Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы N 255-11қ және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 желтоқсан N 1870.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастыруға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы мекемелердің тізбесіндегі:
      реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 53-жолдағы "аймақтық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі