Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«2. Аумақтық даму» деген бөлімде:
«2.1. Өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеу» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағанындағы «шілде» деген сөз «қазан» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 5-бағанындағы «тамыз» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын.
«2.2. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 35-жолдың 5-бағанындағы «қыркүйек» деген сөз «1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов