Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
      1) Халықаралық Валюта Қорының:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Талғатұлы Ақышев (келісім бойынша),
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
      4) Азия Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
      5) Ислам Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20 N 1041; 2003.03.20 N 275; 2003.06.19 N 576; 2003.07.02 N 643; 2003.11.12 N 1132; 2004.03.05 N 281a; 2004.04.15 N 418; 2004.09.27 N 986; 2005.04.22 N 382; 2006.03.20 N 190; 2006.06.20 N 564; 2007.02.26 N 145; 2007.09.26 N 838; 2008.01.25 N 66; 2008.05.16 N 462; 2008.11.28 N 1105; 2009.03.20 N 377; 2009.05.07 N 664; 2010.08.31 № 851; 2011.09.19 N 1074; 2012.03.26 N 353; 19.12.2012 N 1615; 08.05.2013 N 470; 23.12.2013 N 1384; 09.10.2014 № 1079; 29.08.2016 № 488; 25.01.2017 № 14 қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі