Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңы  3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 
      1) Халықаралық Валюта Қорының: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келiсiм бойынша), 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келiмбетов Қайрат Нематұлы; 
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Келiмбетов Қайрат Нематұлы,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы; <*>
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев, 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келiсiм бойынша); <*>
      4) Азия Даму Банкiнiң: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев, 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Исаев Батырхан Арысбекұлы;<*>
      5) Ислам Даму банкінің:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы; <*>
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы. 
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N  1041 ,
2003.03.20. N  275 2003.06.19. N  576 2003.07.02. N  643 ,
2003.11.12. N  1132 2004.03.05. N  281a 2004.04.15. N  418 ,  2004.09.27. N  986  қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі