Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1425.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

 

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңының  7-бабына сәйкес қаулы етемін: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерінің сипаттамасы мен суреттері бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қолдансын. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы" 1997 жылғы 11 ақпандағы N  3356  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 5, 36-құжат); 
     "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім үлгілері мен айырым белгілері туралы" 1997 жылғы 15 қазандағы N 3678 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 46, 424-құжат).
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті