Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен1. Мыналар Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып тағайындалсын:
1) Халықаралық Валюта Қоры:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Мұратұлы Сүлейменов (келісу бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;
2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;
3) Еуропа Қайта құру және Даму банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;
4) Азия Даму Банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;
5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев;
6) Ислам Даму Банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2024 № 291 қаулысымен.1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |