Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы N 428 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.17. 1085 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Алматы облысының әкiмiне Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана құрылысының жобасын аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 86463000 (сексен алты миллион төрт жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі