Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен
бекітілген
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын
өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген
тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2. Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда, тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады.
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер:
1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған;
2) осы тауарды шығару және өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкін.
Тауарлар лицензияда көрсетілген мемлекеттерге ғана әкетілуі мүмкін.
6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндірушілерді және сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асырады.
7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтінішті мақұлдау барлық жағдайларда беріледі. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін импорттаушы мүшенің заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс істеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтініш тауарларды кедендік тазартуға дейін кез келген жұмыс күні берілуі мүмкін. Лицензия алуға өтінішті және тиісті және толық нысанда қажетті құжаттарды беру кезінде он жұмыс күні ішінде лицензия беріледі.
Осы Ереженің 11-тармағының әрекеті жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қолданылмайды.
8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту,
тоқтату, күшін тоқтата тұру және айыру тәртібі
9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
10. Лицензия беру үшін лицензиарға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
Лицензиар лицензия алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектісінің бір жұмыс күні ішінде келісім алу үшін материалдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрауы негізінде тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде келісу туралы не келісуден бас тарту туралы жауапты жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға мемлекеттік органдармен келісу не келісуден бас тарту туралы жауап он бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға лицензия отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермесе не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгіленген лицензия беруге арналған мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарға олар мәлімдеген қызметтің түрін жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
12. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезінде алынады.
13. Лицензия осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ресімделеді.
14. Лицензия әрбір жеке мәміле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшін күнтізбелік жылдың кезеңіне өтініш берушіге беріледі.
Лицензия келісім-шартқа енгізілген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
Жекелеген қызмет түрлерін бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшін қызметтің осы түрінде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзіміне (келісім-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлеміне) шек қойылмай беріледі.
15. Өтініш берушінің дәлелді өтініші бойынша бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Лицензияның қолданылу мерзімін ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрімен лицензияға тиісті қосымша жазбаны енгізу жолымен лицензиар жүзеге асырады.
16. Бір жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетілген мерзімге берілген рұқсат болып табылады және тауарды кедендік ресімдеу үшін негіз болады.
Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкілетті тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерінің үлгілерін жеткізеді.
17. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 9-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш берушіге қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
18. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағым жасауға құқылы.
19. Лицензиат лицензиясын жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Жоғалған, бүлінген лицензия бланкісі лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның бүлінген, жоғалған фактін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
20. Бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құру, атауының өзгеруі нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрінің шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиар лицензиаттың тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
21. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуын лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрлері алып тасталса тоқтатылады.
22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде жазбаша нысанда лицензиатқа және кеден органдарына жеткізеді.
3. Лицензиялардың есебі және оларды бақылау
24. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар лицензиаттардан өз құзыреті шегінде тиісті құжаттарды беруді талап етуге және лицензиялық бақылауды орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.
25. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерден тұратын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Ережеге 1-қосымша
ЭКСПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. N ЛИЦЕНЗИЯ |
||||
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
||||
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) |
7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
|||
4. Әзірлеуші, оның мекен-жайы |
8. Сатып алушының елі |
|||
5. Баратын елі |
9. Қолданылу мерзімі |
|||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
|||
11. Төлем валютасы |
||||
12. Тауардың |
13. Тауардың |
15. Өлшем |
17. Жалпы төлем валютасында: теңгеде: USD |
|
14. Тауардың |
16. Саны |
|||
18. Лицензия сұрау |
20. Келісілді |
|||
19. Өтініш берушіден Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. "___" __________ |
|||
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
||||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге 2-қосымша
ИМПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. N ЛИЦЕНЗИЯ |
||||
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
||||
3. Тапсырма бойынша |
7. Сатушы, оның мекен-жайы |
|||
4. Тұтынушы, оның |
8. Сатушының елі |
|||
5. Шыққан елі |
9. Қолданылу мерзімі |
|||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
|||
11. Төлем валютасы |
||||
12. Тауардың |
13. Тауардың |
15. Өлшем |
17. Жалпы төлем теңгеде: USD |
|
14. Тауардың |
16. Саны |
|||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
|||
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
21. ҚР мемлекеттік органы - Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. "___" __________ |
|||
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
||||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге 3-қосымша
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. N ЛИЦЕНЗИЯ |
||||
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
||||
3. Тапсырма бойынша |
7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
|||
4. Әзірлеуші, оның |
8. Сатып алушының елі |
|||
5. Баратын елі |
9. Қолданылу мерзімі Ұзарту |
|||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
|||
11. Төлем валютасы |
||||
12. Тауардың |
13. Тауардың |
15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша |
17. Жалпы құны (мың): төлем теңгеде: USD |
|
14. Тауардың |
16. Саны |
|||
18. Лицензия сұрау |
20. Келісілді |
|||
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
21. ҚР мемлекеттік органы - лауазымы қолы, МО күні |
|||
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
||||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге 4-қосымша
ИМПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. N ЛИЦЕНЗИЯ |
||||
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
||||
3. Тапсырма бойынша |
7. Сатушы, оның мекен-жайы |
|||
4. Тұтынушы, оның |
8. Сатушының елі |
|||
5. Шыққан елі |
9. Қолданылу мерзімі Ұзарту |
|||
6. Кеден органы |
10. Мәміле сипаты |
|||
11. Төлем валютасы |
||||
12. Тауардың |
13. Тауардың |
15. Өлшем |
17. Жалпы төлем теңгеде: USD |
|
14. |
16. Саны |
|||
18. Лицензия сұрау үшін негіз |
20. Келісілді |
|||
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
21. ҚР мемлекеттік органы - лауазымы қолы, МО күні |
|||
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
||||
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен
бекітілген
Лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларға сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім-шарты (шарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжаты;
2) егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларды, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімді және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларды экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттар;
3) егер оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің осындай түрі тауар айналымына байланысты болған жағдайда қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензия;
4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
5) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінен тұратын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушының сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).*
1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелер түрінде беріледі және заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш беруші бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Жекелеген тауарлардың экспортына (импортына) лицензиялар алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынады:
1) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
- ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғылар өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
- оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) кепілдігінде тұратындығы;
- АТЭХАГ ұсынғаннан темен болмайтын деңгейдегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;
- тек 1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс.
2) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізіп беруші тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
АТЭХАГ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
- тек 2) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (аппаратураға қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:
тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында ресімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;
тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
4) экспорттық бақылауға жататын өнімнің эксперты (импорты) кезінде:
әкелінетін немесе әкетілетін заттар мен материалдардың атауы мен саны (салмағы); оны әкелу (әкету) үшін жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі; заттар мен құралдар әкетілетін немесе әкелінетін мемлекет; әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысының қолдаухаты;
экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім шартының (шартының) немесе өзге де иеліктен айыру құжатының көшірмесі;
егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларды, оның ішінде экспортты бақылауға жататын өнімдерді экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың көшірмесі;
егер мұндай қызмет түрі оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің тауар айналымына байланысты болса, қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмелелері;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес импортқа (экспортқа) лицензия алуға өтініш;
5) азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың экспорта және импорты кезінде:
аумақтық ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшін) лицензияның көшірмелері;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Мемлекеттік кадастрға енгізілген жағдайда);
қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпаратты, негізгі техникалық көрсеткіштерін, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы кару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа лицензияға арналған өтініш келісілген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
6) жарылғыш заттардың, жару құралдарының және оқ-дәрінің (аңшылықтан басқа) (бұдан әрі - ЖЗ және ЖМ) экспорта (импорт) кезінде:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) аумақтық органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмелері;
аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың көшірмесі;
ТЖМ-нің аумақтық органы берген қойманы ЖЗ мен ЖМ сақтау үшін (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесі;
ЖЗ мен ЖМ автомобиль көлігімен тасымалданған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады: аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;
7) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезінде:
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшін) берген лицензияның көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшірмесі;
ТЖМ-нің аумақтық органы берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.
8) улардың экспорты (импорты) кезінде:
уларды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;
9) улардың, пестицидтердің (улы химикаттардың), рентген жабдықтарынының экспорты (импорты) кезінде:
рентген жабдығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
рентген сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына лицензияның көшірмесі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға және/немесе аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пайдалануға арналған лицензиялардың көшірмелері;
егер пестицидтерді (улы химикаттарды) бүріккіш немесе өзіне меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде қызметтің тиісті түріне арналған лицензияда көзделмеген басқа техникамен қолдану үшін импорттайтын тұтынушы өтініш беруші ретінде әрекет етсе, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері мен пестицидтер (улы химикаттар) санының химиялық өңдеуге қажетті есептемелері;
келісім-шарттың (шарттың) көшірмесі. Егер сатушы ретінде дистрибьютор компания әрекет етсе, өтініш беруші дистрибьютор компания мен пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесін немесе пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың дистрибьютор компания Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін пестицидті (улы химикатты) сату құқығына рұқсат-хат ұсынады;
рентген жабдығының импортына тапсырыс-өтінім;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
пестицидтерді (улы химикаттарды), уларды сақтауға арналған қойманың санитарлық паспорты (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды);
10) сары ("ақ") фосфордың, улардың, пестицидтердің (улы химикаттардың), өнеркәсіп қалдықтарының экспорта (импорты) кезінде:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлеуетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркелімі базасынан әлеуетті уытты химиялық заттардың (қалдықтарды қоса алғанда) сипаттамасын беру бойынша ақпараттық карта;
қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
уытты қалдықтарды, химиялық заттарды тасымалдау, сақтау, қолдану немесе қайта өңдеу кезінде мемлекеттік бақылауды жүргізу мүмкіндігі туралы Департаменттердің, Департамент филиалдарының растау хаты;
сақтау қоймасының санитарлық паспорты;
сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
егер, өтініш беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейіннен тұтынушыларға сату үшін келісім-шарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды көздеу қажет;
келісім-шарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттардың және өнеркәсіп қалдықтарының импорты кезінде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртібін көздеу қажет;
11) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын өнімге техникалық ұсыныс (алдын ала жоба) және техникалық жоба;
12) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын (импортталатын) тауарды арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне арналған техникалық зерттеу қорытындысы.
Ескерту. Біліктілік талаптары 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚҰ Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулыларымен.
Ескертпе:
* Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен
бекітілген
Экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі*
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Р/с |
Тауардың атауы |
Экспорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
Импорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
Лицензия алуға арналған өтініштерді келісетін ҚР-ның мемлекеттік органдары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызметтер |
8525* (тек әскери мақсаттағы), |
8525* (тек әскери мақсаттағы), |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
2. |
Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар мен қондырғылар, арнайы ядролық емес материалдар, қосарлама мақсаттағы материалдар, иондаушы сәулелену көздері және изотоптар, радиоактивті қалдықтар |
2612, |
2612, |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті |
3. |
Маралдың мүйізі, тұяғы, жас маралдың мүйізі, маржандар және осыған ұқсас тауарлар (Құрып кету қатері төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатындарынан басқа) |
0507*, |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4. |
Өсімдіктерден және жануарлардан алынатын дәрілік шикізат |
0206 10 100 0, |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
5. |
Сары ("ақ") фосфор |
2804 70 001 0 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
|
6. |
Экспорттық бақылауға жататын өнім (1, 2, 8, 9, 10, 12, 13-жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасына (тізіміне) сәйкес |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасына (тізіміне) сәйкес |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (тізімнің 1-санаты бойынша ғана), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті(тізімнің тек 0-санаты бойынша, тізімнің 1-9 санаттары бойынша ғана, тек Ядролық жеткізушілер тобына), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (тізімнің 9-санаты бойынша), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек Әскери тізім бойынша) |
7. |
Қазақстан Республикасында жасалған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушыларын, нормативтік және техникалық (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) құжаттамасын қоса алғанда** |
8470*, |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
8. |
Оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару құралдары мен пиротехника*** |
3601 00 000 0* (аңшы оқ- дәрісінен басқа), |
3601 00 000 0* (аңшы оқ- дәрісінен басқа), |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
9. |
Қызметтік және азаматтық қару*** |
9302 00 000 0, |
9302 00 000 0, |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
10. |
Сирек, жерде сирек кездесетін металдар, өндіріске арналған шикізат, қорытпалар, қоспалар және бұйымдар |
2611 00 000 0, |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті |
|
11. |
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар (олардың жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасы (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда)** |
8301 70 000 0*, |
8301 70 000 0*, |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
12. |
Улар |
1302 39 000 0, |
1302 39 000 0, |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
13 |
Иондаушы сәулелену көздері және изитоптар, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді пайдалануға негізделген аппаратура |
2844* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана), |
2844* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана), |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті |
14. |
Пестицидтер (улы химикаттар) және тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік нұсқаларды қоспағанда, оларды өндіруге арналған бастапқы компоненттер мен құрамдауыштар |
3808* (тек өсімдіктерді қорғауға арналған препараттар) |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
15. |
Рентгендік жабдық, радиоактивті заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар және жабдық |
8705 90 900 0* (тек рентгендік қондырғылары бар автомобильдер ғана), |
Денсаулық сақтау министрлігі |
|
16. |
Өнеркәсіптік қалдықтар |
2618 00 000 0 - |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
|
17. |
Сусындар шығару кезінде пайдаланылатын жұпар иісті заттар негізіндегі өнімдерден басқа, құрамдас спирттік шала өнімдер |
2106 90 200 0 |
||
18. |
Ашытылған сыра |
2203 00 |
||
19. |
Шарап және шарап материалы |
2204, |
||
20. |
Арақ |
2208 60 |
||
21. |
Коньяк пен бренди |
2208 20 |
||
22. |
Этил спирті |
2207 |
||
23. |
Спирттің қоюлығы кемінде 80 айн.%, денатуратталмаған этил спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және өзге де спиртті ішімдіктер |
2208 |
||
24. |
Өзгелері |
2710 11 250 0, |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
Ескертпе:
* тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауларымен де айқындалады;
** тауарды айқындау және оны жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға, сондай-ақ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының қатарына жатқызу тауарға техникалық зерттеу жүргізе отырып жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады. Техникалық зерттеуді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар мен ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары саласындағы лицензиар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізеді;
*** әскери мақсаттағы тауарлардан басқа.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗІМІ
1. "Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 39 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 14-құжат).
4. "Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 428-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 456-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 458-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 31 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 9-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 175 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 186 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі N 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 424-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1425 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 434-құжат).
12. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 675 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 274-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1133 қаулысы.
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 390-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 42, 489-құжат).
18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1591 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 515-құжат).
19. "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат).
20. "Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 565-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы N 255-11қ және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 1870 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 608-құжат).
22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1913 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 615-құжат).
23. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 наурыздағы N 372 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 11, 122-құжат).
25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 13, 156-құжат).
26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі N 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 188-құжат).
27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 34, 448-құжат).
28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 13 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 4-құжат).
29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 389 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 95-құжат).
30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 18, 200-құжат).
31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 256-құжат).
32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 305-құжат).
33. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 72 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 32-құжат).
34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 361-құжат).
35. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 929 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 37, 377-құжат).
36. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 170 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 7, 97-құжат).
37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 660 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 312-құжат).
38. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы N 663 қаулысы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 315-құжат).
39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 325-құжат).
40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 403-құжат).
41. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 80-құжат).
42. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 178-құжат).
43. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 3, 19-құжат).