Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 451.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

      Астана қаласының мәдени объектілерін дамыту және Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақ ұлттық музыка академиясына музыкалық аспаптарды жеткізіп беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы (бұдан әрі - Келісім) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, оған қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Келісім жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша белгіленген

тәртіппен Келісімнің күшіне енуі жөніндегі қажетті мемлекетішілік

рәсімдерді жүргізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.