Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 27 қыркүйекте N 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы ережеде:
      15-тармақта "(кепіл құралы туралы мәліметтер);" деген сөздерден кейін "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      N 2 нысанда "кепілге салынған мүліктің бағасы" деген сөздер "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы