Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі N 643 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.08. N 90 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.04.15. N 418  қаулысымен .

      2. Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысына :
      1-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацында:
      "Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздер "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 4) тармақшасының екiншi абзацында:
      "Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздер "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 1042  қаулысына :
      1-тармақ алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi