Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 14 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 25 қаңтардағы
  № 14 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

      1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;";

      "4) Азия Даму Банкiнiң:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;".

      2. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және іске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:

      мына:

"Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы
 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі".

      4. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      мына:

"Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі".

      5. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат):

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      мына:

"Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі".