Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 20 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы  32-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Жайықжылуқуат" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) саны 380031 (үш жүз сексен мың отыз бiр) дана билiк етуi шектелген жарияланған акцияларын 380031000 (үш жүз сексен миллион отыз бiр мың) теңге сомасына оларды мемлекеттiң меншiгiне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салықтық берешегiн өтеу есебiне орналастырсын;
      2) Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiндегi акцияларға мемлекеттiк меншiк құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамның алып қойылған акцияларын Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі