдіруді талап етеді.
      Сондай-ақ сапа стандарттары жүйесін, энергия тұтыну мен қауіпсіздікті едәуір жетілдіру талап етіледі.
      Жақсы бизнес-жоспары бар, кепілі жоқ жаңадан іс бастайтын кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу қиын.
      Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселесіне жеке назар аудару қажет, өйткені ДЭФ есебінің нәтижелері бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігіне "соттардың тәуелсіздігі" көрсеткіші теріс әсер етеді. Елде жүйелі негізде бірнеше жылдар бойы сот билігінің тәуелсіздігін нығайту, Қазақстанды әділ сот төрелігінің халықаралық стандарттарына жылжыту жөніндегі практикалық шаралар қабылдануда. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізілді, алқабилер институты енгізілді, іс жүргізу заңнамасында қадағалау инстанцияларының саны қысқартылды, жергілікті соттардың рөлі артып отыр, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен конференциялар мен семинарлар, кездесулер үнемі өткізіледі.
      Сонымен қатар, қабылданатын шаралар барабар бағасын таппай отыр. Атап айтқанда, ДЭФ сарапшыларының пікірі бойынша - бұл субъективті де және объективті де сипаттағы себептер мен жағдайларға негізделген.
      Бір жағынан - бұл бұқаралық ақпарат құралдарының жекелеген өкілдері мен жекелеген лауазымды тұлғалардың тарапынан соттарды негізсіз кінәлаумен байланысты. Мұндай құбылыстар қоғамдық пікірге барынша теріс әсерін тигізеді.
      Екінші жағынан, бірқатар мәселелер бойынша, оның ішінде экономиканы заңнамалық реттеу деңгейі, меншік құқығы мен өзге де азаматтық құқықтар бойынша қалыптасқан құқықтық жағдай, сондай-ақ атқарушы іс жүргізу жағдайы құқықтарды жосықсыз пайдалану, рейдерлікті жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық және соттық мәжбүрлеуді қолдана отырып басқа да заңсыз көріністер үшін жағдай жасайды. Бұл сот жүйесінің наразылығына, әділ сот төрелігіне кепілдіктің болмауы туралы пікірлерге объективті алғы шарттар жасайды.
      2. Технологиялық және инновациялық даму саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруда жеке сектор қатысуының, кәсіпорындардың жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеулер және әзірлемелер саласында ҒЗИ-мен ынтымақтастық деңгейінің төмендігі бөлініп тұрады. Халықтың Интернетке, бірінші кезекте мектептерде қол жеткізу деңгейін барынша арттыру талап етіледі.
      Азаматтардың ІТ-технологияларды меңгеруінің төмен деңгейі байқалуда. Сонымен қатар, технологиялық даму деңгейі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне мынадай факторлар айтарлықтай әсер етеді:
      технологиялар трансфертінде мұндай прогрестің болмауы;
      ғылыми инкубаторлар мен технополистердің болмауы;
      ғылыми-зерттеу ұйымдарының қолда бар интеллектуалдық және материалдық-техникалық әлеуеті деңгейінің жеткіліксіздігі;
      мемлекеттік сатып алуда технологиялық деңгей факторы мен ұсыныстардың инновациялығы емес, баға факторына бағдарлану алдын ала анықтаушы шарт болып сақталады;
      әртүрлі бағыттар бойынша әзірленетін мемлекеттік және салалық бағдарламалар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу мен пайдалануды ынталандыру жөніндегі жоспарлардың есепке алынбауы (не толық көлемде ескерілмеуі);
      ақпараттық технологиялар саласында толық және сапалы заңнамалық базаның болмауы;
      электрондық сауда жүйесі тиісті дамуға ие болмай отыр;
      базалық элемент ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, дамыған ақпараттық инфрақұрылымның болмауы;
      кластерлік бастаманы іске асыру жөніндегі қазақстандық экономикадағы белсенді шараларға қарамастан мықты және дамыған кластерлер жоқ. Белгілі бір кластер шеңберінде түпкі өнім шығару үшін қажетті өндірістік және мамандандырылған жабдық жиі импортталады.
      3. Инфрақұрылымдық даму саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде автокөлік жолдарының даму деңгейі алынады.
      Порт қызметтері мен ішкі су жолдарының бәсеке қабілеттіктері де төмен.
      Әуе көлігінің тиімділігі жеткіліксіз.
      Теміржол саласында реформалар жүргізуді жалғастыру талап етіледі.
      Электрмен жабдықтауда кернеудің іркілістері мен ауытқуы байқалады.
      Халық үшін жылу энергия- және сумен жабдықтау жүйесінің шекті жоғары тозуы орын алуда.
      4. Бизнес жүргізу саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде, әсіресе мыналар бөлініп тұрады.
      Халықаралық нарықта қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелі басымдықтары әдетте, табиғи ресурстар құнының төмендігіне байланысты - негізінен бірегей өнімдер мен өндірістік процестер жоқ. Бұл ретте, экспорттаушы компаниялар аздаған шетелдік нарықтарда ғана сатуды жүзеге асырады.
      Елде жүзеге асырылатын бизнес үшін қазақстандық жеткізушілердің сапасы едәуір жақсартуды жиі талап етеді, өйткені олар тиімсіз және технологиялық дамымаған.
      Компаниялар лицензияларды сатып алу немесе шетелдік, әдеттегідей ескірген технологияларды қарапайым көшіру арқылы ғана технологияларды енгізеді. Бұл отандық кәсіпкерлерде мәдениет пен өзіндік зерттеулерді, жаңа өнімдердің озық әзірлемелерін және өндірістік процестерді жүзеге асыру қажеттілігі қалыптаспағандығын айқын көрсетеді. Осының салдарынан әдетте, еңбекті қажет ететін әдістер мен алдыңғы және бұрынғы буынның өндірістік процестері қолданылады, маркетинг деңгейі тиісінше қарапайым және әдетте тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің өзіндік арналары жоқ.
      Кәсіпорындардың бизнес-процестерінің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі проблемасы менеджменттің, әсіресе күшті басқарушылардың болмауы кезінде корпоративтік деңгейдің жеткіліксіз дамуымен, сондай-ақ кәсіпорындардың мамандарды даярлауға болмашы шығындарымен қоса жүреді. Компанияларды басқаруда жетекші ұстанымдар көбіне жоғары білікті кәсіпқойлық белгілері бойынша емес, жеке берілгендік белгілері бойынша беріледі.
      Әдетте компаниялардың корпоративтік этикасы дамымаған. Компаниялар басшыларының назары ішкі асыра сілтеушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жүйелі шараларға негізделмеген.
      Компаниялардың қаржы аудиті мен есептілік стандарттар жүйесі жетілдірілмеген.
      Қазақстандағы ірі корпорациялардың қызметі кәсіпкерлердің басым саны арасында емес, негізінен бірнеше кәсіпкерлік топтардың шеңберінде шоғырланған.
      Doing business әдістемесі бойынша бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингі бойынша Дүниежүзілік банктің бағалауынша шағын және орта бизнестің дамуына келеңсіз әсер ететін факторлардың қатарына Қазақстан 178 елдің ішінде 71-орынды иеленіп отыр. Неғұрлым әлсіз көрсеткіштер: лицензиялау - 173-орын, меншікті тіркеу - 72-орын, халықаралық сауданы жүргізу - 178-орын, компанияны жабу - 100-орын және көптеген басқа көрсеткіштер бойынша байқалуда.
      Жалпы алғанда, бұл шағын және орта бизнес әлеуеті әлі де болса толықтай іске асырылмай отырғандығын көрсетеді.
      Тұтастай алғанда, Қазақстан орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі озық шараларға мұқтаж. Осы уақытқа дейін ресурстарды өндіру мен тұтынуда айтарлықтай теңгерімсіздік сақталуда. Экономика жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің зор әлеуетін тек шамалы деңгейде ғана пайдаланып отыр. Өндірілетін өнімдердің энергияны қажетсінуі мен өндірістің экологиялық шығындары жоғары. Бизнестің экологиялық жауапкершілігінің төмен деңгейі мен экологиялық проблемаларды шешу процесіне халық пен әлеуметтің әлсіз қатысулары байқалуда. Халықтың тұрмыс сапасы қазіргі заманғы стандарттардан артта қалуда. Мүлде жоғары әлеуметтік тәуекелдер орын алып отыр, өндірістік, тұрмыстық және жол жарақатының деңгейі де жоғары. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдықтың деңгейі, ана мен бала өлімінің деңгейі жоғары болып отыр. Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтылығының төмен деңгейі орын алып отыр.
      Әлемдік орташа көрсеткіштермен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтудың төмен көрсеткіші сақталуда. Осы күнге дейін шағын мектептер саны көп, мектептерде үш ауысымда оқыту сақталып отыр, орта мектептерге арналған сапалы оқулықтардың болмауы жағдайында бірқатар оқу бағдарламаларының жаңартылмауы орын алуда. Сонымен қатар, еңбек нарығы мен халықаралық талаптардың қажеттіліктеріне кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесінің даму деңгейінің төмендігі де жоқ емес, егде және жасы үлкен адамдарды, оның ішінде зейнеткерлерді қайта оқыту жүйесі іс жүзінде жоқ дерлік. Менеджмент пен бизнес мектептерінің жеткіліксіз деңгейі байқалуда. Жас білікті жұмысшылар, инженерлер мен зерттеушілер жетіспейді.
      Анықталған проблемалардың ерекшелігі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің мынадай формуласын анықтайды.
      Бірінші. Қазақстан халқының басым көпшілігі тарапынан бәсеке қабілетті болуға жалпы талпыныс пен мүмкіндіктерді арттыруды шоғырландыру қажет.
      Екінші. Қазақстанның, оның экономикасын және халқының сапалы өсуге ашықтығы мен бейімділігіне ықпал ететін қолайлы орта мен жағдай қалыптасуы тиіс.
      Үшінші. Елдің инновациялық және технологиялық сипаттарын жылдам дамыту талап етіледі.
      Төртінші. Еңбек өнімділігі өсуінің жедел қарқынын, басым салалардың серпінді дамуын, тиімді кеңістікті ұйымдастыруды, "өсу нүктелерін" ынталандыруды және инфрақұрылымдық дамытуды ұйымдастыруға жаңа әдістерді қамтамасыз ету маңызды.
      Бесінші. Қазақстандық бизнестің Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі мен орнықты қатысуын бекітудің мүмкіндігі мен кепілі ретінде халықаралық талаптарға жауап беретін сипаттары мен сапаларын саналы және мақсатты ие болуының қағидатты мәні бар.
      Алтыншы. Елдің тұрақты дамуға көшуін, халықтың өмір сүру сапасын, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, денсаулық сақтау және оқу-ағарту жүйелерін жаңғыртуды, қоғамның экологиялық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді жеделдету керек.

2. Миссия, көкжиек, мақсат пен басымдықтар

      Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі мен оның экономикасының экспорттық мүмкіндіктері әсер етуші және (немесе) әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар мен жағдайлардың ағымдағы және болжамды жай-күйін талдауды назарға ала отырып, осы Тұжырымдама ел үшін 2016 жылға дейінгі миссия, көкжиек, мақсаттар мен басымдықтардың мынадай қойылымын айқындайды.
      Миссия . Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызатын бағыттарды, тетіктерді және құралдарды дамыту.
      Көкжиек . Қазақстан - әлемде өзінің өмірлік мүдделерін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін, халықтың тұрмыстық сапасының жоғары деңгейімен тұрақты даму қағидаларын ұстанатын адам, қаржы, табиғи, техникалық, технологиялық және ақпараттық ресурстары бар қарқынды дамушы мемлекет.
      Мақсат . Белсенді экспорттық саясатты жүргізу, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын қолда бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен қазақстандықтардың әл-ауқаты мен игілігінің өсуі.
      Басымдықтар :
      1. Бәсекеге қабілетті ментальділік.
      2. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта.
      3. Инновациялық және технологиялық.
      4. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері.
      5. Тиімді бизнес.
      6. Тұрақты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы
білім беру жүйесі.

Тұжырымдама құрылымының іске асыру бөлігінің мазмұны

                              |
                              \/

Миссия

                              |
                              \/

Көкжиек

                              |
                              \/

Мақсат

     /            |      \            \       \            \   

1-басымдық
Бәсекеге
қабілетті
менталь-
ділік
 
1.1. Даму
моделі
1.2.
Негіздеме
және іс-
қимылдар
стратегия-
сы

2-басымдық
Макроэко-
номикалық,
институ-
ционалдық
және
құқықтық
орта
 
2.1. Даму
моделі
2.2.
Негіздеме
және іс-
қимылдар
стратегия-
сы

3-басым-
дық
Иннова-
циялық
және
техноло-
гиялық
 
3.1. Даму
моделі
3.2.
Негіз-
деме
және іс-
қимылдар
страте-
гиясы

4-басымдық
Бәсекеге
қабілет-
тіліктің
тік және
көлденең
аспекті-
лері
 
4.1. Даму
моделі
4.2.
Негіздеме
және іс-
қимылдар
страте-
гиясы

5-басым-
дық
Тиімді
бизнес
 
5.1. Даму
моделі
5.2.
Негіздеме
және іс-
қимылдар
страте-
гиясы
 

6-басымдық
Тұрақты
даму,
халық
тұрмысының
жоғары
сапасы,
қазіргі
заманғы
білім беру
жүйесі
 
6.1. Даму
моделі
6.2.
Негіздеме
және іс-
қимылдар
стратегия-
сы

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
құра-
лдары

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
пара-
метр-
лері

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
құра-
лдары

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
пара-
метр-
лері

Ба-
сым-
дық-
ты
іске
асы-
ру
құ-
рал-
дары

Ба-
сым-
дық-
ты
іске
асы-
ру
пара-мет
-рл-
ері

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
құра-
лдары

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
пара-
метр-
лері
 

Ба-
сым-
дық-
ты
іске
асы-
ру
құра
-лда
-ры

Ба-
сым-
дық-
ты
іске
асы-
ру
пара-мет
-рл-
ері

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
құра-
лдары

Бас-
ымды-
қты
іске
асыру
пара-
метр-
лері
 

Бірінші басымдық. Бәсекеге қабілетті ментальділік

      Даму моделі
      Қазақстан халқының басым бөлігін бәсекеге қабілеттілік проблемасына түсінікті қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы - бәсекеге қабілетті болу, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарда жұмыс істеу және бәсекеге қабілетті елде өмір сүруі. Бәсекеге қабілетті ментальділікті білім беру жүйесі, мемлекеттік басқару жүйесі, бұқаралық ақпараттық құралдар, үкіметтік емес сектор арқылы, отандық кәсіпкерліктің қазіргі заманғы мәдениетін қалыптастыру арқылы дамыту.
      Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
      Бәсекеге қабілетті ментальділік - бұл бір мезгілде және дағдарысты серпілістердің базалық шарты және бәсекеге кабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу құралы және де белгілі бір деңгейде осы Тұжырымдаманың мақсаты.
      Қандай да бір әлеуметтік жігіне қарамастан ел халқының ұйымшылдығы, патриоттығы ғана кез келген тегеурінді талаптарды келісіп, тиімді еңсеруге және серпіліс жасауға қабілетті екендігі фактісі бұрыннан анық.
      Қазақстан азаматтарында патриоттыққа негізделген бәсекеге қабілеттілік проблемасына түсінікті қарым-қатынас қалыптасуы тиіс. Атап айтқанда, ұзақ уақыттан жойылмай келетін қатер - жемқорлыққа төзбеушілік ахуал қалыптастырған жағдайда ғана қоғам оны тұншықтыра алады.
      Барлық елдерде мемлекет осы немесе басқа жолдармен жемқорлық сияқты құбылыспен күресіп келеді. Қазақстанда тиісті заңдар қабылданған, осы құбылыспен күрес жөнінде мемлекеттік құрылымдар бар. Бәсекеге қабілетті ментальділік іске асыру және қамтамасыз ету бөлігінде екпінді көңіл қатардағы қазақстандықтың санасын өзгертуге және жемқорлықты қабылдамауды мәдениетке айналдыруға бағытталуы тиіс, өйткені тек тыйым салу және күштеу әдістерімен осы құбылысты құрту тіптен мүмкін емес. Осы аспектіде мемлекет, бизнес-қоғамдастық және "үшінші сектордың" бірлескен күш-жігері маңызды рөл атқаруы тиіс.
      Қазақстанның принципті жаңа бәсекелі артықшылығы инновациялық әлеуетті арттыру және инновацияларды өмірге кенінен енгізе отырып жасалуы мүмкін. Алайда, жаңа технологияларды, бірегей процестер мен өнімдерді әзірлеу, енгізу, егер олар қазақстандықтардың инновациялық ойын өзгертумен жалғаспаса, күтілетін нәтижелер алуға мүмкіндік бермейді.
      Осыған байланысты Қазақстанның ұлттық идеясын көп жылдық ізденуіне байланысты "мөлдірленуі" және көптеген қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті болуға, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарда жұмыс істеуге және бәсекеге қабілетті елде өмір сүруге деген нақты, түсінікті және белгілі бір патриоттық ұмтылыстары түрінде материалдануы тиіс.
      Бәсекеге қабілеттілік идеясы ойдан шығарылмаған және салмақты базиске ие, өйткені бұл елдің бәсеке қабілеттігінің ерекше мәдениетін қалыптастыру үшін ұлтына, дініне және саяси көзқарасына қарамастан азаматтық мақтаныш үшін нағыз себеп.
      Бірінші кезекте бәсекеге қабілетті ментальділікті қалыптастыру мәселесі білім беру жүйесіне тіреледі. Отандық бизнестің келешектегі бәсекеге қабілеттілігі және жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыру білім беру жүйесін жаңғырту тиімділігіне тікелей байланысты және қазақстандық азаматтар алатын сол бір құндылықтардың, білімнің, дағдылардың және біліктердің нәтижелері болып табылады. Сондықтан, Қазақстанның білім беру жүйесіне бәсекеге қабілеттіліктің парадигмаларын енгізу жандандырылады.
      Бәсекеге қабілеттіліктің парадигмасы мемлекеттік басқарудың барлық буындары мен деңгейлерінде толығымен енгізілуі тиіс. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыру, сыртқы ортаға да ішкі ортаға да бағдарланған мемлекеттік органдардың тиісті бағдарламалық және жоспарлы құжаттары арқылы мемлекеттік сектордың менеджерлерін даярлау үшін жаңа ұлттық басқарушылық мектеп жасалады.
      Бәсекеге қабілетті ментальділікті қалыптастыру процесінде ел халқының бәсекелік психологиясын, әсіресе ментальдігін қалыптастырудың тиімді құралы бола алатын бұқаралық ақпараттық құралдарының рөлі аз емес.
      Қазіргі уақытта, отандық үкіметтік емес сектордың қуатты әлеуеті әлі де толығымен іске аспай отыр. Атап айтқанда, ҮЕҰ ғана қазақстандық азаматтардың барлық санатын өз елінің бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте белсенді түрде шоғырландыруды жүзеге асыра алады. Олардың нысаналы бизнес топтары мен халықтың бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің және үдерістерінің маңыздылығы туралы бағаларынан бастап шешімдер қабылдауға және тұтынушы ұстанымына қоғамдық бақылаудың мықты тетігін қалыптастыруға дейінгі жұмыс ауқымы өте кең. Бұл үшін үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылының арқасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстың бағыттары, параметрлері мен тетіктері қайтадан қаралатын болады.
      Ағымдағы жағдай мынадай, яғни отандық кәсіпкерлердің тұжырымдамасы толығымен осы тіптен өткен шақты қамтиды. Олардың басымдығы тек қана табыс табуда, бұл түбегейлі дұрыс емес, ең бастысы - қауіпті.
      Қазіргі кәсіпкер және оның үстіне болашақ кәсіпкер - бұл әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орын алып отырған және болатын өзгерістерді көре білетін, және осыған орай жетілуге әрі ең бәсекеге қабілетті, үздік болу және айрықша әлеуметтік-мәнді болу құқығы үшін күресе алатын және соған дайын адам.
      Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес) арнайы шаралар пакетін әзірлейтін болады, ол кенінен талқыланады және оны одан әрі күнделікті өмірге енгізу үшін бизнес қоғамдастықпен келісілетін болады.
      Өңірлік деңгейде инновация мен тиімділіктің базалық факторларын жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтау, білім беру, нарық пен технологиялық прогрессті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттіліктің идеяларын енгізумен консультативтік-кеңес органдар ретінде құрылған облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері жанындағы бәсекеге қабілеттік жөніндегі кеңестер (бұдан әрі - бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестер) айналысатын болады.
      Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың      - Қазақстан Республикасының
негізгі              Индустриялық-инновациялық дамуының
құралдарының         2003 - 2015 жылдарға арналған
үлгі* тізбесі        стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасында Азаматтық
                     қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға
                     арналған тұжырымдамасы;
                   - Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс
                     кодексі;
                   - Қазақстан Республикасында білім беруді
                     дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының азаматтарын
                     патриоттық рухта тәрбиелеудің
                     2006 - 2008 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - "Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің"
                     2009 - 2011 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
                     2006 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында Ұлттық
                     инновациялық жүйені қалыптастыру
                     мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Мәдениет саласын дамытудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған
                     бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының Мұрағат
                     ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған
                     бағдарламасы;
                   - Халықты жұмыспен қамту жүйесін
                     жетілдірудің 2008 - 2010 жылдарға
                     арналған Іс-шаралар жоспары;
                   - Қазақстан Республикасында Халықтың
                     инвестициялық мәдениетін және
                     қаржы сауаттылығын арттырудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған
                     бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында Ақпараттық
                     теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - 2007 - 2011 жылдарға арналған
                     "Қазақстан балалары" бағдарламасы;
                   - мемлекеттік органдардың стратегиялық
                     даму жоспарлары (жаңа жоспарлау
                     жүйесін енгізу бойынша).
Іске асыру         - 2009 жылдың қорытындысы бойынша -
параметрлері         бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар
                     бойынша елдің бәсекеге қабілеттігінің
                     қолда бар ұстанымын орнықты ұстап қалу**;
                   - 2012 жылдың қорытындысы бойынша -
                     бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар
                     бойынша елдің бәсекелі ұстанымдарын
                     қағидатты түрде жақсарту**;
                   - 2015 жылдың қорытындысы бойынша -
                     бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар
                     бойынша елдің бәсекелі ұстанымдарын
                     жақсартудың орнықты қарқынының болуы*.

____________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
** осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" деген тарауда келтірілген.

Екінші басымдық. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта

      Даму моделі
      Теңгермелі макроэкономикалық саясат. Әкімшілік реформаның шеңберінде мемлекеттік институттардың ашық және тиімді қызметтерін қамтамасыз ету. Сот ісін жетілдіру. Жемқорлықпен күрестің жаңа, аса жетілген нысандарын іздеу және енгізу. Ішкі бәсекелестікті дамыту. Жоғары бәсекеге қабілеттіліктің талабына жауап беретін құқықтық ортаны қалыптастыру.
      Негіздеме және іс-қимыл стратегиясы
      Мемлекет жаһандық экономика шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін қолайлы ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге міндетті. Яғни, бәсекеге қабілетті болу үшін кәсіпорындар мен халықтың тұрақты макроэкономикалық саясатты, меншік құқығын кепілдендіруді, инвестициялау мен салымдардың жоғары деңгейін, жемқорлықтың әсерін болдырмауды, сондай-ақ еліміздің халықаралық саудада сенімді және мықты ұстанымдармен қатысуына мүмкіндік беретін экспорттың осындай құрылымын қалыптастыруды Қазақстан қамтамасыз етуі тиіс.
      Сөйтіп, елдегі билік сапасы еліміздің бәсекеге қабілеттігінің болашақтағы сөзсіз шартына айналып отыр.
      Макроэкономикалық жағдай - Қазақстан дамуының қолайлы перспективасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуін, бағалардың тұрақтылығын, халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған теңгермелі макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады.
      Іскерлік белсенділікті арттыруды және жер қойнауын пайдаланумен байланысты емес экономиканың жекелеген секторларына салық жүктемесін оңтайландыру, сондай-ақ салық және кеден әкімшіліктендіру жүйесін одан әрі жетілдіруді ынталандыруға бағытталған қайта құрылымдар жалғасын табады.
      Билік институттары тегеурінді талаптар мен сыртқы қатерлер және толқуларға барабар ден қою тетіктерін қалыптастыруы тиіс, сондай-ақ ЖІӨ-гі жалпы сыртқы қарыздың үлесін төмендетуге мүлтіксіз бағам жүргізілетін болады.
      Әзірге Қазақстанда "институционалдық қабылдағыштар" деп аталатын тиімді мемлекеттік және бұқаралық институттар жеткіліксіз, жоғары технология мен білімді адам капиталына емес, керісінше тек қана арзан шикізат пен еңбек ресурстарына бағдарланған инвесторлар тартылып отыр. Осыдан келіп, жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалар шеңберінде мемлекеттік институттардың, сондай-ақ акция пакеттері (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі ұлттық холдингтер мен мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдардың ашық және тиімді қызметтерін қамтамасыз етуге басым көңіл бөлінетін болады. Бюджет жүйесінің ашықтығы арттырылады. Одан басқа, нәтижеге бағытталған бюджетті жоспарлау мен орындау, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктерді ажырату, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға беру, кәсіби мамандарды тарту жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің салалық стандарттары, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар енгізілетін болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, оның сандық құрамы мен қаржылық қамтамасыз етілуін мемлекеттік қызметтің тиісті халықаралық деңгейіне келтіру жөнінде жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.
      Сот ісін жүргізудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін және соңғы конституциялық өзгерістерді іске асыру мақсатында сот құрылысының кейбір мәселелері, судьяларға кандидаттарды іріктеу, сот коллегиясы төрағаларына өкілеттіктер беру, іс жүргізу заңнамаларын қолдану бойынша тиісті нормативтік актілер қабылданатын болады. Сонымен қатар, баспасөз-қызметтері және облыстық соттардың оқу орталықтарының қызметі жандандырылады, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған басқа шараларды іске асыру жалғасады.
      Көрсетілген шаралар кешенді және жүйелі тәсілдерді талап етеді, осыған байланысты Сот жүйесін жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі мәселе пысықталатын болады.
      Жемқорлыққа қарсы күрестің, әсіресе салық әкімшіліктері мен сыртқы сауда операциялары мәселелерінің жетілген нысандарын іздеу және енгізу қажет болады.
      Ішкі бәсекені дамыту мәселелеріне аса назар аударылуы тиіс. Атап айтқанда, бағалық бәтуаласу мен жосықсыз бәсеке фактілерін анықтау және бұлтартпау жөніндегі әдістер саясаты мен сапасы жаңа деңгейге шығуы қажет. Сондай-ақ ДСҰ-ға кіруге жәрдемдесу жолында тауарлар нарығына шығу үшін және салалық реттегіштерді құруға ықпал ететін бәсекелестікте оларды ашық етуге арпылған кедергілерді анықтау және болдырмау қажет.
      Сонымен қатар, ЖІӨ "білім-қажетсінуін" арттыруға тиісті білімге негізделген экономиканы құру және елімізді тұрақты дамытуды құқықтық қамтамасыз ету саласында артта қалушылықты жою бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу қажет.
      Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысы шеңберінде мемлекеттік инвестицияларды бәсекеге қабілеттікті арттырудан тәуелділікті және әсер етуді анықтайтын білім беруге, инфрақұрылым мен ҒЗТКЖ-ға талдамалық мониторинг жүргізу жүйесі бойынша ұсыныстар әзірленуі тиіс.
      Қазақстанға еңсеру тәртібімен бизнесті шын мәнінде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және өзінің барлық процестерінің өнімділігін арттыруға ынталандыратын құқықтық орта құру қажет. Сондықтан, қолданыстағы құқықтық ортаны жоғары бәсекеге қабілеттік қажеттіліктеріне жауап беретін деңгейге келтіру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
      Бірінші кезекте кәсіпкерліктің ілгерінді түрде дамуын аса дәлелдейтін артық әкімшілік рәсімдер мен басқа да нормалардың проблемалары шешілетін болады. Атап айтқанда, заңдарды тиімді орындау тетіктері енгізілуі тиіс және шаруашылық субъектілерімен кері байланыстың нәтижесінде проблемаларды анықтау мен ұсыныстарды қарастыруға негізделген экономикалық заңнамада құқықты қолдану тәжірибесіне тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі жасалады.
      Осы мақсатта Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің қатысуларымен мынадай бағыттар бойынша бірінші кезекте енгізілуі қажет нормативтік құқықтық актілер жобасының тізбесімен жүйелі негізде нұсқаулықтар дайындайтын тұрақты "сұхбат алаңы" жасалатын болады:
      бизнесті жүргізудің құнын, оның ішінде есеп нысандарын қысқарту, жеңілдету, өзгерту есебімен төмендету;
      жеке меншіктің беріктілігінің кепілі мен мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз ету;
      іс-әрекеттің транзакциялық шығындарын, оның ішінде кәсіпорындарды ашу мен жабу, меншікті тіркеу үшін талап етілетін рәсімдерді жүргізу саны мен уақытын қысқарту.
      Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің іс-әрекеттері өңірлердің экономикасын әртараптандыру мен оңтайландыруға, оның шикізаттық бағдарын жоюға, адам капиталын және физикалық инфрақұрылымын дамытуға бөгет болатын түйінді проблемаларды болдырмау мәселесі бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеуге, сондай-ақ Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңеске көрсетілген салалардағы жалпы мемлекеттік саясаттарды жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу мен енгізуге бағытталатын болады.

      Басымдықты іске асыру картасы

Іске  асырудың     - Қазақстан Республикасының
құралдарының         Индустриялық-инновациялық негізгі
үлгі* тізбесі        дамуының 2003 - 2015 жылдарға
                     арналған стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     "Электронды үкіметті" дамытудың
                     2008 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                     күрестің 2006 - 2010 жылдарға
                     арналған мемлекеттік бағдарламасы;
__________________________
*қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды онтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
**осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" деген тарауда келтірілген .

                   - Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты
                     басқару жөніндегі тұжырымдама;
                   - Қазақстан Республикасында Қаржы
                     секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға
                     арналған тұжырымдамасы;
                   - Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік
                     жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі
                     тұжырымдама;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Әлеуметтік-экономикалық дамуының
                     орта мерзімдік жоспары
                     (тиісті орта мерзімді кезеңге);
                   - Орта мерзімді фискалдық саясат
                     тиісті орта мерзімді кезеңге);
                   - "2005 - 2010 жылдарға арналған
                     Қазақстан Республикасында
                     Экономикалық саясаттың негізгі
                     бағыттары мен көлеңкелі экономиканың
                     көлемін қысқарту бойынша ұйымдастыру
                     шаралары" бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Көші-қон саясаты тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
                     министрлігі жүйесін жаңғырту мен
                     дамытудың 2007 - 2009 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Мемлекеттік активтерді басқарудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында Патент
                     жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында Техникалық
                     реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының Өлшем
                     бірлігін қамтамасыз етудің
                     мемлекеттік жүйесін дамытудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Табиғи монополиялар саласындағы
                     тарифтік саясатты жетілдірудің
                     2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - мемлекеттік органдар дамуының
                     стратегиялық жоспарлары (жаңа
                     жоспарлау жүйесін енгізу кезінде)

Іске асыру         - ЖІӨ-нің мөлшері. - 2009 жылдың аяғына
параметрлері                            қарай 18 трлн.
                                        теңгеден кем болмауы
                                        тиіс;
                                      - 2012 жылдың аяғына
                                        қарай 29 трлн.
                                        теңгеден кем болмауы
                                        тиіс;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 44 трлн.
                                        теңгеден кем болмауы
                                        тиіс.
                   - институттарды    - 2009 жылдың
                     дамыту деңгейін    қорытындысы бойынша
                     сипаттайтын      - барынша бәсекеге
                     ұстанымдар         қабілетті 60 елдің
                     бойынша жетекші    қатарына;
                     рейтингтік       - 2012 жылдың
                     ұйымдардағы        қорытындысы бойынша
                     Қазақстан        - барынша бәсекеге
                     дәрежесінің        қабілетті 50 елдің
                     позициясы*.        қатарына;
                                      - 2015 жылдың
                                        қорытындысы бойынша
                                      - барынша бәсекеге
                                        қабілетті 35 елдің
                                        қатарына.
_________________________
* осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осындай параметрдің түрін қолдану ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері тарауында келтірілген.

                   - макроэкономиканы - 2009 жылдың
                     сипаттайтын        қорытындысы бойынша
                     ұстанымдар       - барынша бәсекеге
                     бойынша жетекші    қабілетті 25 елдің
                     рейтингтік         қатарына;
                     ұйымдардағы      - 2012 жылдың
                     Қазақстан          қорытындысы бойынша
                     дәрежесінің      - барынша бәсекеге
                     позициясы*.        қабілетті 20 елдің
                                        қатарына;
                                      - 2015 жылдың
                                        қорытындысы бойынша
                                      - барынша бәсекеге
                                        қабілетті 15 елдің
                                        қатарына.
                   - нарық            - 2009 жылдың
                     тиімділігін        қорытындысы бойынша
                     сипаттайтын      - барынша бәсекеге
                     ұстанымдар         қабілетті 40 елдің
                     бойынша жетекші    қатарына;
                     рейтингтік       - 2012 жылдың
                     ұйымдардағы        қорытындысы бойынша
                     Қазақстан        - барынша бәсекеге
                     дәрежесінің        қабілетті 35 елдің
                     позициясы*.        қатарына;
                                      - 2015 жылдың
                                        қорытындысы бойынша
                                      - барынша бәсекеге
                                        қабілетті 30 елдің
                                        қатарына;

__________________________
* осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осындай параметрлердің түрін қолдану ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" тарауында келтірілген.

Үшінші басымдық. Инновациялық және технологиялық

      Даму моделі
      Индустриялдық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялдық тәсілге екпінді түбегейлі ығысу. Халықаралық стандарттар мен бизнестің қатаң талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті инновациялық-индустриялық инфрақұрылымды дамыту. Венчурлік қаржыландыру индустриясын құру. Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстарды орнату, инновациялық-оқу-ағарту консорциумдар жүйесін құру. Ғылымды көп қажет ететін өнімге экспортты әртараптандырудың өсімі мен құрылымын қамтамасыз ететін технологиялық даму саясаты.
      Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
      Қазақстан қайта өңдеу мен сервистік-технологиялық секторлардың пайдасына экономиканы әртараптандырып қана қоймай, жеткілікті түрде қысқа мерзімде жақсы, жылдам және арзан өнімдерді өндіруді үйренуі керек. Сондықтан индустриялдық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялдық тәсілге екпінді түбегейлі ығысу, сондай-ақ технологиялық болжаушылық фактор күшейтілуі тиіс.
      Мәселен, индустриялық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялық тәсілге екпінді ығысуы индустрияны дамытудың қосымша құралы ретінде алынатын инновацияны дамытудың негізінде емес, керісінше Қазақстанның инновациялық жүйесін дамытудың нәтижесінде күтіледі.
      Инновациялық даму бағытының басымдығын анықтай отырып, нақты экономикалық және бизнес-процестердегі инновациялыққа қарағанда оны ұғыну мен күнделікті өмірге енгізуге деген дайындықтың маңызды мағынаға ие екенін терең түсіну қажет. Сондықтан, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлік іс-әрекеттің шарттары жақсартылады және ҒЗТКЖ-ні инвестициялау ынталандырылады. Отандық кәсіпорындардағы инновациялық процесс ажырамас және перманентті болуы тиіс.
      Сондай-ақ, венчурлік қаржыландыру индустриясын құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Елімізге жетекші венчурлік инвесторларды тарту қажет. Венчурлік капиталды тарту, оның ішінде жаңа кәсіпорындарды құру арқылы тетіктерін жетілдіру және ұлғайту талап етіледі. Жаңа инновациялық қаржы тетіктері енгізілуі, атап айтқанда зияткерлік капитал кездерін ғылыми-зерттемелік тәуекелді азайту ушін және ықтимал инвесторларды тарту үшін венчурлік тәуекелді сақтандыру тетіктері әртараптандырылуы тиіс.
      Жүйелі негізде инновацияны коммерциализациялаудың тетіктерін әзірлеу мен енгізу жалғасады, патент белсенділігін ынталандыру, озық шетелдік технологияларды игеру және әлемдік ғылыми қауымдастыққа кірігулер бойынша шаралар қабылданады.
      Зерделеулерді жүргізу жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған ғылымды көп қажет ететін, ресурсты үнемдейтін, экологиялық таза өндірістерді әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұдайы өндіру, наножүйе және материалдар, биотехнология, көмірсутекті және тау металлургиялық секторлар индустриясын және олармен байланысты ядролық және космос технологиялары сияқты сервистік салаларды дамытуға бағытталатын болады.
      Жалпы алғанда, елдің технологиялық даму саясатын іске асыру экспортты ғылымды қажет ететін салаға әртараптандырудың өсуі мен құрылымын қамтамасыз ететін болады.
      Сонымен қатар, елдің инновациялық серпіні бойынша Үкіметпен, бизнес қоғамдастығымен, "Ғылым қоры" АҚ-ның, "Қазына" ОДҚ" АҚ-ның, "Самұрық" АҚ-ның, "ҚазАгроИнновация" АҚ-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың арасында ұлттық келісім жасасу туралы мәселе пысықталатын болады. Атап айтқанда, осындай келісімнің шеңберінде мемлекет жоғары технологиялық шағын бизнестегі инновациялық зерделеулерді қолдау мен шағын және орта бизнесті технологиялық жаңғыртуды  ғылыми сүйемелдей отырып, қолдауды жүзеге асыру үшін серіктестік - "Инновациялық ынтымактастық" деген жобамен шығады.
      Мәселен, министрліктер, ведомстволар мен жергілікті басқару органдары жоспарлап отырған қаражаттың белгіленген пайызы зерттеудің мақсатына, яғни жеке сектор қалыптастыратын нақты, мәнді бәсекеге қабілетті өтінімдерге бағдарланатын болады. Тиісінше, алынған өнімдерді коммерциялық пайдалануға кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарға беру шарттары бойынша нормативтік құқықтық орта құрылатын болады.
      Өз кезегінде, компанияларға олардың тікелей дамулары үшін қажетті болатын ғылыми-зердемелік жұмыстарға өзіндік үлесін қосу бөлігінде жұмыстарды жандандыру ұсынылатын болады.
      Өкінішке орай, бүгінгі таңда ғылыми-зерделеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстарды орнату шешімін таппай келеді.
      Бұл үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес тұрақты негізде осы аталған субъектілердің арасында серіктестіктің әр түрлі түрлері мен тетіктерін қалыптастыру және жұмыс істету бойынша үздік әлемдік тәжірибені іс жүзінде іске асыру талданатын, әрі жүйеленетін болады және жолға қойылады.
      Қазақстанда технологиялық даму деңгейінің қарқынды өсуін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту мен қамту күшейтілетін болады. Атап айтқанда, осы бағыт Қазақстан мен барынша озық елдер арасындағы технологиядағы алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта инфрақұрылым мен халықтың АКТ-мен жұмысының дағдылары басымды түрде дамитын болады, сондай-ақ телекоммуникация секторын кезең-кезеңімен аса реттеу және ырықтандыру жүргізілетін болады. Осы саланың "негізгі локомотиві" болып жаңа инфрақұрылымдық АКТ жобаларын жасауға бағдарланған "Зерде" АҚ-ы компаниялар топтары табылады. Олардың базаларында отандық компаниялар жаңа "зияткерлік" жоғары технологиялық бизнесті жасайды.
      Күннен-күнге қымбаттап отырған энергетикалық ресурстардың проблемасын энергияны жинақтаушы технологиялар мен энергияның жаңғырмалы және баламалы кездерін енгізу арқылы шешу қажет. Осы мақсатта оларды әзірлеу және тетіктерін енгізу үшін мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесі қалыптасуы тиіс.
      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың өнімділігін арттырудың негізгі қайнар көзі жоғары технологиялық өндіріс болып табылады, ол қазақстандық жоғары технологиялық стандарттарды жасаудың біртұтас тетігін қалыптастыру қажеттілігін туғызады. Қазақстанда осы тұрғыдан "жасыл" энергетикалық кәсіпорындарды дамыту бөлігінде едәуір резерв бар.
      Жаңа энергияны жинақтаушы технологияларды жасау отандық технопарктердің базасында жүзеге асырылатын болады. Энергияны жинақтаушы машина жасауды дамытуға, экономика энергия сыйымдылығын төмендету бойынша жаңа өнеркәсіптік технологияларды жасауға басты назар аударылатын болады. Шетелдік инвесторлармен жасасатын келісімдерде қазіргі заманғы энергияны жинақтаушы технологияларды енгізу және қолда бар қуаттар мен өндірістерді жаңартулардың міндетті шарттары қарастырылатын болады.
      Энергияның артылатын және балама көздерін тиімді және ұтымды пайдалану үшін ең үздік халықаралық тәжірибе жинақталады және жүйелендіріледі, заңнамалық база әзірленді және жетілдіріледі, әзірлемелерді институционалдық және зияткерлік жағынан сүйемелдеу мәселесі зерделенеді, жаңғырмалы энергетика саласында ғылыми әзірлемелер мен технологиялар тартылады және енгізіледі. Сосын әр түрлі пилоттық жобаларды кезең-кезеңімен енгізуді бастау қажет.

Басымдықты іске асыру картасы

Іске асырудың      - Қазақстан Республикасының
негізгі              Индустриялық-инновациялық дамуының
құралдарының         2003 - 2015 жылдарға арналған
үлгі* тізбесі        стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     2015 жылға дейінгі Аумақтарын дамыту
                     стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
                     Көлік стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының Ғылымын
                     дамытудың 2007 - 2012 жылдарға
                     арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Цифрлық телерадио хабарларын
                     таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға
                     арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     "электрондық үкіметті" дамытудың
                     2008 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Артылатын ресурстарды және баламалы энергия
                     көздерін тиімді және ұтымды пайдаланудың
                     тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасының Патент
                     жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Ұлттық инновациялық жүйесін
                     қалыптастыру және дамытудың
                     2005 - 2015 жылдарға арналған
                     бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     2015 жылға дейінгі технологиялық
                     даму бағдарламасы;
                   - Ірі инвестициялық жобаларды ұлттық
                     және өңірлік деңгейде іске асыруға
                     қаржы институттарын тарту жөніндегі бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Телекоммуникация саласын дамытудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасындағы
                     Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты
                     дамытудың 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған тұжырымдамасын іске асыру
                     жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған бірінші кезектегі шаралар тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты
                     дамытудың 2009 - 2011 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Мемлекеттік активтерді басқарудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - мемлекеттік органдар дамуының
                     стратегиялық жоспарлары
                     (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу
                     кезінде)
_______________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;

Іске асыру         - қайта өңдеу      - 2009 жылдың аяғына
параметрлері         өнеркәсібіндегі    қарай 11 %-дан кем
                     инновациялық-      емес;
                     белсенді         - 2012 жылдың аяғына
                     кәсіпорындардың    қарай 13 %-дан кем
                     үлес салмағы.      емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 14 %-дан кем
                                        емес;
                   - жаңа             - 2009 жылдың аяғына
                     технологиялық      қарай 3 %-дан кем
                     толқынды отандық   емес;
                     шағын және орта  - 2012 жылдың аяғына
                     кәсіпорындардың    қарай 6 %-дан кем
                     үлес салмағы.      емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 10 %-дан кем
                                        емес.
                   - инновацияны      - 2009 жылдың
                     дамытуды           қорытындысы бойынша -
                     сипаттайтын        барынша бәсекеге
                     ұстанымдар         қабілетті 65 елдің
                     бойынша жетекші    қатарына;
                     рейтингтік       - 2012 жылдың
                     ұйымдардағы        қорытындысы
                     Қазақстан          бойынша - барынша
                     рангінің           бәсекеге қабілетті
                     позициясы.         60 елдің қатарына;
                                      - 2015 жылдың
                                        қорытындысы
                                        бойынша - барынша
                                        бәсекеге қабілетті
                                        55 елдің қатарына.
                   - технологиялық    - 2009 жылдың
                     дайындықты*        қорытындысы
                     сипаттайтын        бойынша - барынша
                     жетекші            бәсекеге қабілетті
                     рейтингтік         60 елдің қатарына;
                     ұйымдардағы      - 2012 жылдың
                     Қазақстан          қорытындысы
                     дәрежесінің        бойынша - барынша
                     позициясы.         бәсекеге қабілетті
                                        50 елдің қатарына;
                                      - 2015 жылдың
                                        қорытындысы
                                        бойынша - барынша
                                        бәсекеге қабілетті
                                        40 елдің қатарына.
__________________________
* осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" деген тарауда келтірілген.

Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің
тік және көлденең аспектілері

      Ескерту. Төртінші басымдыққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен.

      Даму моделі
      Еңбек өнімділігінің өсуі. Экономиканың энергия тиімділігін арттыру. Энергия генераторлық қуаттар мен электр желілері объектілерін озық дамыту. Автокөлік саласын реформалау. Темір-жол саласын реформалау. Әуе, су көлігі мен инфрақұрылымдарды дамыту. Көлік-коммуникациялық кешенінде мегажобалы тәсілдерді пысықтау. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экологиялық және биологиялық тазалығы. Биоотын. Тоқыма. Нефтехимия. Нефтегаздық машина жасау. Аса жоғары технологиялық өзгеріп жасалған атом өнеркәсібінің өнімі. Туризм орталығы. Сауда орталығы. Полярлық даму мен еліміздің жаңа кеңістік қаңқасын жасау.
      Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
      Қазақстан бірқатар экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенімен өнімділіктің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне жете алмай отыр. Сондықтан, бәсекеге қабілеттік аспектілері шеңберінде аса өзекті мәселелер, яғни ұлттық экономиканың қарқындылығын  және өнімділігін арттыру алынады.
      Осыған байланысты бірінші кезекте енбек өнімділігін арттырудың жеделдетілген қарқынын қамтамасыз ету талап етіледі. Жалпы алғанда, бұл отандық жұмысшы күшіне бәсекеге қабілеттіліктің көрінісін түбегейлі өзгертуді анықтайды, өйткені таяу жылдарда "жеткілікті білімді және арзан қазақстандық еңбек ресурстары" сарапшылар тарапынан елдің мәнді бәсекелі артықшылықтары ретінде бағаланып келді.
      Дегенмен, Қазақстанның білімге негізделген экономикаға өту қажеттіліктерін ескерсек, егерде осы жағдайды бәсекелі артықшылық ретінде қарастырсақ, онда ол басқа, нағыз артықшылықтармен тікелей қарама-қайшылықта бола бастайды.
      Сондықтан, еңбек өнімділігіне деген тәсілдер мен қатынастар жартылай ұмытылған және аз талданатын статистикалық көрсеткіштен дамыған экономика деңгейіне ара қатынасқа мемлекеттік органдардың экономикасы саласында шешімдер қабылдау кезінде бағалаудың басты өлшемі мәртебесіне дейін өзгертілетін болады.
      Екіншіден, еңбек ақының өсуін басқарудың, оның ішінде кәсіподақтардың атқаратын рөлі мен өкілеттіктерін арттыру, сапа өнімділігі мен еңбек өнімділігі және жұмысшылардың жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту, еңбекақы жүйесін жетілдіру, табыстарды, жалақының нысандары мен жүйесін индексациялау тәртібі мен шарттары мәселелерін қарастыратын әлеуметтік серіктестік туралы келіссөздерді жасасу арқылы тетіктер енгізілетін болады.
      Үшіншіден, еңбек сапасын қазіргі заманғы басқару саласында тиісті мамандарды даярлау қажет, яғни оқу бағдарламалары қайта қаралады. Осы аталмыш үш шарт өзара байланыста іске асырылуы тиіс.
      Энергияны ұтымды және үнемді жұмсау оның аса энергиялық экстенсивтігіне байланысты күллі ұлттық экономиканың алдында тұрған түйінді міндеттердің бірі болып табылады.
      Энергиямен жабдықталуды реттейтін нормативтік құқықтық база бар, бірақта ол жетілдіруді талап етеді, өйткені экономиканың энергия тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге ықпал ететін тетік әлі құрылмаған.
      Нормативтерге жататын энергиямен жабдықтау, энергияны жұмсау категориясы мен энергияны пайдаланатын жабдықтар спектрін және энергия тиімділігі стандарттарын дамытуға, сондай-ақ энергияны пайдаланудың белгіленген нормативтерін арттырғаны үшін экономикалық санкциялар және заң баптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті ынталандыратын экономикалық тетіктер бөлігінде құқықтық нормаларды нақты айқындау қажет.
      Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің шеңберінде 2008 жылдың бірінші жартысына дейін еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің энергия тиімділігін ұлғайту, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың олардың өнімділігін арттыруға ынталандыру бойынша кешенді ұсыныстар дайындалатын болады.
      Инфрақұрылымның бәсекеге қабілеттігі деңгейін өсіру үшін мыналарға екпін жасау қажет.
      Біріншіден, Қазақстанның энергия генераторлық қуаттары мен электр желілері объектілерін оңтайландыру және озық дамыту бойынша шаралар іске асырылуы тиіс.
      Екіншіден, автожол саласында озық әлемдік тәжірибе негізінде және Қазақстанның өзгешелігін ескере отырып, белгілі бір реформалар жүргізуді бастау қажет.
      ДЭФ рейтингісіне сәйкес Қазақстандағы инфрақұрылымның жалпы сапасы 68-ші орында тұр, бұл ретте автожол сапасы өте төмен 98-ші орынға ие. Дегенмен, жер бетіндегі жолдар қатынасы желісінің негізгі үлесі осы автокөлік жолдарына тиесілі.
      Осындай нәтиженің себебі автожол саласында қандай да болсын нарықтық қайта құрылымдардың жоқтығы болып табылады. Автожол саласындағы барлық бағдарламаларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бірақ, табысты әлемдік тәжірибе автожол саласы ел бюджеті үшін ауыртпалық туғызбайтын, керісінше локомотив, әрі экономиканың өзіндік даму нүктесі бола алатындығын дәлелдеп отыр.
      Автожол саласындағы қайта құрылудың мәні жеке капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік-жеке серіктестік тетігінде тәуекелдерді әділ бөлуде. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат пен ел экономикасының ерекшелігі ақылы автокөлік жолдарын енгізуді кең көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Мемлекет автожол саласы объектілерінің концессионерінің қызметін атқаратын "тұтынушы мен төлеуші" функциясын орындайтын үлгі аса перспективті болып табылады. Жол қорының жедел-шаруашылық басқару функциялары орталықсыздандырылуы тиіс.
      Үшіншіден, темір-жол саласында реформалар жалғасатын болады. Темір-жол қызметтері нарығын қалыптастыру, жолаушылар тасымалдау қызметтерінің сапасын жақсарту, Қазақстанның темір-жол көлігінің техникалық деңгейін әлемдік стандарттар деңгейіне дейін арттыру, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде отандық машина жасауды дамыту үшін жағдайлар жасау олардың нәтижелері болады.
      Төртіншіден, әуе көлігінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту және қолдану әуе кемелері паркін жаңарту, әуежай инфрақұрылымдарын жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарды қолдана отырып қайта құру және жаңғырту, радионавигациялық кешенді халықаралық (транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына шектеусіз қызмет көрсету үшін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру жолымен жүргізілетін болады.
      Бесіншіден, су көлігінде теңіз және ішкі кеме жолдарын, жағалық инфрақұрылымды дамыту, теңіз және жаға бойындағы навигацияның қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.
      Алтыншыдан, мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес құралдарын қолдана отырып, инфрақұрылымдарды дамытудың бірыңғай ынталандыру жүйесін дайындау туралы мәселе шешуді талап етеді. Көлік жүйесі елдің геостратегиялық ресурстарынан барынша пайда табуға қабілетті жоғары технологиялық, тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы экономиканың өзіндік өсу нүктелеріне айналуға тиіс. Осы тұрғыдан, мынадай тәсілдер маңызды шарттар болады.
      Бірінші. Моралдық және материалдық тозығы жеткен, байланыспаған ұлттық көлік-коммуникациялық кешендерден транзиттік жүйені жасау - бұл транзитті дамытудың перспективасыз жолы.
      Екінші. Трансконтиненталды тасымалдаушылар бейнесінде сыртқы одақтастар белсенді тартылуы тиіс.
      Үшінші. Қазіргі заманда табыстың шешуші факторы болып табылатын барлық транзитке қатысушылардың мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету қажет.
      Басқаша айтқанда, трансконтиненталдық тасымалдау сызбаларын Қазақстанның пайдасына түбегейлі өзгертетін шаралар керек.
      Сондықтан, көлік-коммуникация саласында серпінді жобаларды қалыптастыруға және оның іске асыруға мемлекеттік қолдау жүйесіне негізделетін мәнділігі жағынан жаңа стратегиялық бағыт - мегажобалық тәсіл дайындалуы тиіс. Осы тәсіл бытыраңқы, салалық жобалардан гөрі транзит сызбасына әсер ететін барлық мүдделі тараптарды біріктіретін бастау болуға қабілетті. Өзіндік функционалдық мазмұны бойынша осындай жоба транзиттің халықаралық магистральды арнасы, ал инфрақұрылымдардың ұлттық жүйесі оның перифериялық қамтуы болып табылады. Сөйтіп, ел экономикасы үшін қаржы ауыртпашылығын минимизациялау және ұлттық инфрақұрылымның даму жоспарларын коммерциализациялау қамтамасыз етілетін болады.
      Осы мақсатта транзиттің жаңа жүйесінің бәсекеге қабілеттігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық, технологиялық біртұтас, қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық кешенін жасауды көздейтін "Д-50" шартты атаумен салалардың серпінді мегажобасының мүмкіндіктері мен іске асыру ерекшеліктері зерделенетін болады.
      Осы бағытта тиісті инвестиция алдындағы зерттеулер жүргізу қажет, ал Қазақстанның имидж бағдарламаларының шеңберінде шетелдік мемлекеттер, индустриялық және халықаралық қаржы институттары, халықаралық тасымалдаушылар сияқты ықтималды жобаға қатысушылар арасында оның танымал етуді жүргізуді бастау қажет.
      Осымен қатарлас Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ұйымдастыру мен іске асыру бойынша халықаралық келіссөздер жасасу туралы бастамалық ұсыныстар жасалуы қажет.
      Он нәтижелер алған жағдайда жобаның институционалдық негізін қалыптастыруға кірісу керек, - мәселен, жобаға қатысушылар - елдердің Үкімет басшыларының шешімімен құрылатын мегажобаны іске асыру бойынша Халықаралық жұмыс комиссиясы, мүдделі мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық және өзге компаниялардың қатысуларымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Үйлестіруші кеңесі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ірі инжинирингтік компаниялардың қатысуыларымен Бас жобалық инжинирингтік компаниялар.
      Салалық бәсекеге қабілеттіктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін мыналарға екпін жасалуы қажет.
      Агроөнеркәсіптік кешеннің шешуші бәсекелі артықшылығы ретінде оның өнімдерінің экологиялық және биологиялық тазалығы алынуы тиіс. Осы бағытты дәйекті түрде басымды дамумен қамтамасыз ету қажет.
      Сонымен бірге өндірісті жеделдетіп дамыту және негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін мәнді арттыруды және биоқайта өңдеу кластерінің негізін салуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін биоотынды сыртқы нарықтарға шығару мәселелері басты назарды аудару талап етіледі. Елдің алдында ірі биоотынды өндірушілердің ондық санына кіру өршіл міндеті тұр.
      Тоқыма өнеркәсібі Қазақстанның барлық жеңіл өнеркәсібін дамытудың айнасы болуы тиіс. Сондықтан, тоқыма өнеркәсібін жеделдетіп қайта құру мен жаңғыртуды жүргізу, өнімнің бәсекеге қабілеттігін сапа мен ассортиментті жақсарту есебімен арттыру, өндіріс шығындарын азайту, әлемдік бренділерді тарту қажет.
      Қазіргі кезде, мұнай-химия кешені параметрлері бойынша нақты көрсеткіштер, оларды үздіксіз қайта өңдеу үшін көмірсутекті шикізат ресурстарының қажетті қайнар кездері мен көлемдері алынды. Этан фракциясының 13 және одан жоғары пайызынан табиғи және жолай газдардан алынатын этилен мұнай-химиялық өнімдердің кең көлемін өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан үшін төмен және жоғары тығызды полиэтилен, әр түрлі маркадағы полипропилен, стирол мен полистирол, этиленгликоль мен бензол, метанол және 20-дан артық атаулары бар басқа өнімдер шығару барынша экономикалық тиімді. Атап айтқанда, әлемдік деңгейдегі алғашқы кіріккен мұнай-химия кешенін салу жылына 1.2 млн. тоннадан асатын көлемге шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл нефтехимия саласында серпінді дамуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгей мен ауқымдағы бірінші объект болады.
      Сонымен бірге, өндірістен оған қызмет көрсету мен жөндеуге дейінгі толық оралымды қамтитын нефтегаздық машина жасау басты назарды аудартады. Осы бағыт қуатты бәсекеге қабілетті әлеуетке ие.
      Атом өнеркәсібі саласында барынша қосымша күнмен аса жоғары технологиялық қайта бөлінетін өнімді әлемдік нарыққа шығаруды бастау қажет. Оның ішінде жоғары технологиялық тантал өнімін өндіруді қолға алу мен бериллий өндірісін одан әрі дамыту мәселелері пысықталатын болады.
      Атом энергетикасы аясында атом энергетикасы саласын жасау кезінде инновациялық дамуды қамтамасыз ететін ең аз мультипликативтік әсерге қол жеткізу, мәнді технологиялық ілгерілеу және өнеркәсіптің қайта өңдеу секторының бәсекеге қабілеттілігін экспорттық технология мен өнімдердің продуценті деңгейіне дейін арттыру бойынша тиісті халықаралық тәжірибені есепке алу мен қолдану қажет.
      Қазіргі таңда, Қазақстанның әлемдік туристік қоғамдастыққа кірігуге және халықаралық туристік нарықтағы позициясын күшейтуге нақты мүмкіндігі бар. "Озық өсу аймақтарын" қалыптастыруға қосымша серпін беру және экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту үшін "Бурабай", "Жаңа Іле", "Кендірлі" туристік орталықтарының құрылысы басталады. Саланың алдында 2011 жылдың аяғында Қазақстанды Орталық-Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдырумен байланысты жаһандық міндет тұр.
      Жаңа сапалы деңгейге қазақстандық қызмет көрсету саласы шығарылуы тиіс, нақтырақ айтқанда жоғары дамыған сауда орталығын қалыптастыруды бастау қажет. Бұл Қазақстан үшін жаңа бәсекелі артықшылық болады.
      Халықты жайғастыру мен өндірістік күштерді шоғырландыру жүйесін ескере отырып Қазақстанның аумақтарын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеуді ұйымдастыру басталды. Бас схеманы әзірлеу барысында елімізді функционалдық аймақтандыру жүргізілетін болады, жайғастыру мен орналастыру, инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, сондай-ақ функционалдық құрылым мен аумақтық даму бағыттары жүйесін өзара байланыста дамытудың негізгі бағыттары анықталады.
      Стратегиялық даму осьтерін ескере отырып Бас схемаға перспективада салалар мен инженерлік инфрақұрылымдарды дамытудың, сондай-ақ басымды кластерлерді орналастыру, аумақтарды қазіргі заманғы пайдалану, қала агломерацияларының схемалары кіретін болады.
      Еліміздің "тірек өңірлерден" жаңа кеңістік қаңқасын жасау және полярлық дамытуға өтуді қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы сияқты ірі қалалар-мегаполистер және бәсекелі артықшылықтарын арттыра отырып, оларда өнеркәсіптік аймақтарды орналастыру көзделген серіктес қалалардың бой көтеруі, сондай-ақ "Қорғас", "Достық", "Тасқала-Озинки" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталықтары қызметтерін және "Ақтау" жағалауын дамыту жұмыстары жалғасады.

      Басымдықты іске асыру картасы

Іске асырудың      - Қазақстан Республикасының
негізгі              Индустриялық-инновациялық
құралдарының         дамуының 2003-2015 жылдарға
үлгі* тізбесі        арналған стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     2015 жылға дейінгі Аумақтарын
                     дамыту стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Туризмді дамытудың
                     2007 - 2011 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Ауылдық аумақтарын дамытудың
                     2004 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - "Қазақстан Республикасында
                     ядролық-энергетикалық саланы
                     дамытудың 2008 - 2030 жылдарға
                     арналған" мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Артылатын ресурстарды және
                     баламалы энергия көздерін тиімді және ұтымды
                     пайдаланудың тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған тұжырымдамасын
                     іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған бірінші кезектегі шаралар
                     тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты
                     дамытудың 2009-2011 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасы Көші-қон саясаты;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Автожол саласын дамытудың
                     2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Темір-жол саласын одан әрі
                     дамыту мен реформалаудың
                     2007 - 2010 жылдарға арналған
                     кешенді шараларының Жоспары;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Азаматтық авиациясын дамытудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Кеме жолдарын дамыту мен ішкі
                     су жолдарында қауіпсіздікті
                     қамтамасыз етудің 2007 - 2012
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Электрэнергетиканы дамытудың
                     2030 жылға дейінгі бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың
                     2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Атом энергетикасын дамытудың
                     2008 - 2030 жылдарға арналған
                     бағдарламасы;
                   - "Қорғас" халықаралық шекара
                     маңы ынтымақтастығы орталығын
                     одан әрі дамытудың 2007 - 2011
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Достық станциясын және Ақтоғай-Достық учаскесін
                     дамыту жөнінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық
                     компаниясы" акционерлік
                     қоғамының 2006 - 2011 жылдарға
                     арналған Іс-шаралар жоспары;
                   - Қазақстан Республикасы
                     мемлекеттік органдарының Достық
                     халықаралық шекара өтпелі мен
                     Достық поселкесінің әлеуметтік
                     саласын дамыту жөніндегі
                     2006 - 2011 жылдарға арналған
                     Іс-шаралар жоспары;

____________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;

                   - "Оңтүстік" арнайы экономикалық
                     аймағын дамытудың 2007 - 2015
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Мемлекеттік органдар дамуының
                     стратегиялық жоспарлары (жаңа
                     жоспарлау жүйесін енгізу кезінде)

Іске асыру         - ЖІӨ энергия      - 2009 жылдың аяғына
параметрлері         сыйымдылығы        қарай 15-ке жуық;
                     деңгей, ЖІӨ      - 2012 жылдың аяғына
                     миллион теңгесіне  10-ға жуық;
                     мұнай            - 2009 жылдың аяғына
                     баламасының        қарай 9-ға жуық.
                     тонналары.
                   - ЖІӨ құрылымында  - 2009 жылдың аяғына
                     қайта өңдеу        қарай 10 %-дан кем
                     өнеркәсібінің      емес;
                     үлесі.           - 2012 жылдың аяғына
                                        қарай 11 %-дан кем
                                        емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 12 %-дан кем
                                        емес.
                   - өнеркәсіп        - 2009 жылдың аяғына
                     құрылымында қайта  қарай 37 %-дан кем
                     өңдеу              емес;
                     өнеркәсібінің    - 2012 жылдың аяғына
                     үлесі.             қарай 40 %-дан кем
                                        емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 42 %-дан кем
                                        емес.
                   - ІЖӨ              - 2009 жылдың аяғына
                     құрылымындағы      қарай 55 %-дан кем
                     қызметтердің       емес;
                     үлесі.           - 2012 жылдың аяғына
                                        қарай 57 %-дан кем
                                        емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 60 %-дан кем
                                        емес.
                   - инфрақұрылымның  - 2009 жылдың қорытындысы
                     даму деңгейін      бойынша - барынша
                     сипаттайтын        бәсекеге қабілетті 65
                     ұстанымдар бойынша елдің қатарына;
                     жетекші          - 2012 жылдың қорытындысы
                     рейтингтік         бойынша - барынша
                     ұйымдардағы        бәсекеге қабілетті 63
                     Қазақстан          елдің қатарына;
                     дәрежесінің      - 2015 жылдың қорытындысы
                     позициясы.*        бойынша - барынша
                                        бәсекеге қабілетті 60
                                        елдің қатарына.

______________________________
*осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осыдан параметрлердің түрін қолдану ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" тарауында келтірілген.

Бесінші басымдық. Тиімді бизнес

      Ескерту. Бесінші басымдыққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен.

      Даму моделі
      Экономикалық серпінмен күрестегі мемлекет және бизнес қоғамдастықтың альянсы, яғни жаңа саясаты. Елімізде тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілетті корпорацияларды құру. Елдің ішкі қажеттіктері бөлігінде ұлттық мүддені бірінші кезекте қанағаттандырудың басымдығы саясаты кезінде экспортқа ықпал ету мен қолдау жөніндегі мемлекеттің жұмыстары жандандырылады. Отандық кәсіпкерліктің қазіргі заманғы мәдениетін қазіргі заманғы менеджменттің, тиімді және ашық басқарудың, ақпараттық менеджменттің сапалы артуы, инновациялық және ресурс үнемдеуші технологиялардың есебімен шығындардың өсуін азайту қағидаларын енгізе отырып, қалыптастыру мен жасауды ынталандыру.
      Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
      Әлемде бәсеке процесіне қатысушылардың саны күннен-күнге артып отыр, олардың "салмақты дәрежесі", тұжырымдамалары өзгеріп, бәсекенің жаңа нысандары мен тәсілдері пайда болып жатыр.
      Қазақстандық бизнестің алдында күрделі міндеттер тұр. Оған қысқа мерзімде басқа елдердің компаниялары он жылдап жүріп өткен деңгейіне қол жеткізуі керек.
      Оның үстіне, қазақстандық бизнестің халықаралық нарыққа кіру мен қалыптасу кезеңінде ол барынша қиыншылықты орта мен жағдайларда болатындығын болжау қажет. Басқаша айтқанда, отандық бизнесмендер тек жай бәсекемен, тіптен қатаң бәсекемен ғана емес, мәдениеттердің, тұтынушылар мен заңдардың сан алуан жағдайындағы гипербәсекемен бетпе-бет келетін болады.
      Сондықтан, елімізде дәстүрлі, өте жиі тиімсіз мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының нысандарынан бас тартумен қоса жүретін экономикалық серпінмен күрестегі мемлекет пен бизнестің альянсы, яғни жаңа саясат күшке ие болады.
      Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасының жаңа идеологиясы құрылатын маңызды қағидалар ашық, серіктестік, тең қол жеткізу, Қазақстан Республикасында табыстар орталығын ұйымдастыру, трансферттік (тарату әсері), орнын басушылық, тәуекелдерді бөлу және ұзақ мерзімділік болып табылады. Дәл осы мақсатта, қазіргі кезде, өңірлерде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Егер, жобалар жоғары бәсекеге қабілеттігі мен инвестициялық сипатымен ерекшеленетін жағдайда іске асыруға бизнес ұсынатын инвестициялық жобаларға осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
      Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызметтерді анықтау жөнінде жеке сектор мен мемлекеттің бірлескен жұмыстары атқарылатын болады, оның нәтижесінде қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа шығуы үшін серпінді шоғырланған әсерді қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының басымды шикізаттық емес экспортқа бағдарланған экономика секторларында кіріккен, өзара байланысты және қосалқы өндірістерді жасау бойынша жобаларды іске асыру басталады.
      Осы бағдарламаны іске асыру өңірлік және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердің корпорацияларын елімізде құруға ықпал етуі тиіс. Бұл өз кезегінде ІЖӨ құрылымындағы еңбек өнімділігі мен шикізаттық емес сектордың үлесін арттырады, сондай-ақ ғылымды көп қажет ететін және энергия тиімді өндірістерді дамытуға, халықаралық талаптарға сәйкес инфрақұрылымды дамытуға, шикізаттық емес экспорттың жағрапиясы көлемін арттыру мен ұлғайтуға және қазақстандық бренділерді қалыптастыруға ықпал ететін болады.
      Осындай бастаманы іске асыру биржалық сауда жүйесін дамытудың, компаниялардың әлемдік қаржы және тауар биржаларына шығуына жаңа қарқын беруге мүмкіндік береді деп күтілуде.
      Сонымен қатар корпоративтік көшбасшыларға үнемі өзінің бағытын арттыру және кеудемсоқтық мақсатқа ие болу қажет. Атап айтқанда, ДЭФ ғаламдық өсіп отырған компаниялардың қауымдастығын құрады. Құрамына әр түрлі салалардан жылдам өсетін компаниялар кіретін осындай қоғамдастықты құрудың басты мақсаты жақын арадағы 5-10 жылдардың ішінде трансұлттық корпорация болатын аса қиын анықталатын компания топтарын анықтау болып табылады. Еліміздің аса табысты компаниялары осы қоғамдастыққа кіруге ұмтылысты бастаса, мақсатқа лайықты болар еді.
      Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту тек қана осы аталған бағдарламаның шеңберінде жүзеге аспайды. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуетін барынша тиімді ашу, оның оң ұлғаюы мемлекеттік саясаттың басқа да салаларында жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстанда орталық атқарушы органдар деңгейінде ұлттық компаниялар мен даму институттарына мемлекеттік меншік пен нарықтық тетіктерді имитациялау функцияларын беру жүзеге асырылды. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) меншік пен функцияларды іспеттес беру жүзеге асырылады. Сөйтіп, ӘКК-ті құрумен коммерциялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдармен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей байланыстарын төмендетуге бағытталған және осындай байланыстардың қажеттілігін болдырмайтын тұрақты нарықтық тетіктердің қоса қалыптасуымен жергілікті деңгейде мемлекеттік институттарды реформалау кезеңі аяқталады.
      Сонымен қатар, мемлекет тарапынан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын белсендендіруге түбегейлі және барынша ықпал ету қамтамасыз етілуі тиіс.
      Бірқатар сарапшылардың пікірлерінше, осы және басқа елдің бәсекеге қабілеттігі ұлттық экспортерлардың халықаралық бәсекеге қабілеттігінің "сомасы" ретінде қарастыруға болады. Одан басқа, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай бір жылдың ішінде экспортқа шығаруға қайта бағдарланған кәсіпорындар өзіндік өнімділігінің үшінші бөлігін жақсартады, сондай-ақ банкроттық бойынша аса төмен көрсеткіштерге ие. Сөйтіп, негізінен экспортшылар аса табысты, аса өнімділігі жоғары және аса орнықты компаниялар болып табылады.
      Осыған байланысты, мемлекет тарапынан экспортқа ықпал ету мен жылжыту жөніндегі жұмыстар жандандырылады. Бұл ретте, елдің ішкі қажеттіктері бөлігінде еліміздің ұлттық мүдделерін бірінші кезекте қанағаттандыру мәселесі басымды болуы тиіс.
      Экспортқа жәрдемдесу мен жылжыту жөніндегі жұмыстар отандық өндірушілердің экспорттық бағдарын ынталандыратын, экспортшылардың операциялық шығындарын төмендететін жағдайларды қамтамасыз етуде ішкі, шекаралық және сыртқы векторларда жүзеге асырылатын болады.
      Атап айтқанда, шетелдерде орналасқан экспорттық хабтарды құрудың мақсаттылығы мен тетіктері пысықталатын болады. Экспорттық хабтар Қазақстан үшін басымды өңірлік және әлемдік нарықтарға кіру үшін қажетті қазақстандық компаниялардың іс-қимылдарын ресурстық қамтамасыз ету, перспективалық жобаларға қол жеткізу, кеңестер беру, рұқсаттар, лицензиялар алу, тіркеулер, визалық және басқа қолдаулар саласында кешенді қызмет көрсете алар еді.
      Сондай-ақ, қазақстандық операторлардың көлік қызметтерінің халықаралық нарығындағы ұстанымдарға қолайлы жағдай жасау мен нығайту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып қалып отыр.
      Жалпы алғанда, барлық қазақстандық бизнеске өзіндік менеджмент пен бизнес-процестерде ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу мақсатты түрде қажет, олар мыналарды қамтиды:
      Біріншіден, бұл қазіргі заманғы менеджменттің, тиімді және ашық басқарудың қағидаларын енгізу.
      Атап айтқанда, мемлекет отандық кәсіпорындардың сапаны басқарудың халықаралық жүйесіне, халықаралық стандарттарға жедел көшуіне ықпал ететін болады.
      Сондай-ақ, қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржы есебінің халықаралық стандарттарына көшу қажет. Қазіргі заманғы қаржы есебі, бірінші кезекте бизнеске пайдалы, оның тұнықтылығы - өндірістік процестерге мемлекеттік бақылаушылық және қадағалаушылық органдарының араласпаушылығының негізі.
      Екіншіден, бұл ақпараттық менеджменттің сапалы түрде артуы.
      Тиімді ақпараттық менеджмент талдау және шешімдер қабылдау үшін қажетті сапалы ақпаратқа қазіргі заманғы қол жеткізудің кепілі болып табылады. Осы міндетті шешу - кез-келген бизнесменнің егер ол табысты болғысы келсе тікелей міндетті екені сөзсіз.
      Сонымен қатар, қазіргі заманғы технологияларды енгізу және пайдалануға шағын және орта бизнестің қабілеттілігін арттыра отырып, осы орталарды ынталандыруды қалыптастыру үшін қағаздан электронды басқару және бизнесті жүргізу тәсіліне көшуге шағын және орта бизнеске көмек көрсететін және ықпал ететін ұлттық оқыту жобаларын іске асырудың мүмкіндіктері мен мақсаттылығы туралы мәселені Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес пысықтайтын болады.
      Үшіншіден, бұл инновациялық және ресурсты жинақтайтын технологиялар есебінен шығындардың артуын қысқарту. Осы бағытқа мемлекет көпарынды ықпалын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, "Инновациялық ынтымақтастық" жобасын енгізу туралы мәселе пысықталатын болады: әрбір отандық кәсіпкер мүмкіндігінше өзіндік инвестициялық саясатта инновация, білім беру, ҒЗТКЖ бағыттарының үнемді басымдылығын, технологиялық және ақпараттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету есебімен білім экономикасының негізін жасауға тікелей қатысуға және үлес қосуға ұмтылуы тиіс.
      Жалпы алғанда, отандық кәсіпкерлікті қазіргі заманғы мәдениетін кешенді қалыптастыруда Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес кәсіпкерлердің озат қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып Қазақстан бизнесмендерінің Кодексін әзірлеудің мақсаттылығы, оған қосылу тетіктері және оның нормаларын еліміздің прогрессивтік бизнесі арасында тарату туралы мәселе пысықтайтын болады.

      Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың      - Қазақстан Республикасының
негізгі              Индустриялық-инновациялық
құралдарының         дамуының 2003-2015 жылдарға
үлгі* тізбесі        арналған стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Ғылымды дамытудың 2007 - 2012
                     жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Техникалық және кәсіби білім
                     беруді дамытудың 2008 - 2010
                     жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Жаңартылатын ресурстарды және
                     энергияның балама көздерін
                     тиімді және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы;
                   - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                     күрестің 2006 - 2010 жылдарға
                     арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасы халқының
                     инвестициялық мәдениеті мен
                     қаржылық сауаттылығын арттыруды
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
                     жүйесін жаңғырту мен дамытудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Ұлттық инновациялық жүйесін
                     қалыптастыру мен дамытудың
                     2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     Техникалық реттеу жүйесін
                     дамытудың 2007 - 2009 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Бәсекелестікті қорғау мен
                     дамытудың 2007 - 2009 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстандық тауарлардың
                     экспортын сыртқы нарықтарға
                     жылжытуға жәрдемдесудің
                     2007 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының
                     технологиялық дамуының
                     2015 жылға дейінгі бағдарламасы;
                   - Қаржы институттарын ұлттық
                     және өңірлік деңгейдегі ірі
                     инвестициялық жобаларды іске
                     асыруға тарту жөніндегі бағдарлама;
                   - Қазақстан Республикасының
                     Телекоммуникация саласын
                     дамытудың 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасындағы
                     ақпараттық теңсіздікті
                     төмендетудің 2007 - 2009
                     жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Мемлекеттік органдардың
                     стратегиялық даму жоспарлары
                     (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде)
___________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;

Іске асыру         - Менеджмент       - 2009 жылдың аяғына
параметрлері         жүйесін            қарай 1500 бірліктен
                     енгізген           кем емес;
                     кәсіпорындардың  - 2012 жылдың аяғына
                     саны.              қарай 1750 бірліктен
                                        кем емес;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай 2000 бірліктен
                                        кем емес.
                   - ЖІӨ              - 2009 жылдың аяғына
                     құрылымындағы      қарай шамамен 35 %-ға
                     шағын және орта    жуық;
                     кәсіпкерліктің   - 2012 жылдың аяғына
                     үлесі.             шамамен 39 %-ға жуық;
                                      - 2015 жылдың аяғына
                                        қарай шамамен 43 %-ға
                                        жуық.
                   - Бизнестің        - 2009 жылдың
                     тиімділігін        қорытындысы бойынша -
                     сипаттайтын        барынша бәсекеге
                     ұстанымдар         қабілетті 65 елдің
                     бойынша            қатарына;
                     жетекші          - 2012 жылдың
                     рейтингтік         қорытындысы бойынша -
                     ұйымдардағы        барынша бәсекеге
                     Қазақстан          қабілетті 60 елдің
                     дәрежесінің        қатарына;
                     позициясы**.     - 2015 жылдың
                                        қорытындысы бойынша -
                                        барынша бәсекеге
                                        қабілетті 50 елдің
                                        қатарына.

_________________________
** осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" деген тарауда келтірілген.

Алтыншы басымдық. Орнықты даму, халықтың тұрмысының
жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі

      Даму моделі
      Елдің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімін қамтамасыз ету. Халықтың тұрмыс сапасын игілік, денсаулық сақтау және қоршаған орта жағдайының бәсекеге қабілетті стандарттарына қол жеткізу жолымен арттыру. Денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ана мен баланың денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру. Өмір сүрудің күтілетін ұзақтылық деңгейін арттыру және өлім-жітімді қысқарту. "Серпінді", экологиялық таза, қалдықсыз технологияларды басымды түрде енгізу. Экологиялық қауіпсіз өнімдердің халықаралық нарығында қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктерін қамтамасыз ету. Орнықты өсу мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстанның атқаратын рөлін жандандыру. Білім берудің барлық деңгейлерінде оқу процестеріндегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен білім беру бағдарламалары. Білім беруді іргелі ету. Дарындарды басқарудың үздік тәжірибесін енгізу. Білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін қалыптастыру және дамыту. Қазақстан еңбек нарығының қарапайым және жедел жетілдіру жүйесін құру.
      Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
      Халық тұрмысының жоғары сапасы еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің барынша маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл ретте, әлемдік тәжірибеге сәйкес халықтың тұрмыс сапасы материалдық әл-ауқатының, денсаулық сақтау деңгейі мен қоршаған ортаны қорғау жағдайының жиынтығы ретінде құралады.
      Орнықты дамуға көшуді, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму факторларының теңгерімдігін сақтауды қамтамасыз ету тұрмыс сапасын арттырудың негізгі құралы болып табылады.
      Қазақстанның жағдайында орнықты дамуға өту бірінші кезекте мыналарды білдіреді:
      экономиканы экологиялық таза, қалдықсыз, серпінді технологияларды, жаңартылған ресурстар мен энергия көздерін барынша қарқынды пайдалануға бағыттау;
      халықтың денсаулығын және демографиялық жағдайды жақсарту;
      адами капиталдың сапасын, білім берудің икемді және тиімді жүйесінің жұмыс істеуін, зияткерлік және ұтқыр еңбек ресурстарын қалыптастыруды орнықты жақсарту үшін жағдайлар жасау;
      қоршаған орта сапасының жоғары стандарттарына, табиғи ресурстарды сақтауға қол жеткізу;
      макродеңгейде дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімдігін басқару.
      Экологиялық таза және қалдықсыз технологияларға көшу Қазақстан үшін қазіргі заман талабы болып табылады, өйткені жоғары экологиялық шығындар қазақстандық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Қоршаған орта үшін қауіпсіз және өте аз қолайсыз экологиялық зардаптармен өндірілген тауарлар мен қызметтер әлемдік нарықтарда аса мәнді орынға ие болады деп күтілуде. Бұл бірінші кезекте, жаһандық жылынуды болдырмау жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне байланысты.
      Әлемдегі барынша табысты компаниялардың қызметі әлеуметтік және экологиялық жауапты бизнестің жоғары рентабельділікке ие екендігін және жалпы алғанда тиісті салалар мен елдің бәсекеге қабілеттіктерін көтеретінін растайды.
      Қазақстан әлемдік нарықта "өзінің экологиялық орнын иеленуіне" белсенді әзірлеу айтарлықтай мүмкіндікке ие. Бұл елдің географиялық орналасуына, халықтың аз тығыздылығына, қазіргі заманғы экологиялық технологияларды тарту үшін мүмкіндіктер беретін жаңа өндірістерді дамытудың "бастапқы" кезеңімен байланысты.
      Бұл үшін экологиялық шығындар өте аз технологияларды енгізуді басымды мемлекеттік қолдау саясаты іске асырылуға тиіс. Керісінше, қоршаған орта үшін қауіпті технологиялар, машиналар мен жабдықтардың әкелінуі шектелуі тиіс. Бұл үшін технологияларға экологиялық сараптауды енгізу, сондай-ақ елге әкелінетін жабдықтар мен машиналардың тиісті параметрлерін міндетті түрде декларациялау туралы мәселесін қарау қажет.
      Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеудің тиімді отандық секторы құрылуы тиіс. Бұл ретте, мемлекет қысқа мерзімде ел экономикасының шикізаттық емес секторларының бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруды қамтамасыз ететін институционалдық аспектілерді қоса алғанда иесіз қалдықтарды орталықты басқару және қайта өңдеу жөніндегі проблемаларды кешенді түрде шешуі тиіс.
      Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ынталандыратын экологиялық-экономикалық тетіктері енгізілуі тиіс.
      Қазақстан жаңартылған ресурстар мен энергияның балама көздеріне тиімді көшуді қамтамасыз етуі қажет. Дәстүрлі энергиялық ресурстар құнын арттыруға үрдістер жағдайында балама көздерді пайдалану тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттырады, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін болады.
      Еліміздің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін Қазақстан климаттық өзгерістердің алдын-алу жөніндегі халықаралық күш-жігерге аса белсенді түрде қатысуға тиіс. Атап айтқанда, Киото хаттамасы және Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының ережелері шеңберінде "пост-Киото" бойынша шараларды әлемдік қоғамдастықпен бірлесе отырып әзірлеу және іске асыру.
      Қазақстан халқының тұрмыс сапасын жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне дейін жақсарту әлеуметтік орта, қауіпсіздік пен халық денсаулығының жоғары деңгейін талап етеді.
      Әлеуметтік ортаның тұрақтылығы - бұл елдің ұзақ мерзімді жоғары бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Қазақстан гүлденген қоғамға барар жолда, қарама-қайшылығы күшейген қоғамға айналмауы тиіс.
      Сондықтан ел экономикасын қажеттіліктерін білімді және дені сау еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге назар аударумен қатар Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғау жүйесі есебінен әлеуметтік ортаның тұрақты және қауіпсіз дамуы қалыптасуы тиіс. Ол үшін осы жұмыс шеңберінде кедейшілік деңгейін өлшеу жүйесін жаңғырту, ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады
      Сондай-ақ, адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігінің кешенді дамуына қол жеткізу үшін халықтың рухани, мәдени және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дамыту үшін шарттар және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасына қол жеткізуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету талап етіледі.
      Әлеуметтік қауіпсіздік деңгейі, өндірісте еңбекке салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, тұрмыстық және жол жарақатын болдырмау деңгейі ерекше рөл атқарады.
      Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде халықтың денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қағидатты маңызды.
      Осы мақсатта, біріншіден денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
      Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау және аурухана секторын қайта құрылымдау, медициналық ұйымдарды аккредиттеу институттарын, тәуелсіз медициналық сарапшылар мен ішкі ауруханалық менеджменттерді дамыту арқылы жүзеге асырылатын медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
      Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері шешілуі тиіс. Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтаудың бизнес процестерінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру" жобасын дамыту жалғасады. Саланы білікті басқару кадрларымен қамтамасыз ету үшін барлық деңгейде денсаулық сақтау ісінің менеджерлерін даярлау жүйесі құрылатын болады.
      Саланы қаржыландыру жүйесін, оның ішінде түпкі нәтижеге бағдарланған медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады.
      Осымен қатар, медициналық кадрларды даярлау мен қайта даярлауда тиімді жұмыс істейтін жүйені құру, ғылыми зерттеулердің нәтижелігін көтеру, сондай-ақ саланың кадрлық ресурстарын дамыту жөнінде шараларды қабылдау талап етіледі.
      Бұдан басқа, дәрілік препараттардың қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін, фармацевтика саласына мемлекеттік стандарттарды енгізу арқылы дәрілік көмектің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту қажет.
      Екіншіден, туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығының деңгейін арттыруға және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау қамтамасыз етілуі тиіс.
      Белгіленген бағытты кешенді іске асыру кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектерді дамыту, халықты туберкулезден қорғау, қан қызметтерін жетілдіру жолымен әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі мемлекеттің күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогрестің шамасына қарай өсіп отыруы тиіс және аурулардың салдарымен күресуге ғана емес аурудың туындау себептерін жоюға бағытталуы тиіс.
      Осыған байланысты халықты сауықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде әсер ететін шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қажет. Атап айтқанда, салауатты өмір салты, ұтымды тамақтану, гигиеналық және санитарлық ережелер пайдасына ақпараттық науқан кеңейетін болады. Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру базасында халықты салауатты өмір салтына, оңалтуға оқыту бағдарламалары енгізіледі, созылмалы аурулары бар науқастар үшін мектептер ұйымдастырылатын болады.
      Осымен қатар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы жақсаруы тиіс. Бұл бағыт өте қауіпті аурулар мен вакцина басқару инфекцияларының деңгейін төмендету, сондай-ақ бақылауды күшейту арқылы ауыз судың қауіпсіздігін қамтитын шаралар арқылы қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, ауыз судың физиологиялық толыққанды өлшемдерге сәйкестігінің жаңа аса қатаң талаптары белгіленуі тиіс. Халықты кепілденген сападағы қажетті мөлшерде ауыз сумен орнықты және толық қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысында және ауыз судың сапасын дайындауда жаңа қол жетімді озық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету, азық-түліктердің, оның ішінде генетикалық түрленген, қауіпсіздігіне тиімді бақылауды кейіннен қамтамасыз ететін қызметтер лабораторияларын жаңғырту және халықаралық аккредиттеуді аяқтау саласында нормативтік құқықтық актілерді үйлестіруді жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғасатын болады.
      Үшіншіден, ана мен баланың денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру қажет. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендетудің 2008 - 2010 жылдарға арналған кешенді шаралар қабылданады, онда ұрпақты болу жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту, перинаталдық қызмет көрсету сапасын арттыру, бала жасындағы аурулар мен қауіпсіз аналықты кіріктіріліп енгізу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағдарламасын кеңінен енгізу, сондай-ақ, ДДСҰ-ның ұсынған тірі туу және елі туу өлшемдеріне көшуді жүзеге асыру жөнінде және медициналық-статистикалық көрсеткіштер деректерінің болжамды өсуіне байланысты әкімшілік шаралар қабылдауға уақытша мораторий жариялай отырып, кешенді іс-шаралар қарастырылады.
      Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар халықтың денсаулығын күшейту үшін дене шынықтыру және бұқаралық спорттық тиімді жүйелер құруды қамтамасыз ету қажет.
      "Білімге негізделген экономикаға" көшу адами капиталға қағидатты маңызды рөл береді. Бұл жаңа әлемдік экономикада кәсіпкерлік рухымен, шығармашылық тәсілімен, шешім қабылдаудағы стандартсыздық пен жылдамдығымен үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істей білу қабілетімен ерекшеленетін менеджерлері, компаниялары мен халқы бар елдердің ғана орны болатынына негізделген.
      Сондықтан білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру мәселесі маңызды болып табылады.
      Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсеке қабілеттілігі білім беру қызметтерінің ішкі және де халықаралық нарықтарда да қамтамасыз етілуі тиіс.
      Осы мақсатта білім беру процестеріне қазіргі заманғы білім  беру технологиялары мен білім беру бағдарламалары мақсатты және дәйекті түрде енгізілетін болады.
      Оқу-ағарту жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру қажет.
      Педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру сапасын көтеру талап етіледі. Шетел мемлекеттерімен біліктілік арттыру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлу қажет. Жаңа білім алуды көтермелеу, оқытудың белсенді тренингтік технологияларын енгізу факторларын кеңінен қолдану қажет.
      Қазақстан білімге негізделген экономикаға уақытылы және толықтай көшу үшін АКТ-ны интенсивті қолдану мүмкіндігімен сипатталатын болашақ жұмысшыларды "шығаратын" білім беру жүйесін қалыптастыру қажет. Жалпы алғанда, қазақстандық білім беру жүйесінің, бірінші кезекте АКТ бөлігінде, жаратылыс-математикалық және техникалық ғылымдарды іргелі ету қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оны "тілдердің үштұғырлығына" негізделіп дамыту жүзеге асырылуы тиіс.
      Мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларын алуда балалар үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
      Балалардың мектептегі дайындық деңгейіне басты назар аударылуы қажет және оқушылардың өмірлік жолда мамандықты таңдауды позитивті дәлелінің мүмкіндіктеріне кедергі келтіретін мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын қайта қарау қажет. Оқушылардың оқу процесінде алатын білімі теориялықтан практикалық-пәрмендіге табиғи трансформациялануын қамтамасыз ету қажет.
      Мектептерді "компьютерлендіру" және "интернеттендіру" сатысынан мектептік ақпараттық кеңістікті құруға кешуді қамтамасыз ету қажет. Қазақстандық мектептерге жаңа зияткерлік және білім беру технологияларын енгізу қажет. Мектептің болашақ қазақстандық түлегі қажетті ақпаратты жинап, талдап және қолдана білетін, ұжымда жұмыс істей алатын және кез-келген проблеманын шешімі бар екендігін түсінетін болуы керек.
      Елдің зияткерлік әлеуетін құру және дамыту үшін дарынды балалармен жұмыс жасауға көңіл бөлінуі керек.
      Жалпы алғанда, осы міндеттерге кол жеткізу үшін Қазақстанда дарындарды басқару туралы жаһандық түсінікті дамыту қажет. Сондықтан дарындарды басқарудың ең үздік тәжірибесін енгізу басталады. Дарындарды басқару жүйесі білім беру саласынан бастау алып, басқа салаларға кірігуі қажет. Атап айтқанда, дарындарды басқару мәселелері корпоративтік басқару қағидаттарының жүйесіне енгізілуі тиіс.
      Орнықты даму, экологиялық білім беру және ағарту үшін білім беру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуына ерекше назар бөлінуі қажет.
      Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрлары мен мамандарын даярлаудың әлемдік тәжірибесі дамыған елдерде бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мақсатында техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігіне, оның еңбек әлемінің кәсіптік білім беру оқу мекемелерінің байланысын анықтайтын прагматикалық аспектілерінің күшеюіне маңызды мән берілетіндігін растайды.
      Бірінші кезекте, бұл кәсіптік білімнің сапасы мен қол жетімділігінің басым инвестициялар ұлғайтылуы және қазіргі заманғы құқықтық орта құрылуы қажеттігін анықтайды.
      Осыған байланысты, білім беру саласында әсіресе, қаржыландыру мәселелерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жүйесін қалыптастыруға және дамытуға басты назар аударылуы қажет. Бұдан басқа білім беру жүйесінде мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесін дамыту шеңберінде кадрларды даярлау, оқыту бағдарламаларын әзірлеу, тәжірибе өткізу мен жұмысқа орналастыру бөлігінде оқу үдерісіне кәсіпорындарды тарту саласында әлеуметтік серіктестік тетігін құру қажет.
      Жалпы алғанда, кәсіптік білімнің ғылыммен және өндіріспен байланысын күшейту жұмыс істейтін тетіктердің тұтастай енгізілуін қажет етеді. Бұл білім жүйесінің нарық пен қоғам талаптарына жауап беруіне нақты мүмкіндік-беретін бастауыш, орта кәсіби және жоғары білім жүйелерінің бизнеспен қатынасында жаңа деңгейге шығуына қажет. Басқаша айтқанда, кәсіптік мектептер, кәсіптік техникалық училищелер, колледждер немесе университеттердің, олардың бизнес үшін жауапты және сенімді әріптес ретінде болмауы кезіндегі жұмысы нақты мұқтаждықтарға сәйкес ретінде соңғы болып қабылданбайды.
      Сондықтан, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында бизнес және бастауыш, орта мен жоғары кәсіби білім беру арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған мақсатты мемлекеттік инвестицияның жаңа түрін енгізу мүмкіндігі мен орындылығы мәселелерін пысықтау қажет. Яғни, ұйымға бизнес-қоғамдастықпен қатынасы белсенді қатысуға тікелей ынталандыратын білім беру секторы тетігін енгізу мәселелерін білуді талап етеді.
      Оның негізгі нұсқасы келесідей бекітіледі. Қаржыландыру конкурстық өтінім жүйесінде негізделеді, онда кеңес беру, коммерциялық ұйым үшін ғылыми зерттеу, студенттердің тәжірибеден өтуіне үлкен мүмкіндікті ұйымдастыру, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында оқу орнына қаржылық ресурстарда қолданылатын жоба мен нақты жоспарды ұсыну қажет.
      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қаржылық қолдаудың мұндай түрі табысты болды және бизнес пен қоғамға "білімнің берілу" пайызын едәуір ұлғайтты.
      Осымен қатар, жоғары кәсіптік білімнің сапасын жоғарылату үшін академиялық мәселелерді шешуде жоғары оқу орындарына кең дербестікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану қажет. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтинг жүйесін енгізу қажет, сондай-ақ, жоғары оқу орындарын басқаруға шетелдік университеттерінің жетекші менеджерлерін тарту бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
      Сонымен қатар, отандық білім беру жүйесін жаңғырту саласындағы маңызды фактор біліктілікті тиімді арттыруға, қайта біліктілікті арттыруға, сондай-ақ, экономиканың келешектегі талаптарына сәйкес қолданыстағы қазақстандық еңбек ресурстарын оқытуға қабілетті жүйені қалыптастыру болу керек. Басқаша айтқанда, біліктілікті арттыру, қайта біліктілікті арттыру және еңбек ресурстарын үздіксіз оқыту жүйесі Қазақстанда "басып оза" жұмыс істеуі қажет және білімге негізделген экономикаға өтуді жүзеге асыратын ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
      Бұл қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған алты миллион қазақстандықтың барлығы бұрынғыдай 2015 жылы да еңбек ететініне негізделген. Сонымен бірге отандық еңбек нарығы сол уақытқа дейін бизнес процесс көзқарасымен және технологияны тұтынушылар мен салалық ерекшеліктер тұрғысынан қарағанда бір қатар аспектілер бойынша өзгереді.
      Сондықтан неғұрлым жетілдірілген ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет және қайта біліктілікті арттыру мен қазақстандық кадрларды өмір бойы оқыту қол жетімділігін жеңілдету.
      Осыған байланысты, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында, ал өңірлік деңгейде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің базасында нәтижесі Қазақстандағы қазіргі уақыттағы кәсіптің қалыптасқан жағдайын сайма-сай көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді, ауқымды жұмыс жүргізу және елдің еңбек ресурстарының кәсіби құрылымдарын одан әрі дамыту жоспарын әзірлеу қажет. Бұдан басқа, қоғамдық, бизнес және ғылыми орталармен еліміздегі аса талап етілетін мамандықтардың рейтинг жүйесін жүргізу туралы мәселелер пысықтауды қажет етеді.
      Бұл, өз кезегінде, елде қазақстандық еңбек нарығын алдын алу жүйесі мен жедел қалыптастыруды құру үшін негіз болады. Сонымен бірге осы жұмыстың шеңберінде еңбек даулары, еңбек ереуілдері мен шиеленістерінің бастапқы мониторингін жүргізуді мақсатқа лайықтылығы зерделенетін болады.
      Орнықты дамуға көшуді қамтамасыз етуде қоршаған орта сапасының бәсекеге қабілеттілігі стандарттарын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.
      Бұл үшін, "тарихи ластануды" жоюға жағдайлар жасалуы тиіс. Автокөлік ластануды төмендету арқылы қалалық орта сапасын біртіндеп жақсарту қажет. Қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық реттеудің халықаралық қағидаттарына өту жүзеге асырылуы тиіс. Барлық ірі кәсіпорындарда нормативтер мен стандарттарды сақтауға кепілдік беретін қазіргі заманғы үздіксіз өндірістік экологиялық бақылау жүйесін енгізу талап етіледі. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг жүргізудің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру қажет етіледі.
      Қолданыстағы стандарттарды халықаралық стандартпен барынша толық үйлестіру, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың Халықаралық ISO 14001 стандарттарына өтуі жөніндегі шараларды кеңейту қажет болады.
      Қазақстанның орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде халықаралық саладағы рөлін жандандыру қажет. Макродеңгейде орнықты дамуға көшу процесін, оның ішінде тұрақты дамудың стратегиялық жобалаудың ғылыми негізделген тәсілдерін қолдану, елде өңірлер мен салалар бойынша орнықты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін енгізе отырып басқару маңызды рөль атқарады.

      Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың      - Қазақстан Республикасының
негізгі              Индустриялық-инновациялық
құралдарының         дамуының 2003 - 2015 жылдарға
үлгі* тізбесі        арналған стратегиясы;
                   - Қазақстан Республикасының орнықты
                     дамуға көшуінің 2007 - 2024 жылдарға
                     арналған тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасында білім беруді
                     дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында техникалық
                     кәсіптік білім беруді дамытудың
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының денсаулық
                     сақтау ісін реформалау мен дамытудың
                     2005 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Тілдерді қолдану мен дамытудың
                     2001 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстанның мәдениет пен өнерінің
                     2009-2011 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Цифрлық телерадио хабарларын
                     таратуды дамытудың 2008 - 2015
                     жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында дене
                     шынықтыру мен спортты дамытудың
                     2007 - 2011 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Этносаралық және конфессияаралық
                     келісімнің қазақстандық моделін
                     жетілдірудің 2007 - 2009 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында Тұрғын-үй құрылысының
                     2008 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Жаңартылатын ресурстарды және
                     баламалы энергия көздерін тиімді
                     және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы;
                   - Қазақстан Республикасында
                     "электрондық үкіметті" дамытудың
                     2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
                     бағдарламасы;
                   - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
                     2006 - 2010 жылдарға арналған
                     мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының ауылдық
                     аумақтарын дамытудың 2004 - 2010
                     жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
                   - Мәдениет саласын дамытудың
                     2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Этносаралық және конфессияаралық
                     келісімнің қазақстандық моделін
                     жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Тарихи-мәдени мұраларды қалпына
                     келтіру мен зерделеудің
                     2008-2010 жылдарға арналған
                     бағдарламасы (әзірленуде);
                   - 2002 - 2010 жылдарға арналған
                     "Ауыз су" салалық бағдарламасы;
                   - 2008 - 2010 жылдарға арналған
                     халықты жұмыспен қамту жүйесін
                     жетілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспары;
                   - Қазақстан Республикасы халқының
                     инвестициялық мәдениеті мен қаржылық
                     сауаттылығын арттырудың
                     2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - "Қазақстан Республикасында көлеңкелі
                     экономиканың мөлшерін қысқарту
                     жөніндегі экономикалық саясат пен
                     ұйымдастыру шараларының
                     2005 - 2010 жылдарға арналған
                     негізгі бағыттары" бағдарламасы
                     туралы" бағдарламасы;
                   - 2007 - 2011 жылдарға арналған
                     "Қазақстан балалары" бағдарламасы (әзірленуде);
                   - "Салауатты өмір салты" кешенді
                     бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында ЖҚТБ
                     індетіне қарсы іс-әрекет
                     жөніндегі 2006-2010 жылдарға
                     арналған бағдарлама;
                   - Қазақстан Республикасындағы
                     кардиологиялық және
                     кардиохирургиялық көмекті
                     дамытудың 2007 - 2009 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Ана мен бала өлімін азайтудың
                     2008 - 2010 жылдарға арналған
                     бағдарламасы (әзірленуде);
                   - Қазақстан Республикасының ұлттық
                     инновациялық жүйесін қалыптастыру
                     мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасында тұрғын
                     үй-коммуналдық саласын дамытудың
                     2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
                     ортаны қорғауының 2008 - 2010
                     жылдарға арналған бағдарламасы
                     (әзірленуде);
                   - Қазақстан Республикасының
                     телекоммуникация саласын
                     дамытудың 2006 - 2008 жылдарға
                     арналған бағдарламасы;
                   - Қазақстан Республикасындағы
                     ақпараттық теңсіздікті
                     төмендетудің 2007 - 2009
                     жылдарға арналған бағдарламасы
                   - мемлекеттік органдар дамуының
                     стратегиялық жоспарлары (жаңа
                     жоспарлау жүйесін енгізу кезінде)

__________________________
* Қатал белгіленген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;

Іске асыру         - жан басына        - 2009 жылдың соңына
параметрлері         шаққандағы ЖІӨ      қарай $ 9 000 кем емес;
                                       - 2012 жылдың соңына
                                         қарай $ 14 000 кем емес;
                                       - 2015 жылдың соңына
                                         қарай $ 22 000 кем емес.
                   - жұмыссыздық       - 2009 жылдың соңына
                     деңгейі.            қарай 7,1 %;
                                       - 2012 жылдың соңына
                                         қарай 5,3 %;
                                       - 2015 жылдың соңына
                                         қарай 4,5 %.
                   - туылған кезде     - 2009 жылдың соңына
                     күтілетін өмір      қарай 67,7 жас;
                     сүру ұзақтығы.    - 2012  жылдың соңына
                                         қарай 68,7 жас;
                                       - 2015 жылдың соңына
                                         қарай 69,5 жас.
                   - экологиялық       - 2009 жылдың соңына
                     орнықтылықтың       қарай 68 балл;
                     индексі           - 2012 жылдың соңына
                                         қарай 73 балл;
                                       - 2015 жылдың соңына
                                         қарай 74 балл.
                   - өндірісте         - 2009 жылдың соңына
                     ресурстарды         қарай 33 %;
                     пайдаланудың      - 2012 жылдың соңына
                     тиімділік индексі.  қарай 37 %;
                                       - 2015 жылдың соңына
                                         қарай 40 %.
                   - энергияны         - 2009 жылдың соңына
                     жұмсаудың жалпы     қарай 0,028 %;
                     көлеміндегі       - 2012 жылдың соңына
                     энергия көздерінің  қарай 0,05 %;
                     балама және       - 2015 жылдың соңына
                     жаңартылатын        қарай 0,8 %.
                     көздерін
                     пайдаланудың үлесі.
                   - білім беру        - 2009 жылдың
                     деңгейін            қорытындысы бойынша -
                     сипаттайтын         бәсекеге барынша
                     ұстанымдар          қабілетті 50 елдің
                     бойынша жетекші     қатарына;
                     рейтингтік        - 2012 жылдың
                     ұйымдардағы         қорытындысы бойынша -
                     Қазақстан           бәсекеге барынша
                     дәрежесінің         қабілетті 45 елдің
                     позициясы.*         қатарына;
                                       - 2015 жылдың
                                         қорытындысы бойынша -
                                         бәсекеге барынша
                                         қабілетті 40 елдің
                                         қатарына.
                   - денсаулық сақтау  - 2009 жылдың
                     деңгейін            қорытындысы бойынша -
                     сипаттайтын         бәсекеге барынша
                     позициялар          қабілетті 85 елдің
                     бойынша жетекші     қатарына;
                     рейтингтік        - 2012 жылдың
                     ұйымдардағы         қорытындысы бойынша -
                     Қазақстан           бәсекеге барынша
                     рангісі             қабілетті 80 елдің
                     позициясы.*         қатарына;
                                       - 2015 жылдың
                                         қорытындысы бойынша -
                                         бәсекеге барынша
                                         қабілетті 75 елдің
                                         қатарына.

____________________________
*осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде параметрлердің осындай түрін қолдану ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері" тарауында келтірілген.

3. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі

      Осы Тұжырымдаманы практикалық іске асыру басымдықтарды іске асыру карталарында келтірілген тақырыптық бағдарламалық және өзге де құжаттардың (бағдарламалық және өзге де құжаттар) іс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылатын болады.
 

Тұжырымдаманы іске асыру тетігі

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      |                        |                 |
      \/                       \/                \/

Іс-шаралар
жоспарының
1-бөлігі
- Бағдарламалық
және өзге де
құжаттардың
Іс-шаралар
жоспарларын өзекті
ету жөніндегі
шаралар

Іс-шаралар
жоспарының
2-бөлігі
Тұжырымдаманың
ережелеріне сәйкес
Бәсекеге қабілеттілік
жөніндегі ұлттық
кеңес (БҚҰК) жүзеге
асыруға тиісті шаралар

Іс-шаралар жоспарының 3-бөлігі
Бәсекеге
қабілеттіліктің
қол жеткізілген
деңгейінің тиімді
мониторингін,
талдау және бас
бағалауды,
ұйымдастыру және
жүргізу жөніндегі
іс-шаралар


          |                     |                   |
         \/                    \/                  \/

Іс-шаралар жоспарының 1-бөлігін іске асыру ерекшеліктері

1. Бағдарламалық
және өзге де
құжаттардың
Іс-шаралар
жоспарларын
өзекті етуге
байланысты
қажетті бюджеттік
рәсімдерді
мемлекеттік
органдардың
алдын-ала жүргізуі
2. Бағдарламалық
құжаттарда белгілі
бір шаралардың
нақты қаржылық
қамтылғандығы
болмаған кезде
мемлекеттік
органдар міндетті
түрде оларды
"ұсыныстар әзірлеу" мәртебесінде
Іс-шаралар
жоспарына енгізуді
жүзеге асырады
3. Іс-шаралар
жоспарында
белгіленген
мерзімде
іс-шаралар оң
пысықталса, нақты
формат түрінде
бағдарламалық және
өзге де құжаттардың тиісті
іс-шаралар жоспарына енгізіледі.

Іс-шаралар жоспарының
2-бөлігін іске асыру
ерекшеліктері

БҚҰК:
бизнес-қоғамдастықтың
бәсекеге қабілетті
санасын дамытуды
қолдау жөнінде арнайы
шараларды әзірлеу
бөлігінде
1-басымдықты;
бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жетілдірудің икемді тетігін құру бөлігінде 2-басымдықты;
ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстар орнату бөлігінде 3-басымдықты;
еңбек өнімділігін және өндірістің энергия тиімділігін арттыру бөлігінде 4-басымдықты;
Қазақстан бизнесменінің Кодексін әзірлеудің орындылығы, оған қосылу тетігін және оның нормаларын елдің прогресивті бизнесі арасында тарату бөлігінде 5-басымдықты;
еңбек ресурстарының кәсіби құрылымдарын дамыту бөлігінде 6-басымдықты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Іс-шаралар жоспарының 3-бөлігін Іске асыру ерекшеліктері

1. Мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы, тиісті бағдарламалық және басқа құжаттарды іске асыру барысы тұрғысынан өздерінің құзыретіне қатысты бөлікте мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, бұл ретте Басымдықты іске асыру картасында белгіленген параметрлер ескерілетін болады;
2. Үкіметтік емес ұйымдар арнайы әзірленген Сұрақнама бойынша бизнес пен халықтың әлеуметтік жігінің мақсатты топтары бойынша қоғамдық пікірлерді тұрақты қадағалап отырады;
3. Бұқаралық ақпарат құралдары. Ұлттық кеңес мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлік қауымдастықтары мен бірлестіктерінің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау үшін, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;
4. Шетелдік және отандық ұйымдардың рейтингтік бағалауларын мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдар мен халықаралық донор ұйымдармен және рейтингтік ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеке сектормен бірлесіп Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүргізеді.

       |                       |                  |
                               |
                               \/

Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы
басшылығымен үйлестіре сүйемелдеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік орган тоқсан сайын қол жеткізілген бәсекеге
қабілеттіліктің деңгейін Бас бағалауды қамтитын Тұжырымдаманың
іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындайды.

      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, орталық, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңеспен бірлесе отырып, Тұжырымдама қабылданғаннан кейін төрт ай ішінде үш негізгі бөлімнен тұратын Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Іс-шаралар жоспары) әзірлейтін болады.
      Іс-шаралар жоспарының бірінші бөлігінде тиісті бағдарламалық және өзге де құжаттардың іс-шаралар жоспарларын өзекті ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды қамтиды.
      Іс-шаралар жоспарының екінші бөлігі Тұжырымдаманың ережелерінде көзделетін бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестермен өзара іс-қимыл жасау үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес жүзеге асыратын шаралар қарастырылуы тиіс.
      Іс-шаралар жоспарының үшінші бөлігі бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейін, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыс барысына тиімді мониторинг, талдау және басты бағалауды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету үшін әзірленуі тиіс. Іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Жыл сайын бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар мен Тұжырымдаманы іске асыру барысында алынған нәтижелер бойынша Іс-шаралар жоспарын өзекті ету жүзеге асырылады.
      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың негізделген өзара байланысы мақсатында мемлекеттік органдар бағдарламалық және өзге де құжаттардың Іс-шаралар жоспарларын өзекті етумен байланысты барлық қажетті бюджеттік рәсімдерді алдын ала жүргізуі тиіс.
      Бұл ретте, әзірлеу кезінде нақты қаржылық қамтылған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі белгілі бір шараларды уақтылы емес және пысықталмағандығын болдырмау мақсатында оларды міндетті түрде "ұсыныстар әзірлеу" мәртебесінде Іс-шаралар жоспарына енгізу жүзеге асырылады, онда мәселені зерделеудің мерзімдері бюджеттік рәсімдер жүргізу және (немесе) қаржыландырудың өзге көздерін тарту үшін қажетті мерзімдері ескере отырып анықталады.
      Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шаралар оң пысықталса, нақты формат түрінде бағдарламалық және өзге де құжаттардың тиісті Іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы басшылығымен Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, өзекті етуді және іске асыруды үйлестіре отырып сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады.
      Бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстар барысына мониторинг пен талдау жүргізу тұрақты негізде тоқсан сайын қорытынды шығара отырып жүзеге асырылады және негізгі 4 кезден тұрады:
 

Қол жеткізілген бәсекеге қабілеттілікті бас бағалау, мониторингі және талдау

      /                  /            \            \

Тұжырымдама мен бағдарламалық құжаттарды орындау барысы туралы мемлекеттік органдардың жүргізген талдауы

Отандық
ҮЕҰ
жүргізген
әлеуметтік
сауалдардың
деректері

БАҚ-ты
мониторингі

Рейтингтік бағалау деректері, рейтингтік ұйымдармен жұмыстар жүргізу

      1. Мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы, тиісті бағдарламалық және өзге де құжаттарды іске асыру барысы тұрғысынан өздерінің құзыретіне жататын бөлікте мониторинг пен талдауды жүзеге асырады.
      Сонымен қатар, мониторинг пен талдау кезінде Тұжырымдама басымдықтарын іске асыру картасында белгіленген параметрлер онда белгіленген мерзімдерге сәйкес ескерілетін болады. Рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан дәрежесінің қандай да бір позицияларын қатысты параметрлері шартты түрде болжамды болып табылады.
      Бұл осы Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кешенді бағалауды ДЭФ ғана жүзеге асыруына негізделген. Осыған байланысты белгіленетін параметрлер белгілі бір деңгейде бағдарланған, бірақ ДЭФ ұстанымының жалпы тәсіліне төмендегідей себептер бойынша толығымен "байланбаған". ДЭФ бағалау әдістемесі түрленіп отырады және өзгеруге жатады. Бұдан басқа, Қазақстан рейтинг жүргізетін басқа ұйымдар да жекелеген позициялар бойынша бағаланады.
      Осымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанның елдің бәсекеге қабілеттілігіне жалпы шолу, сондай-ақ рейтингтің мамандандырылған түрлері тұрғысынан өзге де беделді ұйымдар жүргізетін (мысалы, TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) и PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық салыстырмалы зерделеулердің нәтижелері) басқа да еларалық рейтингтерге қатысуы жөніндегі мәселе пысықтауда. Бұл ретте, әдеттегідей, бағаланатын елдер саны сол немесе басқа рейтингке байланысты 50-ден 180 елге дейін ауытқиды, демек сол немесе басқа орынға "байланып қалу" мүмкін емес.
      Жалпы алғанда, қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіктің деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бас бағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың жүйелі негізін қалаудың нәтижесінде басқа елдер дамуының перспективалары мен күтілетін қарқындары контексінде республика дамуының ерекшеліктері мен факторларын ескеретін Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың өзіндік, отандық әдістемесі қалыптасатын болады.
      2. Үкіметтік емес ұйымдар. Мониторинг пен талдау әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстың негізінде жүзеге асырылады. Сұрақнама бойынша бизнес пен халықтың әлеуметтік жігінің мақсатты топтары бойынша қоғамдық пікірлерді тұрақты қадағалау тұрғысынан және Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес дайындайтын респонденттер мен репрезентативтік таңдаудың мақсатты топтары шеңберінде жұмыс істейді.
      Мониторинг пен талдау көздерінің осы түрін қамтамасыз ету қаржылық және ұйымдық сүйемелдеуге байланысты белгілі бір уақыт мерзімін талап ететіндігін назарға ала отырып, оны енгізу мен ұлғайту кезең-кезеңімен 2009 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады.
      Осы кезеңге дейін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес осы жұмысқа қоғамдық бастамада 2008 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы туралы мәселені пысықтайтын болады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдарға мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдардың, даму институттарының, кәсіпкерлік қауымдастықтары мен бірлестіктерінің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асырады.
      4. Тиісті шетелдік және отандық ұйымдардың рейтингтік бағалауы, сондай-ақ халықаралық донор ұйымдардың бағалауы.
      Мониторинг пен талдауды мемлекеттік органдар мен халықаралық донор ұйымдар және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін және оның жекелеген позицияларын бағалайтын рейтингтік ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеке сектормен бірлесіп Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес жүзеге асырады. Осы ұйымдардың қорытындыларын шығарудың әр түрлі кезеңділігін назарға ала отырып, олардың нәтижелері пайда болуына қарай ескеріледі.
      Көрсетілген көздердің мониторингі мен талдау нәтижелерін ескере отырып, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жалпы басшылығымен Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, өзекті етуді және іске асыруды үйлестіре сүйемелдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын берілетін қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бас бағалауды қамтитын Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы тоқсан сайын ақпарат дайындайды.
      Жыл сайын қаңтар айында Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес бәсекеге қабілеттілік жөнінде кеңейтілген отырыс ұйымдастырады және өткізеді, онда қол жеткізілген бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне жылдық бас бағалау, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен жеке сектордың жұмыстары барысына бағалау таныстырылады және одан әрі барысы мен жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар енгізіледі.