Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 470 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 470-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 3-бөлімнің 9-тармағында:
      1)2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Балқаш көлінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;»;
      «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 8-бөлімнің 21-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде 25 сәуірден 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде 1 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;»;
      2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      «Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 2-бөлімнің 2-тармағында:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;»;
      2)3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғарғы бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      3) Балқаш көлінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;»;
      «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 7-бөлімнің 7-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов