Қазақстан Республтикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 393 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенінде:
      "Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және іске асыру тетігі" деген 5-бөлімнің "Реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру" деген кіші бөлімінде:
      бірінші абзацта:
      бірінші сөйлемде "Заңының жаңа редакциясын" деген сөздер "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде "Заңның жаңа редакциясы" деген сөздер "Осы Заң жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "Заңының жаңа редакциясын" деген сөздер "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 9-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу";
      5-бағанда "I тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов