Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңы  3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 
      1) Халықаралық Валюта Қорының: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келiсiм бойынша), 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Дәулет Едiлұлы Ерғожин;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов;
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Аслан Есболайұлы Мусин; 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнің төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келiсiм бойынша); 
      4) Азия Даму Банкiнiң: 
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова, 
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
      5) Ислам Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Асқар Болатұлы Баталов;
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Дәулет Едiлұлы Ерғожин.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N  1041 , 2003.03.20. N  275 ,   2003.06.19. N  576 ,   2003.07.02. N  643 , 2003.11.12. N  1132 ,   2004.03.05. N  281a ,   2004.04.15. N  418 , 2004.09.27. N  986 , 2005.04.22.  N 382 ,  2006.03.20. N  190 , 2006.06.20. N  564 , 2007.02.26.  N 145  қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі