Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 1919 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2017 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және эксперты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 300-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Лицензиар лицензия алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектісінің бір жұмыс күні ішінде келісім алу үшін материалдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жібереді.

      Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрауы негізінде тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде келісу туралы не келісуден бас тарту туралы жауапты жібереді.

      Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға мемлекеттік органдармен келісу не келісуден бас тарту туралы жауап он бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      11-тармақта:

      бірінші абзацтағы "отыз" және "он" деген сөздер "он бес" және "бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға лицензия отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

      бірінші абзац "Тауарлардың" деген сөздің алдында "1." деген тармақпен толықтырылсын;

      4) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:

      "2. Жекелеген тауарлардың экспортына (импортына) лицензиялар алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынады:

      1) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:

      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;

      импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;

      растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:

      - ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғылар өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;

      - оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом

      энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) кепілдігінде тұратындығы;

      - АТЭХАГ ұсынғаннан темен болмайтын деңгейдегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;

      - тек 1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс.

      2) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізіп беруші тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:

      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;

      импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;

      растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:

      ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;

      АТЭХАГ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;

      - тек 2) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;

      3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (аппаратураға қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:

      тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында ресімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;

      тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;

      4) экспорттық бақылауға жататын өнімнің эксперты (импорты) кезінде:

      әкелінетін немесе әкетілетін заттар мен материалдардың атауы мен саны (салмағы); оны әкелу (әкету) үшін жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі; заттар мен құралдар әкетілетін немесе әкелінетін мемлекет; әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысының қолдаухаты;

      экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім шартының (шартының) немесе өзге де иеліктен айыру құжатының көшірмесі;

      егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларды, оның ішінде экспортты бақылауға жататын өнімдерді экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың көшірмесі;

      егер мұндай қызмет түрі оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің тауар айналымына байланысты болса, қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмелелері;

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелері;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес импортқа (экспортқа) лицензия алуға өтініш;

      5) азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың экспорта және импорты кезінде:

      аумақтық ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшін) лицензияның көшірмелері;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Мемлекеттік кадастрға енгізілген жағдайда);

      қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпаратты, негізгі техникалық көрсеткіштерін, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);

      алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы кару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа лицензияға арналған өтініш келісілген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;

      6) жарылғыш заттардың, жару құралдарының және оқ-дәрінің (аңшылықтан басқа) (бұдан әрі - ЖЗ және ЖМ) экспорта (импорт) кезінде:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) аумақтық органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмелері;

      аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың көшірмесі;

      ТЖМ-нің аумақтық органы берген қойманы ЖЗ мен ЖМ сақтау үшін (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;

      аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесі;

      ЖЗ мен ЖМ автомобиль көлігімен тасымалданған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады: аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;

      7) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезінде:

      аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшін) берген лицензияның көшірмесі;

      аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшірмесі;

      ТЖМ-нің аумақтық органы берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.

      8) улардың экспорты (импорты) кезінде:

      уларды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады:

      аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;

      9) улардың, пестицидтердің (улы химикаттардың), рентген жабдықтарынының экспорты (импорты) кезінде:

      рентген жабдығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      рентген сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына лицензияның көшірмесі;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға және/немесе аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пайдалануға арналған лицензиялардың көшірмелері;

      егер пестицидтерді (улы химикаттарды) бүріккіш немесе өзіне меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде қызметтің тиісті түріне арналған лицензияда көзделмеген басқа техникамен қолдану үшін импорттайтын тұтынушы өтініш беруші ретінде әрекет етсе, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері мен пестицидтер (улы химикаттар) санының химиялық өңдеуге қажетті есептемелері;

      келісім-шарттың (шарттың) көшірмесі. Егер сатушы ретінде дистрибьютор компания әрекет етсе, өтініш беруші дистрибьютор компания мен пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесін немесе пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың дистрибьютор компания Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін пестицидті (улы химикатты) сату құқығына рұқсат-хат ұсынады;

      рентген жабдығының импортына тапсырыс-өтінім;

      химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;

      пестицидтерді (улы химикаттарды), уларды сақтауға арналған қойманың санитарлық паспорты (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды);

      10) сары ("ақ") фосфордың, улардың, пестицидтердің (улы химикаттардың), өнеркәсіп қалдықтарының экспорта (импорты) кезінде:

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлеуетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркелімі базасынан әлеуетті уытты химиялық заттардың (қалдықтарды қоса алғанда) сипаттамасын беру бойынша ақпараттық карта;

      қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;

      уытты қалдықтарды, химиялық заттарды тасымалдау, сақтау, қолдану немесе қайта өңдеу кезінде мемлекеттік бақылауды жүргізу мүмкіндігі туралы Департаменттердің, Департамент филиалдарының растау хаты;

      сақтау қоймасының санитарлық паспорты;

      сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;

      егер, өтініш беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейіннен тұтынушыларға сату үшін келісім-шарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды көздеу қажет;

      келісім-шарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттардың және өнеркәсіп қалдықтарының импорты кезінде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртібін көздеу қажет;

      11) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы N 104 қаулысына сәйкес 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезінде:

      экспортталатын өнімге техникалық ұсыныс (алдын ала жоба) және техникалық жоба;

      12) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:

      экспортталатын (импортталатын) тауарды арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне арналған техникалық зерттеу қорытындысы.";

      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
N 1919 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен
бекітілген

Экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі*

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.