Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 787.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 U000344_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 327 P000327_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджет жобасының шығыстары мен

 

оны несиелендіруді қалыптастыру кезінде мынадай негізгі басымдықтар

белгіленсін:

     1) ұлттық қауіпсіздік:

     мемлекеттік қарыз алу мен борышты басқарудың тетігін жетілдіре

отырып, Қазақстан Республикасының үкіметтік борышқа қызмет көрсету және

оны өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау;

     2001 жылға арналған жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің кемінде бір

пайызы көлемінде қорғаныстық шығыстарға қаражат бағыттау;

     терроризмге қарсы күреске қаражат бағыттау;

     нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске қаражат бағыттау;

     2) әлеуметтік даму:

     зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге

қаражат бағыттау;

     республикалық деңгейде орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға

қаражат бағыттау;

     жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету;


 
       мемлекеттік білім беру гранттарының және несиелендірудің негізінде жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға қаражат бағыттау;
      диабетке қарсы, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерді, иммундық алдын алуды жүргізуге арналған және "В" вирусті гепатитіне қарсы вакциналарды орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру;
      ана мен баланы қорғау, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау;
      3) экономикалық өрлеу:
      оларды кепілдікті және заңнамада көзделген басқа да қамтамасыз ету шартымен беру тетігін құра және жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерін орындау;
      республикалық бюджеттің өткен қаржы жылдарының қорытындылары бойынша пайда болған кредиторлық берешегін өтеуге қаражат бағыттау;
      оларды іріктеудің нақты өлшемдері мен рәсімдерін сақтай отырып, "Қазақстан Республикасының 1999-2001 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 772 P990772_ қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларға қаражат бағыттау;

 

     өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, жануарларды аса

қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғауға қаражат бағыттау;

     ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау;

     4) инфрақұрылым, көлік және байланыс:

     автомобиль жолдарын салуға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз

етуге қаражат бағыттау;

     Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бағыттау;



     5) кәсіби Үкімет:

     орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік шығыстарына қаражат

бағыттау.

     Ескерту. 1-тармақтың 4)-тармақшасы толықтырылды - ҚР Үкіметінің      

              2000.07.18. N 1087 қаулысымен.


P001087_



     2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 2001 жылға

арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде жоғарыда

көрсетілген басымдықтарды ескерсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Бағарова Ж.А.