Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 тамыз N 926. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрілетін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 457-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiнде:
      2-тармақ мынадай он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "- фармацевтика және медицина өнеркәсібі.";
      2) Ескерту 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1328 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі