1. 2000 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы аумағынан мазутты (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мазутпен
қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ай сайын Қазақстан Республикасының
Үкіметіне хабарлап отырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.