Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 наурыз N 323

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Z010264_ Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
      1) Халықаралық Валюта Қорының:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Марченко Григорий Александрович (келiсiм бойынша),
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi Келiмбетов Қайрат Нематұлы;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Павлов Александр Сергеевич,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы;
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Павлов Александр Сергеевич,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

төрағасының орынбасары Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы (келiсiм бойынша);
     4) Азия Даму Банкiнiң:
     Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi 
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы,
     Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы 
вице-министрi Дунаев Арман Ғалиасқарұлы;
     5) Ислам Даму Банкiнiң:
     Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Жәмiшев 
Болат Бидахметұлы,
     Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және 
сауда вице-министрi Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы тағайындалсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.