Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1380.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 40, және 43 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. 3 тараудың 17 тармағындағы "Сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау жөніндегі нұсқаулықты" "дауыстарды санау кезінде" деген сөзден кейін: "сайлау бюллетеніне енгізілген жекелеген кандидатты "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы