Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 730 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1170 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 567-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 89-жолмен толықтырылсын:

"

89

"Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов